08 маусым 2022 07:21

Украина көмір мен газды шетелге сатпайды - Зеленский

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Украина президенті Владимир Зеленский елдің шетелге көмір мен газ жеткізуді тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды СТРАНА.ua басылымы.


Украина президенті Владимир Зеленский елдің шетелге көмір мен газ жеткізуді тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды СТРАНА.ua басылымы.

"Үкімет келесі жылыту маусымына дайындық бойынша штаб құрып жатыр. Мұндай шешім Үкімет және энергетикалық компаниялармен өткен жиында қабылданды. Біз қажетті көлемде газ және көмір сатып алу мәселесін талқыладық. Газ бен көмірді шетелге сатпаймыз", - деп келтіреді басылым.

Зеленский үкіметке газ бен жылу тарифтерін ұстап тұру міндеті жүктелгенін айтты.

Еске салайық, 23 мамырда Украинаның газ тасымалдау жүйесінің операторы атқылау салдарынан магистральдық газ құбырының зақымдалуына байланысты Украинаның Донецк және Луганск облыстарына газ беруді тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети