22 шілде 2020 14:10

Үндістанда наразы фермерлер мыңдаған литр сүтті жолға төкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Махараштра штатының фермерлері сүт бағасының төмен болуына байланысты қарсылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Thefactnews сайтына сілтеме жасап.


Махараштра штатының фермерлері сүт бағасының төмен болуына байланысты қарсылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Thefactnews сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, фермерлер сүт бағасын 1 литріне 25-30 рупийге (137-165 теңге) дейін көтеруді талап етіп отыр. Наразылық акциясы штаттың бірнеше ауданында өтті. Сүт жеткізушілер ірі автомобиль тас жолының ортасына тоқтап, сүтті жолға төкті.

Сондай-ақ, фермерлер мемлекеттен сүт ұнтағын импорттауды тоқтатуды талап етіп, экспорттық субсидиялар сұрады.

Наразылық акцияларының бірінде фермерлер бөтелкедегі судың бағасы сүт бағасынан жоғары екенін айтып, сүтке жуынды.

Штат билігі мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтіп, фермерлердің ұсынысын қарастыратынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети