1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды 21 сәуір 2021, 17:03

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында коронавирус инфекциясының тағы бір жаңа штаммы анықталды, - деп хабарлайды India Today.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында коронавирус инфекциясының тағы бір жаңа штаммы анықталды, - деп хабарлайды India Today.

Бұл туралы Үндістанның геномика және интегративті биология институтының қызметкері Винод Скария айтты.

"B.1.618 - SARS-CoV-2 жаңа желісі Үндістанда табылған және генетика нұсқаларының жеке жиынтығымен сипатталады. Оның ішінде E484K, иммундық жауаптан жалтарудың негізгі нұсқасы", - делінген хабарламада.

Бұл ретте ғалымның айтуынша, өңірде коронавирустың таралуына дәл осы штамм себеп болды дегенге нақты дәлел жоқ.

Скарияның айтуынша, бұл мутацияның кейбір нұсқалары АҚШ, Швейцария, Сингапур және Финляндияда табылған.

Үндістанның басқа штаттарында да, Батыс Бенгалияда да инфекцияның күрт көбейгені байқалады. Соңғы тәулікте онда 10 мыңға жуық жаңа жағдай анықталған. Айта кетейік, соңғы айларда ел коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатқан.

Бұған дейін Үндістанда қос мутациясы бар коронавирустың жаңа нұсқасы анықталған еді. Елдегі жағдайдың ушығуына байланысты Үндістан коронавирус вакцинасының барлық экспортын уақытша тоқтатуды ұйғарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!