1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Үндістанда босқындар үшін жаппай тәртіпсіздік болып жатыр: 5 адам қаза тапты25 ақпан 2020, 13:36

© REUTERS © REUTERS

Үндістанның Нью-Дели қаласында жаппай тәртіпсіздік болып, бес адам қаза тауып, 90 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Reuters.com.

Басылымның мәліметінше, жергілікті халық 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған азаматтық туралы жаңа заң үшін көтеріліске шыққан. Ол заң бойынша мұсылман емес азаматтарға - Ауғанстан, Пәкістан және Бангладеш елдерінің босқындарына азаматтық беру тәртібі жеңілдетіледі. 

Ал Үндістанның жергілікті халқы мұның адам құқығына және Конституцияға қайшы екенін айтады.


© REUTERS

Ресми мәліметке сүйенсек, қаза тапқандардың ішінде полицей бар.


Нұр-Сұлтанда көпір опырылды