03 шілде 2018 10:07

Үндістанда бір әулет жұмбақ жағдайда өлі табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© EPA © EPA

Үндістанның астанасы Делиде өткен демалыста 11 адамнан тұратын отбасы өз үйінде өлі табылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.


Үндістанның астанасы Делиде өткен демалыста 11 адамнан тұратын отбасы өз үйінде өлі табылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

11 адамның 10-ы асулы болған. Барлығының аузы мен көзі скотч лентасымен жабыстырылған, ал қолы артқа байланған. 

Дели полициясының хабарлауынша, қаза болғандар арасында 77 жастағы әйел, оның екі ұлы әйелдерімен, қызы және бес немересі бар. Сонымен қатар, басқа бөлмеде жалғыз қарт әйел еденде табылған.

Тергеушілер үйде ешқандай да соңғы хат таппаған. Сондай-ақ қару-жарақ пен есік бұзу, төбелес белгілері жоқ. Үйден бағалы заттар ұрланбаған.

Отбасы 20 жылдан аса уақыт бірге өмір сүрген. Олардың шағын азық-түлік дүкені болған және отбасы фанера шығару кәсібімен айналысқан.

Көршілердің айтуынша, отбасы соңғы күндері тойға қарқынды дайындықта жүрген. Оларды кешке оқиғадан бұрын көрген адамдар отбасында ешқандай жанжал болмағанын және суицидке баруы мүмкін емес екендігін айтты.

Қазіргі кезде полиция бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Олардың біріне сәйкес, отбасы мүшелері белгілі бір "мистикалық рәсімді" өткізіп, "жандарын құтқару үшін" бір-бірін өлтіруі мүмкін. Бұл нұсқа үйде табылған белгілі бір рухани тәжірибені сипаттайтын қолжазба құжаттарынан шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети