Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 7072 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Есіл аудандық мәслихатының шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Р.Салтаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының
әкімі
Т.Ерсейітов

      19 ақпан 2019 жыл

  Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 45/2 шешімімен
бекітілген

Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидаға өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 50/2 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Осы Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысының негізінде әзірленді және Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Есіл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган –жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Жеңiс күнi – 9 мамыр;

      3) Қарттар күні – 1 қазан;

      4) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы дербес шоттарына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      8. Осы Қағидалар Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың өзге де санаттары;

      Ауғанстан аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушылар;

      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      барлық санаттағы мүгедектер;

      әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар (онкологиялық аурулары бар, АҚТҚ жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі түрлері бар науқастар);

      табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар (отбасылар);

      аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі нысанда оқитын студенттер;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар;

      күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар көп балалы отбасылар.

      Ескерту. 10 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 50/2 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әлеуметтік көмек белгіленеді:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстан аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға;

      Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдардың өзге де санаттарына;

      Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;

      Мүгедектер күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысын ескерместен жылына бір рет:

      әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулары бар адамдар, АҚТҚ жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрлері бар науқастар) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға санаторлы-курорттық емделуге – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысын ескере отырып, жылына бір рет:

      аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі нысанда оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған нотариалды куәландырылған келісім шарттың көшірмесінің, оқу орнынан анықтаманың, көрсетілген санатқа жататындығын растайтын анықтаманың, төлем туралы түбіртектің көшірмесінің негізінде – 100 пайыз мөлшерінде оқуының шығынын өтеуге;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге уәкілетті органмен, ауданның медициналық ұйымымен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнымен жасалған, нотариалды куәландырылған келісім шарттың көшірмесінің, оқу орнынан анықтаманың, өтініш берушінің көрсетілген санатқа жататындығын растайтын анықтаманың, төлем туралы түбіртектің көшірмесінің негізінде – 100 пайыз мөлшерінде оқуының шығынын өтеуге;

      ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      - шұғыл емделуге (ота жасау);

      - кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге.

      күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар көп балалы отбасыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімдері өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей.

      4) уәкілетті ұйымның тізімінің негізінде өтініш бермей:

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға қалалық және аудан ішіндегі жолаушылар көлігі бағыттарында жүру ақысын өтеу үшін, жол жүруді растайтын құжаттарды ұсынған кезде – 100 пайыз мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеу, өтініш беруші ұсынған түбіртек көшірмелеріне сәйкес, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 100 пайыз мөлшерінде.

      Ұлы Отан соғысының қатысушысы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Ескерту. 11 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 50/2 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.10.2019 № 57/2 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. Алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      24. Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.08.2019 № 55/3 (ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқанда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Есіл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және
қайтару үшін негіздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Есіл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 45/2 шешіміне
қосымша

Есіл аудандық мәслихатының күші жойылды деп
танылған шешімдерінің тізбесі

      1."Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5466 тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған);

      2. "Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 тамыздағы № 7/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5535 тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйекте "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған);

      3. "Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 17/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6081 тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      4. "Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 35/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6809 тіркелген, 2018 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 269023
    Қазақ тілінде 134237
    Орыс тілінде 133807
    Ағылшын тілінде 979
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы