Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 ақпанда № 6828 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 қазанына дейін жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280508
    Қазақ тілінде 139660
    Орыс тілінде 139405
    Ағылшын тілінде 1443
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы