03 маусым 2022 10:16

"Ұрып-соғып жатқанын айтқан". Өзбекстанда 18 жастағы әскери қызметші қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Kun.uz Фото: Kun.uz

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз қаза тапты, - деп хабарлайды Podrobno.uz.


Өзбекстанның Қашқадария облысындағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз қаза тапты, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

Бас прокуратура Қаршы қаласының әскери прокуратурасы әскери қызметшінің өлімін тексеріп жатқанын мәлімдеген. "Өлім себептері жан-жақты, мұқият және объектив түрде тексеріледі", - деп толықтырды қадағалау органының өкілдері.

Kun.uz басылымының мәліметінше, 18 жастағы жігіт 8 сәуірде әскерге аттанған. Екі айдан кейін ол Қаршы қаласындағы әскери госпитальға түсіп, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, гипертрофия, кардиосклероз, аорта және жүректің коронарлық тамырлары атеросклерозынан қайтыс болды. Сонымен қатар, оған жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінің асқынуы, бас миы мен өкпесінің ісінуі диагнозы қойылды.

Марқұмның туыстары бұл диагнозға сенбейді, өйткені оның қандай да бір созылмалы ауруы бар болса, оны медициналық тексеру кезінде анықтап, әскерге шақырмас еді.

Марқұмның әкесінің айтуынша, оның денесі көгеріп, қабырғалары сынған. Алайда өлім туралы медициналық анықтамада бұл туралы мәлімет жоқ. Туыстарының айтуынша, сарбаз үйіне телефон соғып, әскерде ұрып-соғып жатқанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети