14 мамыр 2021 08:32

Үндістанда дауыл кезінде 18 піл найзағай ұрып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Үндістанда дауыл кезінде 18 піл найзағай ұрып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Үндістанда дауыл кезінде 18 піл найзағай ұрып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Пілдерді Ассамның солтүстік-шығысындағы Нагаон қаласында жақын маңдағы ауыл тұрғындары тапқан. Мемлекеттік билік Кандоли қорығында пілдер найзағай кезінде өлді дейді.

Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма көптеген пілдің өліміне алаңдайтынын айтып, тергеу басталғанын жариялады.

"Пілдің төрт қаңқасы бір жерден, ал 14-і басқа жерден табылды. Алдын ала тергеуден пілдер жай түсіп өлген болуы мүмкін екені анықталды. Орман басқармасының өкілдері мен мал дәрігерлері оқиға орнына шұғыл жетті", - деді Мемлекеттік орман департаментінің өкілі Амит Сахай.

Ассамдағы көптеген пілдің бір уақытта қырылған оқиға 20 жыл ішінде алғаш рет болды. Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, штаттағы жабайы пілдер бұрын браконьерліктің, жол-көлік оқиғаларының, уланудың және тіпті электр тогының құрбаны болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети