20 мамыр 2022 08:30

Украинада бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қаза болғаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) 19 мамырда 24 ақпаннан бастап Украина мен Донбасстың бейбіт тұрғындары арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар саны 8 мыңнан асқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) 19 мамырда 24 ақпаннан бастап Украина мен Донбасстың бейбіт тұрғындары арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар саны 8 мыңнан асқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"2022 жылғы 24 ақпандағы 4:00-ден 2022 жылдың 18 мамырының түн ортасына дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) елде 8089 адамның өмірі қиылғанын немесе жарақат алғанын тіркеді: 3811 адам қайтыс болды және 4278 адам жараланды", - делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінше, Донецк және Луганск облыстарында Киевтің бақылауындағы аумақта 1973 адам қаза тауып, 1821 адам жарақат алған. ДХР мен ЛХР бақылауындағы аумақта 126 адам қаза тауып, 502 адам жарақат алғаны айтылады.

Украинаның басқа аймақтарында, атап айтқанда Киевте, сондай-ақ Черкассы, Чернигов, Харьков, Херсон, Киев, Николаев, Одесса, Сумы, Запорожье, Днепропетровск, Полтава және Житомир облыстарында 1712 бейбіт тұрғын қаза тапты, 1955 бейбіт тұрғын жарақат алды. Бұл өңірлер үкімет бақылауында болған.

Бейбіт тұрғындардың қайтыс болуы немесе жарақаттануы туралы көптеген жағдайдың себебі кең ауқымды атыс алаңы бар жарылғыш құрылғыларды, соның ішінде ауыр артиллерия мен реактив атыс жүйелерін, сондай-ақ зымырандар мен әуе соққыларын қолдану болғаны айтылады.

"БҰҰ АҚЖКБ нақты сандар әлдеқайда жоғары деп санайды, өйткені мұндай жағдайлар болған жерлерден келген көптеген хабарлама әлі де қосымша расталуы тиіс, ал ұрыс жалғасып жатқан кейбір жерлерден ақпарат кешігіп жатыр", - деп толықтырды БҰҰ басқармасы өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (АҚЖКБ) Украинадағы құрбандардың аралық санын атаған болатын. 2 мамырдағы жағдай бойынша бейбіт тұрғындар арасында 3153 адам зардап шеккен - 1842 адам қаза тауып, 2493 адам жараланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети