26 ақпан 2022 09:08

Украина Ресеймен келіссөз жүргізуден бас тартты - РФ СІМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова украин тарапы келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова украин тарапы келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Украина тарапы келіссөз жүргізуден бас тартты. Киев режимінің өкілдері бұл мәселені ертеңге қалдыруды ұсынды", - деді ол журналистерге.

Алайда Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мен Украина келіссөз жүргізуден бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарамын. Украина атысты тоқтатып, бейбітшілік туралы сөйлесуге дайын, дайын болып қала береді. Бұл біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз Ресей Федерациясы Президентінің ұсынысымен келістік. Қазір екі тарап келіссөз өтетін орын мен уақытты сөйлесіп жатыр. Келіссөз неғұрлым тезірек болса, қалыпты өмірді қалпына келтіру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатын еді", - деді Никифоров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети