26 қараша 2021 17:20

Зеленский Украинада мемлекеттік төңкеріс жоспарланып жатыр деп мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский елде төңкеріс жасау ықтималдығы туралы ақпарат алғанын және олигарх Ринат Ахметов бұл мәселеге араласуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.


Украина президенті Владимир Зеленский елде төңкеріс жасау ықтималдығы туралы ақпарат алғанын және олигарх Ринат Ахметов бұл мәселеге араласуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Біз 1-желтоқсанда елде мемлекеттік төңкеріс болады деген ақпарат алдық. 1-2 желтоқсан... Бұл барлау ақпараты ғана емес, сонымен қатар дыбыстық ақпарат, онда Украина өкілдері Ресей өкілдерімен Ринат Ахметовтің Украинадағы мемлекеттік төңкеріске қатысуын талқылайды, оған миллиард доллар тартылады және т.б.

Бұл Ахметовті Украина мемлекетіне қарсы соғысқа тартып, қорлау. Ол бастаса, бұл оның үлкен қателігі болады, өйткені халыққа қарсы және халық сайлаған президентке қарсы шығуға болмайды. Айналасындағылар оны қақтығысқа тартты деп ойлаймын...", - деді Зеленский 26 қарашада өткен баспасөз марафонында. 

"Мен сабырлымын, ол бұл туралы білмеуі мүмкін деген ойдамын. Немесе біледі. Мен Ринат Ахметовті ақпаратты тыңдауға шақырамын. Немесе тиісті органдарға...

Мен Янукович емеспін, ешқайда қашпаймын. Мен ол күні жиналатындардың бәрін күтемін", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети