Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2015 жылғы 25 наурыздағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10913 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 11-190 қбп бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 11-190 қбп бұйрығымен
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бөлімшелер жеке құрамының Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.

      4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Генерал-майор А. Күреңбеков

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
бастығының
2015 жылғы 25 наурыздағы
№ 47 бұйрығымен бекітілген

Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және
оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу,
құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің
жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңы (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына сәйкес әзірленген және Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін келісуді жүргізудің тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      авариялық қалпына келтіру жұмыстары - жұмысты өндірушінің инженерлік коммуникацияларда, басқа да объектілерде, егер олар бұзылса, объектінің жұмысқа қабілеттігін және оны пайдаланудың сипаттамаларын қалпына келтіру бойынша кідіртуге болмайтын жұмыс өндірісін талап ететін іс-әрекеті;

      жұмыс өндірісі - жеке және заңды тұлғалардың арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында іргелес аумақтардың абаттандырылуын уақытша бұзумен, жол жүрісін шектеу немесе уақытша тоқтатумен байланысты, сондай-ақ жобалау-іздестіру, жерге орналастыру және дайындық жұмыстарына (құрылыс материалдарын және конструкцияларды қоймаға қою, машиналарды және механизмдерді орналастыру, уақытша ғимараттар мен имараттарды салу) жалғасатын жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу бойынша іс-әрекеті;

      келісу - жұмыс жүргізушінің жұмыс істеуді келісу туралы ресми өтінішіне жазбаша жауапты дайындауды қамтитын ҚР МКҚ басқарушылық шешімін әзірлеу және қабылдау тәртібі;

      келісу бастамашысы - өз құзыретінің шегінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жұмыс жүргізуді жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

2. Келісу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      3. Келісу келісу бастамашысының ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне хаты негізінде жүзеге асырылады.

      Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған жағдайда, келісу бастамашысы шұғыл жұмыстарды жүргізеді, бірақ мұндай жағдай туындаған кезден бастап 12 сағат ішінде ҚР МКҚ-ны жазбаша хабардар етеді.

      Хабарламаға осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерінде келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Режимді аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларымен белгіленген тәртіпте арнаулы трассалар актіленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      5. Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етпесе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарастырылады.

      Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етсе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырылады және ол бойынша шешім қабылданады.

      Қосымша зерделеу және тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарастыру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және қарастыру мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде келісу бастамашысы хабардар етіледі.

      Қарастыру мерзімін субъект басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      6. Келісу бастамашысы хатының мәтінінде болжалды жұмыстың қысқаша сипаттамасы, оларды орындаған кездегі жоспарланған нәтижелері, өндіріс әдісі, жүргізу орны мен мерзімдері көрсетіледі. Келісу бастамашысының хатына мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жұмысқа тартылған жұмысшылардың тізімі және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) пайдаланылатын техникалық құралдардың тізімі және олардың мемлекеттік тіркеу куәліктерінің көшірмелері;

      3) жоспарланған жұмыс объектілерінің ахуалдық схемалары, соның ішінде егер жұмыс өндірісі қолданыстағы жол маршруттарын немесе басқа да коммуникацияларды өзгертуді талап етсе, жол жүрісінің уақытша маршруттары;

      4) жұмыстардың уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенін растайтын құжат;

      5) жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

      6) сұрау салынған жұмыс түрлерін өндіруге лицензиялардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;

      7) жұмысты өндіру кестесі.

      Тартылған жұмысшылар мен арнаулы техникалар тізімі өзгерген жағдайда, келісу бастамашылары оларды міндетті түрде ҚР МКҚ-мен келіседі. Тартылған жұмыскерлер мен арнаулы техникаларды ауыстыру ҚР МКҚ-ның келісімімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

3. Келісуді зерделеу және тексеру тәртібі, қорытындыны дайындау

      7. Құжатты орындауға алған ҚР МКҚ қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) оны зерделейді, аталған ұйымның жұмыскерлеріне қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асырады және қажет болса, болжалды жұмыс орнына барып, жауапты жұмыскерлермен жұмыс кездесуін өткізеді.

      8. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама түрінде ресімделеді және онда қызметкер өтініш білдірілген жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі және олардың күзет іс-шараларының қауіпсіздігіне әсер ету деңгейі туралы тұжырым жасайды. Бұл ретте, келісуді қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) келісу бастамашысының хатын толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы, мұндай шешімнің қабылдануын дәлелдеп немесе дәлелдеместен;

      3) жұмысты жүргізудің мерзімдерін уақытша ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер, Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ келісу бастамашысы жоспарланған жұмыстардың түрі және мерзімдері, тартылған жұмысшылар, техника мен басқа да мәліметтер туралы көрінеу дұрыс емес мәліметтер берген, сондай-ақ егер өтініш білдірілген жұмыстар және (немесе) олардың салдарлары мен нәтижелері күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірсе немесе күзетілетін адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындауға кедергі келтіретін шарттардың, фактілердің және жағдайлардың туындауына әкеп соқтыратын жағдайда қабылданады.

      10. Қабылданған шешім туралы келісу бастамашысы жазбаша хабардар етіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      11. Жұмысты орындау барысында күзетілетін адамдарға қауіп-қатер төндіруі мүмкін бұзушылықтар, оларды орындау мерзімі іс жүзінде өзгергені, сондай-ақ ҚР МКҚ санкцияламаған жұмыстар жүргізілгені айқындалған жағдайда, ҚР МКҚ жұмысты өндірушіге айқындалған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы нұсқама жолдауға құқылы.

      12. Жұмыс өндірісінің мерзімі ұзартылған жағдайда, келісу бастамашысы ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне қайтадан хат жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

4. Қорытынды ережелер

      13. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде арнаулы трассалардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлері қажет болса уақытша тоқтатылады.

      14. ҚР МКҚ-ға жолданатын құжаттардың растығы, толықтығы және дұрыстығы, өтініш білдірілген жұмыстарды тиісінше орындалмағаны үшін келісудің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

  "Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде
арнайы трассалардағы және оларға іргелес
жатқан аумақтар мен акваториялардағы
жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де
жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін
келісу жөніндегі нұсқаулыққа қосымша

      Нысан

АНЫҚТАМА

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 31.03.2016 № 9 бұйрығымен.

      _______________________________________

      (жұмыстың және ұйымның жалпы атауы)

      1. Түскен күні/құжаттың кіріс №:_____________________________________

      (құжаттың кіріс нөмірі)

      2. Сұрау салу бастамашысы:___________________________________________

      (жұмыс жүргізуді жоспарлаған компания,

      жауапты адамның Т.А.Ә. (ол болған

      жағдайда), байл.тел.)

      3. Басшылықтың резолюциясы___________________________________________

      (ҚР МКҚ басшылығының бұрыштамасы)

      4. Қосымша:__________________________________________________________

      (негізгі хатқа қоса берілген құжаттар, схемалар,

      жұмыскерлер мен техниканың тізімі, басқа органдармен

      келісу және т.б.)

      5. Орындау мерзімі:__________________________________________________

      (бақылау карточкасындағы орындау мерзімі)

      6. Қысқаша мазмұны:__________________________________________________

      (жоспарланған жұмыстардың сипаты мен сипаттамасы,

      ұйымның өтінімі бойынша орындау мерзімі, өткізу

      орны, сондай-ақ күзетілетін адамның қауіпсіздік

      режиміне ықтимал жағымсыз салдарлар)

      7. Тексеру нәтижелері (есептер бойынша персоналды тексеру,

      реквизиттердің сәйкестігін, өзге де құжаттарды тексеру):_____________

      _____________________________________________________________________

      (тексеру қандай базалар арқылы жүзеге асырылды және ұйым

      қызметкерінің беделіне нұқсан келтіретін материалдың бар-жоғы)

      8. Ерекше белгілер:__________________________________________________

      (құжатты орындау жеделдігі, жұмысты орындау

      мерзімдерін ұзарту және т.б.)

      9. ҚР МКҚ мүдделі бөлімшелерімен келісу:_____________________________

      10. Орындаушының тұжырымы:___________________________________________

      (орындаушының жұмыстардың осы түрлеріне

      рұқсат беру немесе бас тарту бойынша негіздемесі)

      11. Іс-шаралар:______________________________________________________

      (жұмыстардың аталған түрлеріне бақылау бойынша

      шаралар кешені)

      12. Орындаушының қолы:_______________________________________________

      (орындаушының лауазымы, атағы және тегі)

      13. Бөлімше бастығының қолы:_________________________________________

      14. ҚР МКҚ Үшінші департамент немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы

      басшысының қолы:____________________________________________________"

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280508
    Қазақ тілінде 139660
    Орыс тілінде 139405
    Ағылшын тілінде 1443
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы