24 наурыз 2022 17:50

"Яндекс.Еда" жеке деректердің тарауына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

"Яндекс.Еда" басшысы Роман Марисов сервис қоданушыларының жеке деректерінің тарауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Яндекс.Еда" басшысы Роман Марисов сервис қоданушыларының жеке деректерінің тарауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роман Маресов өз блогында "Яндекс.Еда" қауіпсіздік қызметі ақпан айының соңында деректердің тарауын анықтағанын айтты.

"Біз сервис қолданушыларына дереу ескертіп, шара қолдандық, бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Себебі, шабуылдаушылар ұрланған ақпаратты интернетте таратып үлгерген.

Кешіріңіздер! Біз өз тұтынушыларымызды қатты ренжіттік. Соңғы екі күнде туыстарым мен достарымнан көптеген сұрақтар келді. Мен бұл жазбаны барлығына не болғанын, қазір не істеп жатқанымызды және алдағы уақытта не істеуді жоспарлап отырғанымызды айту үшін жазып отырмын", - деді ол.

Оның айтуынша, компания қызметкерлері жеке деректердің таралуын 28 ақпанда білген. Қазір ақпараттық қауіпсіздік қызметі "Яндекс.Еда-дағы" тапсырыс туралы ақпараттың тарап кетуіне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Пайдаланушылардың банктік деректері, сондай-ақ шоттардың логиндері мен құпия сөздері тарамаған.

"Яндекс. Еда" құқық қорғау органдарына өтініш берді және тапсырыс туралы ақпараттың одан ары тарауына жол бермеу үшін барлық қажет әрекеттерді жасайды. Сонымен қатар компания деректерді сақтаудың ішкі стандарттарына қойылатын талаптарды едәуір күшейткен.

"Біз бірінші кезекте пайдаланушыларға ескерту керек деп шешіп, 1 наурызда деректері бұзылған адамдарға хат жібере бастадық.

22 наурызда шабуылдаушылар визуализациясы бар сайтты іске қосты. Олар "Яндекс.Еда" пайдаланушыларының деректерін интерактивті картаға байланыстырды", - деп қосты компания басшысы.

Роман Марясов ақпан айындағы жеке ақпараттардың тарауы "Яндекс.Еда" тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға екенін айтты. Себебі компания үшін пайдаланушылардың деректерін сақтау бірінші міндет.

Оның айтуынша, өткен апталарда компания жеке мәліметтерге қол жеткізе алатын қызметкерлер санын азайтқан.

Айта кетейік, интернетте Ресей мен Қазақстандағы 7 миллионға жуық пайдаланушының бірегей нөмірі мен олардың тапсырыстары туралы ақпарат тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети