Украинада барлық балалар үйі жабылады

02 Маусым, 12:07
0
Украинада барлық балалар үйі жабылады - © gcshelp.org
© gcshelp.org

Келесі жылдан бастап Украинада балалар үйіне бала қабылдауды тоқтатады, - деп хабарлайды "Известия". Бұл туралы денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша орындаушы Ульяна Супрун мәлімдеді. 

Оның айтуынша, елде әлеуметтік қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары өз ата-аналарымен толыққанды өсе алуы үшін барлық жағдай жасалады. Басқа жағдайларда кәмелетке толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі.

"Тіпті ең жақсы интернат отбасыны алмастыра алмайды. Іс жүзінде Украинада осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8 пайызы жетім балалар статусына ие. Қалғандарында анасы немесе әкесі бар, немесе қиын жағдайға тап болған және баланы тәрбиелей алмайтын ата-аналар да бар", - деп жазды Супрун Facebook желісінде. 

Осылайша, 2020 жылдан бастап балалар үйлері медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналады.

Украиналық денсаулық сақтау министрі өзгерістер салдарынан балалар баспанасыз қалмайды деп сендірді. Барлық жетім балаларды қамқорлығына алғысы келетін және патронаттық отбасыларға беру көзделген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай