Украинада Лениннің ескерткішері бассыз қалып жатыр.

22 Ақпан 2014, 13:07
0
Украинада Лениннің ескерткішері бассыз қалып жатыр. - diletant.ru сайтынан
diletant.ru сайтынан
Украинаның Чернигов, Днепропетров және Полтава қалаларындағы Ленинің ескерткіштері құлатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. Мұны 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні жаппай акцияға шыққандар жасаған.

Черниговта Лениннің ескерткішін қиратуға коммунистер кедергі жасамақ болған. Қаланың орталық алаңына 500 адам жиналыпты. Алайда әлемдік пролетариат көсем Владимир Лениннің монументін оның жақтаушылары аман алып қала алмады.

Активистер ескерткіштің мойнына жіп байлап, құлатып түсірген. Сонымен Ленин ескетрткішінің басы жұлынып қалды. Ал Полтавадағы Ленин ескерткішін құлатуға бірнеше мың адам қатысқан. Олар ескерткіштің мойнына темір арқан салып, бірнеше жүк көлігімен тартқан. Екі сағаттай алысқан жанкештілер ақыры ескерткішті құлатып тынды.

Октябрь революциясы көсемінің монументі Днепопетровск қаласында да бассыз қалды. Бұған дейін Гребенка, Житомирдегі ескерткіш те құлатылған еді. Естеріңізге сала кетейік, Лениннің ескерткіштері Киевтегі толқудан кейін қиратыла бастады. Радикалдар Украина астанасының қақ ортасына Лениннің ескерткішін лақтырып тастаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай