17 сәуір 2022 10:36

Үндістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның солтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NDTV арнасына сілтеме жасап.


Үндістанның солтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NDTV арнасына сілтеме жасап.

Биліктің мәліметінше, Ассам штатында 14 сәуір, бейсенбі күні кешке қатты дауыл болып, арты нөсерлі жаңбырға ұласты.

"Жұма күні кешке қатты дауыл салдарынан Дибругарх қаласындағы Керни ауылында төрт адам қайтыс болды. Дибругарх ауданындағы Тингконг ауылында найзағай кезінде кем дегенде төрт адам қайтыс болды. Бейсенбіде Барпет аймағында дауыл салдарынан тағы үш адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 15 жасар бала Гоалпар аймағында найзағайдан қайтыс болды. Қатты дауылдан кейін Тинсукияда үш адам қайтыс болды", - деді Дип джоти Хатикакоти, Ассам табиғи апаттарға қарсы күрес бөлімінің (ASDMA) қызметкері.

Тинсукия комиссарының екінші орынбасары Дипу Кумар Дека дауыл кезінде көптеген үйлердің зақымдалғанын айтты. Оның айтуынша, адамдар әлі де мемлекеттік мекемелерде жасырынып жатыр.

ASDMA бюллетенінде дауыл соңғы бірнеше күнде ондаған ағаштар мен ондаған электр бағандарын тамырымен жұлып кеткенін айтады. Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі күнде штатта кем дегенде 7 378 үй мен басқа да нысандар зақымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети