Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 93-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат):
      1) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын» деген сөздерден кейін «және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 43-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдар оқу орындарының» деген сөздерден кейін «және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1), 7-1), 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві – құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшылық лауазымдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер тiзiмі;»;
      «7-1) құқық қорғау органының басшысы – құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уәкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;»;
      «11-1) полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рәсімі;
      11-2) психофизиологиялық куәландыру – құқық қорғау қызметіне кандидаттардың, қызметкерлердің жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) ұйымдық-штаттық iс-шаралар – құқық қорғау органының, құқық қорғау органы аумақтық немесе оған теңестiрiлген мамандандырылған бөлiмшесiнiң, құқық қорғау органы мекемесiнiң, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенi (құқық қорғау органын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту және қысқарту);»;
      2) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      3) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурстық негiзде орналасатын лауазымдар тiзбесiн, конкурсты және тағылымдаманы өткiзу шарттары мен тәртiбiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      4) 8-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшыларының немесе уәкiлеттi басшыларының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшыларының немесе уәкiлеттi басшылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жоғары білімі бар адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін қабылдануы мүмкін.»;
      6) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заңға сәйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша орта және аға басшы құрам лауазымына отыз бес жастан асқан, жоғары кәсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.»;
      7) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Прокуратура органдарына бірінші рет қызметке тұратын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тәртіппен бір жылға дейінгі сынақ мерзімі белгіленеді.»;
      3-тармақтағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 13-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке жаңадан қабылданған (оқуға түскен) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерiнде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе әскери атақпен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады), олар кейіннен жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріледі.
      Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе әскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.»;
      10) 23-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мыналар:
      1) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер;
      2) кіші басшы құрам үшін – кіші сержант (сержант);
      3) орта басшы құрам үшін – кіші лейтенант (лейтенант), 3-сыныпты заңгер бірінші арнаулы атақтар немесе сыныптық шен болып есептеледі.»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Лейтенант арнаулы атақтары:»;

      «5-1. 3-сыныпты заңгер бірінші сыныптық шені аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасындағы «құқық қорғау органының уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «уәкілетті басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 26-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен алдыңғы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бір жарым мерзімі өткен соң берiледi.»;
      12) 27-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «құқық қорғау органының уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 28-бапта:

      2-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
      1. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      2. Орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ немесе сыныптық шен берiлгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.
      3. Лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша ауыстыруды адам қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жүргiзедi. Лауазымдар санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекiтедi.
      4. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi мамандығы бойынша не бар тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарда пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуге тиiс.
      5. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жергілікті жерге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешiмдi олардың келiсуі бойынша осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерiнде денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің жоқтығын ескере отырып, тиiстi уәкiлеттi басшылар қабылдайды.
      6. Денсаулық жағдайы бойынша тұрғылықты жерiн өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы адамдарды қызметі бойынша басқа жергілікті жерге ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде тиiстi басшылардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      7. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жедел қызмет атқармайтын лауазымдардан жедел қызмет атқаратын лауазымдарға ауыстыру әскери-дәрiгерлiк сараптама нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.»;
      15) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
      «33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві
      Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшылық лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
      Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервін қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      16) 34-бапта:
      4-тармақтағы «басшының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 37-баптың 4-тармағындағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 38-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 39-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауға тиіс.»;
      3-тармақтағы «басшының немесе» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 40-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «құқық қорғау органының тиiстi лауазымдарына тағайындауға құқығы бар басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 5-тарау мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
      «46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері
      1. Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тәртіппен және негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін.
      2. Мыналар:
      1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы;
      2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза тәртібімен немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату;
      3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу;
      4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы;
      5) атқарып жүрген лауазымы бойынша өкілеттіктер мерзімінің өтуі;
      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.
      3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
      Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
      Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
      4. Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге құқық қорғау органының белгiленген күн тәртiбi толық көлемде қолданылады.
      Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге осы Заңда көзделген көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін және ол тәртiптiк жазаларға тартылуы мүмкiн.
      5. Қызметкердiң құқық қорғау органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
      6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
      7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.
      Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде оның біліктілігі, атағы, еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, бұрынғы лауазымы ескерілуге тиіс.
      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1)3)4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады.
      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс.
      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.
      8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр бөлімшесі қызметкердің жеке ісіне қосылатын акт ресімдейді.
      Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады.»;
      23) 47-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) полиграфологиялық зерттеуден өткізуді;»;
      24) 48-баптың 1-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 53-баптағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 54-бапта:
      1-тармақтағы «құқық қорғау органдары басшыларының және уәкiлеттi басшыларының» деген сөздер «құқық қорғау органдары басшыларының және уәкiлеттi басшылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Құқық қорғау органының басшысы және уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «Құқық қорғау органының басшысы және уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 56-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшылары немесе уәкiлеттi басшылары» деген сөздер «құқық қорғау органының басшылары немесе уәкiлеттi басшылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 57-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөліктегі «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 58-бапта:
      1-тармақта:
      «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 69-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызметкерлерге тұрғын үйдi күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.»;
      31) 78-баптың 1-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 80-баптың 1-тармағы 16) тармақшасындағы «бұрмалағаны үшiн жұмыстан шығарылады.» деген сөздер «бұрмалағаны үшiн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты жұмыстан шығарылады.»;
      33) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы
      1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шектi жасқа:
      1) қоса алғанда майорға, кiшi кеңесшiге дейiн – қырық сегіз жасқа;
      2) подполковниктер, кеңесшiлер – елу жасқа;
      3) полковниктер, аға кеңесшiлер – елу бес жасқа;
      4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейiн бола алады.
      2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жоғары кәсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады.
      Айрықша жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешiмi бойынша қызметкерлерге бұл мерзiм сол тәртiппен бір жылдан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежелерi немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге – бес жылдан он жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн.
      Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
      3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы.
      Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.».
      2-бап. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарымен құқық қорғау органдарында қызмет етудің шекті жасы өзгертілген құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін белгіленген қызмет етудің шекті жасына толуы бойынша жұмыстан шығуға құқылы.
      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. НАЗАРБАЕВ.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 257544
    Қазақ тілінде 128735
    Орыс тілінде 128036
    Ағылшын тілінде 773
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы