30 мамыр 2021 10:27

"Золотое дно-2". Nexta Лукашенко туралы "зерттеудің" екінші бөлігін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Беларусьте Nexta оппозициялық телеграм-арнасы Александр Лукашенко туралы зерттеу фильмінің екінші бөлігін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беларусьте Nexta оппозициялық телеграм-арнасы Александр Лукашенко туралы зерттеу фильмінің екінші бөлігін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Золотое дно-2" фильмі 27 мамырда Nexta YouTube-арнасында пайда болды.

Жаңа фильмде Беларусь арқылы өтетін тауар контрабандасы туралы айтылады. Фильм авторлары халықаралық контрабанда схемаларына Беларусьтің жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ "кішігірім орындаушы және қауіпсіздік күштері" қатысады деп мәлімдейді.

Фильмде Александр Лукашенконың үлкен ұлы Виктордың есімі жиі аталады. Ол - "Беларусь президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі".

Зерттеу тақырыптарының бірі - салық төлеуден жалтарып, Еуропадан санкция салынған өнімдерді Беларусь арқылы Ресейге қалай жеткізетіні туралы. Фильм авторлары мәліметі бойынша, осы схема нәтижесінде Лукашенко мен оның жақын серіктестері ештеңе істеместен ел бюджетіне үлкен пайда әкелген.

Авторлардың айтуынша, тек 2014 жылдан 2019 жылға дейін Беларусь арқылы 3000-ға дейін көлік өткен. Олардың мәліметі бойынша, тек осы кезеңде шамамен 300 миллион доллар кіріс келген.

Зерттеуде темекі контрабандасына көп көңіл бөлінген. Темекі контрабандасы Еуропаның бірқатар елдерін қамтиды, дейді фильм авторлары. Тергеу видеосында Польша, Литва, Түркия және Украина фирмалары мен жеке тұлғалар әртүрлі схемаға қатысқаны көрсетіледі.

Еске салайық, Белорустың оппозициялық NEXTA жобасы Александр Лукашенко туралы "ең үлкен зерттеу" видеосын жариялаған болатын. "Золотое дно" деген тақырып қойылған видео Youtube хостингінде шықты.

Лукашенко режимінде қару-жарақ контрабандасы туралы "Золотое дно-3" атты жаңа зерттеу шығатыны жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети