Қаржы полициясы органдарының орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 наурызда № 9239 тіркелді

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы полициясы органдарының орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы, Қаржы полициясы академиясы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы       
Экономикалық қылмысқа және    
сыбайлас жемқорлыққа қарсы    
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының           
2014 жылғы 13 ақпандағы     
№ 56 бұйрығына          

Қаржы полициясы органдарының орта басшы құрамдағы
лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың
арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы полициясы органдарының орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. ҚПО-ға бірінші рет қабылданатын адамдар қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын меңгеру үшін арнайы бастапқы оқытудан (бұдан әрі - АБО) өтеді.
      3. АБО қабылданған адамдарды күтіп ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. АБО Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті базасында жүзеге асырылады.
      5. Оқу үрдісінің мазмұны Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының Академияға жетекшілік ететін орынбасарымен келісілетін оқу-тақырыптық жоспарымен белгіленеді және Академия бастығымен бекітіледі.

2. Арнайы бастапқы оқытуға қабылдау және өту тәртібі

      6. АБО жіберу үшін ҚПO-ға адамдарды іріктеуді және жеке істерін ресімдеуді ҚПО кадр бөлімшелері жүзеге асырады.
      7. АБО-ға тыңдаушылардың ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін Академия жүзеге асырады.
      8. Академия Агенттіктің Кадрлар басқармасымен бірлесе отырып, АБО курстарының әр күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін (бұдан әрі – Жоспар-кесте) және АБО өтуге жататын қызметкерлердің санына тәртіптеме әзірлейді, олар Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі және Академия бастығымен бекітіледі.
      9. Жоспар-кестеде оқыту мерзімдері, АБО курстарының ұзақтығы мен саны көрсетіледі. АБО ұзақтығы 2 айды (60 күнтізбелік күнді) құрайды.
      10. ҚПО кадр бөлімшелері тәртіптеменің және Жоспар-кестенің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді.
      11. Аумақтық ҚПО және Агенттіктің кадрлар бөлімшелері АБО-ға жіберу алдында үміткерлердің сыртқы пішінін, керек-жарағын тексереді және АБО жіберілетін үміткерлердің жолда және оқу үрдісінде өздерін ұстау қағидалары жөнінде нұсқама жүргізеді.
      12. АБО-ға үміткерлер Академияға уақтылы келуге тиіс және өзімен бірге:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы;
      2) жұмыс орнынан анықтама, көкшіл сұр түсті камуфляждық нысаны, сондай-ақ спорттық киімі;
      3) жеке гигиеналық заттары және қажетті жазба жабдықтары болуы міндетті.
      13. АБО үміткерлердің оқу орнына теміржол көлігімен келу және одан кері қайту шығындарын оқуға жіберетін аумақтық ҚПО бөлімшесі өтейді.
      14. Үміткерлерді АБО тыңдаушылары құрамына қабылдағаннан кейін негізсіз сабақтан босатылуын, Академия аумағын өз бетінше тастап кетуін, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынастарды болдырмау мақсатында Академияның кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті қызметкерлері АБО тыңдаушысының әрқайсысының қолын қойдыра отырып, Академияда белгіленген күн тәртібімен және мінез-құлық қағидаларымен таныстырады және нұсқама жүргізеді.
      15. АБО өткеру кезеңінде тыңдаушылар казармалық жағдайда болады және оларға Академияның бастығымен бекітілген күн тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын сақтау қолданылады.
      16. АБО тыңдаушыларының сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі кезеңде күн тәртібі мен мінез-құлық қағидаларын сақтауын бақылау кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті бастығы мен аға оқытушыларына, сағат 18.00-ден бастап 09.00-ге дейінгі кезеңде АБО курсының бастығы мен оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
      17. Міндетіне:
      1) Академияның ауыспалы құрамын жалпы сапқа тұрғызу шегінде АБО жеке құрамын сабаққа таңертеңгілік жинау және оларды кешке тексеру;
      2) жарғылық емес өзара қатынасқа жол бермеу;
      3) кешігуге жол бермеу;
      4) өзге де тәртіптік бұзушылықтарға жол бермеу кіретін курс командирі АБО өту кезеңінде АБО тыңдаушыларының арасынан Академия бастығының бұйрығымен тағайындалады.
      Бұзушылық анықталған жағдайда курс командирі тезарада курс бастығына немесе оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына баяндайды, ол өз кезегінде, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің бастығына хабарлайды. Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің бастығы Академия бастығының кәсіби және саптық даярлық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына баянатпен баяндайды.
      18. АБО тыңдаушыларын демалыс және мейрам күндері 1 немесе одан да көп тәулікке босату, сондай-ақ отбасы жағдайына байланысты Астана қаласынан тысқары шығуы Академия бастығының атына жазылған жазбаша өтініші (баянаты) негізінде жүзеге асырылады. 24 сағаттан аспайтын мерзімге босату Академия бастығының кәсіби және саптық даярлық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
      19. АБО курстарында оқу ҚПО жүктелген міндеттерді орындау үшін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімдерді, дағдылар мен іскерлікті меңгеруге бағытталған ұйымдастырушылық, оқу іс-шаралары жүйесін көздейді.
      20. Әскери пәндер, дене шынықтыру дайындықтары бойынша сынақтар курстардың оқу бағдарламаларына сәйкес қабылданады.
      21. Тыңдаушылардың АБО алған қорытынды білім деңгейі компьютерлік тестілеумен бағаланады, онда АБО оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес келетін пәндер бойынша сұрақтар қамтылады.
      Тест тапсырмаларының жалпы саны 30 сұрақтан құралады. Шекті мәні кемінде 15 дұрыс жауапты құрайды.
      Тестілеуге 45 минут беріледі.
      22. АБО-ның дене шынықтыру және атыс даярлығынан сынақтар тапсырмаған, сондай-ақ тестілеуден шекті мәнді жинамаған тыңдаушыларына АБО курстарына қатысқаны туралы анықтама беріледі.
      23. АБО курстары аяқталғаннан кейін тестілеуді тапсырған және әңгімелесуден өткен тыңдаушыларға Академия бастығының бұйрығымен курстарды аяқтағаны туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
      АБО аяқтағаны туралы сертификат алмағандар аумақтық қаржы полициясы органдарына қызметін одан әрі өткеруі туралы мәселені шешу үшін жіберіледі.
      24. АБО оқу мерзімі Қазақстан Республикасының ҚПО қызмет өтіліне (еңбек сіңірген жылдары) есептеледі.

3. Қорытынды ережелер

      25. АБО курстарының тыңдаушылары:
      1) Академияның оқу аудиторияларын, кітапханасын, оқу құралдарын және басқа да жабдықтарын пайдалана алады;
      2) зерделенетін пәндер бойынша топтық және жеке кеңестер ала алады;
      3) оқу үрдісін жетілдіру, АБО-дан өту кезінде тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізе алады.
      26. Дәлелді себептер (отбасылық жағдайы, науқастануы) бойынша оқудан шығарылған тыңдаушылар оқуға қайта жіберіледі.
      27. АБО курстарының тыңдаушылары:
      1) оқуға адал ниетімен қарағаны, тақырыптық жоспармен көзделген пәндерді өз бетінше зерделеу бойынша берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімдерде сапалы орындағаны;
      2) қаржы полициясы органдары бөлімшелерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік қызметтік дағдыларын табандылықпен терең игергені, өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытқаны;
      3) тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, Академия Жарғысының талаптарын, Академия бастығының бұйрықтары мен нұсқауларын сөзсіз және нақты орындағаны, күн тәртібін сақтағаны;
      4) Академияның мүлкіне ұқыпты қарағаны, Академияның үй-жайлары мен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтағаны;
      5) Академияның қоғамдық, ғылыми, мәдени-бұқаралық және спорттық өміріне белсенді қатысқаны жөн.
      28. Қызметтік тәртіпті, соның ішінде күн тәртібін бұзғанда, Академияның аумағын өз бетімен тастап кеткенде, жарғыға қайшы қатынастарға жол берген жағдайда, оқу жоспарын орындамағанда, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті бастығының ұсынысы бойынша АБО тыңдаушысы Академия бастығының бұйрығымен курстардан шығарылады және аумақтық қаржы полициясы органына қызметін одан әрі өткеруі туралы мәселені шешу үшін жіберіледі.
      29. Академия бастығы өзге де тәртіптік қылықтарға жол берген АБО тыңдаушысына қатысты тыңдаушыны жіберген басшыға «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) көзделген тәртіпте тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы өтінішті ресімдейді.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 273774
    Қазақ тілінде 136549
    Орыс тілінде 136221
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы