09 сәуір 2018 12:17

Үйлену тойына бара жатқан ресейлік Ақтөбеде атыстан зардап шекті: Дәрігерлер оның денсаулығы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дәрігерлер Ақтөбе тас жолындағы атыстан зардап шеккен Ресей азаматының жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Дәрігерлер Ақтөбе тас жолындағы атыстан зардап шеккен Ресей азаматының жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбе теміржол ауруханасы дәрігерлерінің мәліметінше, ресейліктің жағдайы ауыр, алайда тұрақты. 6 сәуірде РФ азаматы 35 жастағы ер адамның ауруханаға түскені айтылады. 

"Ол жансақтау бөлімінде жатыр, ес түсін біледі. Травмалық шоктан айықты. Оның диагнозы: "оқ тию жарақаты, оң жақ кеуде тұсына тиген оқ төртінші және бесінші қабырғаны зақымдаған. Оқ ер адамның денесін, яғни иығы және білегін тесіп өткен. Травмалық геморрагиялық шок - 2-3 деңгей. Тым көп қан жоғалтқан. Жалпы жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқас өмір сүреді", - деді емдеу бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Гүлжанова. 

Еске салайық, Ақтөбедегі тас жолда болған атыста Ресей азаматы зардап шеккен еді. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 6 сәуірде Қырғызстанның 1988 жылғы азаматы ресей - қазақ мемлекеттік шекарасын Жайназ-Авто арқылы өзінің ақ түсті Mercedes-Benz (спринтер) маркалы көлігімен кесіп өтпекші болған. Онымен бірге досы басқа көлікпен келе жатыпты, ол да Қырғызстанның азаматы.

"Шамамен сағат 17.00-де Mercedes-Benz жүргізушісіне бір ер адам келіп, Шымкентке дейін жеткізіп салуды өтінген, ол да ресей-қазақ мемлекеттік шекарасынан өтіп бара жатқан, бірақ жаяу. Ер адам шамамен 1983 жылғы, Тәжікстанның тумасы, өзімен бірге төлқұжаты болған, Ресейдің азаматы, ол еліне үйлену тойға бара жатқанын айтқан", - деді Қырғызстанның құқыққорғаушылары.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жүргізуші кешке автокөлік пен жолаушыларды Ақшат ауылының маңына қалдырып, досымен бірге Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Шамамен сағат 01.50-де жолаушы хабарласып, өзіне оқ тигенін, жаралы екенін хабарлаған.

"Мәліметтер бойынша, белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан Ресей азаматына оқ тиді, қарақшылар оның ақшасын, алтын бұйымдары мен құжаттарын алып кетті. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қырғызстанның азаматына да мүліктік залал келді. Оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеру жүргізді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ мамандары.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық ІІД мамандары оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети