21 шілде 2014 13:01

Украина әскерилері Луганск аумағында 23 содырды қолға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Еlise.com.ua ©Еlise.com.ua

Украинаның Луганск облысына қарасты Лисичанск қаласында жарылыс жасауға талпынғандарды қоршауға алып, әскерилер ресейлік 23 содырды қолға түсірді. Оларды арасында шешен ұлтының өкілі бар. Содырларды құрықтау жексенбі күні кешкісін жүзеге асқан. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Украина президенті Петр Порошенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр.


Украинаның Луганск облысына қарасты Лисичанск қаласында жарылыс жасауға талпынғандарды қоршауға алып, әскерилер ресейлік 23 содырды қолға түсірді. Оларды арасында шешен ұлтының өкілі бар. Содырларды құрықтау жексенбі күні кешкісін жүзеге асқан. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Украина президенті Петр Порошенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

"Қарулы күштері Басқолбасшысының бұйрығы бойынша бронетехника колоннасын басып алып, үш әскери техниканы жайпап, 23 содырды қолға түсті. Бұл орайда олардың басшылары жараланып қалып отыр. Қолға түскендердің арасында шешен ұлтының өкілі бар. Барлық содырлар Ресей азаматы болып саналады", - делінген хабарламада.

Қолға түскен содырлар туралы нақты дерек айтылмайды, сондай-ақ, олардың аты-жөндері де құпия сақталуда. Әзірге, оларды құрықтау кезінде Украинаның қанша әскерилерінің опат болғаны белгісіз. Бұдан сәл ертеректе, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина аумағында ешбір шешен баласы соғысып жатқан жоқ деп мәлімдеген болатын. 

Бұдан бөлек, жексебі күні Украина қарулы күштері Луганск облысының Рубежнов қаласына тосқауыл қойды. "Қазір бұл жерді содырлардан тазалау жүріп жатыр", - деді бұл туралы Порошенко Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы тілдесуде.

"Украина әскері Ресейден дәлдігі жоғары қару мен ауыр техникамен жарақтанып отырған содырлардың қарсылығына қарамастан мемлекет аумағын олардан тазалау жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп келеді. Сонымен қатар, Украина қалалары мен селоларында тәртіп орнатып, өмір сүруге мүмкіндік жасауда", - деп атағандығын айтады Порошенконың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, президент Украина тарапы малайзиялық Boeing-777 ұшағының апатына байланысты халықаралық комиссияның тексеру жұмыстарын жүргізуі үшін барлық жағынан қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді.

Қазір Луганск облысында қарама-қайшылықтар орын алуда. Луганскінің қоғамдық белсендісі  Дмитрия Снегиревке сілтеме жасаған Hromadske TV қазір "ЛХР үкіметі" аумақты тастап кеткендігін айтады. Снегиревтің сөзінше, қазіргі жағдайда қаланы дала командирлері басқарып отыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети