18 қазан 2014 15:23

Украина билігі барлау қызметін қайта ұйымдастыруға арналған бағдарлама әзірлеуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина. Фото с сайта inforesist.org Украина. Фото с сайта inforesist.org

 Украина билігі барлау қызметін қайта ұйымдастыруға арналған бағдарлама әзірлеуде, деп хабарлайды РИА Новости.


 Украина билігі барлау қызметін қайта ұйымдастыруға арналған бағдарлама әзірлеуде, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ұлттық барлау бағдарламасы жасалады. Бұл өте құпия құжат болмақ. Осы бағдарлама бойынша №1 қарсылас кім анықталады, біз оны қазіргі заңға сүйеніп біле алмаймыз", дейді Президентке қарасты Барлау комитетінің басшысы Игорь Смешко.

Смешко атап көрсеткендей, мемлекеттік құпяи туралы заң аясында "өзінің басты бәсекелесі немесе барлаушылар тілімен айтқанда стратегиялық  қарсыласы кім екенін, қай мемлекет қауіп төндіріп тұрғанын Украина өзі белгілеген жоқ". Оның сөзіне қарағанда таяуда құрылған комитет президентке барлау органдарының қызметін жоспарлауға, бақылауға, талдауға көмектеседі. 

Бұған дейін президент Петр Порошенко барлау қызметіне қатысты комитет құру туралы шешімді мақұлдап, осы органды басқаруды Игорь Смешкоға тапсырған болатын. Комитет Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети