08 ақпан 2021 10:31

Явлинский Навальныйды "популизм мен ұлтшылдық" үшін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Григорий Явлинский. © РИА Новости Григорий Явлинский. © РИА Новости

"Яблоко" партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинский Алексей Навальныйды сынап жазған мақаласын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Яблоко" партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинский Алексей Навальныйды сынап жазған мақаласын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының басшысы сотынан кейін төрт күн өткен соң "Без путинизма и популизма. О смыслах текущей политики" мақаласын саясаткер өз сайтында жариялады.

Meduza басылымы мақаланың негізгі тезистеріне тоқталған. Онда Явлинский Навальный "қорқынышсыз және репрессиясыз өмірмен" үйлеспейтін саясат жүргізіп жатқанын айтқан. Сонымен қатар, ол Навальныйды саяси популизм, көсем және ұлтшылдық ("шерулерге" қатысы барын айтып), "биліктегі байланыстар мен тәуелдіктер", көшедегі наразылықтардан кейін сотталған адамдардың мәселелерін елемеу және оппозициялық жақтаушыларды, "кәмелетке толмағандарды саяси қылмыстық мақсатта пайдаланды" деп айыптады.

"Яблока" негізін қалаушының айтуынша, ФБК зертеу фильмі "қарабайыр әлеуметтік алауыздықты" қоздырады. Ол мақалада Валерия Новодворскаяның 2011 жылы айтқан сөзін мысалға келтірген, "көпшілік Навальныйға ерсе, болашақта елді фашизм күтеді". Сонымен бірге, Явлинский Навальныйдың "Новичок" тобының жауынгерлік уымен улануын тағы бір тергеуді сұрады.

Мақала шыққаннан кейін Явлинскийді Навальныйдың жақтастары ғана емес, сонымен қатар кейбір "Яблока" партиясындағылар да сынға алды. Навальныйдың аймақтық штабтарының басшысы Леонид Волков Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде бұл мақаланы еске алуға шақырды.

Санкт-Петербургтегі "Молодежная Яблоко" бөлімшесі Явлинскийдің мақаласы партияға "залал келтірді" деп хабарлады. Екатеринбургтегі партияның бұрынғы мэрі Евгений Ройзман бұл оқиғадан кейін "Яблокадан" Мемлекеттік Думаға сайлауға қатысуы "мүмкін емес" деп мәлімдеді.

Мәскеу қалалық Думасының "Яблоко" депутаты Сергей Митрохин "Эхо Москвы" басылымында "Явлинский пікірі партияға қатысты жиі айтылады" деді. Митрохин журналистер Явлинский мақаласынан жағымсыз тезистерді бөліп алып, жаман жағынан көрсетіп отыр деп санайды және "Яблоко" Навальныйды босатуды жақтайтынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети