Үндістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: кемінде 11 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: кемінде 11 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде дүйсенбіде таңғы уақытта автобус пен жүк көлігі соқтығысу салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 15-тен аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды ANI агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, жол апаты Раджастан штатындағы Лакхасар елді мекенінің аумағында болған. Өз кезегінде India Today журналы соққының қатты болғаны соншалық, 10 адам бірден қаза тапқанын жазған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Әзірше жол апатының нақты себебі белгісіз. Раджастан штатының бас министрі Ашок Гелот қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети