1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны бес миллионнан асты16 қыркүйек 2020, 17:28

REUTERS© REUTERS©

Үндістанда соңғы тәулікте 92 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Дереккөз мәліметінше, елде бұл дерттен мыңнан аса науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алғаннан алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78 пайыз екенін алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан екен.

5 миллионнан аса науқастың 4 миллионы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24 пайызға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!