01 ақпан 2015 12:02

Владимир Путин Меркельмен және Олландпен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©zn.ua ©zn.ua

Ресей президенті Владимир Путин Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен және Француз Республикасы президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен және Француз Республикасы президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Украинаның оңтүстік-шығысында күрт ушығып кеткен ахуалды талқылауды жалғастырды. "Минскіде байланыс тобының кезекті отырысын өткізуге байланысты онда атысты жылдам тоқтату және ауыр қару-жарақты алып кету мәселесі күн тәртібінен орталық орын алатынына үміт білдірілді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенконың Владимир Путиннен Минск уағдаластықтарының орындалуын талап еткені хабарланған еді. Порошенко атысты тоқтатуды ғана емес, сонымен бірге жанжал аймағындағы Ресей журналистерінің өліміне күдікті ретінде қамауға алынған Украина азаматтарын, соның ішінде ұшқыш Надежда Савченконы босатуды да талап етті. 

Еске сала кетейік, Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал 24 қаңтардан бері тағы ушыға бастады. Мариуполь қаласына оқ жаудырудың салдарынан алғашқыда 30 адам қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алды. Кейін Донецк мен Мариупольде қаза тапқандар санының 50 адамнан асқаны хабарланды. Елдің оңтүстік-шығысында төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети