Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 85-V Заңы.

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және
мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы
келісім (2013 жылғы 23 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., N 4, 38-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,

      Қазақстан Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты реттеу мақсатында,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық шарттарын айқындайды.

      Мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделген және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне зиян тигізбеуге тиіс.

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптар құзыретті органдарды тағайындайды:

      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі.

      Тараптар құзыретті органдары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабардар етеді.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 01.03.2019 № 228-VI Заңымен.

3-бап

      Тараптар мұнайдың және мұнай өнімдерінің өзара саудасында кедендік әкету баждарын (балама әрекеті бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбайды.

      Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2014 № 215-V Заңымен.

4-бап

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына мұнай жеткізу көлемін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара жеткізу көлемдерін қоса алғанда, Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында мұнайды, мұнай өнімдерін өндіру (өндірісі), тұтыну, жеткізу, импорттау мен экспорттау балансын (бұдан әрі - индикативті баланс) жасайды.

5-бап

      Тараптар 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы мұнай жеткізу туралы шарттар (келісімшарттар) негізінде жүзеге асырылатын мұнайды өзара жеткізуді баламалы көлемде жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында мұнай жеткізудің көлемін, бағыттарын, сондай-ақ өзге де шарттарын жыл сайын Тараптардың құзыретті органдары қалыптастырып, осы Келісімге хаттамамен бекітеді және ол индикативті баланста көрсетіледі.

6-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында бекітілген мұнай өнімдерінің индикативтік баланстарына сәйкес көлемде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу үшін жағдай жасайды.

      Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.

      2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесімен белгіленеді.

      2014 ж. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына жеткізілген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.04.2013 № 86-V Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2014 № 215-V Заңымен.

61-бап

      1. Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық міндеттемелерін орындау және ішкі нарығын қорғау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олардың арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ратификациялауға жатпайтын хаттама жасасу арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін айқындайды.

      Көрсетілген тізбелерді Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 4-бабында көзделген индикативтік балансты жасағанға дейін бекітеді. Тараптардың құзыретті органдары қажеттілігіне қарай оларға жазбаша нысанда өзгерістер енгізуі мүмкін.

      Қазақстан Тарапы 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында көрсетілген мұнай өнімдеріне белгіленген кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерінен төмен емес кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін белгілеуді қамтамасыз етеді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тыйым салулар немесе шектеулер 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 8-бабы 8.2-тармағы "г" тармақшасының ережелері үшін нұқсан келтірместен қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гуманитарлық көмек ретінде экспортталатын мұнай өнімдеріне, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қолданылмайды.

      Қазақстан Тарапының құзыретті органы осы мақсаттар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге жеткізуді жүзеге асыру фактісі бойынша номенклатурасын көрсете отырып, мұнай өнімдерінің көлемі мен әкету уақыты туралы Ресей Тарапының құзыретті органына хабарлайды.

      4. Қазақстан Тарапының құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органымен келіседі.

      5. Ресей Тарапының құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді Ресей Федерациясы билігінің тиісті органдарымен келіседі.

      Ескерту. Келісім 61-баппен толықтырылды - ҚР 30.06.2014 № 215-V Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 01.03.2019 № 228-VI Заңымен.

7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қарауға Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына беріледі.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.04.2013 № 86-V Заңымен.

8-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін күшіне енеді.

      Осы Келісім 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, егер осы Келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі бітерден кемінде 6 ай бұрын Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын өзінің тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2014 № 215-V; 17.03.2015 № 294-V; 01.03.2019 № 228-VI Заңдарымен.

      Келісім Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

Халықаралық құқық

департаментінің

I-хатшысы

Т. Ахметжанов

  2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
1-қосымша
Мәскеу қаласы

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай
өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу
Әдістемесі

      Ескерту. Келісім қосымшамен толықтырылды - ҚР 03.04.2013 № 86-V Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2014 № 215-V Заңымен.

      1. Осы әдістеме 2010 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 6-бабына сәйкес әзірленді және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінетін мұнай өнімдеріне қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу тетігін айқындайды.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:

      "тауар" - Ресей Федерациясынан Кеден одағының шегінен тысқары жерлерге шығару кезінде шығарудың кеден баждары белгіленген, мұнай өнімдерінің жыл сайынғы индикативтік балансына енгізілген және оны Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкету кезінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі есебінен өтеу міндеттемесі туындайтын мұнай өнімдері;

      "қарсы жеткізілетін мұнай көлемі" - Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсан ішінде жеткізілген тауарлар үшін осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес есептелген Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жеткізілетін мұнайдың көлемі.

      3. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі арқылы жүзеге асырылады.

      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты есепті кезең үшін Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесі шығарылатын тауарларға Ресей Федерациясының кеден органы кедендік декларацияны тіркеу күнінде Ресей Федерациясында қолданыстағы кеден бажы ставкалары негізге алынып жүргізіледі.

      Ресей Тарапының құзыретті органы Қазақстан Тарапының құзыретті органын тауарларға шығару кеден баждарының ставкаларын белгілеу және (немесе) өзгерту және оның күшіне ену мерзімдері туралы шешім қабылданғаны туралы ол қабылданған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.

      Егер Ресей Федерациясында тауарларға шығару кеден баждары ставкалары АҚШ долларымен белгіленсе, Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесін жүзеге асыру үшін шығару кеден баждарын есептеу Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен АҚШ долларымен жүзеге асырылады.

      4. Тоқсан сайын, есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, "Ресей темір жолдары" ашық акционерлік қоғамы мен "Транснефть" мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания" ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді және көрсетілген деректер негізінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасын есептеуді жүзеге асырады.

      Жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, "Ресей темір жолдары" ашық акционерлік қоғамы мен "Транснефть" мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания" ашық акционерлік қоғамы мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемін алдын ала есептеу үшін пайдаланатын еркін нысанда 2 данадағы аралық салыстыру актісіне қол қояды.

      Мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің әр тоқсандағы түпкілікті есептемелері және Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы ақпаратты қамтитын есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісі негізінде жүргізіледі.

      Есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісіне Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, "Ресей темір жолдары" ашық акционерлік қоғамы және "Транснефть" мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания" ашық акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін, еркін нысандағы 2 данаға қол қояды.

      Атап санамаланған ұйымдардың қайсы бірі жиынтық салыстыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Тараптар жағдайды реттеу және соттан тыс тәртіппен уағдаластыққа қол жеткізу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.

      Қол қойылған аралық және (немесе) жиынтық салыстыру актісінің деректері негізге алына отырып, мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Ресей Ресей Ресей

      Федерациясының Федерациясының Федерациясының

      тауарларға тауарларға шығару тауарларға

      шығару кеден кеден баждарының шығару кеден

      баждарының есепті тоқсанның баждарының

      есепті тоқсанның екінші айындағы есепті тоқсанның

      бірінші есептемелік сомасы үшінші айындағы

      айындағы (АҚШ доллары) есептемелік

      Мұнайдың есептемелік сомасы

      қарсы сомасы (АҚШ доллары)

      жеткізілімі (АҚШ доллары)

      -нің = _______________ + ___________________ + ________________

      көлемі Ресей Ресей Ресей

      (тонна)* Федерациясының Федерациясының Федерациясының

      шикі мұнайға шикі мұнайға шикі мұнайға

      шығару кеден шығару кеден шығару кеден

      баждарының баждарының есепті баждарының

      есепті тоқсанның екінші есепті тоқсанның

      тоқсанның айында үшінші айында

      бірінші айында қолданылатын қолданылатын

      қолданылатын ставкасы ставкасы

      ставкасы (тонна үшін (тонна үшін

      (тонна үшін АҚШ доллары) АҚШ доллары)

      АҚШ доллары)

      * Мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемі жиынтық салыстыру актісінің негізінде нақтылануы мүмкін.

      5. Қазақстан Республикасынан мұнайды қарсы жеткізу көлемінің осы Әдістемеге сәйкес жүргізілген есептемесі негізінде Тараптардың құзыретті органдары ағымдағы тоқсанда мұнайды қарсы жеткізу көлемі туралы ақпаратты есепті тоқсан ішінде Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың арасында сол қарсы жеткізілетін мұнай көлемінің үлестірілетіндігі туралы Қазақстан Тарапынан оператор-компанияның ("ҚазМұнайГаз" - өңдеу және маркетинг акционерлік қоғамының немесе Қазақстан Тарапы тағайындаған өзге ұйымның) және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың назарына жеткізеді, олар көрсетілген ақпарат берілгеннен кейін 10 күн ішінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына тиісті көлемде мұнай жеткізуге шарттар жасасады. Шарттардың өзге елеулі талаптарын оператор-компаниялар екіжақты келіссөздер барысында белгілейді.

      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсанда мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдар арасында қарсы жеткізілген мұнай көлемін үлестіруді Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі есепті тоқсанда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қарсы жеткізілген мұнай көлемдеріне үйлесімді түрде жүзеге асырады.

      Ағымдағы тоқсаннан кейінгі тоқсанда жоғарыда аталған мұнай жеткізу шарттарын жасасқан ресейлік ұйымдарға Ресей Федерациясының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тоқсан сайын тиісті көлемде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі белгіленген тәртіппен бекітетін Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге магистралдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау кестесінде көрсетілген мұнай тасымалдау көлемінен астам мұнай тасымалдау қызметтеріне рұқсат беріледі.

      Ресейлік ұйымдар қарсы мұнай жеткізудің бағасын белгілегенде, аталған ұйымдар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнайды жеткізу кезіндегі сондай баға белгілеу тәртібі қолданылады.

      Шарттардың елеулі өзге де жағдайлары Тарап мемлекеттердің шаруашылық субъектілерімен келіссөздер барысында белгіленеді.

      6. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жыл сайын Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға мұнай жеткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін бекітеді.

      7. Тоқсан сайын қарсы жеткізуге тиіс мұнай көлемі анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы Әдістеме шеңберінде Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға жеткізуге тиіс көлемді әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін бекітеді.

      8. Мұнайдың қарсы жеткізілімі кезінде:

      компания-оператор және Қазақстан Тарапынан жер қойнауын пайдаланушылар осы Әдістемеге сәйкес жеткізілетін мұнайдың бекітілген көлемінен экспортқа рента салығын төлемейді;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары осы Әдістемеге сәйкес сатылатын мұнай көлеміне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды сату және (немесе) беру кезіндегідей төмендетілген 0,5 коэффициентін қолдана отырып пайдалы қазбалар өндіруге салық төлейді;

      осы Әдістемеге сәйкес берілетін тауар мен мұнайдың бағасы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасымен реттеуге жатпайды.

      Осы шарттар Қазақстандық Тараптың мұнайды оператор-компанияларға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыларға осы ұйымдардың қарсы жеткізу бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      9. Қазақстан Тарапы мұнай өнімдерінің индикативтік балансымен бекітілген нормалардан тыс тауарларды жеткізуден бас тартып, аталған шешім туралы Ресей Тарапына хабарлауға құқылы.

      Келісім және осы Әдістеме шеңберінде тауар жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

      Тауар жеткізіліміне бақылау мен мониторингті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мұнай өнімдерінің жылдық индикативтік балансы негізінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісілген тауарлар жеткізу кестелері негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы арқылы Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік органдарының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының межелі станциясына тауар жеткізу көлеміне шектеу енгізуге құқылы.

  2010 ж. 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
2-ҚОСЫМША

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым
салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР 01.03.2019 № 228-VI Заңымен.

  2010 ж. 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Келісім 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР 30.06.2014 № 215-V Заңымен; алып тасталды - ҚР 01.03.2019 № 228-VI Заңымен.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 274676
    Қазақ тілінде 136990
    Орыс тілінде 136681
    Ағылшын тілінде 1005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы