Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 2368 Заңы. 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2003.04.05. N 401 Заңымен.

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды,
                бүкіл мәтін бойынша мынадай сөздер ауыстырылды:
      "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықты", деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің", "Министрлер Кабинетімен" деген сөздер тиісінше "Үкіметі", "Үкіметінің", "Үкіметімен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілерімен" деген сөздер "кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "экономикалық саясат шаралары", "экономикалық саясат шараларын", "экономикалық саясат шараларының", "экономикалық саясат шаралары" деген сөздер тиісінше "тарифтік емес реттеу шарасы", "тарифтік емес реттеу шараларын", "тарифтiк емес реттеу шараларының", "тарифтiк емес реттеу шаралары" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ең төменгi жалақы", "ең төменгi жалақыға", "ең төменгi жалақыдан" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш", "айлық есептiк көрсеткiшке", "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "сот органдары", "сот органдарына", "сот органының", "сот органдарының" деген сөздер тиiсiнше "соттар", "соттарға", "соттың", "соттардың" деген сөздермен ауыстырылды;
      "қазақстандық тұлға", "қазақстандық тұлғалар", "қазақстандық тұлғаға", "қазақстандық тұлғаларға" деген сөздер тиiсiнше "отандық тұлға", "отандық тұлғалар", "отандық тұлғаға", "отандық тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылды;
      "қазақстандық тауар", "қазақстандық тауарлар, "қазақстандық тауарларды" деген сөздер тиiсiнше "отандық тауар", "отандық тауарлар", "отандық тауарларды" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ.  Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223 Заңымен  енгізілген өзгерістер "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болады.

I БӨЛIМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН IСI

      1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi

      Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi мен шарттарын, кеден төлемдерi мен салық алуды, кедендiк ресiмдеудi, кеден бақылауын және кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн қамтиды.

      2-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты

      Қазақстан Республикасында оның iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады.
      Кеден саясатын орталық мемлекеттiк өкiмет органдары жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:
      Қазақстан нарығын қорғау;
      Қазақстан өндiрушiлерi мен тұтынушыларын қорғау;
      экономиканың дамуын ынталандыру;
      экономикада құрылымдық қайта құру жүргiзуге жәрдемдесу;
      бәсекенi ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
      экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндiрiстi ынталандыру;
      шетел инвестицияларын тарту;
      сауда саясаты мiндеттерiн шешу;
      осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк өкiмет органдары айқындайтын басқа да мақсаттар болып табылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы
             мен кеден шекарасы

      Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының құрлықтағы жерi, аумақтық сулары, iшкi сулары және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi жатады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тек қана теңiздегi ерекше экономикалық аймағында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және басқа объектiлер кiредi, бұлар кеден iсi жөнiнде тек Қазақстан Республикасының ғана қарамағында болады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында периметр бойынша шектелген еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың орналасуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
      Ескерту. 3-бап жаңа 3-шi бөлiкпен толықтырылды, 3-шi бөлiк 4-шi болып саналсын - Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1996.01.26. N 2824 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-баптан 3-ші бөлік алып тасталды, 4-ші бөлік жаңа
редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      4-бап. Кеден iсi және халықаралық экономикалық
             интеграция

      Халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен кеден одақтарын, еркiн сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеден мәселелерi бойынша келiсiмдер жасайды.

      5-бап. Кеден заңдары

      Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
      Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

      6-бап. Кеден заңдарының қолданылатын уақытындағы күшi

      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден iсiнде Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды қабылдаған күнi күшiнде болған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi қолданылады.
      Осы Заңда белгiленген талаптарды бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуге:
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын iс жүзiнде өткiзген күнi;
      егер iс жүзiнде өткiзген күндi белгiлеу мүмкiн болмаса, кедендiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданылып жүрген кеден заңдары қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 5,6-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

2-тарау
КЕДЕН IСIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      7-бап. Кеден iсiн басқару

      Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      8-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары

      Құқық қорғау органдары болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдары бiртұтас жүйенi құрайды, оған мыналар кiредi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы;
      кеден басқармалары;
      кедендер;
      кеден күзеттерi.
      Кеден басқармалары мен кедендер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
      Кеден күзеттерi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады да кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      9-бап. Кеден органдарының мiндеттерiн шешуге
             ықпал ететiн ұйымдар

      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар, оның iшiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiн, кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарын және кеден лабораторияларын құру туралы ұсыныс енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарының, Қазақстан Республикасының орталық кеден органына ведомстволық бағыныстағы кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының және өзге де ұйымдарының мүлкi мемлекет меншiгi болып табылады.
      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ұйымдарды жекешелендiру кезiнде тек қана кеден мақсаттары үшiн пайдаланылатын мүлiк Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген тәртiппен оқшауландырылады және Қазақстан Республикасы кеден органдарының балансына берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      10-бап. Кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы өз құзыретi шегiнде кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
      Аталған актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге және жариялануға жатады.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      11-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              негiзгi мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының негiзгi мiндеттерi мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасауға және жүргiзуге қатысу;
      2) атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға мiндеттi Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын; кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету;
      3) өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн және экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету;
      4) сауда-экономикалық қатынастарды кедендiк реттеу құралдарын қолдану;
      5) кеден төлемдерi мен салықтарын өндiрiп алу;
      6) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде тарифтік емес реттеу шараларын өткiзуге қатысу;
      7) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiнде рұқсат ету тәртiбiн сақтауды қамтамасыз ету;
      8) кеден iсi саласындағы контрабанда мен қылмыстарға, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы есiрткi заттардың, психикаға әсер ететiн заттардың, қару-жарақтың, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгi бұйымдарының, интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң, жойылып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң, олардың бөлшектерi мен туындыларының, басқа да тауарлардың заңсыз айналымға түсуiне жол бермеу, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күреске жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға жол бермеу;
      9) кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеу iсiн жүзеге асыру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау;
      10) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзу;
      11) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу;
      12) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың осындай байланыстар шегiндегi қызметiнiң дамуына ықпал ету;
      13) мемлекет қауiпсiздiгiн, халықтың имандылығын, адам өмiрi мен денсаулығын қорғау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi сақтау, шеттен әкелiнетiн тауарларды республикада тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға ықпал ету;
      14) Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн стратегиялық және басқа өте маңызды материалдардың шетке әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру;
      15) өз құзыры шегiнде валюта бақылауын жүзеге асыру;
      16) кеден iсiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету; кеден iсiне байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және басқа құзырлы органдарымен, кеден iсi мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      17) кеден iсi саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және консультациялар беру; мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн осы саладағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      18) мемлекеттiк өкiмет органдарына, ұйымдар мен азаматтарға кеден мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттар беру;
      19) бiрыңғай қаржы-шаруашылық саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу.
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      12-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              айырым жалауы мен айырым белгiсi

      Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың қарамағындағы теңiз және өзен кемелерiнiң айырым жалауы мен айырым белгiсi болады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiнiң айырым белгiсi болады.
      Айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

      13-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен
              және азаматтармен өзара iс-қимылы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден iсi мiндеттерiн шешу мақсатында өзге мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасайды.
      Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуде оларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өз бақылауымен басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға олардың құзырына қатысты жекелеген iс-қимылдарды орындауына жол бередi.
      Кеден iсiне жалпы басшылық жасамайтын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырын қозғайтын шешiмдер қабылдауға, тиiстi рұқсатсыз олардың функциясын орындауға немесе өзгертуге, қосымша мiндеттер жүктеуге немесе осы Заңның ережелерi мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес келетiн кеден органдарының қызметiне басқадай түрде араласуға құқы жоқ.

      14-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына
              қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, жабдықтар
              мен байланыс құралдарын беру

      Кеден құжаттарын ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде емес, тiкелей өздерiнiң аумағында немесе үй-жайларында жүргiзiлуiне мүдделi ұйымдар мен азаматтар осы органдарға қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын осындай ресiмдеу үшiн тегiн пайдалануға бередi.

      15-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына
              жер учаскелерiн беру

      Кеден мақсаттары үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға берiледi.

      16-бап. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен азаматтар
              кеден мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының
              кеден органдарына берген ақпаратқа қатынас

      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының кеден органдарына берген ақпарат тек қана кеден мақсаттарына пайдаланылады.
      Мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпарат, сондай-ақ жасырын ақпарат жария етiлмейдi, оларды Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жеке мақсаттарына пайдаланбайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда үшiншi бiр адамға, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдарға берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              шетел мемлекеттерiнiң органдарымен және
              халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

      18-бап. Осы Заңда пайдаланылған негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) "декларант" - тауарлар мен көлiк құралдарын өз атынан мәлiмдеушi, көрсетушi және ұсынушы тұлға;
      2) "тұлға" - осы Заңның қағидаларында өзгеше көзделмеген жағдайлардан басқа кезде отандық және шетелдiк тұлғалар, жеке кәсiпкер, жеке тұлғалар;
      3) "отандық тұлға" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасында мекен-жайы бар филиалдары мен өкiлдiктерi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген жеке кәсiпкер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
      4) "шетелдiк тұлға" - осы баптың 3-тармағында көрсетiлмеген тұлға;
      5) "тауарларды өткiзушi тұлға" - тауарларды меншiктенушi, оларды сатып алушы, тауар иесi не тауарлармен осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз атынан атқаруға жеткiлiктi басқа сапада көрiнетiн тұлға;
      6) "тарифтiк емес реттеу шаралары" - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн және өзiне жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополияны қамтитын шаралар; тауарларды әкетудi және /немесе/ әкелудi сандық шектеулер;
      7) "салық" - тауарды еркiн айналысқа шығарған кезде оларды төлеу Қазақстан Республикасының салық заңымен көзделген және оларды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген салықтар;
      8) "тасымалдаушы" - тауарларды iс жүзiнде тасып өткiзушi не көлiк құралдарын пайдалануға жауапты тұлға;
      9) "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу" - Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерi труба құбыры көлiгi мен электр тарату желiлерiн пайдалану арқылы жiберудi қоса алғанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кез келген тәсiлмен әкелу немесе осы аумақтан әкету жөнiнде iс-әрекеттер жасау. Аталған iс-әрекеттерге мыналар жатады:
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелген кезде, соның iшiнде еркiн кеден аймақтарынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының басқа бөлiгiне әкелген кезде, - Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан iс жүзiнде өту;
      өзге жағдайларда - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге не еркiн кеден аймақтары аумағына немесе еркiн қоймаларға тауарлар мен көлiк құралдарын тасып әкету ниетiн тiкелей жүзеге асыруға бағытталған iс-әрекеттер жасау, атап айтқанда, - кеден декларациясын беру;
      9-1) лизинг нысанасы - Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарына сәйкес айқындалатын және Қазақстан Республикасына лизинг туралы шартқа сәйкес әкелiнетiн мүлiк.

      10) <*>

      11) <*>
      12) "кеден бақылауы" - Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдармен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдайтын шаралар жиынтығы, бұл шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген;
      13) "кедендiк ресiмдеу" - осы Заңның талаптары мен ережелерiне сәйкес белгiлi бiр кеден тәртiбiне орай тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру және осы режимдi аяқтау мақсатында iс-әрекеттер жасау;

      14) <*>
      15) "кеден режимi" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кедендiк мақсат үшiн өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының мәртебесiн айқындайтын осы Заңмен белгiленген ережелер жиынтығы;

      16) <*>
      17) "тауардың кедендiк құны" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауардың осы Заңға байланысты анықталатын және мынадай мақсаттарда:
      тауарға кеден төлемдерi мен салықтарын салу;
      кеден статистикасын жүргізу;
      Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын қолдану үшiн пайдаланылатын құны;
      18) "тауар" - материалдық дүниенiң кез келген жылжымалы заты, соның iшiнде валюта, валюта құндылықтары, энергияның электр, жылу және басқа түрлерi мен осы баптың 21-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарынан басқа көлiк құралдары;
      19) "Отандық тауар" - Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарлар не Қазақстан Республикасы аумағында еркiн айналысқа түскен тауарлар;
      20) "шетел тауары" - осы баптың 19-тармағында көрсетiлмеген тауар;
      21) "көлiк құралы" - контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса, жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалы үшiн пайдаланылатын кез келген құрал;
      22) "кедендiк алып жүру" - тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының iлесе алып жүруi;
      23) "шартты түрде шығару" - белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды сақтау мiндеттемесiмен ұштастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын шығару;
      24) "қойма мекемесi" (барлық түрлерi) - белгiлi бiр кеден режимдерi кезiнде жүзеге асыру үшiн жеке жаңа заңды тұлға құруды қажет етпейтiн қызмет түрi;
      25) "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" - өзiне табысталған құқықтардың шегiнде кеден iсiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк орган;
      26) "орталық кеден органы" - осы Заңға сәйкес Қазақстан  Республикасындағы кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын орган.
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 18-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

II БӨЛIМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ТАУАРЛАР МЕН
КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКIЗУ

3-тарау
ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН
ӨТКIЗУДIҢ НЕГIЗГI ҚАҒИДАТТАРЫ

      19-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелу және Қазақстан
              Республикасынан әкету құқығы

      Барлық тұлғалардың осы Заңда көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлiк құралдарын, соның iшiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге бiрдей негiздерде құқығы бар.
      Осы Заңда көзделгеннен өзге реттерде, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ешкiм құқығынан айырылмайды немесе ешкiмнiң құқығы шектелмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      20-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелуге және Қазақстан
              Республикасынан әкетуге тыйым салу

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметі актiлерiмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен мемлекет қауiпсiздiгi, моральдық-имандылық мүдделерi, адам өмiрi мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiктерiн, меншiк құқығын, соның iшiнде интеллектуальдық меншiк объектiлерiне құқығын қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызды мүдделерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады.
      Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен бұл тауарлар мен көлiк құралдарын тәргiлеу көзделмесе, тиiсiнше Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге не Қазақстан Республикасының аумағына дереу қайтаруға жатады.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын қайтаруды тауар өткiзушi тұлға немесе тасымалдаушы өз есебiнен жүргiзедi. Тауарлар мен көлiк құралдарын дереу қайтару мүмкiн болмаған немесе iске аспаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының иелiгiндегi уақытша сақтау қоймаларына табыс етiледi. Сақтау ақысы тауарлар өткiзушi тұлға немесе тасымалдаушы есебiнен төленедi.
      Уақытша сақтау қоймаларындағы әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын сақтаудың шектi мерзiмi - үш тәулiк. Сақтаудың белгiленген мерзiмi өтiсiмен мұндай тауарлар мен көлiк құралдары өзге кеден режимiне мәлiмделуге тиiс. Тауарлар мен көлiк құралдарын өзге кеден режимiне мәлiмдемеген жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiп пен шартқа орай мемлекет кiрiсiне айналдырылады.

      21-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелуге және Қазақстан
              Республикасынан әкетуге қойылатын шектеулер

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеулер белгiленуi мүмкiн. Мұндай шектеулердi белгiлеген кезде осы шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлiк құралдарын сыртқа шығаруды Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда ғана жүргiзе алады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шектеулердi белгiлейтiн актiлер күшiне енгiзiлерден кемiнде отыз күн бұрын жариялануға тиiс.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары шектеулердiң күшiне енуiне байланысты тауарларды өткiзушi тұлғаның не тасымалдаушының шығындарын өтемейдi.

      22-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
              арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу
              тәртiбi

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу осы Заңда көзделген тәртiппен олардың кеден режимiне сәйкес жүргiзiледi.

      22-1-бап. Кеден режимдерiнiң түрлерi

      Кеден заңдарын қолдану мақсатында кеден режимдерiнiң мынадай түрлерi белгiленедi:
      1) тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару;
      2) тауарлардың керi импорты;
      3) тауарлар транзитi;
      4) кеден қоймасы;
      5) бажсыз сауда жасайтын дүкен;
      6) кеден аумағында тауарларды өңдеу;
      7) кедендiк бақылаумен тауарларды өңдеу;
      8) тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету;
      9) еркiн кеден аймағы;
      10) еркiн қойма;
      11) тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу;
      12) тауарлар экспорты;
      13) тауарлардың керi экспорты;
      14) тауарларды жою;
      15) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      23-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының кеден
              режимiн таңдау және өзгерту

      Тұлға, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тауар мен көлiк құралының сипатына, мөлшерiне, шығарылған, келген немесе арналған елiне қарамастан, кез-келген уақытта кез-келген кеден режимiн таңдауға немесе оны басқасына өзгертуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      24-бап. Кедендiк ресiмдеу және кеден бақылауы

      Тауарлар мен көлiк құралдары осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.
      ЕСКЕРТУ. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      25-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан
              Республикасының кеден шекарасынан өтетiн
              орны мен уақыты

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткiзуге Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген жерлерде және олардың жұмыс уақытында жол берiледi. Өзге жерлерде және Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыстан тыс уақытында тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан Қазақстан Республикасының кеден органының келiсiмiмен ғана өткiзуге болады.

      26-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
              арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк
              құралдарын пайдалану және иелiк ету

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және иелiк ету олардың кеден режимдерiне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      27-бап. Кеден төлемдерi мен салығы бөлiгiнде кеден
              жеңiлдiктерi берiлетiн, шартты түрде шығарылған
              тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және
              (немесе) иелiк ету

      Кеден төлемдерi мен салығы бойынша жеңiлдiктер белгіленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды сақтаған кезде берiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары шартты түрде шығарылады және осындай жеңiлдiктер берiлуге байланысты мақсаттарда ғана пайдаланылады. Осы тауарлар мен көлік құралдары оларды осындай мақсаттарда қолданған секілді өзге мақсаттарда пайдалануға кеден төлемдерi мен салығы төленіп, бұл жайында кеден органдарына хабарланған және осы заңда көзделген басқа да талаптар орындалған жағдайда жол берiледi.
      Осы бапта белгiленген талаптарды сақтауға жауапкершiлiк кедендiк ресiмдеу кезiнде шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғаға жүктеледi. Декларант шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғамен бiрге ортақтаса жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

III БӨЛIМ
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН РЕЖИМI

4-тарау
ТАУАРЛАРДЫ ЕРКIН АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРУ

      28-бап. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың
              режимiн белгiлеу

      Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимi әкелiнген тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылуы үшiн белгiленедi.

      29-бап. Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға
              қойылатын талаптар

      Тауарларды еркiн айналысқа шығару:
      осы Заңда көзделген кеден төлемдерi мен салығы төленген;
      тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық реттеу саласындағы талаптар сақталған;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалған;
      кедендiк ресiмдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

5-тарау
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕРI ИМПОРТЫ

      30-бап. Тауарлардың керi импорты режимiн белгiлеу

      Тауарлардың керi импорты - бұл экспорттың кеден тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген Отандық тауарлары кеден бажы мен салығы алынбай сондай-ақ тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай осы Заңның 31-бабында белгiленген мерзiмде керi әкелiнетiн кеден режимi.

      31-бап. Тауарлардың керi импортына қойылатын талаптар

      Тауарлардың керi импортының кеден режимiне:
      Қазақстан Республикасының аумағынан одан тыс жерлерге экспорттың кеден режимiне сәйкес бұдан бұрын әкетiлген;
      әкетілген сәттен бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген;
      табиғи тозудың не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кемудiң салдарынан болған өзгерiстердi, апаттық немесе тежеусiз күштiң әсер етуi, сондай-ақ тауарлармен олардың сақталуын, ұсақ жөндеудi қамтамасыз ету жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру салдарынан тауарлардың бүлiнуi мен өзге де нашарлауы, нәтижесiнде әкету сәтiнде айқындалатын құны ұлғаймаған жағдайларын қоспағанда, тауарларды орналастыруға рұқсат етiледi. Тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың табиғи тозуы немесе кемуi осы тауарларға қатысты стандарттармен айқындалады. Апаттың немесе тежеусiз күштiң әсер өтуi салдарынан жай-күйiнiң өзгеру фактiсi Қазақстан Республикасының шет елдегi консулдық мекемелерiнiң растамасымен құжаттай қуатталуға тиiс.
      Бұл ретте әкету күнi кеден декларациясы қабылданған күн болып саналады.
      ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      32-бап. Әкету кеден бажын және өзге де
              сомаларды қайтару

      Тауарлардың керi импорты кезiнде керi импорт жасаған тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар экспортқа шығарылған сәттен бастап үш жыл iшiнде бұрын төленген кеден бажын қайтарып бередi.
      Тауарлардың керi импорты кезiнде тауарларды өткiзушi тұлға тауарларды экспортқа шығару кезiнде төлемдер ретiнде немесе өзге жеңiлдiктер нәтижесiнде алған сомаларын қайтарады.
      Осы сомалардан басқа олардан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер өндiрiлiп алынады.
      Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген сомалар мен олардың проценттерi кеден төлемдерi үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органына төленедi.
      ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

6-тарау
ТАУАРЛАР ТРАНЗИТI

      33-бап. Тауарлар транзитiнiң кеден режимiн белгiлеу

      Тауарлар транзитiнiң кеден режимi тауарларды кеден бажы, салық өндiрiлiп алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы, сондай-ақ шет мемлекеттiң аумағы арқылы кеден бақылауымен өткiзуге арналған.

      34-бап. Тауарлар транзитiне қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзитпен өткiзiлетiн тауарлар:
      табиғи тозу немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кему салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қалуға және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмауға;
      егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзит жолдары мен бағыттарын белгiлеген болса, солар бойынша тасымалдануға;
      жiберiлген кеден органына жөнелтушi кеден органы белгiлеген әдеттегi жеткiзу мерзiмiне сәйкес мерзiмде көлiк құралының, белгiленген жол бағытының мүмкiндiктерiн және тасымалдаудың басқа жағдайларын негiзге ала отырып, бiрақ айына екi мың шақырымдық есеппен белгiленетiн шектi мерзiмнен асырылмай жеткiзiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды транзиттiң кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсат етiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      35-бап. Тауарлар транзитiне берiлетiн рұқсат

      Тауарлар транзитi Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарған кезде тарифтiк емес реттеу шараларын және (немесе) кеден бажын және (немесе) салық алуды қолдану белгiленген тауарларға:
      көлiк құралының тиiсiнше жабдықталуына қойылатын Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген талаптар сақталған;
      кеден бажы мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету уәкiлеттi банктің кепiлдiгi түрiнде берiлген немесе тиесiлi сомалар Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген жағдайда;
      тауарлар кедендік алып жүрілген жағдайда транзитке рұқсат етіледi.
      Бұл ретте, егер транзитке қойылатын талаптарды сақтау осының алдындағы шараны қолдану арқылы қамтамасыз етiлмейтiн болса атап өтiлген шаралардың әрбiр кейiнгiсi қолданылады. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрудi қолдануды таңдауға құқығы бар.
      Көлiк құралын тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етуге байланысты тасымалдаушыда пайда болған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органы өтемейдi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi транзитке кеден бажы мен салықтарын төлеген жағдайда ғана рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      36-бап. Жiберiлген кеден органына тапсырылуға
              тиiстi тауарлар құжаттары

      Жiберiлген кеден органына тапсырылуға тиiстi тауарлардың құжаттары өздерi қатысты болып отырған тауарлар сияқты тәртiппен жеткiзiледi.

      37-бап. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi
              салдарынан қабылданатын шаралар

      Авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде тауарлар түсiрiледi.
      Бұл жағдайда тасымалдаушы:
      тауарлардың сақталуы мен оларды қандай да болмасын рұқсатсыз пайдалануға жол бермеудi қамтамасыз ететiн барлық қажеттi шараларды қолдануға;
      Қазақстан Республикасының таяу маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы туралы, тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы тез арада хабарлауға;
      тауарларды Қазақстан Республикасының таяу маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдарын тауарлар тұрған жерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары тасымалдаушының осы бапта көзделген шараларды қолдануға байланысты шеккен шығындарын өтемейдi.

      38-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      Тауарлар транзитi тасымалдаушының жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
      Егер тауарлар авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан жойылған, бiржола жоғалған болмаса, не тауарлар шетел мемлекетi органдарының немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңсыз әрекеттерi салдарынан иелiктен шығып кеткен болмаса, тауарлар Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз берiлген немесе олар жоғалған, осы жоғалту туралы мәлiмделмеген немесе олар жіберілген кеден органына жеткiзiлмеген жағдайда, тасымалдаушы тиiстi құжаттар берiлген ретте тиiсiнше еркiн айналысқа шығару кезiнде немесе экспортқа шығару кезiнде төленуге жататын кеден төлемдерiн төлеуге тиiс.

7-тарау
КЕДЕН ҚОЙМАСЫ

      39-бап. Кеден қоймасының режимiн белгiлеу

      Кеден қоймасының режимi әкелiнген тауарларды кеден бажын, салығын алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай кеден бақылауымен сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейiн кеден бақылауымен сақтау үшiн арналған.

      40-бап. Кеден қоймалары және олардың үлгiлерi

      Кеден қоймасы ретiнде кеден қоймасы режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез келген арнайы белгiленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орын танылады.
      Кеден қоймасы кез келген тұлға пайдалануға оңтайлы ашық үлгiде және белгiлi бiр тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық үлгiде болуы мүмкiн.
      Егер ашық үлгiдегi қойманы құру тиiмсiз деп есептеуге негiз болса, онда жабық үлгiдегi кеден қоймалары құрылуы мүмкiн.

      41-бап. Кеден қоймаларының иелерi

      Қазақстан Республикасының кеден органдары немесе қазақстандық тұлғалар кеден қоймаларының иелерi бола алады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағындағы кеден қоймалары ашық үлгiдегi қоймалар болып табылады.

      42-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия

      Кеден қоймасы Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрса, аталған лицензияны алудың қажетi жоқ.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Кеден қоймасын құруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан  Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа оны қайтарып алу туралы хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi.
      Кеден органы құрған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      43-бап. Кеден қоймалары иелерiнің міндеттері

      Кеден қоймасының иесi:
      сақтау орнындағы тауарлардың кеден бақылауынан тыс кеден қоймасынан алынбауын қамтамасыз етуге;
      кеден бақылауын жүзеге асыруды қиындатпауға;
      кеден қоймасын құруға берiлген лицензия шарттарын сақтап, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының кеден қоймасында сақтаулы тауарларға кiруiн қамтамасыз етудi, осы адамдарға кеден бақылауы мен кеден ресiмдеуiн жүзеге асыру үшiн кеден қоймасындағы үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берудi қоса, Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға;
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген  кедендiк қойманың мекемесiне арналған үй-жайдың немесе орынның  жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен сақталатын тауарлар мен олардың айналымы туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органдарына есеп беруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді, 1-ші бөлік алып тасталды, 2-ші бөлік екінші абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      44-бап. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн
              тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен
              салығын төлеу жауапкершілiгi

      Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде декларант жауап бередi. Тауарларды кеден қоймасына сақтауға қойған тұлға декларантпен бiрге ортақ жауап бередi.
      Осы Заңның 43-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде жауапкершiлiк кеден қоймасының иесiне жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      45-бап. Кеден қоймасында сақталуға тиiстi тауарлар

      Кеден қоймасына, Қазақстан Республикасының Үкіметі тiзбесiн белгiлейтiн тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
      Басқа тауарларға зиян келтiрiлуi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар осындай тауарларды сақтау жағдайларына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      46-бап. Кеден қоймасында тауарларды сақтау мерзiмi

      Тауарлар кеден қоймасында үш жыл бойы сақталуы мүмкiн, тауарлардың жекелеген санаттары және кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғалар үшiн аталған мерзiм Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен шектеледi.
      Кеден қоймасында сақтаудың белгiленген мерзiмi өткен соң тауар өзге кеден режимiне берiлуге не Қазақстан Республикасының кеден органы иесi болып табылатын уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиiс.
      Кеден режимi өзгертiлместен тауарларды бiр кеден қоймасынан екiншiсiне ауыстырған кезде сақтау мерзiмi тауарларды кеден қоймасына бастапқы орналастырған күннен бастап есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      47-бап. Кеден қоймасында сақтау кезiнде тауарлармен
              жүргiзiлетiн операциялар

      Кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар жүргiзiлуi мүмкiн:
      осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтiлiмдердi жинақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операциялар.
      Осы бапта көрсетiлген операцияларды жүргiзудiң тiзбесi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      48-бап. Кеден қоймасы режимiмен орналастырылып,
              экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге
              арналған тауарларды кеден бажынан босату
              немесе төленген сомаларды қайтару

      Экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарлар кеден қоймасы режимiмен орналастырылған ретте, егер тауарларды iс жүзiнде алып кету кезiнде осындай босату немесе қайтарып беру көзделсе, мұндай тауарлар кеден бажынан босатылады не төленген сомалар қайтарылып берiледi. Кеден бажынан босатылған не төленген сомалар қайтарылған ретте тауарлар кеден қоймасы режимiмен орналастырылған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей тасылып әкетiлуге тиiс.
      Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      49-бап. Кеден қоймаларының қызметiн құқықтық
              реттеу ерекшелiктерi

      Кеден қоймалары қызметiнiң осы Заңда көзделмеген ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейді алады.
      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

8-тарау
БАЖСЫЗ САУДА ЖАСАЙТЫН ДҮКЕН

      50-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен режимiнiң мақсаты

      Бажсыз сауда жасайтын дүкен - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарлар, кейіннен мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн жағдайда, кеден бажы, салықтар алынбастан, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан бөлшектеп сатылатын кеден режимi.
      Тауарларды сату кедендiк бақылаумен Қазақстан Республикасының кеден аумағында халықаралық қатынастар үшiн ашық әуежайларда, порттарда және шекаралық өткелдерде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын әуе және теңiз кемелерiнiң бортында жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      51-бап. Бажсыз сауда дүкенiн ашуға арналған лицензия

      Бажсыз сауда дүкенiн отандық тұлға оның иесi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтайтын жерлерде аша алады.

      Бажсыз сауда дүкенiн ашуға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.

      ЕСКЕРТУ. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      51-1-бап. Бажсыз сауда дүкенiне қойылуға тиiс тауарлар

      Бажсыз сауда дүкенiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарлардан басқа кез-келген тауар қойылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 51-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      52-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесiне
              қойылатын кеден талаптары

      Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген,  бажсыз сауда жасайтын дүкен мекемесiне арналған үй-жайдың  жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға;
      бажсыз сауда жасайтын дүкенге кеден бақылауынан тыс тауарлардың түсу, өткiзiлу немесе алыну мүмкiндiгiн болдырмауға;
      бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға берiлген лицензия шарттарын орындауға;
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiп бойынша түсетiн және өткiзiлетiн тауарлар туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органына есеп берiп отыруға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 52-бап 2-шi абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      53-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен арқылы
              айналысқа түскен тауарлар бойынша кеден
              төлемдерi мен салығын төлеу жауапкершiлiгi

      Кеден төлемдерi мен салығының төленуi үшiн бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң иесi жауап бередi.

9-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
АУМАҒЫНДА ТАУАРЛАРДЫ ҰҚСАТУ

      54-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағында
              тауарларды ұқсату режимiн белгiлеу

      Кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кеден режимi егер ұқсатылатын өнiмдер Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге экспортқа шығарылатын болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағында шетел тауарларын тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және әкелiнген кеден бажы мен салығын қайтарып бере отырып, ұқсату үшiн пайдалануға арналған.

      55-бап. Тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялар

      Тауарларды ұқсату жөнiңдегi операцияларға:
      сәйкестендiру ұқсатудың мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда, ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сипаттамаларды ұқсату өнiмдерiнде сақтай отырып, шетелдiк тауарлар өзiндiк сипатын жоғалтатын тауардың өзiн ұқсату;
      әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын монтажды, құрастыруды және үйлестiре лайықтауды қоса алғанда, басқа тауар жасау (өңдеу);
      тауарды қалпына келтiрудi қоса алғанда оны жөндеу;
      ұқсату өнiмдерiнiң өндiрiсiн жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды ұқсату процесi кезiнде оларды толық немесе iшiнара тұтына отырып пайдалану енедi. Бұл операция осы баптың екiншi-төртiншi абзацтарында аталғандар мен бір мезгілде орындалуы керек.

      56-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату
              режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кедендiк режимiн пайдалануға, егер:
      тауарларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ұқсату режимiне орналастыруға тыйым салынса;
      ұқсату үшiн өндiрiстiң үздiксiз циклiне жататын немесе Қазақстан Республикасының аумағында бiрдей ұқсату өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын, бiрегей саналатын технологиялық процесс ұқсату үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, әкелiнген тауарлар ұқсату өнiмдерiнде бiрдейлендiрiлуi мүмкiн болмаса жол берiлмейдi. Аталған технологиялық процестердiң тiзбесiн белгiленген тәртiппен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi;
      тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
      1) жүргiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      2) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi рет және одан көп) бұзса;
      3) контрабанда белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзғаны байқалса, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, жол берiлмейдi.
      Тауарларды кеден аумағында ұқсату үшiн:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi отандық тұлғаның көрсетуi;
      декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкелу бажы мен салығын төлеу не оларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төленуiн қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзу осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау қажет.
      Шетелдiк тауарларды ұқсату жөнiндегi операцияларды жүзеге асырған кезде отандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн. Әкетуге тарифтiк емес реттеу шаралары және (немесе) кеден бажы қолданылатын отандық тауарларды пайдалануға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған кезде жол берiледi.

      57-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен, декларант айқындайды.
      Көрсетiлген мерзiм тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлген күннен бастап екi жылдан асып кетпеуi керек.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзген күннен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзартудың қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
      Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық ұзарту уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледі.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      58-бап. Кедендiк мақсаттарда ұқсату өнiмдерi
              шығымының мөлшерi

      Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн әкелiнетiн тауарларды ұқсатуды және тауарларды ұқсату шарттарын жүзеге асыратын кәсіпорынның қолданылып жүрген технологиялық құжаттамасының негiзiнде декларант айқындайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      59-бап. Кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтару

      Осы Заңның ережелерi сақталған:
      тауарлар немесе ұқсату өнімдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткен күннен бастап екi жылдан кешiктiрмей экспортталған;
      әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкету расталған жағдайда төленген кеден бажы мен салығы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады.
      Қайтарылатын сомаларға проценттер есептелiнбейдi.
      Кеден бажы мен салығының сомалары, егер тауарларды ұқсатуға әкелген кезде төленбесе, әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарылған кезде төленедi. Аталған сомалардан басқа, олардан кеден бажы мен салығын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 55-59-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      60-бап. Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерiн кедендiк
              әкету бажынан және тарифтiк емес реттеу
              шараларын қолданудан босату

      Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады.
      Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

10-тарау
КЕДЕН БАҚЫЛАУЫМЕН ТАУАРЛАРДЫ ҰҚСАТУ

      61-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату
              режимiн белгiлеу

      Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату - шетел тауарлары Қазақстан Республикасының кеден аумағында осы Заңмен белгiленген тәртiппен кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, оларды әрi қарай айналысқа шығарғанға немесе ұқсату өнiмдерiн өзге кеден режимiне орналастырғанға дейiн кеден бақылауымен ұқсату үшiн пайдаланылатын кеден режимi.

      62-бап. Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсатудың
              кеден режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсату тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан жалтару және тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiн аттап өту үшiн пайдаланылмайды.
      Кедендiк бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн пайдалануға, егер:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша ұқсатудың режимiне тауарларды орналастыруға тыйым салынса;
      Қазақстан Республикасына тауарларды ұқсатуға ұқсату жөнiндегi операцияларды тiкелей жүзеге асырмайтын тұлға әкелсе ұқсату мерзiмi алты айдан асса;
      ұқсату жөнiндегi операциялар кәсiпорынның ұқсату жүзеге асырылуы тиiс әдеттегi технологиялық процестерiне сәйкес келмесе;

      1) кедендiк бақылаудан басқа тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн алу мүмкiн еместiгін қамтамасыз етудi, кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауды, тауарларға кеден органдарының қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi, тауарлардың есебiн және олармен операцияларды жүргізудi, сондай-ақ есептiлiктi көрсетудi қоса алғанда, кеден заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз ете алмайтын болса;
      2) жүргiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      3) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
      4) контрабанданың белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзса бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен дәлелденсе, рұқсат етiлмейдi.
      Тауарларды ұқсату үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделген ұқсату шарттары туралы мiндеттеме ұсыну қажет.
      ЕСКЕРТУ. 62-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      63-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсатуға
              байланысты қолданылатын ережелер

      Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату, осы Заңның 55,58, 63-1-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      63-1-бап. Кеден бажы мен салығын қолдану

      Шетелдiк тауарларды ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шетелдiк тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн шығару кезiнде ақы төлеген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақытта осы сомаларды төлеген күнi қолданылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiне отырып кеден бажы мен салығының сомасы төленедi. Аталған өсiм кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарлар ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 63-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

11-тарау
ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ӘКЕЛУ
ЖӘНЕ УАҚЫТША ӘКЕТУ

      64-бап. Тауарларды уақытша әкелу және уақытша
              әкету режимiн белгiлеу

      Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкетудiң кеден режимi Қазақстан Республикасының кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе iшiнара босата отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай оларды пайдалануға жол ашуға арналған.

      65-бап. Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша
              әкетуге қойылатын талаптар

      Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар, табиғи тозуы не тасымалдау сақтау мен пайдаланудың қалыпты жағдайларында кемуi салдарынан өзгерулерiн қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қайтарылуға тиiс.
      Уақытша әкелiнбейтiн және әкетiлмейтiн тауар санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге:
      1) тауарларды әкелу (әкету) туралы мiндеттемелер берiлген;
      2) тауарларды бiрдейлендiру қамтамасыз етiлген;
      3) осы Заңның 68-бабына сәйкес кеден төлемдерi мен салығы төленген;
      4) уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген тауарларды кәсiпкерлiк мақсатта пайдаланбаған жағдайларда рұқсат етiледi. Осы тармақшамен белгiленген талаптың кеден бажы мен салығынан толығымен босатылған уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген тауарларға, сондай-ақ жабдықтарға қатысы жоқ.
      Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге кеден режимi қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 65-бап 4-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      66-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 66-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      67-бап. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша
              әкету мерзiмi

      Тауарды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң мерзiмiн тауарды әкелген және әкеткен тұлға анықтайды және осындай әкелу мен әкету мақсаты мен басқа жағдайларға қарай Қазақстан Республикасының кеден органы бекiтедi, бiрақ тиiсiнше тауарларды әкелу немесе әкету уақытынан бастап екi жылдан аспауы тиiс.
      Тауарлардың жекелеген санаттары үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ шектi мерзiм белгiлей алады.
      Аталған мерзiмдi өзгертудi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету мерзiмдерi ұзартылған жағдайда кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынбайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмдерi осы бапта көзделген шектеулер қолданылмай, лизинг шартының талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы аталған лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн лизинг шартына енгiзiлген өзгерiстердi көрсету негiзiнде лизинг нысанасын уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен адам өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары өзгертедi.
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 67-бап 5-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      68-бап. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн
              тауарлар бойынша кеден бажы мен салығын
              төлеуден босату

      Қазақстан Республикасының Yкiметi кеден бажы мен салығын сатудан толық босатылған уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiтедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген және уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген лизинг нысаналары кеден баждары мен салықтарынан толық босатылады.
      Аталған тiзбеге енгiзiлмеген тауарлар кеден бажы мен салығын салудан iшiнара босатылады. Бұл ретте әрбiр толық және толық емес ай үшiн, егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылғандай немесе экспортталғандай болса, төленуге тиiс соманың үш процентi төленедi.
      Уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген кезде iшiнара босатыла отырып алынатын кеден бажының және салықтың жалпы сомасы егер тауарлар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болса, әкелiнген немесе әкетiлген кезде төленуге тиiстi кеден бажының және  салықтың сомасынан аспауға тиiс.
      Егер аталған сомалар тең болған жағдайда, осы тауарға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаған ретте, тауар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болып есептелiнедi.
      ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 68-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      69-бап. Уақытша әкелудiң (әкетудiң) белгiленген
              мерзiмi өткен тауарларға қатысты әрекеттер

      Белгiленген мерзiмi өткенге дейiн қайтарылмаған уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарлар басқа кеден режимiне мәлiмделуге не Қазақстан Республикасының кеден органы иесi болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуға тиiс.

      70-бап. Уақытша әкетiлген және әкелiнген тауарлардың
              қайтарылмауы

      Уақытша әкетiлген немесе әкелiнген тауарлардың белгiленген мерзімдерде қайтарылмауы, егер тауарлардың апат немесе тежеусіз күштің әсер етуі салдарынан жойылуы немесе бiржола жоғалуы, не тауарлар болған мемлекет органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері салдарынан иелiктен шығып кету жәйттерi: уақытша әкетілу кезiнде - Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiмен, уақытша әкеліну кезінде - уәкілеті мемлекеттік органдармен расталған жағдайда ғана мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 70-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

12-тарау
ЕРКIН КЕДЕН АЙМАҒЫ ЖӘНЕ ЕРКIН ҚОЙМА

      71-бап. Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден
              режимдерiн белгiлеу

      Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден режимдерi - шетелдiк тауарлардан кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай тиiстi аумақтық шекараларда немесе үй-жайларда (орындарда) орналастырылып, пайдаланылатын, Қазақстан тауарлары осы Заңда белгiленген тәртiппен экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын шарттармен орналастырылып пайдаланылатын кеден режимдерi.
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы еркiн кеден аймағының кеден режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде айқындалған шарттарда қолданылатын кеден режимi.
      ЕСКЕРТУ. 71-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 71-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      72-бап. Еркiн кеден аймағын құру

      Еркiн кеден аймағы еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын аумақ ретiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен құрылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі еркiн экономикалық аймақты құру туралы шешiмдi, егер оның жұмыс жүргiзуi осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе жоюға құқылы. Аталған шешiм жойылған жағдайда еркiн экономикалық аймақ алты ай iшiнде таратылуға тиiс.
      Еркiн экономикалық аймақ құру туралы өтiнiштердi қарау еркiн экономикалық аймақ құру туралы шешiм қабылдау және оны жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      73-бап. Еркiн қойманы құру және тарату

      Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасының орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн.

      Еркiн қойма тағайындауға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.

      Лицензияны тоқтата тұру оны тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.

      Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      73-1 бап. Еркiн кеден аймағына және еркiн қоймаға
                орналастыруға жiберiлетiн тауарлар

      Еркiн кеден аймақтарына ұқсатуға арналған тауарларды, сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
      Еркiн қоймаға орналастыруға ұқсатуға арналған тауарлар (спирттен басқа) және жабдықтар жiберiледi.
      Еркiн кеден аймағының кеден режимiндегi арнайы экономикалық аймақ аумағына орналастыруға тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған тауарлар, сондай-ақ жабдықтар жiберіледi, егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi еркiн кеден аймақтарына орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін айқындауы мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 73-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 73-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      74-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы
              тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар

      Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда:

      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтiлiмдердi жинақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операцияларды;
      ұқсату жөнiндегi операцияларды жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Операциялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады, не мұндай тұлғалардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
      Егер жекелеген тұлғалар Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметі актiлерiнiң талаптарын сақтамаса, Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады не мұндай тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлардың жекелеген санаттарын еркiн кеден аймақтарына әкелуге не еркiн қоймаларға орналастыруға шектеу қоюға немесе тыйым салуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      75-бап. Тауарлардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн
              қоймаларда болу мерзiмi

      Тауарлар еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда шектеусiз мерзiмде бола алады.

      76-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда
              Қазақстан Республикасының кеден заңдарын
              сақтауды қамтамасыз ету шаралары

      Қазақстан Республикасының кеден органдары еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда орналасқан тауарларға кеден бақылауын жүзеге асырады.
      Еркiн кеден аймақтарына әкелiнетiн және еркiн қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ олардың аумағынан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

      77-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн
              қоймалардағы тауарларды есепке алу

      Еркiн кеден аймақтарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар мен еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, дайындалатын, ұқсатылатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзiп, ол туралы Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдарына есеп бередi. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар шегiндегi тауарлармен байланысты болатын кез келген өзгерiстер есеп құжаттарынан көрiнiс табуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 77-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      78-бап. Еркiн қоймалардың иелерiне қойылатын
              қосымша талаптар

      Қазақстан тұлғалары ғана еркiн қоймалардың иелерi бола алады.
      Еркiн қойма иесi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген еркiн қойманы құруға арналған үй-жайды немесе орынды жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтауға;
      қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алынбауын қамтамасыз етуге;
      кеден бақылауын iске асыруды қиындатпауға;
      еркiн қойманы құруға берiлген лицензия шарттарын сақтауға және еркiн қоймада тұрған тауарларға Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының баруын қамтамасыз етудi, кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн осы адамдарға еркiн қоймадағы үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берумен қоса Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 78-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      79-бап. Кеден бажын, салығын алу және тарифтiк
              емес реттеу шараларын қолдану

      Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймағының аумағына әкелген, сондай-ақ шетелдiк және отандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде кеден бажы мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде мәлiмделген кеден режимiнiң шарттарына сәйкес кеден бажы мен салығы алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
      Отандық тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге бөлiгiнен еркiн кеден аймақтарының аумағына әкелген және отандық тауарларды еркiн кеден аймақтары аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде кеден төлемдерi мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе.
      Тауарларды еркін кеден аймақтарының аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкеткен кезде кеден бажы мен тарифтiк емес реттеу шаралары:
      шетелдiк;
      еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда өндiрiлген;
      еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда ұқсатуға ұшыраған тауарларға қолданылмайды.
      Тауарлардың еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан шыққаны шығу сертификатымен расталады. Сертификат болмаған кезде, тауар:
      Қазақстан Республикасынан тысқары әкетілген кезде - кедендiк әкету бажын алу мен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында отандық тауар ретiнде;
      Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелiнген кезде - кедендiк әкелу бажы мен салығын алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында шетелдiк тауар ретiнде қарастырылады.
      ЕСКЕРТУ. 79-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 79-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      80-бап. Экспортқа шығаруға арналған тауарларды
              экспорттың кеден режимiне сәйкес кеден
              бажынан босату не төленген соманы қайтарып
              беру

      Экспорттың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығаруға арналған тауарларды еркiн кеден аймақтарына әкелген кезде немесе оларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде, егер босату немесе қайтарып беру тауарларды нақтылы экспортқа шығару кезiнде көзделген болса, мұндай тауарлар кеден бажынан босатылады не төленген сомалары қайтарып берiледi.
      Мұндай тауарлар iс жүзiнде экспортқа кеден бажы қайтарылған немесе одан босатылған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей шығарылуға тиiс.
      Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 426 Заңымен .

      81-бап. Кеден төлемдерi мен салық төлеу үшiн
              жауапкершiлiк

      Тауарларды еркiн кеден аймағына әкелген немесе еркiн қоймаға орналастырған тұлға кеден төлемдерi мен салықтың төленуi үшiн жауап бередi.

      82-бап. Еркiн қоймалардың қызметiн реттеу ерекшелiктерi

      Осы Заңның 12-тарауында көзделмеген еркiн қойма қызметiн реттеу ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 82-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      82-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
                аймағының аумағында кедендiк реттеудiң
                ерекшелiктерi

      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына осы Заңның 71-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда қолданылатын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен:
      құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
      арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құрылыс процесiнде  толығымен тұтынылатын тауарларды;
      жобалау-смета құжаттамасына сәйкес объектілердi салу мен пайдалануға беруге қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға жол берiледi.
      Бұрын еркiн кеден аймағы режимiмен орналастырылған отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде тауарды әкететiн тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды қайтарады.
      ЕСКЕРТУ. 82-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2001.07.05. N 223-II Заңымен .

13-тарау
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН АУМАҒЫНАН ТЫСҚАРЫ
ЖЕРЛЕРДЕ ҰҚСАТУ

      83-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
              ұқсату режимiн белгiлеу

      Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың кеден   режимi оларды кеден бажынан толық немесе iшiнара босатып, салықтардан босату, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбау арқылы Отандық тауарларын ұқсату және Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсатылған өнiмдердi кейiннен еркiн айналысқа шығару мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге осы тауарларды әкету мен пайдалануға арналған.
      ЕСКЕРТУ. 83-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .

      84-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
              ұқсату операциялары

      Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кезiнде осы Заңның 55-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген операциялар жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату жөнiндегi жекелеген операцияларға шектеулер белгiлеуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 84-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      85-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде
              ұқсату режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсатудың кеден режимi мынадай жағдайларда:
      белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды мiндеттi түрде сақтау мiндеттемесiмен ұштасқан, кеден бажы мен салығынан босатыла отырып бұрын еркiн айналысқа шығарылған тауарлар үшiн - мұндай шектеулердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн;
      егер тауарларды әкету:
      1) кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтарып берудi;
      2) әкету кезiнде берiлетiн төлемдердi алуды талап етуге негiз берсе;
      егер тауарлар сатып алу-сату келісім-шарты бойынша ұқсатуға әкетiлсе;
      егер ұқсату өнiмдерiн ауыстыруға рұқсат ететiн тауарларды жөндеудi қоспағанда, ұқсату өнiмдерi әкетiлген тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болғандығын анықтау мүмкiн болмаса;
      егер тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң ұқсату саласының мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, пайдаланылмайды. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайларда ғана қолданылады;
      тауарларды ұқсатуды жүзеге асыратын (тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiне орналастырған) тұлға:
      1) жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген және (немесе) әкетiлген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      2) аталған тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан көп) бұзса;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденген контрабанданың белгілерiмен кеден ережелерiн бұзса, пайдаланыла алмайды.
      Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату үшiн:
      отандық тұлғаның Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi беруі;
      декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкету бажын төлеу не олардың төленуiн уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне енгiзу;
      осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау мiндеттеледi.
      ЕСКЕРТУ. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      86-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 86-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      87-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде
              ұқсату мерзiмдерi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен декларант анықтайды.
      Көрсетiлген мерзiм тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген күннен бастап екi жылдан аспауы керек.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзу күнiнен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзарту қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
      Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық мерзiмге ұзарту уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, орталық кеден органы белгілейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсатудың мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      88-бап. Кеден мақсатында ұқсатылатын өнiмдер
              шығымының мөлшерi

      Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн декларант белгілейдi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      89-бап. Кедендiк әкету бажын қайтару

      Осы Заң ережелерi сақталған жағдайда, ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару кезiнде төленген кедендiк әкету бажы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады. Қайтарылған сомаларға проценттер есептелмейдi.
      Ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармаған кезде, егер олар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен тауарларды ұқсатуға әкеткен кезде төленбеген болса, кедендiк әкету бажының сомалары төленедi. Аталған сомалардан басқа кедендiк әкету бажын төлеген күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша олардан проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкету бажын төлеу күнiн қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 89-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 87-89-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      90-бап. Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы мен
              салықтан босату

      Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы және салықтан, егер кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсатуға рұқсат алған тұлға не оның кеден делдалы бұл өнiмдердiң еркiн айналысқа түсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, толық және iшiнара босатылады.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы ұқсатудың мақсаты, еркiн айналыс үшiн бастапқы шығарылған кезде оның жетiспеуi ескерiлген жағдайларын қоспағанда, заңдардың немесе шарттың ережелерiне қарай тегiн жүзеге асырылатын әкетiлетiн тауарды жөндеу екендiгiне көз жеткiзетiн болса, әкелу кеден бажы және салықтарынан толық босатылады.
      Әкелу кеден бажының және салықтың әкетiлетiн тауарды ақылы жөндеген кезде және ұқсату жөнiндегi басқа операцияларды жүзеге асырған кезде iшiнара босатылады. Кеден бажының және салықтың сомасы жөндеу немесе ұқсату құнына көбейтiлген ұқсату өнiмдерiне қолданылатын ставкаларға негiзделiп анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 90-бап өзгертiлдi, 4-бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .

      91-бап. Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен
              алмастыру

      Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен алмастыруға жол берiлмейдi, бұған ұқсатудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсатылатын өнiмдердi алмастырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 91-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      92-бап. Ұқсатуға әкетiлген тауарлардың не ұқсату
              өнiмдерiнің жойылуы, жоғалуы, табиғи
              жетiспеуi немесе шет мемлекет органдарының
              немесе лауазымды адамдарының заңсыз
              iс-әрекеттерiнiң себебiнен қайтарылмауы

      Ұқсатуға әкетiлген тауарларды не ұқсату өнiмдерiн белгiленген мерзiмде қайтармау егер тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнiң апат немесе тежеусiз күштiң әсерi салдарынан жойылуы немесе қайтарусыз жоғалуы, олардың табиғи тозуы себебiнен жетiспеуi немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi яки Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шет мемлекет органдарының не лауазымды адамдарының заңсыз әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығып кетуi фактiлерiн Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi растаған жағдайда, сондай-ақ кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi өзгерген жағдайда ғана мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 92-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      93-бап. Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды
              ұқсатудың кеден режимiнiң өзгеру ерекшелiктерi

      Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi экспорт режимiне өзгерген кезде кеден төлемдерi мен салықтары, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шаралары ұқсату өнiмдерiне не, егер олар ұқсатуға ұшырамаса, тауарларға қолданылады. Мұндай өзгерiстi кедендiк ресiмдеудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 93-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

14-тарау
ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫ

      94-бап. Тауарлар экспорты режимiн белгiлеу

      Тауарлар экспортының кеден режимi тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге олардың осы аумақтан тыс үнемi болу немесе тұтынылуы мақсатында әкетiлетiнiн бiлдiредi.

      95-бап. Тауарлар экспорты кезiнде қойылатын талаптар

      Тауарлар экспорты әкету кеден бажын төлеген және өзге де кеден төлемдерiн төлеген, тарифтік емес реттеу шараларын сақтаған, валюталық бақылау саласындағы талаптарды және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 95-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      96-бап. Экспорт үшiн шығару

      Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге іс жүзінде әкетілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу мен кемудiң салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда, кеден декларациясы қабылданған күнгi күйiнде болуы керек.
      Экспорт үшiн шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi үшiн тауарларды өткiзетiн тұлға жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларға меншік құқығы ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды нақты әкеткенi үшiн тасымалдаушы - отандық тұлға жауап бередi. Тауарларды тасымалдаушы - шетелдiк тұлға тасыған жағдайда тауарлар экспортына тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеген не тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде төленуге тиiс болатын салық сомасын төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жол беріледi.
      ЕСКЕРТУ. 96-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

15-тарау
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕРI ЭКСПОРТЫ

      97-бап. Тауарлардың керi экспорты режимiн белгiлеу

      Тауарлардың керi экспортының кеден режимi осы Заң пен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шетел тауарларын олардан әкелу кеден бажы мен салықтарын алмай немесе оларды қайтарып бере отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай керi экспорттауға арналады.

      98-бап. Тауарлардың керi экспортының шарттары

      Егер тауарлар тiкелей және тек қана керi экспортқа арналған тауарлар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмделген болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген кезде кедендiк әкелу бажы мен салықтары алынбайды, ал тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Мұндай тауарлардың iс жүзiндегi керi экспорты кеден декларациясы қабылданған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс. Тауарлардың iс жүзiндегi керi экспорты белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырылмай қалған жағдайда не оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығару кезiнде осы сомалар төленген күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептей отырып кеден бажы мен салығының сомалары төленедi. Аталған өсiм төлеу күнiн қоса алғанда, тауарлар керi экспорттаудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледі.
      Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға байланысты төленгендердi қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес төленген кедендiк әкелу бажы мен салығы, егер:
      әкету кезiнде керi экспортталатын тауарлар табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi салдарынан болған өзгерiстерден басқа, әкелу сәтiндегi күйде болса;
      тауарлардың керi экспорты әкелiнген сәттен бастап екi жыл iшiнде жасалса;
      кері экспортталған тауарлар кіріс алу мақсатында пайдаланылмаса Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды iс жүзiнде әкету расталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс.
      Керi экспортталатын тауарлар әкетілген кезде кедендiк әкету бажы алынбайды, әкету кезінде қолданылатын тарифтік емес реттеу  шаралары қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 98-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      99-бап. Тауарлардың керi экспортына берiлетiн рұқсат

      Тауарлардың керi экспортына Қазақстан Республикасының заңдарымен не халықаралық шарттармен айқындалған жағдайларда және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады жол берiледi.
      Акцизделетiн тауарларды керi экспорттау кедендiк әкету бажы мен салығын уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төлеудi қамтамасыз еткен не тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген немесе кедендiк алып жүру жағдайында жүзеге асырылады. Кедендiк әкету бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 99-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

16-тарау
ТАУАРЛАРДЫ ЖОЮ

      100-бап. Тауарларды жою режимiн белгiлеу

      Тауарларды жоюдың кеден режимi кеден бажы мен салықтарын алмай тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауарларды пайдалануға жарамсыз күйiне келтiрудi қоса кеден бақылауымен жою үшiн белгiленедi.
      Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарларды қоспағанда, бұйымдар немесе материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарлар;
      Қазақстан Республикасы халықтары мен шет мемлекеттердiң көркемөнер, тарихи және археологиялық игiлiк заттары;
      жұқпалы аурулар мен iндеттерге жол бермеу мақсатында дереу жоюды талап ететiн жағдайларды қоспағанда, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен туындылары;
      кеден органдары кепiлдiк зат ретiнде қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары - кепiлдiк қатынасы тоқтатылғанға дейiн;
      қылмыстар және кеден ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша алынған тауарлар мен көлiк құралдары;
      тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
      сот тәркiлеу туралы шешiм қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары жойылуға жатпайды.
      Тауарларды жоюға уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн мұндай жоюдың мүмкiндiгi туралы қорытынды болған жағдайда рұқсат етiледi. Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары бұл туралы прокурорға тауарлар жойылғанға дейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарлама алған соң прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.
      ЕСКЕРТУ. 100-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 100-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен .

      101-бап. Тауарларды жоюға жұмсалатын шығыстар

      Тауарларды жою Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.

      102-бап. Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған
               қалдықтар

      Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi пайдалану мүмкiн болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға арқылы олар кеден бақылауындағы шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiнде орналастырылуға не кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда олар отандық тауарлары ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуға тиiс.

17-тарау
МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫ ҮШIН ТАУАРДАН БАС ТАРТУ

      103-бап. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту
               режимiн белгiлеу

      Мемлекет пайдасы үшiн тауарлардан бас тарту - кеден режимi, мұндай жағдайда тұлға кеден бажы мен салықтарын алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауардан мемлекет пайдасы үшiн бас тартады.

      104-бап. Тауардан бас тартуға қойылатын талаптар

      Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режиміне орналастыруға рұқсат етiлмейтiн тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiн таңдап алған тұлғаның кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн аталған режимдi басқасына өзгертуге құқығы жоқ.
      ЕСКЕРТУ. 104-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      105-бап. Тауардан бас тартуға байланысты шығындар

      Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту осы тараудың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.

IV БӨЛIМ
АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР

18-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КЕДЕН ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ КӨЛIК
ҚҰРАЛДАРЫМЕН  ТАУАРЛАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН ӨТКIЗУ

      106-бап. Көлiк құралдарын өткiзу

      Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу көлiк құралдарына қолданылатын кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүретiн көлiк құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн жерлерде аялдайды. Бұл талап сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары көлiк құралдарын күштеп аялдатуға құқылы.
      Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарының аялдау ұзақтығын Қазақстан Республикасының кеден органы оларды тасымалдаушымен бiрге кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеуге қажеттi уақыт шегiнде айқындайды.
      Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарын олар аялдаған жерден жөнелту Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан уақыты мен орны жөнiнде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органымен келiседi.

      107-бап. Қазақстан Республикасы валютасының,
               Қазақстан Республикасы валютасындағы
               бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен
               басқа да валюталық құндылықтардың өткiзiлуi

      Қазақстан Республикасы валютасының, Қазақстан Республикасы валютасындағы бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен басқа да валюталық құндылықтардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуi Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      108-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтiн нормалар шегiнде тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзе алады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн жеңiлдiк тәртiбi кеден бажынан толық немесе iшiнара босатуды, кеден бажының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды қамтуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, жеке кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар керi импорттың, транзиттiң, кеден қоймасының, бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң, кеден аумағында ұқсатудың, кедендiк бақылаумен ұқсатудың, еркiн кеден аймағының, еркiн қойманың, кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың, керi экспорттың, жоюдың кеден режимінде ресiмдей отырып, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген нормалардан тыс тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеле және осы аумақтан әкете алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 108-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

V БӨЛIМ
КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРI

19-тарау
НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      109-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткiзген кезде және осы Заңмен белгiленген басқа жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi:

      1) <*>

      2) <*>

      3) <*>

      4) <*>

      5) <*>
      6) Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензиялар үшiн алым;
      7) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестаты үшiн алым;
      8) кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы;
      9) тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы;
      10) тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымы;

      11) <*>
      12) алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн ақы;

      13) <*>
      Импортталатын тауарлардың қосылған құнына салынатын салықты және акциздердi Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен кеден органдары өндiрiп алады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттармен демпингке қарсы, қорғау және өтемақы бажын алады.
      ЕСКЕРТУ. 109-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      110-бап. Кеден бажы

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға Қазақстан Республикасының Кеден тарифiне сәйкес кеден бажы салынуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Кеден тарифi Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және сол аумақтан әкетiлетiн Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден бажы ставкаларының жиынтығы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасы тауарларды шартты белгiлеу мен сипаттаудың үйлесiмдi жүйесiне негiзделген, бұл жүйенi Бүкiлдүниежүзiлiк кеден ұйымы осы халықаралық ұйымға мүше елдердiң пайдаланылуы үшiн қолданылады.
      Кеден бажының ставкалары бiрыңғай болады және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзетiн тұлғаларға, мәмiлелердiң түрлерi мен басқа да факторларға орай өзгертiлуi тиiс емес. Олармен арадағы сауда-саяси қатынастарға барынша қолайлылық туғызу көзделмеген елдерде өндiрiлген немесе шығарылған елi анықталмаған тауарларға осы Заңның негiзiнде белгiленген әкелу кеден бажының ставкасы екi есе ұлғайтылады, бұған осы Заңның тиiстi ережелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының тариф жеңiлдiктерiн (артықшылықтарын) беретiн жағдайлар қосылмайды.
      Әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және олар ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн өткен соң күшiне енедi.
      ЕСКЕРТУ. 110-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      111-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 111-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      112-бап. Кеден төлемдерi ставкаларының түрлерi

      Кеден төлемдерiнiң ставкалары мынадай түрлерге:
      салық салынатын тауарлардың кеден құны процентiмен есептелетiн адвалорлық төлем;
      салық салынатын әрбiр тауар үшiн белгiленген мөлшерде есептелiнетiн ерекшелiгi бар төлем;
      жоғарыда аталған кеден салығының екi түрiн ұштастыратын құрамдас төлем түрлерiне бөлiнедi.

      113-117-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 113-117-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      118-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары

      Көлiк құралдарын қоса алғанда, тауар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды, сондай-ақ осы Заңның 108бабына сәйкес өткiзiлетiн тауарларды, алып жүрмейтiн теңдеме жүкте, халықаралық почта жөнелтiлiмдерi мен жүктерiнде тауарлардың кедендiк ресiмделуi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртiп пен мөлшерде кеден алымдары алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарының белгiлi бiр орыннан тысқары жерде және жұмыс уақытынан тыс тауар ретiнде өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк ресiмделуi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген мөлшерлерде кеден алымдары алынады.
      ЕСКЕРТУ. 118-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      119-бап. Тауарларды сақтағаны үшiн алымдар

      Қазақстан Республикасының кеден органдары иелерi болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде кеден алымдары алынады.
      Иелерi отандық тұлғалар болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшiн кеден ісі мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген мөлшерде алым алынады.
      ЕСКЕРТУ. 119-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      120-бап. Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден
               алымдары

      Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде кеден алымдары алынады.

20-тарау
КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРIН ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ

      121-бап. Кеден төлемдерiн есептеудiң негiзi

      Осы Заңның 112-бабына сәйкес арнайы ставкалар қолданылатын кеден төлемдерiн қоспағанда, тауар ретiнде өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк құны кеден төлемдерiн есептеу үшiн негiз болып табылады.

      122-бап. Кеден құнын айқындау жүйесi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлетiн тауарлардың кеден құны шот-фактурада көрсетiлген, тауардың бағасы, сондай-ақ, егер ол шот-фактураға енгiзiлмесе, мынадай нақты шығыстардың негiзiнде анықталады:
      1) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарды әуежайға, кемежайға дейiн жеткiзу немесе тауарды басқа жерге әкету шығыстары:
      тасымалдау құны;
      тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу мен басқа көлiкке ауыстыру шығыстары;
      сақтандыру сомасы;
      2) сатушы шеккен шығыстар:
      комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
      егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас қаралатын болса, контейнерлердiң немесе басқа көп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
      орама материалдары мен орап-түю жұмыстары құнын қосқанда, орап-қаттаудың құны.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кеден құны Тариф және сауда туралы бас келiсiмнiң (ТСБК) кедендiк бағалауының жалпы қағидаттарына негiзделедi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды бағалау жүйесiн қолдану тәртiбiн осы Заң ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 122-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      123-бап. Тауардың кедендiк құнын мәлiмдеу

      Кеден құнын декларант тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмдейдi (жариялайды).
      Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың кеден құнын мәлiмдеудiң тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ декларация нысанын осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын осы Заңмен белгiленген кеден құнын анықтау әдiсiне сәйкес декларант анықтайды.
      Кеден құнын айқындаудың дұрыстығына бақылау жасауды тауар ресiмдеуiн жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден органы, соның iшiнде тауарлардың құны олардың сапасына, санына сәйкес келуiн анықтайтын тәуелсiз сараптаманы пайдалана отырып жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      124-бап. Тауардың кеден құны туралы ақпараттың
               құпиялылығын сақтау

      Тауардың кедендiк құнын мәлiмдеген кезде декларант беретiн, коммерциялық құпияны құраушы ретiнде айқындалатын немесе жасырын болып табылатын ақпаратты кеден органы тек қана кеден мақсаттарында пайдалана алады және осы Заң пен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда декларанттың арнайы рұқсатынсыз үшiншi жаққа, оның iшiнде өзге мемлекеттiк органдарға бере алмайды.

      125-бап. Кеден құны жөнiндегi декларанттың құқықтары
               мен мiндеттерi

      Декларанттың:
      кеден құнын айқындау үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына кеден органында күмән туған жағдайда олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
      мәлiмделген кеден құнын нақтылау қажеттiгi туған жағдайда, уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi ретiнде кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi берген не Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендiк бағасына сәйкес тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген кезде мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар. Кеден төлемдерi мен салығы салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кеден құнын анықтау қажет болған жағдайда кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды беру жөнiнде мiндеттемелердi тапсырса, мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар;
      тауардың кеден құнын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, бұл шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқығы бар.
      Декларант:
      кеден құнын мәлiмдеуге және кеден құнын айқындауға қатысты дұрыс, сандық жағынан анықталған және құжатпен дәлелденген ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;
      мәлiмделген кеден құнын дәлелдеу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органының талап етуi бойынша оған дәлелдеу үшiн қажеттi деректердi беруге;
      өзi мәлiмдеген кеден құнын нақтылауға не Қазақстан Республикасының кеден органына қосымша ақпарат беруге байланысты туындайтын барлық қосымша шығындарды мойнына алуға мiндеттi. Бұл орайда декларант кедендiк бағалауды жүргiзуге байланысты тауарды кедендiк ресiмдеу мерзiмiнiң ұзартылуын кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудiң нақты мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн пайдалана алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 125-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      126-бап. Кеден құнын айқындау жөнiндегi кеден
               органының құқықтары мен мiндеттерi

      Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн Қазақстан Республикасы кеден органының:
      декларант мәлiмдеген тауардың кеден құнының дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
      декларант мәлiмдеген кеден құнының дұрыстығын айқындайтын деректер болмаған не декларант берген мәлiметтер дұрыс емес немесе жеткiлiксiз деп топшылауға негiз болған жағдайда, өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде (оның iшiнде ұқсас немесе бiртектес тауарлар бойынша бағалау ақпараты) осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын түзетулер енгiзе отырып, осы Заңда белгiленген кеден құнын анықтаудың әдiстерiн дәйектi түрде қолдана отырып, мәлiмдеген тауардың құнын дербес белгiлеуге құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша декларант мәлiмдеген кеден құны кеден төлемiн есептеу үшiн негiз, сондай-ақ әкелiнген тауардың кеден құнын анықтаудың әдiстемесi ретiнде қабылдана алмайтын себептердi жазбаша  түсiндiруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 126-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      127-бап. Кеден құнын айқындау әдiстерi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауардың кеден құнын айқындау төмендегi әдiстердi қолдану арқылы:
      әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      құнды шегеру;
      құнды қосу;
      резерв.
      Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс кеден құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
      Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда аталған әдiстердiң әрқайсысы рет-ретiмен қолданылады. Бұл орайда, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы кеден құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керiсiнше ретпен қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 127-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      128-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң
               бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi

      Қазақстан Республикасына экспортқа сатқан кезде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауардың кеден құны болып табылады.
      Кеден құнын белгiлеу кезiнде мәмiле бағасына, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай шығыстар енгізіледі:
      1) тауарды әуежайға, кемежайға жеткiзу жөніндегі немесе тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы басқа жерге әкелу шығыстары;
      тасымалдау құны;
      тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және басқа көлікке ауыстыру шығыстары;
      сақтандыру сомасы.
      Осы тармақшада көрсетiлген шығыстар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелгеннен кейiн бұл шығыстар жасалған және алып тасталатын сома құжатпен расталған жағдайда мәмiле бағасынан алып тасталуы мүмкін;
      2) сатып алушы шеккен шығыстар;
      тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық төлемдi қоспағанда комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
      егер олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас ретiнде қаралатын болса, контейнерлердiң немесе кеп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
      орама материалдары мен орап-қаттау жөнiндегi жұмыстардың құнын қосқандағы орап-қаттау құны;
      3) әкетiлуге арналып бағаланатын тауарларды өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған баға бойынша сатып алушыға тiкелей немесе жанама түрде берiлсе, мынадай тауарлар мен қызметтер құнының тиiстi бөлiгi;
      бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай өнiмдер және басқа да жинақтаушы бұйымдар;
      бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал- саймандар, штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалары);
      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiрген кезде тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
      4) бағаланатын тауарларды сату шарттары ретiнде сатып алушы тiкелей немесе жанама түрде жүзеге асыруға тиiстi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдаланғаны үшiн лицензиялық және өзге де төлемдер;
      5) бағаланатын тауарларды кейiннен кез келген қайта сату, беру немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама түрде тапқан кiрiсiнiң бiр бөлiгiнiң шамасы.
      Әр түрлi атаудағы тауарларды бiр топтамамен жеткiзген кезде әрбiр әкелiнген тауарлардың және тауарлардың барлық топтамасы үшiн айқындалған кеден құнына кiруге жататын шығыстарды айқындау тиiстi шығыстардың құны есептелген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.
      Iс жүзiнде төленген және төлеуге жататын мәмiленiң бағасына осы бапта көрсетiлмеген шығыстар енгiзілмейдi.
      Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн мынадай жағдайларда пайдаланылмайды, егер:
      1) бағаланатын тауарларға сатып алушының иелік ету немесе пайдалану құқықтарына қатысты шектеулер болса, оларға мыналар жатпайды:
      Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген шектеулер;
      тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерi;
      тауар құнына елеулi түрде әсер етпейтiн шектеулер;
      2) сату немесе мәміленiң бағасы ықпалын есептеп шығару мүмкiн емес шарттарды сақтауға байланысты болса;
      3) кеден құны мәлiмденген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен дәлелденбесе не сандық жағынан айқындалмаса және дұрыс болмаса;
      4) мәмiлеге қатысушылар өзара тәуелді тұлғалар болып табылса және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кеден құнын анықтау үшiн негiз ретiнде қолайлы болып табылмаса. Бұл ретте өзара тәуелдi адамдар деп мынадай белгiлердiң бiрiне сәйкес келетiн тұлғалар ұғынылады:
      мәмілеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы, сонымен бiрге мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болса;
      мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болса;
      мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болса;
      қандай да бiр тұлға: мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының айналымында жүрген дауыс беретiн акцияларды немесе мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының жарғылық капиталындағы салымдарды (пайларды) тiкелей немесе жанама иеленсе не бес немесе одан да көп проценттерi бақылауында болса;
      мәмiлеге қатысушының екеуi де үшiншi адамның тiкелей не жанама бақылауында болса;
      мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын болса;
      мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмілеге екінші қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болса;
      мәмілеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туысқандар болса.
      Мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiк фактiсiнiң өзi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда кеден органының лауазымды адамы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн жағдаятты зерделеуi керек және егер өзара тәуелдiлiк бағаға ықпал етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауар бағасына ықпал еттi деп топшылауға негiзi болған жағдайда, осы себеп бойынша декларантқа ұсыныс (импорттаушының өтiнiшi бойынша жазбаша түрде) берiлудi. Бұл ретте декларантқа мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауардың бағасына әсер етпегенін растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру үшiн мүмкiндiк берiледi.
      Декларанттың бастамасы бойынша тауардың кеден құнын белгiлеу негiзiне, егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген мыналардың:
      Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара тәуелдi болып табылмайтын қатысушылар арасындағы ұқсас немесе біртектес тауарлармен мәмiле жөнiндегi құнның;
      құнды шегеру әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының;
      құнды қосу әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе, мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
      Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар мыналардағы:
      1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
      2) санындағы;
      3) осы баптың екiншi бөлiгiнде санамаланған элементтердегi (шығыстардағы);
      4) егер сатушы өзара тәуелдi тұлғамен жасасқан мәмiле кезiнде мұндай шығыстар жасамаса, өзара тәуелдi емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығыстарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.
      Жоғарыда айтылған жағдайда тауардың кеден құнын анықтау үшiн мәмiле бойынша баға орнына салыстыру үшiн декларант ұсынған ұқсас немесе бiртектес тауарлар бағасы пайдаланылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 128-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      129-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмле бағасы
               бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi

      Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде, осы бапта көрсетiлген шарттар сақтала отырып, ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы алынады.
      Бұл орайда бағаланатын тауарлармен барлық жағдайларда да бiрдей ұқсас тауарлар, соның iшiнде мына төмендегi белгiлер бойынша ұқсас тауарлар деп ұғынылады:
      табиғи сипаттамалары;
      рыноктағы сапасы мен танымдылығы;
      шығарылған елi.
      Кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы баптың негізiнде:
      1) егер олар тауарлар бағаланатын елде шығарылмаған болса, тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейдi;
      2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, бағаланатын тауарларды өндiрушi-тұлға өндiрген ұқсас тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
      3) тауарлар, егер олардың жобалануы, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары немесе сызбалары:
      сатып алушыға сатушы өндiрумен және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген құны бойынша берген болса;
      Қазақстан Республикасында шығарылған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесінші абзацы негізінде бағаланатын тауарлардың кедендік құнына енгiзілмеген болса ұқсас деп саналмайды.
      Сыртқы түрi бойынша азын-аулақ өзгешелiктер, егер негiзiнен мұндай тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, тауарларды ұқсас деп қараудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
      Кеден құнын айқындау үшiн ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле бағасы негiзге алынады, егер бұл тауарлар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
      2) бағаланатын тауарлар шығарылғанға дейiн тоқсан күннен бұрын және кейiн тоқсан күннен кешiктiрiлмей шығарылса;
      3) шамамен сол мөлшерде немесе сол коммерциялық деңгейде әкелiнсе (көтерме, бөлшек саудада).
      Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде әкелу жағдайы орын алмаса, бұл айырмашылықтарды ескере отырып, бағаларды түзетiп басқа мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелiнген ұқсас тауарлардың құны пайдаланылуы мүмкiн.
      Осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiмiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген шығыстардың құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша белгiленетiн кеден құны арақашықтық және көлiк түрлерiнiң айырмашылығынан бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленеді.
      Осы бапта көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде енгiзiлуге тиiс.
      Егер осы әдiстi қолданған кезде ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiленiң бiр бағасынан артық баға анықталса, онда әкелетiн тауарлардың кеден құнын анықтау үшiн осы бағалардың ең төменi қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 129-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      130-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле

      Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде осы бапта көзделген шарттарды сақтаған жағдайда әкелiнетiн тауарлармен жасалатын бiртектес тауарлар жөнiндегi мәмiле бағасы қабылданады.
      Бұл орайда олар барлық жағынан бiрдей болмаса да, сипаттамасы ұқсас және құрамы ұқсас болғандықтан бiртектес тауарлар деп ұғынылады, бұл оларға бағаланатын тауарлар функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда бiр-бiрiн алмастыруға мүмкiндiк бередi.
      Тауарлардың бiртектестiлiгiн анықтаған кезде олардың мына төмендегi белгiлерi ескерiледi:
      сапасы, тауар белгiсiнiң болуы және нарықтағы танымдылығы;
      шығарылған елi.
      Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсiн пайдаланған кезде осы Заңның 129-бабының төртiншi-жетiншi бөлiктерiнiң ережелерi қолданылады.
      Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
      1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлген елде өндірілмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектi болып саналмайды;
      2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, егер бағаланатын тауарларды өндіруші-тұлға өндірген біртекті тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
      3) тауарлар, егер оларды жобалау, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары мен сызбалары:
      сатушыға сатып алушы өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берiлген болса;
      Қазақстан Республикасында орындалған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде бағаланатын тауарлардың кедендiк құнына енгізілмеген болса, біртекті деп саналмайды.
      ЕСКЕРТУ. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      131-бап. Құнды шегеру негiзiнде кеден құнын
               айқындау әдiсi

      Егер бағаланатын, ұқсас немесе бiртектес тауарлар өзiнiң бастапқы күйiн өзгертпей сатылған жағдайда бағалау әдiсi бойынша тауардың кеден құнын айқындау құнды шегеру негiзiнде жүргiзiледi.
      Тауардың кеден құнын айқындау үшiн құнды шегеру әдiсiн негiз ретiнде пайдаланған кезде тауардың бiрлiктiк бағасы қабылданады, ол бойынша бағаланатын, ұқсас немесе бiртектес тауарлар сатушы тұлғамен өзара байланысты емес мәмiлеге қатысушыға неғұрлым көп мөлшерде сатылады.
      Бұл орайда сату бағаланатын тауарларды әкелумен бiр мезгiлде, ал мұндай мерзімде сату болмаған кезде бағаланатын тауарлар әкелінген күннен кейiнгi неғұрлым жақын мерзiмде, бiрақ тоқсан күннен кешiктiрмей жүзеге асырылуы тиiс.
      Тауардың бiрлiк бағасынан мынадай құрамдас бөлiктерi шегерiп тасталады:
      1) әдетте төленетiн немесе төлеуге келiсiлген өтемдiк сыйақылар немесе сол сыныптағы немесе сол түрдегi әкелiнетiн тауарларды Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда табу мен жалпы шығыстарды жабу мақсатында әдетте есептелетiн үстеме ақылар;
      2) тауарларды әкелуге немесе сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиiс әкелу бажы, салық, алымдар және өзге де төлемдер сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсiру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетiн әдеттегi шығыстар.
      Сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлар өнеркәсiптiң белгiлi бiр саласында өндiрiлген тауарлардың тобына немесе разрядына жататын тауарларды бiлдiредi және ұқсас немесе бiртектес тауарларды қамтиды, бiрақ олармен шектелмейдi.
      Әкелiнген кездегi күйiнде бағаланатын ұқсас немесе бiртектес тауарларды сату реттерi болмаған кезде декларанттың өтiнiшi бойынша қосылған құнды шегере отырып, ұқсатудан өткiзiлген және осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнiң ережелерiн сақтаған жағдайда тауар бiрлiгiнiң бағасы пайдаланылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 131-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      132-бап. Құнды қосу негiзiнде кеден құнын айқындау
               әдiсi

      Тауардың кеден құнын айқындау негiзi ретiнде құнды қосу негiзiнде бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың:
      1) бағаланатын тауарды өндiруге байланысты оны өндiрушiнiң жұмсаған материалдары мен шығасысының құны;
      2) Қазақстан Республикасына жеткiзу кезiнде экспорт елiнде өндірілген бағаланатын тауарлар сияқты, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатқан кезде әдетте, бағаға енгiзiлетiн кiрiс пен жалпы шығыстар сомасы;
      3) осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында санамаланған шығыстар құны.
      ЕСКЕРТУ. 132-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      133-бап. Кеден құнын айқындаудың резервтiк әдiсi

      Тауардың кеден құны резервтiк әдiс негiзiнде тауарларды кедендiк бағалаудың халықаралық принциптерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен, осы Заңның 128-132- баптарында сипатталған әдістерді пайдалану жолымен белгіленеді.
      Тауардың кеден құнын айқындау үшiн резервтiк әдiстi қолданған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарында бар ақпарат пайдаланылады.
      Резервтiк әдiс бойынша тауардың кеден құнын айқындау үшiн негiз ретiнде:
      1) экспорт елінің ішкі рыногындағы тауардың бағасын;
      2) ол әкетiлетiн елден үшiншi елге жеткiзiлетiн тауардың бағасын;
      3) Қазақстанда шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы бағасын;
      4) тауардың еркiн белгiленген немесе сенiмдi түрде расталмаған құнын;
      5) осы Заңның 132-бабында көзделмеген шығындарды есептеу негiзiнде айқындалатын ұқсас немесе бiртектес тауарлардың құнын;
      6) ең төменгi кеден құнын пайдалануға болмайды.
      Тауарлардың кеден құнын резервтiк әдiс бойынша айқындаған кезде екi баламалы құнның неғұрлым жоғарысын кедендiк мақсатта пайдалануды көздейтiн жүйенi негiзге қабылдауға болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 133-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      134-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеушiлер

      Кеден төлемдерiн төлеушi тауар өткiзетiн тұлға болып табылады.
      Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалатын тұлғалар болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 134-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      135-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу
               мерзiмi

      Кеден төлемдерi мен салықтары кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе қабылданған күнi төленедi.
      Осы Заңның 108-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген кезде, кеден төлемдерi мен салықтары кеден органының кеден декларациясын қабылдауымен бiр мезгiлде төленедi.
      Егер кеден декларациясы белгiлеген мерзiмде берiлмесе, онда кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу мерзiмдерi кеден декларациясын беру мерзiмi өткен күннен бастап есептелiнедi.

      136-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеу тәртiбi

      Кеден төлемдерi мен салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк бюджетке төленедi.
      Кеден төлемдерi мен салығын төлеудi төлеушi не төлеушiнiң тапсыруы бойынша үшiншi бiр тұлға жүзеге асыруы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 136-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      137-бап. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi
               кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу

      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртіппен кеден органдары өндірістік ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмiне рұқсат бередi.
      Кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмi кеден декларациясы қабылданған күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      Кеден органы кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімін берген кезде кеден бажын төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады.
      Төлемдi қамтамасыз ету осы Заңның 138-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      Салық төлеудi кейiнге қалдыру мерзімi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 137-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      138-бап. Кеден бажы мен салықтарын төлеудi
               қамтамасыз ету

      Кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету тауарлар мен көлiк құралдарын кепілге берумен және уәкілеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе тиесiлi соманы Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы өзгеше шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiлге берiлген тауарлар мен көлiк құралдары кепiл берушiде қалдырылады.
      Кепiл берушiнiң Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiнсiз кепiл затына иелiк етуге құқығы жоқ.
      Кепiлдi ресiмдеу және кепiлге берiлген затты өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кепiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi банк кепiлдiктерiн қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
      Кепiлдiк шарттарын сақтамаған жағдайда, кеден органы осындай банктердiң кеден бажы мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiндегi кепiлдiктерiн қабылдамауға құқылы.
      Егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылған не экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлген болса, онда төленуге тиiстi кеден бажы мен салықтарының сомасы депозитке салынады.
      Сомалардың депозитте сақталған уақыты үшiн проценттер есептелiнбейдi.
      Тиесiлi сомаларды депозитке салу және оларды қайтару тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      139-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары төленетiн
               валюта

      Кеден төлемдерi мен салықтары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, сондай-ақ мұндай төлем шетел валютасымен ғана төленетiн жағдайда қоспағанда, бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн шетел валюталарымен төленедi.
      Шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасымен есептеу кеден органының кеден декларациясын қабылданған күнге қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң бағамы бойынша жүргiзiледi.

      140-бап. Кеден төлемдерiн өндiрiп алу және
               жауапкершiлiк шаралары

      Кеден төлемдерiн төлеу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты пайда болған берешектi Қазақстан Республикасының кеден органдары төлеушiлер шоттарынан даусыз тәртiппен алады.
      Берешек кезiнде берешек сомасын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм алынады.
      Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдi төлеушi осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен төлеушi хабардар етiлген күннен бастап бес банк күнi iшiнде төлейдi не оған шағым беруi мүмкiн. Егер осы шешiмге төлеушi аталған тәртiппен шағым бермеген жағдайда қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсімді кеден органдары төлеушілер шоттарынан даусыз тәртіппен өндіріп алады.
      Кеден төлемдерi, олар бойынша есептелген айыппұлдар, сондай-ақ айыппұл санкциялары жөнiндегi берешектi жабу Қазақстан Республикасының салық заңдарында салықтар бойынша берешекті өтеу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Төлеушiнiң ақшасы болмаған жағдайда, өндiрiп алу төлеушiнiң келiсiмiмен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушiнiң мүлкiне аударылады. Мүлiктi өндiрiп алу туралы шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен осындай шешiм туралы хабарланған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде төлеушiнiң шағым жасамауы осы бөлiк бойынша келiскендiк деп саналады.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн төлеуден жалтару жағдайында банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар үшiн мiндеттi, iс жүзiндегi төлеу сәтiне дейiн төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Өндiрiп алу туралы шешiмдердi орындамағаны үшiн осы Заңның 296-бабына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
      Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi мен өсiмi бойынша берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн төлеушiнiң шоттарында қаражаты болмаған жағдайда төлеушінiң мүлкiне иелiк етуін шектеу туралы шешiм шығарылады.
      Төленбеген кеден төлемдерi мен өсiмдерiн төлеушiнiң шоттарынан өндiрiп алу, төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ мүлiктi иеленудi шектеу туралы шешiм шығару Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Кеден төлемдерi мен салығын төлеуден жалтарған тұлғаларға кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу мерзiмi берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 140-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен .

21-тарау
ТАУАРДЫҢ ШЫҚҚАН ЕЛIН АЙҚЫНДАУ

      141-бап. Тауардың шыққан елiн айқындау

      Тауардың шыққан елi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарды әкелу мен осы аумақтан тауарды әкетудi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру мақсатымен айқындалады. Тауардың шыққан елiн анықтау тәртiбiн осы Заңның ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органдары белгiлейдi.
      Тауар толық өндiрiлген немесе осы Заңмен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi дәрежеде өңделген ел тауардың шыққан елi болып саналады.
      Бұл орайда, егер тауардың шыққан елiн айқындау мақсаты үшiн бұларды бөлiп көрсету қажет болса, оның шыққан елi ретiнде елдер тобы, елдiң кедендiк одақтары, елдiң аймағы немесе бiр бөлiгi ұғынылады.
      Осы елде толық өндiрiлген тауарлар ретiнде:
      1) оның аумағында немесе аумақтық суларында, немесе оның құрлықтық шельфiнде және егер елдiң теңiз қойнауларын игеруге ерекше құқығы болса, теңiз қойнауларында өндiрiлген пайдалы қазбалар;
      2) оның аумағында өндiрiлген немесе жиналған өсiмдiк өнiмi;
      3) онда туған және өсiрiлген жануарлар;
      4) осы елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;
      5) осы елде өндiрiлген аңшылық, балықшылық және теңiз кәсiпшiлiгi өнiмдерi;
      6) осы елдiң кемелерi немесе ол жалға алған (кiреге алған) кемелермен әлемдiк мұхиттардан ауланған немесе өндiрiлген теңiз кәсiпшiлiгi өнiмi;
      7) осы елде жүзеге асырылған өндiрiстiк және басқа операциялардың нәтижесi болып табылатын қайталама шикiзаттар мен қалдықтар;
      7-1) осы елде жүзеге асырылатын өндiрiстiк және өзге де операциялардың нәтижесi болып табылатын және оның аумағында жиналған, кейіннен қайталама шикізат ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін қалдық заттар;
      8) осы елдiң не ол жалдап алған ғарыш кемелерiнде ғарышта алынған өнiм;
      9) осы елде осы баптың 1 - 8-тармақшаларында көрсетiлген өнiмдерден ғана өндiрiлген тауарлар есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 141-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      142-бап. Тауарлардың жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi

      Егер тауарды өндiруге екi және одан да көп ел қатысатын болса, тауардың шыққан жерi жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес  анықталады.
      Сол елде тауарды жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi мыналар болып табылады:
      1) тауарды ұқсату нәтижесiнде пайда болған Тауар номенклатурасы бойынша алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейiндегi тауар айқындамасының (тауарды сыныптау кодының) өзгеруi;
      2) тауарды осы операциялар жасалып тұратын елде шығарылды деп есептеу үшiн жеткiлiктi немесе жеткiлiксiз өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау, бұл орайда мына төмендегi операциялар жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес келмейдi деп есептеледi:
      сақтау немесе тасымалдау кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету операциялары;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау операциялары (тауар топтамаларын бөлу, жөнелтiлiмдердi қалыптастыру, сұрыптау және қайта орап-қаттау);
      қарапайым құрастыру операциялары;
      алынған өнiмге бастапқы құраушылардан елеулi айырмасы бар сипаттамалар бермей-ақ тауарларды (оның құрамдарын) араластыру;
      3) адвалорлық үлес ережесi - тауар құнының өзгеруi, бұл кезде құнның проценттiк үлесi берілiп тұратын тауарлар бағасының тiркелген үлесiне жетедi.
      Осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiн нақты тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Нақты тауарларға немесе тауардың шыққан елiне қатысты айрықша ескертiлмеген жағдайда, жалпы ереже қолданылады, бұл ережеге сәйкес, егер Тауар номенклатурасы бойынша тауар айқындамасы алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейiнде өзгерсе, тауар жеткiлiктi ұқсатылған деп есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 142-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      143-бап. Тауарлар топтамалап берiлiп тұратын кезде
               олардың шыққан елiн айқындау

      Өндiрiс немесе көлiк жағдайларына байланысты тауарларды бiр топтамамен тиеп жiберу мүмкiн болмаған кезде бөлшектелген немесе жиналмаған күйiнде бiрнеше топтамамен берiлiп тұратын тауарлар, сондай-ақ егер қателiк салдарынан тауар топтамасы бiрнеше топтамаға бөлiнген жағдайда, декларанттың қалауы бойынша тауардың шыққан елiн анықтаған кезде бiртұтас тауар ретiнде қаралуға тиiс. Бұл ереженi қолдану шарты мыналар:
      Қазақстан Республикасының кеден органына бөлшектелген немесе жиналмаған тауардың бiрнеше топтамаға бөлiну себептерi, Тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың шартты белгiлерi, құны мен әр топтамаған енгiзiлген тауарлардың шыққан елi, әр топтаманың ерекшелiгi егжей-тегжейлi көрсетiлiп бөлiнгенi туралы алдын ала хабарлау;
      тауарды бiрнеше топтамаға бөлудiң қателiгiн құжатпен дәлелдеу;
      бiр елден келетiн барлық топтаманы бiр берiп тұрушының жеткiзуi;
      барлық топтаманы бiр ғана кеден (кеден күзетi) арқылы әкелу;
      тауарлардың барлық топтамасын кеден декларациясы қабылданған не бiрiншi топтаманы беру мерзiмдерi өткен күннен бастап алты айдан аспайтын уақытта берiп тұру болып табылады.

      144-бап. Тауардың шыққан жерiн растау

      Тауар шыққан елдiң құжатпен расталуы тауардың шыққан жерi туралы сертификат не Қазақстан Республикасының орталық кеден органы анықтайтын тәртiппен берiлетiн өзге де құжаттар болып табылады.
      Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарларды әкеткен кезде тауардың шыққан жерi туралы уәкiлеттi орган беретiн сертификат бұл тиiстi келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген жағдайларда тапсырылады.
      Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелген кезде тауардың шыққан жерi туралы сертификат тек:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден тарифi бойынша артықшылықтар берілген;
      2) егер Қазақстан Республикасы кеден органының тауар тауарлардың сол елден әкелiнуi тарифтiк емес реттеу шараларымен реттелетiн елдерден шығарылады деп топшылауға негiзi болған;
      3) егер бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны, халықтың денсаулығын қорғау, қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiк қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдаЙларда ғана берiледi.
      Өзге жағдайларда тауардың шыққан жері туралы сертификат талап етiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 144-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      145-бап. Тауардың шыққан жерi туралы сертификат

      Тауардың шыққан жерi туралы сертификат көрсетiлген тауардың тиiстi елден шыққанын айқын куәландыруға және онда:
      1) жөнелтушiнiң тауардың шыққан жерi жайындағы өлшемдерге сәйкес келетiнi туралы жазбаша өтiнiшi;
      2) тауар әкетiлетiн елдiң сертификатты берген құзырлы органының сертификатта көрсетiлген мәлiметтер шындыққа сәйкес келетiнi туралы жазбаша куәландыруы болуға тиiс.
      Тауардың шыққан жерi туралы сертификат кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеу кезiнде ұсынылатын өзге де құжаттармен бiрге берiледi. Сертификат жоғалған жағдайда оның сертификаттың түпнұсқасын берген орган ресми куәландырған көшiрмесi қабылданады.
      Сертификаттың мiнсiздiгiне немесе тауардың шыққан елi туралы мәлiметтердi қоса, ондағы мәлiметтерге күмән келтiрген жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы сертификаттi берген органдарға немесе тауардың шыққан елi ретiнде көрсетiлген елдiң құзырлы ұйымдарына қосымша немесе нақтылаушы мәлiметтердi хабарлау жөнiнде өтiнiш жасай алады.
      Тиiсiнше ресiмделген шыққан жерi туралы сертификат немесе сұралған мәлiметтер табыс етiлмейiнше, тауар сол елден шыққан деп есептелмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 145-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 426 Заңымен .

      146-бап. Тауардың шыққан жерiне байланысты себептер
               бойынша тауарды шығарудан бас тарту негiздерi

      Қазақстан Республикасының кеден органы тауар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларын шығаруға болмайтын елден шыққан деп санауға жеткiлiктi негiз болғанда ғана тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы шығарудан бас тарта алады. Аталған негiздер декларантқа жазбаша түрде тапсырылады.
      Тауардың шыққан жерi туралы тиiстi дәрежеде ресiмделген сертификаты немесе мәліметтерді тапсырмау тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуден бас тартуға негiз болып табылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 146-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      147-бап. Тауардың шыққан елiн анықтауға қатысты
               қосымша ережелер

      Кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей тауарлардың шыққан елi туралы тиiстi куәлiк алынған ретте оларға артықшылық режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн.
      Тауарлардың шыққан елiн айқындаған кезде оларды өндiруге пайдаланылатын қуаттың, машиналар мен жабдықтардың және құрал-саймандардың шыққан жерi ескерiлмейдi.
      Мыналар импортталатын тауарлармен бiр елден шыққан деп саналады:
      егер олар осындай тауармен бiрге импортталса және сатылса және арналуы және саны бойынша әдеттегi осындай тауарлардың жарақталуына сәйкес келсе, импортталатын тауармен пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер, аспаптар мен керек-жарақтар;
      егер олар импортталатын тауармен бiр тауарлық позицияда сыныпталса, импортталатын тауар салынған бума материалдар мен контейнерлер.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына үшiншi елдерден әкелiнетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркiн экономикалық аймақтар мен еркiн қоймалардан әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн айқындау ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгерді және 3-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

22-тарау
ТАРИФТIК ЖЕҢIЛДIКТЕР,
ТАРИФТIК АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

      148-бап. Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер

      Тауарларға қатысты кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер осы Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделгеннен басқа жағдайларда жеке сипат ала алмайды.
      Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен беруге тыйым салынады.
      Бұл орайда кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға қатысты кеден төлемдерiн алудан босату және кеден бажының ставкасын төмендету түрiндегi жеңiлдiктер ұғынылады.
      ЕСКЕРТУ. 148-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      149-бап. Кеден төлемдерiн салудан босату

      Кеден бажын салудан мыналар босатылады:
      1) жүктердi, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын азық-түлiк және жол жүру кезiнде, аралық аялдама мекендерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде сол көлiк құралдарының авариясын (ақауын) жою үшiн шетелдерден алынған басқа да мүлiк;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар жалдаған (кiреге алған) кемелердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз етi үшiн Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына әкелетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық валюта, сондай-ақ бағалы қағаздар;
      4)
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
      6) техникалық жәрдем көрсетудi қоса, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан тегiн көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
      6-1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң шетелдiк қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлар; <*>
      7) 7) инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын тауарлар; <*>

      8) <*>
      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарлар;
      10) кеден төлемдерiн салудан босату көзделген кеден режимдерi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
      11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн бажсыз өткiзу нормалары шегiндегi тауарлар;

      12) <*>

      13) <*>
      14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн шет мемлекеттердiң лотереялары;
      15) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келiсiм-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар;
      16) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң, оның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;
      17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
      18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.
      Осы баптың 1), 3), 5), 6), 9), 17), 18) тармақшаларында санамаланған тауарлар кедендік ресімделгені үшін кеден алымдарын салудан босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 149-бап 12-13-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.11.22. N 47-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап 14-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-баптың 14-тармақшасы екінші бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 139-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-баптың 15-тармақшасымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.04.15. N 217 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.13. N 98 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 311 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 375 Заңымен .

      150-бап. Тарифтiк артықшылықтар

      Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен сауда-саяси қатынастарды жүзеге асырған кезде баж салудан босату, баж ставкаларын кемiту немесе артықшылық негiзде әкелу (әкету) квоталарын квота белгiлеу түрiнде Қазақстан Республикасының Кеден тарифi ставкалары бойынша:
      Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құрған немесе осындай одақ (аймақ) құруға әзiрлiк жасап жатқан мемлекеттерден шығатын тауарларға;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі оқтын-оқтын, бiрақ әрi кеткенде бес жылда бiр рет қайта қарап отыратын, ұлттық артықшылықтар жүйесiмен пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға;
      шекара маңындағы сауда айналасындағы тауарларға артықшылықтар белгiлеуге жол берiледi.
      Тарифтiк артықшылықтар тек қана Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 150-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      151-бап. Төленген кеден төлемдерi мен салығын қайтару

      Егер төленген кеден төлемдерiнiң сомасы есептелген сомадан асып кетсе, Қазақстан Республикасының кеден органы:
      1) төлеуші келіскен жағдайда артық (қалдық) соманы осы төлемдер бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызады;
      2) төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қалдықты өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма күн мерзiмде қайтарады.
      Артық төленген салықты қайтару Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде төленген кеден бажы мен салығын қайтару төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн және аталған сомалар соларға сәйкес есептелген және кеден органының депозиттiк шотына төленген құжаттардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының кеден органы алғаннан кейiн келесi банктiк күн аяқталмай жүзеге асырылады.
      Кеден төлемдерi мен салығын қайтарған кезде проценттер төленбейдi.
      Төленген кеден төлемдерiн, сондай-ақ салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген салықты қайтару тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Соттың шешiмiмен орынсыз өндiрiп алынған сомаларды төлеушiге қайтару осы сомаларды төлеу күнi қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде оларды Қазақстан Республикасының кеден органы өндiрiп алған күннен бастап әрбiр күн үшiн өсiм есептеп, үш күн iшiнде жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 151-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      151-1-бап. Талап арыздың ескіру мерзiмi

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын төлеу не кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптарының, сондай-ақ төлеушiлердiң кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына талап арыздың ескiру мерзiмi бес жыл болып белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 151-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      152-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi
               бақылау

      Кеден органдарына өндiрiп алу жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының дұрыс есептелуiн және бюджетке дер кезiнде түсуiн бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.

VI БӨЛIМ
КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ

23-тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      153-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртiбi

      Кедендiк ресiмдеу осы Заңмен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiмен және кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.

      154-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын мен
               уақыт

      Кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн қызмет орындарында, аймақтарында және жұмыс уақытында жүргiзiледi. Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келiсiлген жұмыс режимiмен жүзеге асырады.
      Мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша және соның есебiнен кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiмен өзге де орындарда және Қазақстан Республикасы кеден органының жұмысынан тыс уақытта жүргiзiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудi Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында ғана жүргiзудi белгiлеуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 154-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен .

      155-бап. Кедендiк ресiмдеу кезiнде өкiлеттi тұлғалар
               мен олардың өкiлдерiнiң қатысуы

      Тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде өкiлеттiгi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының кеден органының талап етуi бойынша осы баптың бірінші бөлiгiнде көрсетiлген тұлғалар мен олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде оған қатысуға және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына оны жүргiзуде көмек көрсетуге мiндеттi.

      156-бап. Кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн тiл

      Кеден мақсаттары үшiн құжаттар толтыруды қоса, кедендiк ресiмдеу қазақ немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.

      157-бап. Кеден құжаттарын ресiмдеу және басқа
               мемлекеттiк органдарының бақылауы

      Кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттерде малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асырғаннан кейiн ғана аяқталуы мүмкiн.

      158-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен
               көлiк құралдарын пайдалану және оларға
               иелiк ету

      Осы Заң мен кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделгеннен басқа реттерде, ешкiм де кеден құжаттарын ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және оларға иелiк етуге құқылы емес.
      ЕСКЕРТУ. 158-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      159-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 159-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен.

      160-бап. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi

      Шұғыл жеткiзiлiм кезiнде (табиғи нәубеттер, авариялар, апаттар кезiнде қажеттi тауарлар, тiрi жан-жануарлар, тез бүлiнетiн тауарлар, радиоактивтiк материалдар, бұқаралық ақпарат мақсатындағы хабарлар мен материалдар) кедендiк ресiмдеу оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi.
      Жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн және оны қолдану реттерiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.

      161-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi тауарлармен
               көлiк құралдарымен жасалатын жүк және
               өзге операциялар

      Қазақстан Республикасы кеден органының талап етуi бойынша тауарларды өткiзушi тұлға, тасымалдаушы, қойма иесi және тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде өкiлеттiгi бар өзге тұлға кедендiк ресiмдеуге жататын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдауға, таразыға тартуға немесе көлемiн өзгеше өлшеуге, тиеуге, түсiруге, қайта тиеуге, бүлiнген орамдарын жөндеуге, орауын ашуға, орауға не қайта орауға, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн жайларды, ыдыстарды және басқа орындарды ашуға мiндеттi.
      Егер осы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталмаған өзге жағдайларда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген операциялар Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      Тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын жүк және өзге операциялар Қазақстан Республикасының кеден органы үшiн нендей бiр қосымша шығындарға соқтырмауға тиiс.

      162-бап. Кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн тауарлардың
               сынамалары мен үлгiлерiн алу

      Кедендiк ресiмдеу жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға, соның iшiнде кеден лабораторияларымен бiрлесе отырып, оларға зерттеу (сараптама) жүргiзуге құқылы.
      Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар тұлғалар, олардың өкiлдерi және мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары оны жүзеге асыру мақсатында алуы мүмкiн.
      Сынамалар мен үлгiлер осы сынамалар мен үлгiлердi зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей ең аз мөлшерде алынады.
      Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу туралы құжат Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн үлгiде жасалады.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының кеден органдары мен мемлекеттiк бақылаудың басқа да органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары, сондай-ақ тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде қатысады. Аталған тұлғалар мен олардың өкiлдерi тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына көмек көрсетуге, соның iшiнде сынамалар мен үлгiлер алу үшiн қажеттi жүк және өзге операцияларды өз есебiнен жүргiзуге мiндеттi.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi болмаған кезде мұндай тұлғалар тауарларды ұсынғаннан кейiн он күн өткен соң келмей қалған жағдайда, сондай-ақ кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда тауарларды сынамалары мен үлгiлерiн Қазақстан Республикасының кеден органдары алуы мүмкiн.
      Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн осындай алу кезiнде куәлар қатысады.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi олардан алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне жүргiзiлген зерттеу қорытындыларымен танысуға құқылы. Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары алған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi туралы хабардар етiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары тұлғаның тауарлар сынамалары мен үлгiлерiн алу нәтижесiнде туындаған қандай да болмасын шығындарын өтемейдi. Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден лабораторияларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеу жөнiндегi шығындарын тұлға өтемейдi, бұған мұндай зерттеудiң көрсетiлген тұлғаның бастамасымен жүргiзiлген реттерi жатпайды.
      Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу тәртiбiн, оларды зерттеу мерзiмдерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға иелiк ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.

24-тарау
АЛДЫН АЛА ЖҮРГIЗIЛЕТIН ОПЕРАЦИЯЛАР

      163-бап. Алдын ала жүргiзiлетiн операциялардың
               негiзгi мақсаты

      Алдын ала жүргiзiлетiн операцияларға негiзгi кедендiк ресiмдеу және тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр кеден режимiне орналастыру алдындағы кеден iсiне қатысты барлық iс-әрекеттер жатады.
      Алдын ала жүргiзiлетiн операциялар тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк ресiмдеудi және оларды белгiлi бiр кеден режимiне орналастыруды жеңiлдетуге және тездетуге тиiс.
      Алдын ала жүргiзiлетiн операциялар кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары әкелу мен әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жол бермеуге, сондай-ақ кеден мақсаты үшiн тауарлар мен көлiк құралдарын теңдестiруге бағытталған алдын ала кедендiк ресiмдеу жүргiзедi.

      164-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан
               Республикасы кеден шекарасынан өткендiгi
               туралы немесе оларды Қазақстан Республикасының
               кеден аумағынан тысқары әкету ниетi туралы
               Қазақстан Республикасының кеден органдарын
               хабардар ету

      Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн экономикалық аймақтар мен еркiн қоймалар аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендiгi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етедi.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкеткен кезде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға осы тауарлар мен көлiк құралдарын әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органдарын хабардар етедi. Қазақстан Республикасының кеден органы мұндай хабарларды тiркейдi және одан әрi кедендiк ресiмдеуді жүзеге асыру үшiн тауарлар мен көлiк құралдары келуге тиiс уақыт пен орынды тағайындайды. Егер тауарларды өткiзушi тұлға осылайша хабардар етпейтiн болса, онда мұндай мiндет тасымалдаушыға жүктеледi.
      Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кемежайда немесе әуежайда аялдамастан Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өтетiн теңiз, өзен және әуе кемелерiне қолданылмайды.

      165-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың
               құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден
               органы айқындайтын орынға жеткiзу

      Осы Заңның 164-бабында көрсетiлген хабардар етуден кейiн тасымалдаушы, табиғи тозу немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi салдарынан болған өзгерiстерден басқа, тауарлар мен көлiк құралдарын және олардың құжаттарын кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбастан Қазақстан Республикасының кеден органы айқындаған орынға белгiленген сапар бағыты бойынша жеткiзуге және келгеннен кейiн осы орында болуға мiндеттi.
      Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзу көлiк құралдарының, белгiленген сапар бағыты мүмкiндiктерi мен тасымалдың басқа да шарттарын негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының кеден органы айқындаған мерзiмдерде, бiрақ айына екi мың километр есебiмен белгiленген шектi мерзiмнен асырмай жүргiзiлуге тиiс.
      Тасымалдаушы оның көлiк құралы осы Заңның ережелерiнiң сақталуына кепiлдiк бере алмайды деп санауға Қазақстан Республикасы кеден органының негiздерi болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар мен олардың құжаттарының көлiк құралы тиiсiнше жабдықталған кедендiк алып жүру болған жағдайда ғана тасымалын жүргiзудi не осы Заң пен кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртiппен жүргiзуiн белгiлеуге құқылы.
      Тасымалдаушының көлiк құралын тиiсiнше жабдықтауға кеткен шығынын Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейдi.
      Аталған құралдарды пайдалану мүмкiндiгi болмайтын реттерде тауарлар мен олардың құжаттарын тасымалдауға депозитке тиесiлi соманы енгiзудi қоса кеден бажы мен салықтарының төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда жол берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 165-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      166-бап. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарына
               байланысты қолданылатын шаралар

      Егер тасымалдаушы тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзу кезiнде авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан осы Заңның 165-бабында көзделген мiндеттерiн орындай алмаса, онда ол тауарлар мен көлiк құралдарын сақтау мен қандай да бiр рұқсатсыз пайдалануға жол бермеудi қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдануға, iстiң жайы, тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына дереу хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының кеден органы кеден бақылауын қамтамасыз ету үшiн мұндай жағдайға қандай шаралар қолдануға тиiс екенiн айқындайды.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары осы бапта көзделген шараларды қолдануға байланысты шеккен шығындарды тасымалдаушыға өтемейдi.
      Осы баптың ережелерi сонымен қатар осы Заңның 164-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған теңiз, өзен немесе әуе кемесi Қазақстан Республикасының аумағына аялдама жасауға немесе қонуға мәжбүр болған жағдайларда да қолданылады.

      167-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзiлген
               жерiнде ұсыну

      Жеткiзілген жерiнде тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынылады, ал олардың құжаттары соған табыс етiледi. Ұсыну тауарлар мен көлiк құралдарының келгенi туралы олар келгеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей хабарлама беруден көрiнедi.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарларды ұсынғаннан кейiн кеден құжаттарын ресiмдеу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуы мүмкiн.
      Көлiк құралы мен тауарларды қараусыз қалдыруға, аялдама орнын өзгертуге, тауарларды түсiру мен қайта тиеуге, тауарлардың бастапқы тұрған орнын өзгертуге, жолаушыларды түсiруге, орамды ашуға, тауарларды орауға немесе қайта орауға, теңдестiру құралдарын өзгертуге, алып тастауға немесе жойып жiберуге тек Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен ғана жол берiледi.
      Жолаушылар мен көлiк құралы экипажының өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төнгендiгiн, тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуына, қайтарусыз құруына немесе елеулi түрде бұзылуына қауiп төнгендiгiн тасымалдаушы дәлелдеген ретте ғана, осы баптың үшiншi бөлiгi ережелерiнiң бұзылуы оның жауаптылығына әкеп соқтырмайды.
      Көрсетiлген ережелердi бұзуға әкеп соқтырған жағдайлар туралы тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кеден органын дереу хабардар етедi.
      Қазақстан Республикасының кеден органы осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердiң тез арада орындалуын не олардың осы орган белгiлеген мерзiмде орындалуын кез келген уақытта талап етуге құқылы.
      Осы баптың ережелерiмен көзделген iс-әрекеттер немесе жағдайлар салдарынан болған тасымалдаушының барлық қосымша шығындарын Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейдi.
      ЕСКЕРТУ. 167-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      168-бап. Қысқаша декларация

      Тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр кеден режимiне орналастырғанға дейiн қысқаша декларация қолданылуы мүмкiн.
      Қысқаша декларацияның нысаны мен онда көрсетiлуге тиiстi мәлiметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен қысқаша декларация ретiнде көлiктiк, коммерциялық және өзге де құжаттар, егер бұл құжаттарда қысқаша декларацияға сәйкес мәлiметтер болса, соның iшiнде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдары бiлетiн шетел тiлдерiнде жасалған құжаттар пайдалануы мүмкiн.
      Тасымалдаушы қысқаша декларацияны тауарлар мен көлiк құралдарын ұсынуымен бiр мезгiлде не Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарлар мен көлiк құралдарын ұсынғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
      Егер тауарлар көрсетiлген мерзiм iшiнде белгiлi бiр кеден режимiне орналастырылса, қысқаша декларация берiлмейдi.
      Тасымалдаушының қысқаша декларацияны беру жөнiндегi арнайы өкiлдiгi бар уәкiлi болмаған жағдайда, командир, капитан, жүргiзушi немесе көлiк құралын басқарушы өзге жеке тұлға кеден мақсатындағы осындай өкiл болып табылады.

      169-бап. Алдын ала жүргiзiлетiн операциялар кезiнде
               Қазақстан Республикасының кеден органдары
               алдындағы жауапкершiлiк

      Тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр кеден режимiне орналастырғанға дейiн кеден төлемдерi мен салықтар төлеудi қоса, осы тауарлар мен көлiк құралдары үшiн Қазақстан Республикасы кеден органдары алдындағы бүкiл жауапкершiлiк, осы Заңның 164-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тауарларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға қатысты жағдайды, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да жағдайларды қоспағанда.
      ЕСКЕРТУ. 169-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

25-тарау
УАҚЫТША САҚТАУ

      170-бап. Уақытша сақтау

      Тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынылған кезден бастап және оларды шығарғанға дейiн не таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тұлғаның иелiгiне берiлгенге дейiн кеден бақылауымен уақытша сақтауда болады.

      171-бап. Уақытша сақтау орындары

      Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау кедендiк бақылау аймағында арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайларда, ашық алаңдарда, көлiк құралдарында немесе өзге де орындарда (уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, еркiн қоймаларда) жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың орны мен рәсiмi тауарлардың мақсатына және кедендiк ресiмдеу мерзiмiне байланысты кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен айқындалады.
      Уақытша сақтау қоймаларын - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға әдейi арналған қоймаларды Қазақстан Республикасының кеден органдары не отандық тұлғалар құруы мүмкiн.
      Уақытша сақтау қоймаларының құрылымына жабдықталуына және тұрған орнына қойылатын міндетті талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 171-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      172-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
               лицензия

      Уақытша сақтау қоймалары Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн. Егер уақытша сақтау қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органы құрса, аталған лицензияны алудың қажетi жоқ.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Уақытша сақтау қоймасын құруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата түру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады.
      Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзімді жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 172-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      173-бап. Уақытша сақтау қоймаларының үлгiлерi

      Уақытша сақтау қоймалары кез келген тұлғаның пайдалануы үшiн ашық үлгiде және белгiлi бiр тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық үлгiде болуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймалары ашық үлгiдегi қоймалар болып табылады.
      Егер ашық үлгiдегi қойманы құру тиiмсiз деп санауға жеткiлiктi негiз болғанда ғана жабық үлгiдегi уақытша сақтау қоймалары құрылады.

      174-бап. Уақытша сақтау қоймасына орналастырылуы
               мүмкiн тауарлар

      Уақытша сақтау қоймасына кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн. Басқа тауарларға залал тигiзуi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше шарттарын талап ететiн тауарлар сақтаудың ерекше шарттарына сәйкес арнайы жабдықталған қоймаларда орналастырылуға тиiс.

      175-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша
               сақтау қоймасына орналастыру үшiн қажеттi
               құжаттар

      Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастырған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына тауарлар мен көлiк құралдарын теңдестiру үшiн қажеттi құжаттар ұсынылуға тиiс.

      176-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң мiндеттерi

      Уақытша сақтау қоймасының иесi:
      қойманы кеден бақылауын қамтамасыз етуге қажеттi деңгейде тиiсiнше жайғастыруға;
      сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының кеден бақылауынан өткiзiлмей қоймадан алынбауын қамтамасыз етуге;
      кеден бақылауын жүзеге асыруды қиындатпауға;
      Қазақстан Республикасы орталық кеден органы айқындаған тәртiппен уақытша сақтау қоймасына түскен, сақтаулы және әкетілген тауарлар мен көлiк құралдары туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органына есеп берiп отыруға;
      сақтаулы тауарлар мен көлiк құралдарына үшiншi тұлғаның енуiне жол бермеудi қамтамасыз етуге;
      қажет болған жағдайда қойманы қосарланған бекiту құрылғыларымен жабдықтауға мiндеттi, оның бiреуi Қазақстан Республикасы кеден органының қарауында болғаны жөн;
      уақытша сақтау қоймасын құруға берiлген лицензия шарттарын сақтауға және Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының сақтаулы тауарлар мен көлiк құралдарына олардың талап етуi бойынша кез келген уақытта кiруiн қамтамасыз етудi және осы адамдарға кеден бақылауы мен кеден құжаттарын ресiмдеуiн жүзеге асыру үшiн уақытша сақтау қоймасындағы бөлмелердi, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берудi қоса Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 176-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      176-1-бап. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар

      Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Егер уақытша сақтау орны кеден немесе еркiн қойманың бөлiгi болып табылса, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын мұндай қойманың бiр бөлiгi оқшаулануы, ал Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген жағдайларда - жеке кiрме жолдармен жабдықталуы керек.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 176-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      177-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               уақытша сақтау қоймаларына қатысты қосымша
               құқықтары

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша уақытша сақтау қоймаларында ғана сақталуы мүмкiн тауарлардың тiзбесiн айқындайды, бұл қоймалардың иесi Қазақстан Республикасының кеден органдары болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 177-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      178-бап. Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға
               қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын
               төлегенi үшiн жауапкершiлiк

      Уақытша сақтау қоймасында сақтаулы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу үшiн осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделгеннен басқа ретте осындай қойманың иесi Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдында жауапкершiлiкте болады.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесi болса, онда кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу үшiн уақытша сақтау қоймасына тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырған тұлға жауапкершiлiкте болады, ал мұндай тұлға болмаған жағдайда, тауарлар мен көлiк құралдарының меншiк иесi немесе иеленушi тұлға жауапкершiлiкте болады.

      179-бап. Уақытша сақтау мерзiмi

      Уақытша сақтау мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын беруге қажеттi уақытты, тауар мен пайдаланатын көлiк құралы сипатын негiзге ала отырып белгiлейдi. Белгiленген мерзiмдердi ұзартуды кеден декларациясының тапсырылмауына немесе кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажет басқа да құжаттардың болмауына байланысты Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асыруы мүмкiн.
      Уақытша сақтау қоймасындағы тауарлар мен көлiк құралдарының жалпы болу мерзiмi екi айдан, ал осы Заңның басқа баптарында көзделген жағдайларда соларда көрсетiлген мерзiмдерден аспауы керек.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден немесе еркiн қоймада уақытша сақтау мерзiмi осы баптың екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 179-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      180-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен
               жүргiзiлетiн операциялар

      Уақытша сақтау қоймасының иесi, тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар өзге тұлға және олардың өкiлдерi кеден органының рұқсатымен уақытша сақтау қоймасында тұрған тауарларды қарап көруi және өлшеуі, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеуi мүмкiн.
      Уақытша сақтауда тұрған тауарлар олардың зақымданған құндақтарын түзетудi қоса алғанда, сол күйiнде сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi операцияларға ұшырауы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 180-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

26-тарау
КЕДЕН ДЕЛДАЛЫ (БРОКЕРI)

      181-бап. Кеден делдалы (брокерi)

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында орналасқан мекен-жайы бар, Қазақстан Республикасының орталық кеден органының кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған және өз штатында Қазақстан Республикасы орталық кеден органының, кедендiк ресiмдеу жөнiндегi бiлiктiлiк аттестатын иемденген маманы бар заңды тұлға кеден делдалы бола алады.
      Кеден делдалы өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Кеден делдалының өз өкiлi болатын тұлғамен арадағы қатынасы шарт негiзiнде құрылады.

      182-бап. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру
               құқығына арналған лицензия

      Заңды тұлға Қазақстан Республикасы орталық кеден органының осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алғаннан кейін кеден делдалы ретiнде қызметiн бастай алады.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Кеден делдалы ретінде қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      Кеден органы кеден делдалдары тiзбесiнiң мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 182-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      183-бап. Кеден делдалының құқықтары мен мiндеттерi

      Кеден делдалы өз атынан кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi операцияны жасайды және өкiлдiк берушi тұлғаның есебiнен және оның тапсыруы бойынша кеден iсi саласында кеден делдалы туралы Ережеге сәйкес басқа да делдалдық мiндеттер атқарады.
      Кеден делдалының құқықтары мен мiндеттерi барлық кеден делдалдары үшiн ортақ болып табылады. Жекелеген кеден делдалдары үшiн жеке сипаттағы жеңiлдiктер, айрықша (ерекше) құқықтар мен өзге артықшылықтар беруге, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тыйым салынады.
      Кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кезде кеден делдалы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өздiгiнен дербес өткiзгендегiдей барлық мiндеттердi орындап, жауапкершiлiктi өзiне алады.
      ЕСКЕРТУ. 183-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      184-бап. Кеден делдалдарының тiзiлiмi

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы кеден делдалдарының тiзiлiмiн жүргiзедi және оның мезгiл-мезгiл жариялануын қамтамасыз етедi.

      185-бап. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маман

      Қазақстан Республикасы орталық кеден органының бiлiктiлiк аттестаты бар маманның кеден делдалы атынан кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi iстердi жүргiзуге құқығы бар.
      Кеден делдалы атынан кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi iстердi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған маман жүргiзген кезде, егер кеден делдалы басқаша дәлелдемесе, онда ол кеден делдалы осы iске уәкiлдiк берген маман деп саналады.
      Кеден делдалы Қазақстан Республикасы кеден органдары алдында маманның кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi мiндеттерiн шектей алмайды.
      Өтiнiштердi қарау және бiлiктiлiк аттестатын беру тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөнiнде мамандарға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы кедендiк ресiмдеу жөнiнде мамандардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
      Егер:
      1) өтiнiш иесi ұсынған аттестат беру туралы шешiм қабылдау үшiн елеулi мәнi бар толық емес немесе күмәндi мәлiметтер негiзiнде аттестат берiлсе;
      2) маман Қазақстан Республикасының кеден органдары алдында өз мiндеттерiн орындамаса;
      3) маман кеден заңдарының талаптарын бұзса не орындамаса;
      4) маман Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн кiнәлi деп танылса, сондай-ақ осы Заңда көзделген құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда;
      5) маман өзi өкiл болып саналатын тұлғаға, соның iшiнде коммерциялық құпия немесе жасырын ақпарат болып табылатын мәлiметтердi заңсыз пайдалану арқылы заңсыз түрде елеулi зиян келтiрсе;
      6) кеден құжаттарын ресiмдеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарын кеден төлемдерi мен салықтарға қатысты бөлiгiнде бұзса, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алуы мүмкiн.
      Қайтарып алу, біліктілік аттестаты берілген күннен бастап күшіне енетін өтiнiш берушi тапсырған толық емес немесе күмәндi мәлiметтердiң негiзiнде берiлген білiктiлiк аттестатын қайтарып алуды қоспағанда, қайтарып алу туралы бiлiктiлiк аттестатын ұстаушы ресми хабарлаған күннен бастап күшiне енедi.
      Бiлiктiлiк аттестатын беру туралы қайталап берiлген өтiнiш ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған күннен бастап алты ай өткен соң, осыған негiз болған себептер жойылған жағдайда қаралуы мүмкiн.
      Егер аттестат өтiнiш иесiне беру тәртiбiн бұза отырып берiлсе, кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатының күшi тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Тоқтата тұру, тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
      Кеден делдалы банкрот деп танылған жағдайда онда жұмыс iстейтiн мамандардың бiлiктiлiк аттестаттары Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен қайта тiркелуге тиiс.
      Бiлiктiлiк аттестатының күшiн Қазақстан Республикасының кеден органдары екi айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
      Кеден iсiн құқықтық реттеуде айтарлықтай өзгерiс болған жағдайда, кеден құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi маман бiр ай мерзiм iшiнде өз бөлiмiнiң осындай мамандарға қойылатын жаңа талаптарға сәйкес келетiндiгiн дәлелдеуге тиiс. Мұндай шартты сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы осындай дәлел болғанға дейiн, бiрақ екi айдан асырмай бiлiктiлiк аттестатының күшiн тоқтата тұрады, ал маман өз бiлiмiнiң сәйкестiгiн бiлiктiлiк аттестатының күшi тоқтатылған мерзiм iшiнде дәлелдей алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы бұл аттестатты қайтарып алады. Кеден iсiн құқықтық реттеудiң айтарлықтай өзгергенi туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы қабылдайды.
      Бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе оның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмге осы Заңның 388-395-баптарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 185-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      186-бап. Лицензия, бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн
               алынатын алымдар

      Кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия, кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалған тәртiп пен мөлшерде алым алынады.
      Кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру, кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алу, күшiн тоқтата тұру барысында лицензия немесе аттестат бергенi үшiн алым қайтарылмайды.

      187-бап. Кеден делдалы мен оның қызметкерлерiнiң
               ұсынған адамнан алынған ақпаратқа қатысы

      Кеден делдалы мен оның қызметкерлерi кеден мақсаттары үшiн ұсынылған адамнан алған ақпаратты тек сол мақсатқа ғана пайдаланады.
      Оны ұсынған адамның құқықтарына әрi заңмен қорғалатын мүддесiне құқыққа жат залал келтiруге жол берiлмейдi.
      Коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан түзiлген ақпарат, сондай-ақ оны ұсынған тұлғаның жасырын ақпараты жария етiлмейдi, кеден делдалдары мен оның қызметкерлерiнiң жеке мақсатына пайдаланылмайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайлардан басқа реттерде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға (Қазақстан Республикасының кеден органдарынан басқа) берiлмейдi.

27-тарау
Кедендiк тасымалдаушы

      188-бап. Кедендiк тасымалдаушы

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алған заңды тұлға кедендiк тасымалдаушы бола алады.
      Кедендiк тасымалдаушы өзiнiң қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Кедендiк тасымалдаушының мүдделi тұлғалармен өзара қатынасы шарттық негiзде құрылады.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметпен айналысуға берілген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 188-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      189-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 189-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      190-бап. Кедендiк тасымалдаушыны тiркеу және
               олар туралы ақпарат ұсыну

      Қазақстан Республикасының кеден органы осы кеден органының қызмет аймағында осындай мiндет атқаруға ниет бiлдiрген кедендiк тасымалдаушыларды тiркейдi.
      Тiркеу кедендiк тасымалдаушының өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Кеден органы жалпыға бiрдей таныстыру үшiн тiркелген кедендiк тасымалдаушылардың тiзбесiн ұсынады.

      191-бап. Кедендiк тасымалдаушы мен ондағы
               қызметкерлердiң тауарлар мен олардың құжаттары
               жөнелтушiден алған ақпаратқа қатынасы

      Жөнелтушiден алынған, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан түзiлген тауарлар мен олардың құжаттарына қатысты ақпарат, сондай-ақ жасырын ақпарат жария етiлмейдi, кедендiк тасымалдаушы мен ондағы қызметкерлердiң жеке мақсатына пайдаланылмайды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегiден басқа жағдайларда үшiншi тұлғаларға, мемлекеттiк органдарға (кеден органдарынан басқа) берiлмейдi.

28-тарау
Мәлiмдеу

      192-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеу

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары, кеден режимi өзгерiске ұшырайтын тауарлар мен көлiк құралдары, сондай-ақ басқа да тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмдеуге жатады.
      ЕСКЕРТУ. 192-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      193-бап. Мәлiмдеу нысаны

      Мәлiмдеу тауарлар мен көлiк құралдары туралы, олардың кеден режимi туралы дәл мәлiметтердi және кеден мақсаттарына қажеттi басқа да мәлiметтердi белгiленген нысанда (деректердi жазбаша, ауызша, электронды беру және өзге де түрде) мәлiмдеу арқылы жүргiзiледi.
      Мәлiмдеудiң нысаны мен тәртiбiн, сондай-ақ кеден мақсаттарына қажеттi мәлiметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.

      194-бап. Мәлiмдеу орны

      Тауарлар кеден құжаттарын ресiмдеу жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмделедi.
      Тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендерден басқа жағдайларда, тауарлармен бiр мезгiлде мәлiмделедi.
      Теңiз, өзен және әуе кемелерi Қазақстан Республикасының кеден аумағына келiп жатқан кемежайда немесе әуежайда не Қазақстан Республикасының кеден аумағынан жөнелтiлетiн кемежайда немесе әуежайда мәлiмделедi.
      Бос көлiк құралдары мен жолаушылар таситын көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезде мәлiмделедi.

      195-бап. Кеден декларациясын беру мерзiмдерi

      Кеден декларациясын тапсыру мерзiмi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырған күннен бастап он бес күннен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ерекше сақтау жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) тауарларға қатысты кедендiк декларация тапсырудың мерзiмi оларды Қазақстан Республикасының кеден органына табыс еткен күннен бастап үш күннен аспауға тиiс.
      Жеке тұлғалар тауарларды өткiзген кезде осы Заңның 108-бабына сәйкес кеден декларациясы тауарларды ұсынумен бiр мезгiлде берiледi.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiн бос көлiк құралдары мен жолаушылар таситын көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тiкелей өткен уақытта мәлiмделедi.
      Осы бапта көрсетiлген мерзiмдер Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындаған тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен ұзартылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 195-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 195-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен .

      196-бап. Декларант

      Осы Заңның 108-бабына сәйкес жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуi мен Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындағаннан өзге жағдайларда, тек отандық тұлға ғана декларант бола алады.
      ЕСКЕРТУ. 196-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      197-бап. Декларанттың мiндеттерi мен құқықтары

      Осы Заңда көзделген өзге құқықтардан басқа декларант кеден декларациясын бергенге дейiн кеден бақылауымен тауарлар мен көлiк құралдарын қарап, өлшеуге, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға құқылы. Тауарларға қатысты берiлетiн кеден декларациясымен қамтылған  жағдайда сынамалар мен үлгiлерге жеке кеден декларациясы берiлмейдi.
      Декларант тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi, оларды тасымалдаушы тұлға не тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғамен шарт бойынша оларды мәлімдейтін тұлға болып табылатынына қарамастан, осы Заңда көзделген барлық мiндеттердi орындайды және толық көлемде жауап бередi, соның iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеу кезiнде декларант:
      осы Заңға сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеудi жүргiзуге;
      Қазақстан Республикасы кеден органының талап етуi бойынша мәлiмделетiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетуге;
      кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынуға;
      кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге;
      кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, соның iшiнде талап етiлетiн жүк тасымалы мен өзге де операцияларды жүргiзуде Қазақстан Республикасының кеден органдарына көмек көрсетуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 197-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      198-бап. Кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар мен
               қосымша мәлiметтер

      Кеден декларациясын беру Қазақстан Республикасының кеден органына кеден декларациясын толтыруға негiз болатын және:
      кеден ресімдеуіне жататын тауарлар мен көлік құралдарына меншік құқығын (иелену немесе пайдалану құқығын);
      декларанттың өз атынан кеден декларациясын беру өкiлеттiгiн тауарларды өткiзу фактiсiн;
      тауарлардың кеден құны мен шығу тегiн;
      кеден төлемдерi мен салығының төленгенiн және (немесе) тарифтiк жеңiлдiктер немесе тарифтiк артықшылықтар, салық төлеу жөнiнде жеңiлдiктер беруге негiздеменi;
      стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін;
      сондай-ақ уәкілеттi мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттарын растайтын құжаттарды және Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсырумен қоса жүргiзiлуге тиiс.
      Қажет құжаттар тiзбесiн осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды және ол мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
      Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясында, кеден мақсаттары үшiн тапсырылған құжаттарда келтiрiлген ақпаратты тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының кеден органы жетiспейтiн құжаттар мен мәлiметтердi беру үшiн мерзiм белгiлеуге құқылы. Қосымша құжаттар беру талабы декларация қабылдауда және тауарлар шығаруда бас тартуға негiз бола алмайды.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру күнi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн тапсырылған құжаттар тiзбесiнде көрсетiледi және Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының дербес мөрiмен куәландырылады.
      Куәландырылған соң тiзбе декларантқа қайтарылады.
      Құжаттардың ресiмделуi жөнiнде ескертпелер және/немесе қосымша құжаттар беру қажет болған жағдайда, декларантқа қайтарылатын тiзбеде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасы куәландыратын тиiстi жазба жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 198-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      199-бап. Кеден декларациясын қабылдау

      Берiлген кеден декларациясын Қазақстан Республикасының кеден органы қабылдайды. Кеден декларациясын қабылдау Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындаған тәртiппен ресiмделедi.
      Қабылдау ресiмделген кезден бастап кеден декларациясы заң күшi бар құжат болып табылады.
      Қазақстан Республикасы кеден органының кеден декларациясын қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Қазақстан Республикасы орталық кеден органы белгiлеген тәртiп бұзылып ресiмделген кеден декларациялары бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын шығару жөнiндегi жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 199-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      200-бап. Кеден декларациясын өзгерту және толықтыру

      Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді декларант өзгертуі немесе толықтыруы, ал берiлген кеден декларациясын ол керi қайтарып алуы мүмкiн.
      Осылай өзгерту, толықтыру немесе керi қайтарып алу кеден декларациясын тексеру аяқталғанға немесе тауарлар мен көлік құралдарын қарап шығу басталғанға немесе Қазақстан Республикасының кеден органы декларацияда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтағанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
      Кеден декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу аясын кеңейте немесе тарылта алмайды.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамашылығымен, тұлғаның тапсыруы немесе өтiнiшi бойынша жазбаша кеден декларациясын толтыруға, кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ, бұған Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзыретiне жатқызылған мәліметтерді кеден декларациясына енгізу, сондай-ақ машинамен өңдеу үшін пайдаланылатын кодталған мәліметтерді, егер осындай мәліметтер кодталмаған күйiнде декларацияда бар болса, өзгерту немесе толықтыру қосылмайды.
      Кеден декларациясын қайтарып алу кезiнде жаңа кеден декларациясын тапсыру жалпы белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Кеден декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны қайтарып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 200-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      201-бап. Уақытша немесе толық емес декларация

      Егер декларант ерекше себептерге байланысты толық кеден декларациясын бере алмаса, Қазақстан Республикасының кеден органы уақытша немесе толық емес кеден декларациясында кеден мақсаттары үшiн қажеттi негiзгi мәлiметтер көрсетiледi және жетпеген мәлiметтер Қазақстан Республикасы кеден органы белгiлеген мерзiмдерде берiлетiн болады деген жағдайда Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындаған тәртiппен уақытша немесе толық емес кеден декларациясын беруге рұқсат ете алады.

      202-бап. Мерзiмдi және алдын ала декларациялау

      Белгiлi бiр тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр тұлға ұдайы өткiзетiн кезде Қазақстан Республикасының кеден органы уақыттың белгiлi бiр кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдарына бiр кеден декларациясын беруге рұқсат ете алады.
      Декларант тауарлар келерден бұрын отыз күннен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органына жүгiнген жағдайда тауарларды алдын ала декларациялау рәсiмi қолданылады.
      Тауарларды мерзімді және алдын ала декларациялау тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 202-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

VII БӨЛIМ
КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ

29-тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      203-бап. Кеден бақылауын жүргiзу және оның нысандары

      Кеден бақылауын Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру, кеден бақылауының ерекше нысаны ретiнде жеке тексеру, тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдар арасында ауызша сауалнама жүргiзу, есепке алу мен есеп беру жүйесiн тексеру, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркiн қоймалардың, еркiн кеден аймақтары объектiлерiнiң, бажсыз сауда дүкендерiнiң аумақтары мен үй-жайларын, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн не Қазақстан Республикасы кеден органдары бақылау жасау жүктелген қызмет жүзеге асырылатын бас да орындарды тексеру нысанында және осы Заң мен Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдарында көзделген басқа да нысандарда жүзеге асырады.
      Кеден бақылауын жүргiзген кезде адам өмiрi мен денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктерге қауiпсiз және тұлғаларға, тауарларға, көлiк құралдарына зиян келтiрмейтiн техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн.
      Кеден бақылауын жүргiзу ережелерiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 203-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      204-бап. Кеден бақылауының аймақтары

      Кедендiк ресiмдеу, Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындаған өзге де жерлерде кеден бақылауын жүзеге асыру мақсатында кедендiк бақылау аймағы құрылады. Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды. Өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметтi жүзеге асыруға, тауарларды, көлiк құралдары мен тұлғаларды, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың өзге де лауазымды адамдарын, Қазақстан Республикасының заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, осындай аймақтардың шекаралары арқылы және олардың шегiнде өткiзуге Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсат етуiмен және оның бақылауымен ғана жол берiледi. Аталған жағдайларда кеден бақылауы аймақтарына кiруге Қазақстан Республикасының кеден органын алдын ала хабардар ету арқылы рұқсат етiледi.

      205-бап. Кеден бақылауы үшiн қажеттi құжаттар мен
               мәлiметтер

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жасау жүктелген қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кеден бақылауы үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi осы органдарға ұсынуға мiндеттi. Оларды ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары кеден бақылауын жүргiзу үшiн банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғалардың, кеден делдалдарының не Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жасау жүктелген қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалардың жасайтын операциялары мен есепшоттарының жайы туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының салық және өзге де бақылаушы органдары өз бастамасымен не Қазақстан Республикасы кеден органдарының сұрау салуы бойынша кеден бақылауы үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы осы органдарды хабардар етедi.
      Кеден бақылауы үшiн қажет құжаттарды кеден органдары, тауарлар өткiзетiн тұлғалар, кеден делдалдары және Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жүктелген қызметпен кемiнде бес жыл айналысатын өзге де тұлғалар сақтайды.
      ЕСКЕРТУ. 205-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      206-бап. Мамандар мен сарапшыларды кеден бақылауын
               жүргiзуге көмектесу үшiн тарту

      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден бақылауын жүргiзуге көмектесу үшiн құқық қорғау және бақылаушы органдардың мамандарын, кез келген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды, сондай-ақ сарапшыларды шарттық негiзде тартуға құқылы.
      Мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк заңды тұлғаларда жұмыс iстейтiн мамандар мен сарапшылардың жұмыс орындарындағы орташа айлық еңбекақысы сақталады. Мамандар мен сарапшыларды тартуға байланысты шығынды, жол жүру, үй-жай жалдау, тәулiктiк, жұмыс үшiн сыйақы төлеу шығындарын қоса алғанда, егер ол жұмыс осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк заңды тұлғаларда жұмыс iстейтiн мамандар мен сарапшылардың қызмет мiндеттерiнiң аясына кiрмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары мойнына алады.
      Маманды немесе сарапшыны кеден бақылауын жүргiзуге көмектесу үшiн тарту туралы Қазақстан Республикасы кеден органының сұрау салуы осы маман немесе сарапшы жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның немесе мемлекеттiк заңды тұлға басшысының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 206-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      207-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдары
               лауазымды адамдарының кеден бақылауын
               жүргiзу үшiн аумақтар мен үй-жайларға кiруi

      Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында осындай бақылаудан өткiзiлуге тиiстi тауарлар мен көлiк құралдары, кеден бақылауы үшiн қажеттi құжаттар болуы мүмкiн не бақылауы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын кез келген тұлғаның аумақтары мен үй-жайларына, кiруге прокурор санкция беретiн үй-жайларды қоспағанда, тиiстi тәртiппен ресiмделген ұйғарым болған кезде (тiнту және тексеру жүргiзбей) кiруге құқығы бар. Прокурордың санкциясы талап етiлетiн iс-әрекеттер кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда онсыз, бірақ кейін жиырма төрт сағат ішінде оны жазбаша хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Аталған хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.
      ЕСКЕРТУ. 207-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 207-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен .

      208-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын, үй-жайлар
               мен басқа орындарды теңдестiру

      Кеден бақылауына жататын көлiк құралдары, үй-жайлары сыйымдылықтар және тауарлар мен көлiк құралдары тұратын немесе болуы мүмкiн басқа орындарды, Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жасау жүктелген қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден органдары теңдестiруi мүмкiн.
      Теңдестiру қорғасын мөрлер, жай мөрлер басу арқылы санмен, әрiппен және өзге де таңбалау, теңдестiру белгiлерiн штамп басу, сынамалар мен үлгiлер алу, тауарларды сипаттау, сызбалар жасау, ауқымды кескiндер, фотосуреттер, көркем безендiрулер дайындау, тауарға iлеспе және өзге де құжаттамалар мен тәсiлдердi пайдалану арқылы жүргiзiледi.
      Тауарлар мен көлiк құралдарының жойылып кетуiне, бiржола жоғалуына немесе айтарлықтай бұзылуына анық қатер төндiруден басқа жағдайларда, теңдестiру құралдары тек қана Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен өзгертiлуi, алынып тасталуы немесе жойылуы мүмкiн. Теңдестiру құралдарының өзгертiлгенi, алынғаны және жойылғаны туралы Қазақстан Республикасының кеден органдарына дереу хабарланып, аталған қатердiң болу дәлелдерi келтiрiледi.

      209-бап. Кеден мақсатында қаржы және сыртқы
               экономикалық қызметтi тексеру

      Қазақстан Республикасы кеден органдарына орындалуын бақылау жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аталған заңдар мен шарттар сақталмайды не толық сақталмайды деп есептеуге негiздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кедендерi мен жоғары тұрған кеден органдары өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғалардың, кеден делдалдарының не бақылауы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қызметтi жүзеге асырушы өзге де тұлғалардың қаржы және сыртқы экономикалық қызметiн тексерудi тағайындауға не жүргiзуге құқылы.
      Қаржы және сыртқы экономикалық қызметiне тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары кеден iсi мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметiне қатысты сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға байланысты кез келген құжаттамалар (банк құжаттарын қоса) мен ақпараттың тегiн берiлуiн талап етуге және олармен танысуға, лауазымды адамдар мен басқа қызметкерлерден анықтамалар, жазбаша және ауызша түсiнiктемелер алуға, үй-жайларға сүргi салуға, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген нысанда жасалған актi бойынша, егер олар басқа жерде тексерiлетiн болса, құжаттарды алуға құқылы. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзiмде қайтарылуға тиiс. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары құжаттамамен және ақпаратпен танысуға арналған орын мен уақытты белгiлей алады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi iс-әрекеттерi қаржы және сыртқы экономикалық қызметi тексерiлетiн тұлғаға заңсыз нұқсан келтiрмеуге тиiс. Тексеру қорытындылары бұл тұлғаға дереу хабарланады.
      Тексеру нәтижесiнде алынған барлық ақпарат жасырын болып табылады және оған осы Заңның 16-бабы ережелерiнiң күшi қолданылады.

      210-бап. Кеден бақылауын iрiктеп жүргiзу

      Кеден бақылауын жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдары орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандары пайдаланады.
      Кеден бақылауының басқа нысандары қолданбау не олардан босату - тұлғаларды осы Заң ережелерiн, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау мiндетiнен босату дегендi бiлдiрмейдi.
      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары, осы Заңның 211-бабында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда, Заңда аталған кеден бақылауының барлық нысандарын пайдалана алады.

      211-бап. Кеден бақылауының белгiлi бiр нысандарынан
               босату

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсi Төрағасының және олармен бiрге жүрген отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүгi кеден тексеруiне жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi төрағасының жеке қол жүгi, егер аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өздерiнiң, тиiсiнше депутаттық немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты өтетiн болса, кеден тексеруiне жатпайды.
      Егер Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өздiгiнен келе жатқан шетелдiк әскери корабльдер (кемелер), жауынгерлiк және әскери-көлiк әуе кемелерi мен әскери техника кеден тексеруiнен босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 211-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      212-бап. Жеке тексеру

      Кеден бақылауының нысаны ретiнде жеке тексеру Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн не кеден бақылауы аймағында немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден органдарына орындалуын бақылау жүктелген Қазақстан Республикасы заңдарын немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп санауға негiз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы, кеден басқармасы, кедендерi бастығының немесе оның орнындағы адамның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      Жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiм Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiпте жазбаша ресiмделедi.
      Жеке тексеру басталар алдында Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға Қазақстан Республикасы кеден органы бастығының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру жүргiзу туралы шешiмiн беруге, жеке тұлғаны оның осындай тексерудi жүргiзу кезiндегi құқықтары және мiндеттерiмен таныстыруға және жасырған тауарларды ерiктi түрде беруге ұсыныс жасауға мiндеттi.
      Өзiне жеке тексеру жүргiзiлетiн жеке тұлғаның:
      жеке тексеру басталғанға дейiн жеке тексерудi жүргiзу тәртiбiмен және жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiммен танысуға;
      Қазақстан Республикасы заңдарын немесе Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын бұзу объектiлерi болып табылатын өзiндегi жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
      жеке тексерудi жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарына мәлiмдеме жасап, оны жеке тексерудi жүргiзу тәртiбi туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзуге;
      жеке тексерудi жүргiзу нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
      осы Заңның ХV бөлiмiне сәйкес жеке тексерудi жүргiзушi Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне шағым жасауға;
      адвокат қызметiн пайдалануға құқығы бар.
      Өзiне жеке тексеру жүргiзiлген жеке тұлғаға жеке тексеру жүргiзiлгенi, тауарлар алынып қойғаны туралы актiнiң көшiрмесi берiледi.
      Жеке тексерудi Қазақстан Республикасы кеден органының тексеруден өтушімен бiр жыныстағы лауазымды адамдары сол жыныстағы екi бөгде куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуiне және олардың тарапынан жеке тексерудің жүргiзiлуiн байқау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiлетiн адамның дене мүшелерiн тексерудi тек қана медицина қызметкерлерi жүргiзуге тиiс.
      Жеке тексеру жүргiзiлгендiгi туралы хаттама Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген нысанда жасалады.
      Хаттамаға жеке тексеру жүргiзген Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы, өзiне тексеру жүргiзiлген жеке тұлға, бөгде куәгерлер, ал медицина қызметкерi тексеру жүргiзген кезде осы қызметкер де қолдарын қояды. Өзiне тексеру жүргiзiлген жеке тұлға осы хаттамада мәлiмдеме жасауға құқылы.

30-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗIЛЕТIН ТАУАРЛАР
МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН
ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР

      213-бап. Кеден бақылауына жататын тауарлар мен
               көлiк құралдары

      Осы Заңның 211-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауына жатады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары, басқа мемлекеттердiң аумағында жүрген кемелер мен шетелдiк кемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өтiп кеткен көлiк құралдарын ықтиярсыз тоқтатуға теңiз, өзен және әуе кемелерiн қайтаруға құқылы.

      214-бап. Кеден бақылауында болу уақыты

      Тауарлар мен көлiк құралдары кеден режимiне сәйкес кеден бақылауы басталған кезден бастап, аяқталғанға дейiн кеден бақылауында болады.
      Тауарлар мен көлiк құралдары әкелiнген кезде кеден бақылауы олардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезiнде басталады және Қазақстан Республикасы аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн айналысқа шығарған кезде не Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан керi өткен кезде аяқталады.
      Шетке әкетiлген жағдайда кеден бақылау кеден декларациясын қабылдаған сәттен басталады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен сәтiнде аяқталады.

      215-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан
               кейiнгi кеден бақылауы

      Егер орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдарының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының бұзылғандығы туралы жеткiлiктi негiздер бар деп саналса, тауарлар мен көлiк құралдарының шығарылғанына қарамастан осы тауарлар мен көлiк құралдарына кеден бақылауы кез келген уақытта жүргiзiлуi мүмкiн.
      Аталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарының бар-жоғын тексеруге, оларды қайтадан кеден тексеруiнен өткiзуге, кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi қайта тексеруге, сол тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық және кейiнгi коммерциялық операцияларға қатысты коммерциялық құжаттар мен басқа да ақпаратты тексеруге құқылы. Тексеру декларанттың, сол операцияларға тiкелей немесе жанама түрде қатысы бар немесе қажеттi құжаттарды иеленген кез келген өзге тұлғаның орналасқан жерлерiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда тұлғалар осы Заңның ережелерiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      216-бап. Кеден декларациясын, құжаттарды тексеру
               және тауарлар мен көлiк құралдарын қарап
               шығудың мерзiмдерi

      Кеден декларациясын, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын қарап шығуды, оның iшiнде шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде тексеру мен қарап шығуды, ал тауарлардан алдын-ала мәлiмдеген жағдайда - кеден декларациясы мен құжаттарды тексерудi Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын қабылдап алған және кеден мақсаттары үшiн қажет барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.
      Шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде қолданылатын мерзiмдi қоспағанда, аталған мерзiмдi кеден декларациясын қабылдап алған күннен бастап он күнге дейiн ұзартуға Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
      ЕСКЕРТУ. 216-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      217-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексерудi
               жүргiзген кезде декларанттың, тауарлар
               мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi
               бар өзге де тұлғалардың және олардың
               өкiлдерiнiң қатысуы

      Декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi тауарлар мен көлiк құралдарын тексерген кезде өз бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
      Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының талап етуi бойынша аталған адамдар осындай тексеру кезiнде қатысуға және Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушының арнайы өкiлеттiгi бар өкiлi болмаған кезде кеден мақсаттары үшiн мұндай өкiл көлiк құралын басқарушы жеке тұлға болып табылады.
      Қазақстан Республикасының кеден органы декларант, не тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар өзге тұлғалар мен олардың өкiлдiгi болмаған кезде, мына жағдайларда:
      аталған тұлғалар тауарлар мен көлiк құралдары ұсынылғаннан кейiн он күн iшiнде келмеген жағдайда;
      мемлекет қауiпсiздiгiне, адам өмiрi мен денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктерге, айналадағы табиғи ортаны қорғауға, Қазақстан Республикасы халқының көркем, тарихи және археологиялық игiлiктерiне қатер төнген жағдайда және кезек күттiрмейтiн басқа да жағдайларда;
      тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберген жағдайда;
      тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден аумағына кеден режимiн бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын тексерудi жүргiзуге құқылы.
      Аталған жағдайларда тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру бөгде куәлардың қатысуымен жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы бекiткен нысан бойынша кеден тексеруiнiң актiсiмен ресiмделедi.

      218-бап. Кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк
               құралдарын түгендеу

      Қазақстан Республикасының кеден органдары кез келген уақытта кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген немесе кеден төлемдерi мен салықтарына қатысты бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарларды түгендеуге құқылы.

      218-1-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн
                 қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасына
                 әкелуге және Қазақстан Республикасынан
                 әкетуге шектеулер

      Қазақстан Республикасы орталық кеден органының интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар тiзілiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды  Қазақстан Республикасының аумағына әкелу не Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес осы Заңмен белгiленген тәртiппен және интеллектуалдық меншiк объектiлерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүзеге асырылады.

      218-2-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын
                 тауарларды тiркеу туралы өтiнiш

      Интеллектуалдық меншік объектілерін қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасы орталық кеден органының тiзiлiмiне енгiзу интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Өтiнiш беру, қарау және тiзiлiмге енгiзу тәртiбiн құзыретiне интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жатқызылған, мемлекет уәкiлеттiк берген органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы интеллектуалдық меншік объектілерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзедi және оны мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар:
      1) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша;
      2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды тiзiлiмге енгiзген кезде терiс мәлiметтер берілген жағдайда;
      3) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң өзгергенi жайында белгiленген мерзiмде хабарламағанда;
      4) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығы күшiн тоқтатқанда тiзiлiмнен алып тасталуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы құқық иеленушiнi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлардың тiзiлiмнен алып тасталғандығы туралы дереу хабардар етедi.
      Құқық иеленушi Қазақстан Республикасының орталық кеден органына оның интеллектуалдық меншiк объектiсiне құқығы жарамсыз болып қалғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.

      218-3-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн
                 қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасының кеден органы, егер Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар арыз берушiнiң интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығын бұзады деген белгiлердi анықтаса, Қазақстан Республикасының орталық кеден органының тiзiлiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұрады.
      Қазақстан Республикасының кеден органы интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде құқық иеленушi мен декларантты тоқтата тұру және оның себептерi туралы хабардар етедi, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушiнiң атауы мен мекен-жайын, ал құқық иеленушiге - декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
      Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтатқан жағдайда, құқық иеленушi осындай тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты декларанттың залалдарын өтеуге жеткілікті мөлшерде енгізілетін соманы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Аталған мөлшердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi.

      218-4-бап. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау
                 мақсатында кедендік ресімдеуді тоқтата
                 тұру мерзімі

      Қазақстан Республикасының кеден органдары интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды он жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
      Қазақстан Республикасының заңдарында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл мерзiмдi қосымша он жұмыс күнiне ұзартуы мүмкiн.
      Егер өтiнiш берушi ұсталған тауарлардың әкелiнуi немесе әкетiлуi фактiсiне байланысты интеллектуалдық меншiкке құқықтың бұзылуы туралы сот iсiн қозғау туралы дәлелдемелердi тапсырмаса, құқық иеленушiге алдын ала хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары аталған мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген өзге талаптар орындалған жағдайда тауарларды шығаруға шектеудi тоқтатады.
      Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі ішінде сот ісі қозғалған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының талап арыз талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн тауарлар шығарулы жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Өнеркәсiптiк үлгiлердi, патенттердi, интегралдық схемалардың топологияларын немесе жасырын ақпаратты қамтитын тауарларды шығару декларант құқық иеленушiнiң мүдделерiн қорғау үшiн қажет қамтамасыз етудi кемiнде бiр ай мерзiмге берген жағдайда жүзеге асырылады.

      218-5-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне
                 құқықты қорғау жөнiнде шаралар қолданбағаны
                 немесе талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершілiк

      Қазақстан Республикасының кеден органы осы Заңның 218-2-218-4-баптарында көзделген шараларды қолданбағаны не осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды бұза отырып, тауарлар шығаруды тоқтатқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 218-1 - 218-5-баптармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

VIII БӨЛIМ
ВАЛЮТА БАҚЫЛАУЫ

31-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫНЫҢ ВАЛЮТА
БАҚЫЛАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ

      219-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
               валюта бақылауы органы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасындағы валюта бақылау органы болып табылады.
      Валюта бақылауын жүзеге асыру кезiндегi басқа кеден органдарының қызметi мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасы кеден органдарының валюта бақылауы саласындағы құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.

      220-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               валюта бақылауы саласындағы құзыры

      Қазақстан Республикасының кеден органдары, еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағы ауқымын қоспағанда, тұлғалардың валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiне, сондай-ақ аталған шекара арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiне байланысты валюта операцияларына валюта бақылауын жүзеге асырады.

      221-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               валюта бақылауын жүзеге асыруы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын валюта бақылауы кеден бақылауының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары валюта бақылауын Қазақстан Республикасының валюта заңдары мен осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырады.

      222-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
               валюта бақылауын жүзеге асырған кезде
               анықталған құқық бұзушылық үшiн
               жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасының кеден органдары валюта бақылауын жүзеге асыру барысында кеден ережелерiн бұзушылық немесе Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыпты қызметiне қол сұғатын құқық бұзушылықпен немесе осы бұзушылықтармен байланысты болып табылатын Қазақстан Республикасы валюта заңдарының бұзылуы анықталған кезде  тұлғалар осы Заңға сәйкес жауап бередi.
      Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
      ЕСКЕРТУ. 222-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

IХ БӨЛIМ
ШЕТЕЛДIК ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
САНАТТАРЫНА БЕРIЛЕТIН КЕДЕН
ЖЕҢIЛДIКТЕРI

32-тарау
ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРIНIҢ
ӨКIЛДIКТЕРI МЕН ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНЕ АРНАЛҒАН
КЕДЕН ЖЕҢIЛДIКТЕРI

      223-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық
               өкiлдiктерiне арналған кеден жеңiлдiктерi

      Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының осыған белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс тауарларды сақтағаны, кеден құжаттарын ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген төлемдердi қоспағанда, өкiлдiктердiң ресми пайдалануына арналған тауарларды кеден төлемдерiнен босатыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiп және Қазақстан Республикасының аумағынан әкете алады.

      224-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық
               өкiлдiгiнiң басшысы мен өкiлдiктiң
               дипломатиялық жеке құрамының мүшелерiне
               арналған кеден жеңiлдiктерi

      Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы мен өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, бастапқы жайғасуға қажет тауарларды қоса, өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына әкеле алады және жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасынан әкете алады, бұған тауарларды Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс сақтағаны, кедендiк ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдер, егер Қазақстан Республикасы заңдарында осылайша белгiленген болса, қосылмайды.
      Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнiң, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке теңдеме жүгi, егер теңдеме жүкте өзiнiң пайдалануына арналмаған тауарлар немесе әкелуiне немесе әкетiлуiне Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған не карантиндiк және өзге арнайы ережелермен реттелетiн тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болмаса, тексеруден босатылады. Мұндай тексеру тек қана дипломатиялық агенттiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.

      225-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң
               әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының
               қызметкерлерiне арналған кеден жеңiлдiктерi

      Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын болса, бастапқы жайғасуға арналған тауарларды кеден төлемдерiнен босатыла отырып Қазақстан Республикасына әкеле алады, бұған Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларды осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс сақтағаны, кедендiк ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдер, егер олар Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген болса, қосылмайды.

      226-бап. Шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық
               жеке құрамы мүшелерiне берiлетiн кеден
               жеңiлдiктерiн әкiмшiлiк-техникалық және
               қызмет көрсетушi жеке құрамның қызметкерлерiне
               қолдану

      Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен арадағы арнайы келiсiмi негiзiнде шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық жеке құрамы қызметкерлерiне осы Заңмен берiлетiн кеден жеңiлдiктерi,  әрбiр жеке мемлекетке қатысты өзара сыпайылық принципiн негiзге ала отырып, осы өкiлдiктiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi құрамының қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын отбасы мүшелерiне де қолданылуы мүмкiн.

      227-бап. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық өкiлдiктерi
               мен олардың жеке құрамы мүшелерiне кеден
               жеңiлдiктерiн беру

      Шетел мемлекеттерiнiң консулдық өкiлдiктерiне, консулдық өкiлдiк басшысын қоса консулдық лауазымды адамдарға және консулдық қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе дипломатиялық өкiлдiктiң тиiстi қызметкерлерi үшiн осы Заңмен көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен арадағы арнайы келiсiмi негiзiнде, консулдық өкiлдiгiнiң қызмет көрсетушi жеке құрамы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын отбасы мүшелерiне әрбiр жеке мемлекетке қатысты өзара сыпайылық принципiн негiзге ала отырып, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң тиiстi жеке құрамы мүшелерiне осы Заңмен берiлетiн кеден жеңiлдiктерi қолданылуы мүмкiн.

      228-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық
               почтасы мен консулдық сағдиянын Қазақстан
               Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасы мен консулдық сағдиянын ашуға да, ұстап қалуға да жатпайды. Консулдық сағдиянда осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген заттар бар деп есептеуге негiздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының қатысуымен өкiлдiк етуші мемлекеттiң уәкiлеттi тұлғаларының сағдиянды ашуын талап етуге құқылы. Консулдық сағдиянды ашудан бас тартқан жағдайда, сағдиян жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
      Дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды құрайтын барлық жүк орындарының олардың сипатына нұсқайтын көрнекi сыртқы белгiлер болуға тиiс.
      Дипломатиялық почтада тек қана ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарлар, ал консулдық сағдиянда тек қана ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе тек қана ресми пайдалануға арналған тауарлар болуы керек.

33-тарау
ШЕТЕЛДIК ӨЗГЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БЕРIЛЕТIН КЕДЕН ЖЕҢIЛДIКТЕРI

      229-бап. Шетелдiк дипломатиялық және консулдық
               курьерлерге арналған кеден жеңiлдiктерi

      Шетелдiк дипломатиялық және консулдық курьерлер өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды, Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс кезде тауарларды сақтағаны, кеден құжаттарын ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдердi қоспағанда, өзара сыпайылық негiзде кеден тексеруiнен, кеден төлемдерiнен босатыла отырып, Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.

      230-бап. Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерi мен
               делегациялары мүшелерiне арналған кеден
               жеңiлдiктерi

      Қазақстан Республикасына мемлекетаралық келiссөздерге халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiне, парламент және үкiмет делегацияларының мүшелерiне, сондай-ақ өзара сыпайылық негiзде шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерiне осы Заңда көзделген дипломатиялық өкiлдiк жеке құрамының мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi берiледi. Мұндай жеңiлдiктер осы адамдармен бiрге жүрген отбасы мүшелерiне де берiледi.

      231-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы
               арқылы транзитпен өтетiн шетел мемлекеттерi
               дипломатиялық жеке құрамының мүшелерiне,
               консулдық лауазымды адамдарына және
               делегациялары мүшелерiне арналған кеден
               жеңiлдiктерi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өтетiн шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi мен консулдық лауазымды адамдарға, осы адамдардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы Заңның 230-бабында аталған, сол мақсаттар үшiн өтетiн адамдарға, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерi үшiн осы Заңда көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.

      232-бап. Халықаралық үкiметаралық ұйымдарға,
               олардың жанындағы шетел мемлекеттерiнiң
               өкiлдiктерiне, сондай-ақ олардың жеке
               құрамына арналған кеден жеңiлдiктерi

      Халықаралық үкiметаралық ұйымдарға олардың жанындағы шетел мемлекеттерiнiң өкiлдiктерiне, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкiлдiктердiң жеке құрамы мен жеке құрамның отбасылары мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi Қазақстан Республикасы бекіткен тиiстi халықаралық шарттары бойынша белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 232-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

Х БӨЛIМ
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ
КЕДЕН СТАТИСТИКАСЫ МЕН ТАУАР
НОМЕНКЛАТУРАСЫН ЖҮРГIЗУ

34-тарау
КЕДЕН СТАТИСТИКАСЫН ЖҮРГIЗУ

      233-бап. Сыртқы сауданың кеден статистикасы

      Жоғарғы мемлекеттiк өкiмет органдарын Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының, республикалық бюджетке кеден төлемдерi мен салығының түсуiн бақылаудың, валюталық бақылаудың, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының ахуалы мен дамуының, оның сауда және төлем баланстары мен жалпы экономикасының ахуалы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткiзiлуi туралы мәлiметтер жинап, өңдеу жүргiзедi, сондай-ақ кеден статистикасын табыс етiп, жариялайды.
      Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасы осы Заң пен Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      Кеден статистикасын жүргiзген кезде деректердiң халықаралық салыстырмалылығы мен Қазақстан Республикасында пайдаланылатын мемлекеттiк статистика деректерiмен салыстырмалылығын қамтамасыз ететiн әдiстеме пайдаланылады.

      234-бап. Арнаулы кеден статистикасы

      Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету мақсатында бұл органдар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен арнаулы кеден статистикасын жүргiзедi.

      235-бап. Статистикалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
               құжаттар мен мәлiметтер

      Статистикалық мақсаттарға арналған құжаттар мен мәлiметтер осы Заңның кеден құжаттарын ресiмдеу мен кеден бақылауын жүргiзу туралы ережелерiне сәйкес табыс етiледi.
      Статистикалық мақсаттар үшiн берiлетiн ақпарат құпия болып табылады және оған осы Заңның 16-бабындағы ережелердiң күшi қолданылады.

      236-бап. Кеден статистикасын жүргiзуге байланысты
               құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк

      Бiр мезетте кеден ережелерiн бұзушылық не Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыпты қызметiне қол сұғатын құқық бұзушылық болып табылатын кеден статистикасын жүргiзуге байланысты құқық бұзушылық үшiн тұлғалар осы Заңға сәйкес жауап бередi.

35-тарау
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ
ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫН ЖҮРГIЗУ

      237-бап. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар
               номенклатурасын жүргiзу

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзедi, яғни:
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының халықаралық негiзiнiң өзгерiстерi мен толықтыруларын, осы негiздi түсiндiру жөнiндегi халықаралық және басқа шешiмдердi қадағалауды қамтамасыз етедi;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын оның халықаралық негiзiне сәйкестендiредi;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының жариялануын қамтамасыз етедi;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын түсiндiру жөнiндегi түсiнiктер мен басқа да шешiмдердi әзiрлеп, бекiтедi және олардың жариялануын қамтамасыз етедi;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      238-бап. Тауарларды сыныптау

      Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарларды сыныптайды, яғни нақты тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасында көрсетiлген топтарға жатқызады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларды сыныптау туралы шешiмдерi мiндеттi болып табылады.

      239-бап. Қазақстан Республикасы орталық кеден
               органының Сыртқы экономикалық қызметтiң
               тауар номенклатурасы саласындағы қосымша
               өкiлеттiктерi

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы:
      кеден мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдарда Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының халықаралық негiзiн әзiрлеу, өзгерту, толықтыру, түсiндіру және қолдану бөлiгiнде Қазақстан тарапынан өкiлдiк етедi;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын әзiрлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады.

ХI БӨЛIМ
КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМА ЖӘНЕ
ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТI

36-тарау
КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫ АНЫҚТАМА ЖҮРГIЗУ
ОРГАНДАРЫ РЕТIНДЕ

      240-бап.  <*>

      241-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 240-241-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      242-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               анықтама жүргiзуi

      Анықтама жүргiзу Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырына жататын қылмыс белгiлерi болған кезде Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасы қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық iс қозғайды, қылмыс iздерiн анықтау мен тұжырымдау және оны жасаған адамдарды табу жөнiнде шұғыл тергеу iс-қимылын жүргiзедi.

37-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТI

      243-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
               жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
               органдар ретiнде

      Қазақстан Республикасының кеден органдары ол бойынша анықтама жүргiзу Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырына жататын, Қазақстан Республикасының заңдарында қылмыс деп танылған құқыққа қарсы әрекеттi дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау мақсатында, кеден органдарының өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ кеден мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес халықаралық кеден ұйымдары, шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдары сұрау салған кезде жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады.

      244-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыруы

      Кеден органдары "Қазақстан Республикасындағы жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады.

      245-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
               жедел iздестiру шаралары

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жедел iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

38-тарау
БАҚЫЛАУ ЖАСАЛАТЫН ЖЕТКIЗIЛIМДЕР

      246-бап. Есiрткi заттарға, жүйке улағыш заттарға
               және басқа да заттарға қатысты "бақылау
               жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн пайдалану

      Есiрткi заттардың, жүйке улағыш және басқа да заттардың халықаралық айналымына жол бермеу және осындай айналымға қатысушы тұлғаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден және өзге де құзырлы органдары әрбiр жеке жағдайда шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдарымен уағдаластықтарға сәйкес немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолданады, яғни өз бақылауымен есiрткi заттар мен жүйке улағыш заттардың Қазақстан Республикасына әкелуiне, Қазақстан Республикасынан әкетiлуiне немесе оның аумағы арқылы транзитпен өткiзiлуiне жол бередi.
      "Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсi қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын басқа заттарға немесе қылмыстық жолмен табылған заттарға не олармен құқыққа қарсы жасалған iс-әрекет контрабанда болып табылатын заттарға қатысты пайдаланылуы мүмкiн.
      "Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолдану туралы шешiм қабылданған жағдайда, егер есiрткi, жүйке улағыш және басқа заттар жiберiлген ел шетел мемлекетi болып табылса, онда Қазақстан Республикасында қылмысты iс қозғалмайды.
      "Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолдану туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп қабылдайды.
      Қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасының Бас прокурорын кiдiрiссiз хабардар етедi.

      247-бап. "Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн
               қолданған кезде тәркiленген ақша қаражаты
               мен мүлiкке иелiк ету

      Ашу және жолын кесу барысында "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсi қолданылған қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша Қазақстан Республикасының соттары мен шетел мемлекеттерi тәргiлеген ақша қаражатын, сондай-ақ осы кезде тәргiленген тауарларды сатудан түскен ақша қаражаты кеден және өзге де құзырлы органдары осы әдiстi пайдалануға қатысқан мемлекеттер арасында, осындай органдар арасындағы жекелеген бiрлескен Келiсiм бойынша бөлiнедi.

ХII БӨЛIМ
(248 - 371 баптар)

      Ескерту.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енген күннен бастап ХII бөлімнің күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

ХIII БӨЛIМ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ
АЛДЫН АЛА ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ

52-тарау
АДАМДАРДЫ КЕДЕН МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША
АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖӘНЕ ОЛАРҒА КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ

      372-бап. Қабылданған шешiм, әрекет немесе
               әрекетсiздiк себептерi туралы ақпарат алу

      Қазақстан Республикасының кеден органы өзiне қатысты шешiм қабылдаған, Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы әрекет жасаған адам, сондай-ақ екi ай мерзiм iшiнде өзiне қатысты шешiм қабылданбаған немесе қажеттi әрекет жасалмаған адам, осы кеден органына сұрау салуға құқылы.
      Салынған сұрауды Қазақстан Республикасының кеден органы бiр ай мерзiмде қарайды.
      Салынған сұрау жазбаша берiлсе, жауап жазбаша түрде қайтарылуға тиiс.

      373-бап. Кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық
               актiлердi жариялау

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi жөнiндегi өзi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялауды қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 373-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      374-бап. Қолданылып жүрген актiлер туралы ақпарат

      Осы Заңның 373-бабында аталған қолданылып жүрген актiлер туралы ақпаратты, бұған актiнiң атын, оның мазмұны мен осы акт жарияланған басылымды қоса, кеден органдары барлық мүдделi адамдарға тегiн бередi.
      Орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының негiзгi ережелерi туралы қысқаша анықтамалар Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде жалпыға бiрдей танысу үшiн берiледi.

      375-бап. Кеден iсi мәселелерi жөнiнде консультация беру

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының, Қазақстан Республикасы орталық кеден органының кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кеден iсi мәселелерi жөнiнде консультациялар бередi.

53-тарау
АЛДЫН АЛА ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШIМДЕР

      376-бап. Алдын ала шешiм қабылдау

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы, кеден басқармалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген, Қазақстан Республикасының жекелеген кедендерi мүдделi тұлғаның сұрау салуы бойынша нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операциясына қатысты тауардың сыныптамасына кедендiк құнына шыққан елiне қатысты алдын ала шешiм қабылдайды.
      Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде ақы алынады.

      377-бап. Алдын ала шешiм қабылдау туралы сұрау салу

      Алдын ала шешiмнiң қабылдануына мүдделi тұлға осы Заңның 376-бабында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кеден органдарына жазбаша сұрау салады.
      Алдын ала шешiм қабылдау үшiн талап етілетiн мәлiметтердiң көлемiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қараудың тәртiбi, сондай-ақ өтiнiш берген тарапқа алдын ала шешiм берудiң мерзiмi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және осы Заңға сәйкес белгiленедi.
      Берiлген өтiнiш-сұрау салу белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда алдын ала шешiм қабылданбайды.
      Алдын ала шешiм заңдарға қайшы келетiн мәмілеге не мәселелерге қатысты берiлмейдi және белгiсiз сипатта болады.
      Алдын ала шешiмге не алдын ала шешiмдi қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

      378-бап. Алдын ала шешiмнiң заңдық мәнi

      Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
      Егер алдын ала шешім қабылдауға негіз болған фактілер мен жағдайлар өзгермеген күйiнде қалса, Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдын ала шешiмi келесi мерзiмдердiң iшiнде:
      үш жыл - тауарлардың шыққан орнына қатысты;
      бiр жыл - өзге мәселелерге қатысты заңдық күшi бар.

      379-бап. Алдын ала қабылданған шешiмнiң күшiнiң жойылуы,
               оны қайтарып алу, өзгерту немесе кiдiрту

      Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының Қазақстан Республикасының төмен тұрған кеден органдарына қабылдаған алдын ала шешімді қайтарып алуға, өзгертуге немесе кiдiртуге құқығы бар.
      Жоғарыда аталған жағдайларда алдын ала қабылданған шешімді алушыға қайтарып алудың, өзгертудiң, кiдiртудiң, күшi жойылды деп танудың не бұрын қабылданған шешiмдердiң заңсыздығын мойындаудың себептерi көрсетiлген жазбаша хабарлама жiберiледi.
      Алдын ала қабылданған шешiмдi қайтарып алу, өзгерту немесе кідірту туралы шешiм Қазақстан Республикасы кеден органдарының мұндай шешiм туралы жазбаша хабарламасы өтініш берушiге ресми түрде тапсырылғаннан кейiн күшiне енедi.
      Қазақстан Республикасы заңдарының өзгертiлуiнiң нәтижесiнде алдын ала қабылданған шешiм қолданылып жүрген заңдарға қайшы болатын жағдайда Қазақстан Республикасының жаңа заң актiсi күшiне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасы кеден органдары шешiмiнiң күшi жойылды деп танылады.
      Алдын ала қабылданған шешiмнiң, егер ол өтiнiш берушi тапсырған жалған ақпараттың негізінде қабылданған жағдайда, жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 376-379-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      379-1-бап. Алдын ала қабылданған шешiмдердiң жариялылығы

      Құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдаған алдын ала қабылданған шешiңдер жариялануға және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты бөлiгiнде кез келген мүдделi тұлғаға беруге жатады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 379-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

ХIV БӨЛIМ
ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА ИЕЛIК
ЕТУ ЖӘНЕ КЕДЕН ҚЫЗМЕТIНЕН АЛЫНҒАН
ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

54-тарау
ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК
ҚҰРАЛДАРЫНА ИЕЛIК ЕТУ

      380-бап. Мемлекет меншiгiне айналдыру

      Осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, соның iшiнде кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша тәргiленген тауарлар, көлiк құралдары мен өзге де заттар, сондай-ақ тұлғаның мемлекет пайдасы үшiн бас тартқан тауарлары мен көлiк құралдары мемлекет меншiгiне айналдырылады.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет меншiгiне айналдыру тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      381-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған
               тауарларға, көлiк құралдары мен
               өзге де заттарға иелiк ету

      Мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де заттар, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерінде өзгеше көзделмесе, жүргiзiлуiнiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аукционда сатылуға жатады.
      ЕСКЕРТУ. 381-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      382-бап. Кеден органдарының тауарларды, көлiк құралдарын
               және өзге де заттарды сату жөнiндегi шығыстарын
               өтемеген сомаларды өндiрiп алу

      Егер мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды сатудан алынған сомалар Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты шығыстарын өтемесе, оның жетiспейтiн бөлiгi декларанттан немесе кеден төлемдерiн төлеуге жауапты өзге адамнан сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынады.

      383-бап. Сатылмаған не сатуға жатпайтын тауарларға,
               көлiк құралдары мен өзге де заттарға иелiк ету

      Мемлекет меншiгiне айналдырылған, сатуға жатпайтын тауарлардың, көлiк құралдары мен өзге де заттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      Кеден аукциондарында, тауар биржаларында не сауда кәсiпорындары мен ұйымдары арқылы сатылмаған немесе сатуға жатпайтын мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларға, көлiк құралдары мен өзге де заттарға иелiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      384-бап. Кеден бажы мен салығын жинаудан және
               кеден қызметiнен алынған қаражатты жұмсау
               және пайдалану

      Кеден төлемдерi мен салықтары түрiнде, сондай-ақ осы Заң пен  кеден iсi саласындағы қылмыстар, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iстер жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды сатудан, осы Заңды көзделген айыппұлдар түрiнде алынған қаражат мөлшерiнiң, лицензиялар берiлгенi үшiн алынған кеден бажын, салықтар мен алымдарды қоспағанда толығымен мемлекеттiк бюджетке:<*>
      <*>
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 384-бапқа толықтырулар енгiзiлген, 2, 3-абзацтар және екінші бөлік алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 Жарлығымен .

ХV БӨЛIМ

      Ескерту.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енген күннен бастап ХV бөлімнің күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

XVI БӨЛIМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫ

58-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ МӘРТЕБЕСI

      397-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдары

      Өздерiнiң iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерi, бiлiм деңгейi мен денсаулық жағдайы жағынан Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының iс-қимыл қабiлетi бар азаматтары ғана Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары бола алады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке қабылданған кезде үш айдан бiр жылға дейiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнен, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарынан жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлiкке шыққан адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.
      Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарында қызмет өткередi және аттестациялаудан өткiзiлуге жатады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегiдей арнайы атақтар берiледi:
      кiшi басшы құрам:
      кеден қызметiнiң прапорщигi;
      кеден қызметiнiң аға прапорщигi;
      орта басшы құрам:
      кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
      кеден қызметiнiң лейтенанты;
      кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
      кеден қызметiнiң капитаны;
      аға басшы құрам:
      кеден қызметiнiң майоры;
      кеден қызметiнiң подполковнигi;
      кеден қызметiнiң полковнигi;
      жоғары басшы құрам:
      кеден қызметiнiң генерал-майоры;
      кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.
      Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      Кiшi, орта, аға басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Кеден органдары лауазымды тұлғаларының қызмет өткеруi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы орталық кеден органының басшысы бередi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн нысанды киiм кию белгiленедi. Киiм нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оны киiп жүру ережелерiн кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайды. Нысанды киiм тегiн берiледi.
      Осы баптың төртiншi, бесiншi және алтыншы, жетінші және сегізінші бөлiктерiнiң ережелерi сонымен қатар Қазақстан Республикасы орталық кеден органы кеден лабораторияларының басшылары мен мамандарына, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының адамдарына, басшылары мен мамандарына қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 397-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 397-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 48 Заңымен .

      398-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдарының өздерiнiң қызметтiк
               мiндеттерiн тиiстi дәрежеде атқаруының
               кепiлдiктерi

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде өкiмет өкiлдерi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамы өзiне жүктелген мiндеттердi атқару үстiнде тек қана Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де актiлерiн және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады әрi өзiнiң бастығы мен тiкелей бастықтарына ғана бағынады.
      Мемлекеттiк органдардың, саяси және қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, өзге де заңды тұлғалардың, олардың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерiнiң, жеке кәсiпкерлердiң сондай-ақ жеке тұлғалардың қандай болсын нысанда Қазақстан Республикасы кеден органы немесе оның лауазымды адамы қабылдайтын шешiмге не осы лауазымды адам жүзеге асыратын әрекетке әсер ету мақсатында заңсыз ықпал етуiне немесе араласуына жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының заңдарына көрiнеу қарама қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы Қазақстан Республикасы заңдарын басшылыққа алуға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарында саясы мақсатты көздейтiн саяси партиялардың, бұқаралық қоғамдық қозғалыстар мен олардың ұйымдарының құрылуына және қызметiне жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдары өз қызметiнде саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiмен шектеулi болмайды.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының кәсiпкерлiк қызметпен, соның iшiнде делдалдар арқылы айналысуға, үшiншi тұлғалардың кеден мәселелерi жөнiндегi сенiмдi өкiлi болуға, ғылыми, оқытушылық қызметтен басқа кез келген ақы төленетiн жұмысты қоса атқаруға, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кеден iсiне байланысты жұмыстарды атқаруға, өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кез келген көмек көрсетiп бұл үшiн сыйақы алуға, қызметiн пайдалануға және жеңiлдiктер алуға, өз бетiмен немесе өкiлi арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi басқаруға қатысуға құқығы жоқ.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамын қорлау, қорқыту, оған қарсылық көрсету, күш қолдану немесе оның өмiрiне, денсаулығына қатер төндiрiп, мүлкiне қол сұғу осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамының өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты осы лауазымды адамның отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн және мүлкiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi.

      399-бап. Қазақстан Республикасының кеден органы
               лауазымды адамының заңды өкiмдерiн
               немесе талаптарын орындау мiндеттiлiгi

      Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының заңды өкiмдерi немесе талаптары мемлекеттiк органдардың, тұлғалардың, лауазымды адамдар мен өзге де қызметкерлердiң орындауы үшiн мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, сондай-ақ осы лауазымды адамға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер осы Заңда көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

59-тарау
МӘЖБҮР ЕТУ ШАРАЛАРЫН АРНАЙЫ
ҚҰРАЛДАР МЕН АТЫС ҚАРУЫН ҚОЛДАНУ

      400-бап. Мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар мен
               атыс қаруын қолданудың шарттары мен шектерi

      Осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарының медициналық тексеруден өткен лауазымды адамдарының мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары мәжбүр ету, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайларды iс-қимылға жарамдылықтың арнайы даярлығынан, сондай-ақ оқтын-оқтын тексеруден өтуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамы мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолданған кезде:
      мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар мен қаруды қолдануды кешеуiлдету өзiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын, тұтқиылдан болған немесе қарулы шабуыл жасалған, әскери техника мен көлiк құралдарын пайдалану арқылы шабуыл жасалған кезде немесе өзге де жағдаяттарда, егер осындай ескертудiң қалыптасқан жағдайда орынсыз болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларын қоспағанда, бұл ретте өз талаптарының орындалуы үшiн жеткiлiктi уақыт бере отырып, оларды қолдану ниетi туралы ескертуге;
      дене жарақатын алған адамдарға дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге және болған оқиға туралы Қазақстан Республикасы кеден органының бастығына немесе оның орнындағы тұлғаға дереу хабарлауға;
      құқық бұзушылықтың сипаты мен оны жасаған адамдардың қауiптiлiк деңгейiне, сондай-ақ көрсетiлген қарсы әрекеттiң күшiне қарай қауiптi жою кез келген залалдың мейлiнше төмен болуына ұмтылуға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасы кеден органының бастығы немесе оның орнындағы тұлға кiсi өлiмiнiң немесе ауыр дене зақымдарын түсiрудiң барлық жағдайлары туралы прокурорға дереу хабарлауға мiндеттi.
      Мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар мен атыс қаруын өкiлеттiгi шегiнен асыра қолдану Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      401-бап. Мәжбүр ету шараларын қолдану

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған адамдарды ұстау, көрсетiлген қарсылықты еңсеру, заңды өкiмге немесе талапқа бағынбаудың жолын кесу, кеден бақылауында тұрған үй-жайға, аумаққа кіруге тауарлар мен көлiк құралдарына қол жеткізуге кедергi жасаудың, осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген аталған адамдарға жүктелген мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн өзге де әрекеттердiң жолын кесу үшiн мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.

      402-бап. Арнайы құралдарды қолдану

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары:
      1) азаматтарға, Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлерiне немесе қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген өзге де адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру, сондай-ақ кепiлге алынғандарды босату үшiн;
      2) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi немесе пайдалануындағы үйлерге, үй-жайларға, ғимараттар мен көлiк құралдарына, кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ басып алынған жағдайда аталған объектiлердi босату үшiн;
      3) егер құқық бұзушылар бағынбаса, қарсылық көрсетiп, өзге де қарсы әрекеттер жасаса не айналасындағыларға немесе өзiне зиян тигiзуi мүмкiн болса, оларды ұстап, Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет үйiне апару үшiн;
      4) Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына күшпен қарсылық көрсетудi тыю үшiн;
      5) жүргiзушiсi Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамының тоқтау жөнiндегi талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн;
      6) Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруына қасақана кедергi келтiрiлетiн басқа да жағдайларда қол кiсендерiн, резiңке таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандыратын жарық, дыбыс шығару құралдарын, үй-жайларды ашатын құрылғыларды, көлiктi ықтиярсыз тоқтататын құралдарды, су шашу құралдарын, жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн, қызмет иттерiн, басқа да арнайы құралдарын қолдануға құқылы.
      Әйелдерге, мүгедектiгiнiң анық белгiлерi бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін топтасқан не өзге де шабуыл жасаған жағдайлардан басқа реттерде, арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнайы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 402-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      403-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану

      Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде атыс қаруын өзiмен бiрге алып жүру, сақтау және пайдалану құқығын иеленедi.
      Атыс қаруы құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының тұлғасын, нақты ахуалды ескере отырып және осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шекте ғана қолданылады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының атыс қаруын өзiмен бiрге алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берiлген санаттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайды.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарында пайдаланылатын атыс қаруының түрлерi мен оның оқ-дәрiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы орталық кеден органының және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғалары қарулар мен оқ-дәрiлердi жоғалтқаны, салақ сақтағаны, оларды күзету жөнiндегi мiндеттерiн лайықты орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. 403-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      404-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану

      Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының төтенше шара ретiнде атыс қаруын мынадай жағдайларда:
      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату үшiн;
      2) Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн;
      3) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi  немесе пайдалануындағы үйлерге, үй-жайларға, ғимараттар мен көлiк құралдарына, кеден бақылауында тұрған тауарлар мен көлiк құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн;
      4) қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау үстiнде қолға түскен адамдарды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
      5) егер жүргiзушi Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметкерлерiнiң тоқтау жөнiндегi бiрнеше дүркiн қойған заңды талаптарына бағынбаса және сонысымен азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, көлiк құралдарын оларды iстен шығару арқылы тоқтату үшiн;
      6) хайуандардың шабуылынан қорғану үшiн;
      7) қару қолданатындығы туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
      Әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен, қарулы шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн жағдайларда атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
      Атыс қаруын қолданудың барлық жағдайларында Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға және прокурорды хабардар етуге мiндеттi.

60-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ,
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

      405-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарын
               қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан
               қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының кеден органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 60-тараудың атауы мен 405-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 327 Заңымен .

      406-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдары қаза тапқан (қайтыс болған)
               немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
      Бiр жолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына соңғы атқарған қызметi бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, жаралануының (контузияның), мертiгуiнiң, ауруының салдарынан болған мүгедектiгi анықталған кезде оларға:
      I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
      II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
      III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiгуге (жарақатқа, жаралануға, контузияға) ұшыраған жағдайда, оған бiр жарым айлық ақшалай қаражаты, жеңiл мертiгуге ұшыраған жағдайда айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Осы бапта көзделген бiр жолғы өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.
      Ескерту. 406-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      407-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды тұлғаларының мiндеттi мемлекеттiк
               жеке сақтандыру

      Ескерту. 407-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының
2001.10.10. N 247 Заңымен .

      408-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
               лауазымды адамдарының алған кiрiстерiне табыс
               салығын салу

      Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты алынған кiрiстерiне табыс салығын салудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.

      409-бап. Қазақстан Республикасының кеден органы
               лауазымды адамының демалысы

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамына демалыс орнына барар және қайтар жолда жүрген уақыты есептелмей, ұзақтығы 30 жұмыс күнiнен тұратын жыл сайынғы демалыс берiледi.
      Ұзақтығы 45 тәулiктен тұратын кезектi демалыстар биiк таулы аймақтарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын Қазақстан Республикасының климаттық жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерiнде қызмет өткеретiн лауазымды адамдарға берiледi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына:
      осы органдарда 10 жыл қызмет атқарғаннан кейiн - ұзақтығы 5 күнтiзбелiк күннен тұратын;
      15 жыл қызмет атқарғаннан кейiн - ұзақтығы 10 күнтiзбелiк күннен тұратын;
      20 жыл қызмет атқарғаннан кейiн - ұзақтығы 15 күнтiзбелiк күннен тұратын ақылы қосымша демалыс берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 409-баптың 1-бөлiгiндегi сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21.N 2703 Жарлығымен .

      410-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдарын тұрғын үй алаңымен,
               телефонмен қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен құрылатын қызметтiк тұрғын үй қоры болуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан жағдайда қайтыс болған адамның отбасының Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамының қайтыс болған күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, ол кезекке қойылған кездегi негiздерде тұрғын үй алаңын алу құқығы сақталады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына пәтер телефондары техникалық мүмкiндiк болған жағдайда өтiнiш берiлген күннен бастап үш ай iшiнде орнатылады.
      ЕСКЕРТУ. 410-баптың 2 және 5-бөлiктерi алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. Баптың атауынан сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 Жарлығымен .

      411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдары
               лауазымды адамдарының қызметтiк iссапарға
               шығу кезiндегi құқығы

      Қазақстан Республикасы кеден органының қызметтiк iссапарға жіберiлген лауазымды адамы көлiктiң барлық түрiне жол жүру құжаттарын кезектен тыс алу және қызметтiк iссапар куәлiгiмен қонақ үйге кезектен тыс орналасу құқын пайдаланады.
      ЕСКЕРТУ. 411-баптың атауынан сөздер және 1,2-бөлiктерi алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 Жарлығымен .

      412-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдарын зейнетақымен қамтамасыз
               ету

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасылары мүшелерiн зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн өздерi бұрын есепте тұрған емдеу мекемелерiнде медициналық қызмет көрсету құқығы сақталады.
      ЕСКЕРТУ. 412-баптың 1-бөлiгi жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 Жарлығымен .

61-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ТӘРТIП
БҰЗУШЫЛЫҚТАР, ОСЫНДАЙ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШIН
ЖАУАПКЕРШIЛIК, ОЛАР ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ҚАРАУ

      413-бап. Қазақстан Республикасының кеден органы
               лауазымды адамының өкiмiне немесе талабына
               бағынбау

      Осы Заңның басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамының қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiндегi заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, - бес айлық есептік көрсеткіштен он жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 413-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      414-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
               лауазымды адамын, кеден бақылауын жасауға,
               кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, сондай-ақ
               кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзуге
               немесе оны қарауға қатысушы адамдарды,
               сондай-ақ бөгде куәгерлердi қорлау

      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты, сондай-ақ кеден бақылауын жасауға, кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн тартылған яки шақырылған тексерушiлердi, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды, куәлердi, сол сияқты бөгде куәгерлердi қорлау, қылмыс белгiлерi болмаған жағдайда, -
      бес айлық есептік көрсеткіштен он жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 414-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      415-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
               лауазымды адамына, кеден бақылауын жасауға,
               кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, сондай-ақ кеден
               ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзуге немесе
               оны қарауға қатысушы адамдарға, сол сияқты
               бөгде куәгерлерге қатысты күштеу әрекеттерiн
               жасаумен қорқыту

      Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына қатысты, сондай-ақ кеден бақылауын жасауға, кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн тартылған яки шақырылған тексерушiлерге, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге, сол сияқты бөгде куәгерлерге қатысты дене жарақатын түсiру, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасаумен қорқыту, қылмыс белгiлерi болмаған жағдайда, -
      он айлық есептік көрсеткіштен жиырма жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 415-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      416-бап. Куәнiң түсiнiктемелер беруден бас тартуы
               немесе жалтаруы

      Куә ретiнде кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс бойынша сұралуға тиiстi адамның, өзiне қарсы, өз жұбайы мен туыстық шеңберi заңмен анықталатын жақын туыстарына қарсы айғақ болу жағдайларын қоспағанда, қажеттi түсiнiктемелердi беруден дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
      ең төменгi үш жалақы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      417-бап. Тексерiстi, тексерудi, түгендеудi жүргiзуге
               кедергi келтiру не одан бас тарту

      Заңды тұлғаның лауазымды адамдарының, жеке кәсiпкерлердiң Қазақстан Республикасы кеден органының қаулысы бойынша тексерiстi, тексерудi, түгендеудi жүргiзуге кедергi келтiруi, не одан бас тартуы, егер бұларды жүргiзу оның жарғысында, ережесiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, -
      жеке кәсiпкерлерге жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғаның лауазымды адамдарына - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әдеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 417-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      418-бап. Сарапшы мен маманның кеден ережелерiнiң
               бұзылуы туралы iстi жүргiзуге, кеден
               бақылауын жасауға немесе кедендiк
               ресiмдеудi жүргiзуге қатысудан бас тартуы
               немесе жалтаруы

      Сарапшының қорытынды беруден, аудармашының кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iстi жүргiзуге немесе қарауға, ал маманның бұған қоса кеден бақылауын жасауға немесе кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге қатысудан да дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 418-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      419-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы
               қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру
               туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе
               жалтаруы

      Қазақстан Республикасы кеден органының сараптама жүргiзу туралы қаулысы немесе тапсырмасы не кеден бақылауын жасауға, кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабы жiберiлген лауазымды адамның бұларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
      лауазымды адамға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      420-бап. Қазақстан Республикасының кеден органы
               лауазымды адамының кеден тексеруi мен басқа да
               iс-әрекеттердi жасауына кедергi келтiру

      Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының осы Заңда көзделген кеден тексеруi мен басқа да iс-әрекеттердi жасауына кедергi келтiру, егер осындай кедергi келтiру қылмыстық жауапкершiлiкке немесе осы Заңның басқа баптарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқпаса, -
      бес айлық есептік көрсеткіштен жиырма жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 420-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      421-бап. Қабылданатын шешiмге не iске асырылатын
               әрекетке әсер ету мақсатында заңсыз ықпал
               ету немесе араласу

      Заңды тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының және өзге де қызметкерлерiнiң тарапынан Қазақстан Республикасының кеден органы немесе оның лауазымды адамы қабылдайтын шешiмге не осы лауазымды адам iске асыратын әрекетке ықпал ету мақсатында қандай болсын нысанда заңсыз ықпал ету немесе араласу, сол сияқты жеке кәсiпкерлер мен жеке тұлғалардың осындай ықпал етуi немесе араласуы, -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 421-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      422-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               қызметiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық
               бұзушылықтар туралы iстердi жүргiзу мен қарау

      Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi жүргiзу мен оларды қарау осы Заңның ХII бөлiмiнде көзделген тәртiпке қатысты осы тараудың ережелерiне сәйкес, ал олар реттемеген бөлiгiнде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының кеден органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жүргiзедi, осы құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының сот органдары қарайды.

      423-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               қызметiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық
               бұзушылық туралы iстi жолдау

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу аяқталысымен Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органының бастығы, оның орынбасары не Қазақстан Республикасы орталық кеден органының уәкiлдiгi бар лауазымды адамы бұл iстi жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне дейiн он бес күннен кешiктiрмей қарау үшiн Қазақстан Республикасының сот органдарына беру туралы қаулы шығарады. Аталған қаулыда мыналар болуға тиiс:
      қаулы атынан шығарылған Қазақстан Республикасы кеден органының атауы;
      қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесiнiң аты;
      оның шығарылған күнi мен орны;
      өзiне қатысты қаулы шығарылған адам туралы мәлiметтер;
      өзiне қатысты құқық бұзушылық жасалған адам туралы мәлiметтер;
      iс жүргiзу кезiнде анықталған мән-жайдың баяны;
      құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк көзделген осы Заңның бабына сiлтеме жасау;
      iстi қарау үшiн жiберiлген Қазақстан Республикасы сот органының атауы.
      Қаулыда, сондай-ақ iс жүргiзу кезiнде туындаған шығасылар туралы да айтылады.

62-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ
ЖАУАПКЕРШIЛIГI

      424-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               жауапкершiлiгi

      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының экономикалық егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың жай-күйi мен олардың кеден iсi саласындағы мiндеттерiн сақтауы үшiн азаматтар мен мемлекет алдында жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметкерлерi азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерiн бұзған жағдайда осы құқықтарды қалпына келтiруге және кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қызмет немесе еңбек мiндеттерiн атқару үстiнде адамдар мен олардың мүлкiне Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерiнiң заңсыз шешiмдерi, әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi салдарынан келтiрiлген шығындар немесе зиян үшiн жауап бередi.
      Шығындар немесе зиян Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жалпы негiздерде өтеледi.

      425-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
               лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерiнiң
               жауапкершiлiгi

      Заңсыз шешiмдерi, әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi, өзiнiң қызметтiк борышын тиiсiнше атқармағаны үшiн Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық немесе өзге де жауапкершiлiкке тартылады.

      426-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi туралы

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 2368 Заңы. 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2003.04.05. N 401 Заңымен.

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды,
                бүкіл мәтін бойынша мынадай сөздер ауыстырылды:
      "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықты", деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің", "Министрлер Кабинетімен" деген сөздер тиісінше "Үкіметі", "Үкіметінің", "Үкіметімен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілерімен" деген сөздер "кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "экономикалық саясат шаралары", "экономикалық саясат шараларын", "экономикалық саясат шараларының", "экономикалық саясат шаралары" деген сөздер тиісінше "тарифтік емес реттеу шарасы", "тарифтік емес реттеу шараларын", "тарифтiк емес реттеу шараларының", "тарифтiк емес реттеу шаралары" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ең төменгi жалақы", "ең төменгi жалақыға", "ең төменгi жалақыдан" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш", "айлық есептiк көрсеткiшке", "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылды;
      "сот органдары", "сот органдарына", "сот органының", "сот органдарының" деген сөздер тиiсiнше "соттар", "соттарға", "соттың", "соттардың" деген сөздермен ауыстырылды;
      "қазақстандық тұлға", "қазақстандық тұлғалар", "қазақстандық тұлғаға", "қазақстандық тұлғаларға" деген сөздер тиiсiнше "отандық тұлға", "отандық тұлғалар", "отандық тұлғаға", "отандық тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылды;
      "қазақстандық тауар", "қазақстандық тауарлар, "қазақстандық тауарларды" деген сөздер тиiсiнше "отандық тауар", "отандық тауарлар", "отандық тауарларды" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ.  Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223 Заңымен  енгізілген өзгерістер "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болады.

I БӨЛIМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН IСI

      1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi

      Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi мен шарттарын, кеден төлемдерi мен салық алуды, кедендiк ресiмдеудi, кеден бақылауын және кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн қамтиды.

      2-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты

      Қазақстан Республикасында оның iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады.
      Кеден саясатын орталық мемлекеттiк өкiмет органдары жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:
      Қазақстан нарығын қорғау;
      Қазақстан өндiрушiлерi мен тұтынушыларын қорғау;
      экономиканың дамуын ынталандыру;
      экономикада құрылымдық қайта құру жүргiзуге жәрдемдесу;
      бәсекенi ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
      экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндiрiстi ынталандыру;
      шетел инвестицияларын тарту;
      сауда саясаты мiндеттерiн шешу;
      осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк өкiмет органдары айқындайтын басқа да мақсаттар болып табылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы
             мен кеден шекарасы

      Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының құрлықтағы жерi, аумақтық сулары, iшкi сулары және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi жатады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тек қана теңiздегi ерекше экономикалық аймағында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және басқа объектiлер кiредi, бұлар кеден iсi жөнiнде тек Қазақстан Республикасының ғана қарамағында болады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында периметр бойынша шектелген еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың орналасуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
      Ескерту. 3-бап жаңа 3-шi бөлiкпен толықтырылды, 3-шi бөлiк 4-шi болып саналсын - Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1996.01.26. N 2824 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-баптан 3-ші бөлік алып тасталды, 4-ші бөлік жаңа
редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      4-бап. Кеден iсi және халықаралық экономикалық
             интеграция

      Халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен кеден одақтарын, еркiн сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеден мәселелерi бойынша келiсiмдер жасайды.

      5-бап. Кеден заңдары

      Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
      Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

      6-бап. Кеден заңдарының қолданылатын уақытындағы күшi

      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден iсiнде Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды қабылдаған күнi күшiнде болған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi қолданылады.
      Осы Заңда белгiленген талаптарды бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуге:
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын iс жүзiнде өткiзген күнi;
      егер iс жүзiнде өткiзген күндi белгiлеу мүмкiн болмаса, кедендiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданылып жүрген кеден заңдары қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 5,6-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

2-тарау
КЕДЕН IСIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      7-бап. Кеден iсiн басқару

      Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      8-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары

      Құқық қорғау органдары болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдары бiртұтас жүйенi құрайды, оған мыналар кiредi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы;
      кеден басқармалары;
      кедендер;
      кеден күзеттерi.
      Кеден басқармалары мен кедендер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
      Кеден күзеттерi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады да кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      9-бап. Кеден органдарының мiндеттерiн шешуге
             ықпал ететiн ұйымдар

      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар, оның iшiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiн, кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарын және кеден лабораторияларын құру туралы ұсыныс енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарының, Қазақстан Республикасының орталық кеден органына ведомстволық бағыныстағы кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының және өзге де ұйымдарының мүлкi мемлекет меншiгi болып табылады.
      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ұйымдарды жекешелендiру кезiнде тек қана кеден мақсаттары үшiн пайдаланылатын мүлiк Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген тәртiппен оқшауландырылады және Қазақстан Республикасы кеден органдарының балансына берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      10-бап. Кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы өз құзыретi шегiнде кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
      Аталған актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге және жариялануға жатады.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      11-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              негiзгi мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының негiзгi мiндеттерi мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасауға және жүргiзуге қатысу;
      2) атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға мiндеттi Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын; кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету;
      3) өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн және экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету;
      4) сауда-экономикалық қатынастарды кедендiк реттеу құралдарын қолдану;
      5) кеден төлемдерi мен салықтарын өндiрiп алу;
      6) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде тарифтік емес реттеу шараларын өткiзуге қатысу;
      7) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiнде рұқсат ету тәртiбiн сақтауды қамтамасыз ету;
      8) кеден iсi саласындағы контрабанда мен қылмыстарға, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы есiрткi заттардың, психикаға әсер ететiн заттардың, қару-жарақтың, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгi бұйымдарының, интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң, жойылып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң, олардың бөлшектерi мен туындыларының, басқа да тауарлардың заңсыз айналымға түсуiне жол бермеу, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күреске жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға жол бермеу;
      9) кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеу iсiн жүзеге асыру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау;
      10) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзу;
      11) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу;
      12) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың осындай байланыстар шегiндегi қызметiнiң дамуына ықпал ету;
      13) мемлекет қауiпсiздiгiн, халықтың имандылығын, адам өмiрi мен денсаулығын қорғау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi сақтау, шеттен әкелiнетiн тауарларды республикада тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға ықпал ету;
      14) Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн стратегиялық және басқа өте маңызды материалдардың шетке әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру;
      15) өз құзыры шегiнде валюта бақылауын жүзеге асыру;
      16) кеден iсiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету; кеден iсiне байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және басқа құзырлы органдарымен, кеден iсi мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      17) кеден iсi саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және консультациялар беру; мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн осы саладағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      18) мемлекеттiк өкiмет органдарына, ұйымдар мен азаматтарға кеден мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттар беру;
      19) бiрыңғай қаржы-шаруашылық саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу.
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      12-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              айырым жалауы мен айырым белгiсi

      Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың қарамағындағы теңiз және өзен кемелерiнiң айырым жалауы мен айырым белгiсi болады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiнiң айырым белгiсi болады.
      Айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

      13-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен
              және азаматтармен өзара iс-қимылы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден iсi мiндеттерiн шешу мақсатында өзге мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасайды.
      Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуде оларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өз бақылауымен басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға олардың құзырына қатысты жекелеген iс-қимылдарды орындауына жол бередi.
      Кеден iсiне жалпы басшылық жасамайтын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырын қозғайтын шешiмдер қабылдауға, тиiстi рұқсатсыз олардың функциясын орындауға немесе өзгертуге, қосымша мiндеттер жүктеуге немесе осы Заңның ережелерi мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес келетiн кеден органдарының қызметiне басқадай түрде араласуға құқы жоқ.

      14-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына
              қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, жабдықтар
              мен байланыс құралдарын беру

      Кеден құжаттарын ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде емес, тiкелей өздерiнiң аумағында немесе үй-жайларында жүргiзiлуiне мүдделi ұйымдар мен азаматтар осы органдарға қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын осындай ресiмдеу үшiн тегiн пайдалануға бередi.

      15-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына
              жер учаскелерiн беру

      Кеден мақсаттары үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға берiледi.

      16-бап. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен азаматтар
              кеден мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының
              кеден органдарына берген ақпаратқа қатынас

      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының кеден органдарына берген ақпарат тек қана кеден мақсаттарына пайдаланылады.
      Мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпарат, сондай-ақ жасырын ақпарат жария етiлмейдi, оларды Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жеке мақсаттарына пайдаланбайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда үшiншi бiр адамға, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдарға берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
              шетел мемлекеттерiнiң органдарымен және
              халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

      18-бап. Осы Заңда пайдаланылған негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) "декларант" - тауарлар мен көлiк құралдарын өз атынан мәлiмдеушi, көрсетушi және ұсынушы тұлға;
      2) "тұлға" - осы Заңның қағидаларында өзгеше көзделмеген жағдайлардан басқа кезде отандық және шетелдiк тұлғалар, жеке кәсiпкер, жеке тұлғалар;
      3) "отандық тұлға" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасында мекен-жайы бар филиалдары мен өкiлдiктерi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген жеке кәсiпкер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
      4) "шетелдiк тұлға" - осы баптың 3-тармағында көрсетiлмеген тұлға;
      5) "тауарларды өткiзушi тұлға" - тауарларды меншiктенушi, оларды сатып алушы, тауар иесi не тауарлармен осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз атынан атқаруға жеткiлiктi басқа сапада көрiнетiн тұлға;
      6) "тарифтiк емес реттеу шаралары" - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн және өзiне жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополияны қамтитын шаралар; тауарларды әкетудi және /немесе/ әкелудi сандық шектеулер;
      7) "салық" - тауарды еркiн айналысқа шығарған кезде оларды төлеу Қазақстан Республикасының салық заңымен көзделген және оларды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген салықтар;
      8) "тасымалдаушы" - тауарларды iс жүзiнде тасып өткiзушi не көлiк құралдарын пайдалануға жауапты тұлға;
      9) "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу" - Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерi труба құбыры көлiгi мен электр тарату желiлерiн пайдалану арқылы жiберудi қоса алғанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кез келген тәсiлмен әкелу немесе осы аумақтан әкету жөнiнде iс-әрекеттер жасау. Аталған iс-әрекеттерге мыналар жатады:
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелген кезде, соның iшiнде еркiн кеден аймақтарынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының басқа бөлiгiне әкелген кезде, - Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан iс жүзiнде өту;
      өзге жағдайларда - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге не еркiн кеден аймақтары аумағына немесе еркiн қоймаларға тауарлар мен көлiк құралдарын тасып әкету ниетiн тiкелей жүзеге асыруға бағытталған iс-әрекеттер жасау, атап айтқанда, - кеден декларациясын беру;
      9-1) лизинг нысанасы - Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарына сәйкес айқындалатын және Қазақстан Республикасына лизинг туралы шартқа сәйкес әкелiнетiн мүлiк.

      10) <*>

      11) <*>
      12) "кеден бақылауы" - Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдармен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдайтын шаралар жиынтығы, бұл шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген;
      13) "кедендiк ресiмдеу" - осы Заңның талаптары мен ережелерiне сәйкес белгiлi бiр кеден тәртiбiне орай тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру және осы режимдi аяқтау мақсатында iс-әрекеттер жасау;

      14) <*>
      15) "кеден режимi" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кедендiк мақсат үшiн өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының мәртебесiн айқындайтын осы Заңмен белгiленген ережелер жиынтығы;

      16) <*>
      17) "тауардың кедендiк құны" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауардың осы Заңға байланысты анықталатын және мынадай мақсаттарда:
      тауарға кеден төлемдерi мен салықтарын салу;
      кеден статистикасын жүргізу;
      Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын қолдану үшiн пайдаланылатын құны;
      18) "тауар" - материалдық дүниенiң кез келген жылжымалы заты, соның iшiнде валюта, валюта құндылықтары, энергияның электр, жылу және басқа түрлерi мен осы баптың 21-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарынан басқа көлiк құралдары;
      19) "Отандық тауар" - Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарлар не Қазақстан Республикасы аумағында еркiн айналысқа түскен тауарлар;
      20) "шетел тауары" - осы баптың 19-тармағында көрсетiлмеген тауар;
      21) "көлiк құралы" - контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса, жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалы үшiн пайдаланылатын кез келген құрал;
      22) "кедендiк алып жүру" - тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының iлесе алып жүруi;
      23) "шартты түрде шығару" - белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды сақтау мiндеттемесiмен ұштастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын шығару;
      24) "қойма мекемесi" (барлық түрлерi) - белгiлi бiр кеден режимдерi кезiнде жүзеге асыру үшiн жеке жаңа заңды тұлға құруды қажет етпейтiн қызмет түрi;
      25) "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" - өзiне табысталған құқықтардың шегiнде кеден iсiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк орган;
      26) "орталық кеден органы" - осы Заңға сәйкес Қазақстан  Республикасындағы кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын орган.
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 18-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

II БӨЛIМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ТАУАРЛАР МЕН
КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКIЗУ

3-тарау
ТАУАРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН
ӨТКIЗУДIҢ НЕГIЗГI ҚАҒИДАТТАРЫ

      19-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелу және Қазақстан
              Республикасынан әкету құқығы

      Барлық тұлғалардың осы Заңда көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлiк құралдарын, соның iшiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге бiрдей негiздерде құқығы бар.
      Осы Заңда көзделгеннен өзге реттерде, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ешкiм құқығынан айырылмайды немесе ешкiмнiң құқығы шектелмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      20-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелуге және Қазақстан
              Республикасынан әкетуге тыйым салу

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметі актiлерiмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен мемлекет қауiпсiздiгi, моральдық-имандылық мүдделерi, адам өмiрi мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiктерiн, меншiк құқығын, соның iшiнде интеллектуальдық меншiк объектiлерiне құқығын қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызды мүдделерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады.
      Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен бұл тауарлар мен көлiк құралдарын тәргiлеу көзделмесе, тиiсiнше Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге не Қазақстан Республикасының аумағына дереу қайтаруға жатады.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын қайтаруды тауар өткiзушi тұлға немесе тасымалдаушы өз есебiнен жүргiзедi. Тауарлар мен көлiк құралдарын дереу қайтару мүмкiн болмаған немесе iске аспаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының иелiгiндегi уақытша сақтау қоймаларына табыс етiледi. Сақтау ақысы тауарлар өткiзушi тұлға немесе тасымалдаушы есебiнен төленедi.
      Уақытша сақтау қоймаларындағы әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын сақтаудың шектi мерзiмi - үш тәулiк. Сақтаудың белгiленген мерзiмi өтiсiмен мұндай тауарлар мен көлiк құралдары өзге кеден режимiне мәлiмделуге тиiс. Тауарлар мен көлiк құралдарын өзге кеден режимiне мәлiмдемеген жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiп пен шартқа орай мемлекет кiрiсiне айналдырылады.

      21-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
              Республикасына әкелуге және Қазақстан
              Республикасынан әкетуге қойылатын шектеулер

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеулер белгiленуi мүмкiн. Мұндай шектеулердi белгiлеген кезде осы шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлiк құралдарын сыртқа шығаруды Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда ғана жүргiзе алады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шектеулердi белгiлейтiн актiлер күшiне енгiзiлерден кемiнде отыз күн бұрын жариялануға тиiс.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары шектеулердiң күшiне енуiне байланысты тауарларды өткiзушi тұлғаның не тасымалдаушының шығындарын өтемейдi.

      22-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
              арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу
              тәртiбi

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу осы Заңда көзделген тәртiппен олардың кеден режимiне сәйкес жүргiзiледi.

      22-1-бап. Кеден режимдерiнiң түрлерi

      Кеден заңдарын қолдану мақсатында кеден режимдерiнiң мынадай түрлерi белгiленедi:
      1) тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару;
      2) тауарлардың керi импорты;
      3) тауарлар транзитi;
      4) кеден қоймасы;
      5) бажсыз сауда жасайтын дүкен;
      6) кеден аумағында тауарларды өңдеу;
      7) кедендiк бақылаумен тауарларды өңдеу;
      8) тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету;
      9) еркiн кеден аймағы;
      10) еркiн қойма;
      11) тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу;
      12) тауарлар экспорты;
      13) тауарлардың керi экспорты;
      14) тауарларды жою;
      15) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      23-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының кеден
              режимiн таңдау және өзгерту

      Тұлға, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тауар мен көлiк құралының сипатына, мөлшерiне, шығарылған, келген немесе арналған елiне қарамастан, кез-келген уақытта кез-келген кеден режимiн таңдауға немесе оны басқасына өзгертуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      24-бап. Кедендiк ресiмдеу және кеден бақылауы

      Тауарлар мен көлiк құралдары осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.
      ЕСКЕРТУ. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      25-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан
              Республикасының кеден шекарасынан өтетiн
              орны мен уақыты

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткiзуге Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген жерлерде және олардың жұмыс уақытында жол берiледi. Өзге жерлерде және Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыстан тыс уақытында тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан Қазақстан Республикасының кеден органының келiсiмiмен ғана өткiзуге болады.

      26-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
              арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк
              құралдарын пайдалану және иелiк ету

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және иелiк ету олардың кеден режимдерiне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      27-бап. Кеден төлемдерi мен салығы бөлiгiнде кеден
              жеңiлдiктерi берiлетiн, шартты түрде шығарылған
              тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және
              (немесе) иелiк ету

      Кеден төлемдерi мен салығы бойынша жеңiлдiктер белгіленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды сақтаған кезде берiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары шартты түрде шығарылады және осындай жеңiлдiктер берiлуге байланысты мақсаттарда ғана пайдаланылады. Осы тауарлар мен көлік құралдары оларды осындай мақсаттарда қолданған секілді өзге мақсаттарда пайдалануға кеден төлемдерi мен салығы төленіп, бұл жайында кеден органдарына хабарланған және осы заңда көзделген басқа да талаптар орындалған жағдайда жол берiледi.
      Осы бапта белгiленген талаптарды сақтауға жауапкершiлiк кедендiк ресiмдеу кезiнде шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғаға жүктеледi. Декларант шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғамен бiрге ортақтаса жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

III БӨЛIМ
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН РЕЖИМI

4-тарау
ТАУАРЛАРДЫ ЕРКIН АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРУ

      28-бап. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың
              режимiн белгiлеу

      Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимi әкелiнген тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылуы үшiн белгiленедi.

      29-бап. Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға
              қойылатын талаптар

      Тауарларды еркiн айналысқа шығару:
      осы Заңда көзделген кеден төлемдерi мен салығы төленген;
      тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық реттеу саласындағы талаптар сақталған;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалған;
      кедендiк ресiмдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

5-тарау
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕРI ИМПОРТЫ

      30-бап. Тауарлардың керi импорты режимiн белгiлеу

      Тауарлардың керi импорты - бұл экспорттың кеден тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген Отандық тауарлары кеден бажы мен салығы алынбай сондай-ақ тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай осы Заңның 31-бабында белгiленген мерзiмде керi әкелiнетiн кеден режимi.

      31-бап. Тауарлардың керi импортына қойылатын талаптар

      Тауарлардың керi импортының кеден режимiне:
      Қазақстан Республикасының аумағынан одан тыс жерлерге экспорттың кеден режимiне сәйкес бұдан бұрын әкетiлген;
      әкетілген сәттен бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген;
      табиғи тозудың не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кемудiң салдарынан болған өзгерiстердi, апаттық немесе тежеусiз күштiң әсер етуi, сондай-ақ тауарлармен олардың сақталуын, ұсақ жөндеудi қамтамасыз ету жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру салдарынан тауарлардың бүлiнуi мен өзге де нашарлауы, нәтижесiнде әкету сәтiнде айқындалатын құны ұлғаймаған жағдайларын қоспағанда, тауарларды орналастыруға рұқсат етiледi. Тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың табиғи тозуы немесе кемуi осы тауарларға қатысты стандарттармен айқындалады. Апаттың немесе тежеусiз күштiң әсер өтуi салдарынан жай-күйiнiң өзгеру фактiсi Қазақстан Республикасының шет елдегi консулдық мекемелерiнiң растамасымен құжаттай қуатталуға тиiс.
      Бұл ретте әкету күнi кеден декларациясы қабылданған күн болып саналады.
      ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      32-бап. Әкету кеден бажын және өзге де
              сомаларды қайтару

      Тауарлардың керi импорты кезiнде керi импорт жасаған тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар экспортқа шығарылған сәттен бастап үш жыл iшiнде бұрын төленген кеден бажын қайтарып бередi.
      Тауарлардың керi импорты кезiнде тауарларды өткiзушi тұлға тауарларды экспортқа шығару кезiнде төлемдер ретiнде немесе өзге жеңiлдiктер нәтижесiнде алған сомаларын қайтарады.
      Осы сомалардан басқа олардан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер өндiрiлiп алынады.
      Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген сомалар мен олардың проценттерi кеден төлемдерi үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органына төленедi.
      ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

6-тарау
ТАУАРЛАР ТРАНЗИТI

      33-бап. Тауарлар транзитiнiң кеден режимiн белгiлеу

      Тауарлар транзитiнiң кеден режимi тауарларды кеден бажы, салық өндiрiлiп алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы, сондай-ақ шет мемлекеттiң аумағы арқылы кеден бақылауымен өткiзуге арналған.

      34-бап. Тауарлар транзитiне қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзитпен өткiзiлетiн тауарлар:
      табиғи тозу немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кему салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қалуға және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмауға;
      егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзит жолдары мен бағыттарын белгiлеген болса, солар бойынша тасымалдануға;
      жiберiлген кеден органына жөнелтушi кеден органы белгiлеген әдеттегi жеткiзу мерзiмiне сәйкес мерзiмде көлiк құралының, белгiленген жол бағытының мүмкiндiктерiн және тасымалдаудың басқа жағдайларын негiзге ала отырып, бiрақ айына екi мың шақырымдық есеппен белгiленетiн шектi мерзiмнен асырылмай жеткiзiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды транзиттiң кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсат етiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      35-бап. Тауарлар транзитiне берiлетiн рұқсат

      Тауарлар транзитi Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарған кезде тарифтiк емес реттеу шараларын және (немесе) кеден бажын және (немесе) салық алуды қолдану белгiленген тауарларға:
      көлiк құралының тиiсiнше жабдықталуына қойылатын Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген талаптар сақталған;
      кеден бажы мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету уәкiлеттi банктің кепiлдiгi түрiнде берiлген немесе тиесiлi сомалар Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген жағдайда;
      тауарлар кедендік алып жүрілген жағдайда транзитке рұқсат етіледi.
      Бұл ретте, егер транзитке қойылатын талаптарды сақтау осының алдындағы шараны қолдану арқылы қамтамасыз етiлмейтiн болса атап өтiлген шаралардың әрбiр кейiнгiсi қолданылады. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрудi қолдануды таңдауға құқығы бар.
      Көлiк құралын тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етуге байланысты тасымалдаушыда пайда болған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органы өтемейдi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi транзитке кеден бажы мен салықтарын төлеген жағдайда ғана рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      36-бап. Жiберiлген кеден органына тапсырылуға
              тиiстi тауарлар құжаттары

      Жiберiлген кеден органына тапсырылуға тиiстi тауарлардың құжаттары өздерi қатысты болып отырған тауарлар сияқты тәртiппен жеткiзiледi.

      37-бап. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi
              салдарынан қабылданатын шаралар

      Авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде тауарлар түсiрiледi.
      Бұл жағдайда тасымалдаушы:
      тауарлардың сақталуы мен оларды қандай да болмасын рұқсатсыз пайдалануға жол бермеудi қамтамасыз ететiн барлық қажеттi шараларды қолдануға;
      Қазақстан Республикасының таяу маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы туралы, тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы тез арада хабарлауға;
      тауарларды Қазақстан Республикасының таяу маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдарын тауарлар тұрған жерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары тасымалдаушының осы бапта көзделген шараларды қолдануға байланысты шеккен шығындарын өтемейдi.

      38-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      Тауарлар транзитi тасымалдаушының жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
      Егер тауарлар авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан жойылған, бiржола жоғалған болмаса, не тауарлар шетел мемлекетi органдарының немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңсыз әрекеттерi салдарынан иелiктен шығып кеткен болмаса, тауарлар Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз берiлген немесе олар жоғалған, осы жоғалту туралы мәлiмделмеген немесе олар жіберілген кеден органына жеткiзiлмеген жағдайда, тасымалдаушы тиiстi құжаттар берiлген ретте тиiсiнше еркiн айналысқа шығару кезiнде немесе экспортқа шығару кезiнде төленуге жататын кеден төлемдерiн төлеуге тиiс.

7-тарау
КЕДЕН ҚОЙМАСЫ

      39-бап. Кеден қоймасының режимiн белгiлеу

      Кеден қоймасының режимi әкелiнген тауарларды кеден бажын, салығын алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай кеден бақылауымен сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейiн кеден бақылауымен сақтау үшiн арналған.

      40-бап. Кеден қоймалары және олардың үлгiлерi

      Кеден қоймасы ретiнде кеден қоймасы режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез келген арнайы белгiленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орын танылады.
      Кеден қоймасы кез келген тұлға пайдалануға оңтайлы ашық үлгiде және белгiлi бiр тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық үлгiде болуы мүмкiн.
      Егер ашық үлгiдегi қойманы құру тиiмсiз деп есептеуге негiз болса, онда жабық үлгiдегi кеден қоймалары құрылуы мүмкiн.

      41-бап. Кеден қоймаларының иелерi

      Қазақстан Республикасының кеден органдары немесе қазақстандық тұлғалар кеден қоймаларының иелерi бола алады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағындағы кеден қоймалары ашық үлгiдегi қоймалар болып табылады.

      42-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия

      Кеден қоймасы Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрса, аталған лицензияны алудың қажетi жоқ.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Кеден қоймасын құруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан  Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа оны қайтарып алу туралы хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi.
      Кеден органы құрған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      43-бап. Кеден қоймалары иелерiнің міндеттері

      Кеден қоймасының иесi:
      сақтау орнындағы тауарлардың кеден бақылауынан тыс кеден қоймасынан алынбауын қамтамасыз етуге;
      кеден бақылауын жүзеге асыруды қиындатпауға;
      кеден қоймасын құруға берiлген лицензия шарттарын сақтап, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының кеден қоймасында сақтаулы тауарларға кiруiн қамтамасыз етудi, осы адамдарға кеден бақылауы мен кеден ресiмдеуiн жүзеге асыру үшiн кеден қоймасындағы үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берудi қоса, Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға;
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген  кедендiк қойманың мекемесiне арналған үй-жайдың немесе орынның  жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен сақталатын тауарлар мен олардың айналымы туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органдарына есеп беруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді, 1-ші бөлік алып тасталды, 2-ші бөлік екінші абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      44-бап. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн
              тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен
              салығын төлеу жауапкершілiгi

      Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде декларант жауап бередi. Тауарларды кеден қоймасына сақтауға қойған тұлға декларантпен бiрге ортақ жауап бередi.
      Осы Заңның 43-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде жауапкершiлiк кеден қоймасының иесiне жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      45-бап. Кеден қоймасында сақталуға тиiстi тауарлар

      Кеден қоймасына, Қазақстан Республикасының Үкіметі тiзбесiн белгiлейтiн тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
      Басқа тауарларға зиян келтiрiлуi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар осындай тауарларды сақтау жағдайларына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      46-бап. Кеден қоймасында тауарларды сақтау мерзiмi

      Тауарлар кеден қоймасында үш жыл бойы сақталуы мүмкiн, тауарлардың жекелеген санаттары және кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғалар үшiн аталған мерзiм Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен шектеледi.
      Кеден қоймасында сақтаудың белгiленген мерзiмi өткен соң тауар өзге кеден режимiне берiлуге не Қазақстан Республикасының кеден органы иесi болып табылатын уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиiс.
      Кеден режимi өзгертiлместен тауарларды бiр кеден қоймасынан екiншiсiне ауыстырған кезде сақтау мерзiмi тауарларды кеден қоймасына бастапқы орналастырған күннен бастап есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      47-бап. Кеден қоймасында сақтау кезiнде тауарлармен
              жүргiзiлетiн операциялар

      Кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар жүргiзiлуi мүмкiн:
      осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтiлiмдердi жинақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операциялар.
      Осы бапта көрсетiлген операцияларды жүргiзудiң тiзбесi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      48-бап. Кеден қоймасы режимiмен орналастырылып,
              экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге
              арналған тауарларды кеден бажынан босату
              немесе төленген сомаларды қайтару

      Экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарлар кеден қоймасы режимiмен орналастырылған ретте, егер тауарларды iс жүзiнде алып кету кезiнде осындай босату немесе қайтарып беру көзделсе, мұндай тауарлар кеден бажынан босатылады не төленген сомалар қайтарылып берiледi. Кеден бажынан босатылған не төленген сомалар қайтарылған ретте тауарлар кеден қоймасы режимiмен орналастырылған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей тасылып әкетiлуге тиiс.
      Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      49-бап. Кеден қоймаларының қызметiн құқықтық
              реттеу ерекшелiктерi

      Кеден қоймалары қызметiнiң осы Заңда көзделмеген ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейді алады.
      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

8-тарау
БАЖСЫЗ САУДА ЖАСАЙТЫН ДҮКЕН

      50-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен режимiнiң мақсаты

      Бажсыз сауда жасайтын дүкен - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарлар, кейіннен мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн жағдайда, кеден бажы, салықтар алынбастан, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан бөлшектеп сатылатын кеден режимi.
      Тауарларды сату кедендiк бақылаумен Қазақстан Республикасының кеден аумағында халықаралық қатынастар үшiн ашық әуежайларда, порттарда және шекаралық өткелдерде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын әуе және теңiз кемелерiнiң бортында жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      51-бап. Бажсыз сауда дүкенiн ашуға арналған лицензия

      Бажсыз сауда дүкенiн отандық тұлға оның иесi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтайтын жерлерде аша алады.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Бажсыз сауда дүкенiн ашуға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      51-1-бап. Бажсыз сауда дүкенiне қойылуға тиiс тауарлар

      Бажсыз сауда дүкенiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарлардан басқа кез-келген тауар қойылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 51-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      52-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесiне
              қойылатын кеден талаптары

      Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген,  бажсыз сауда жасайтын дүкен мекемесiне арналған үй-жайдың  жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға;
      бажсыз сауда жасайтын дүкенге кеден бақылауынан тыс тауарлардың түсу, өткiзiлу немесе алыну мүмкiндiгiн болдырмауға;
      бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға берiлген лицензия шарттарын орындауға;
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiп бойынша түсетiн және өткiзiлетiн тауарлар туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органына есеп берiп отыруға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 52-бап 2-шi абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      53-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен арқылы
              айналысқа түскен тауарлар бойынша кеден
              төлемдерi мен салығын төлеу жауапкершiлiгi

      Кеден төлемдерi мен салығының төленуi үшiн бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң иесi жауап бередi.

9-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
АУМАҒЫНДА ТАУАРЛАРДЫ ҰҚСАТУ

      54-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағында
              тауарларды ұқсату режимiн белгiлеу

      Кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кеден режимi егер ұқсатылатын өнiмдер Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге экспортқа шығарылатын болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағында шетел тауарларын тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және әкелiнген кеден бажы мен салығын қайтарып бере отырып, ұқсату үшiн пайдалануға арналған.

      55-бап. Тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялар

      Тауарларды ұқсату жөнiңдегi операцияларға:
      сәйкестендiру ұқсатудың мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда, ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сипаттамаларды ұқсату өнiмдерiнде сақтай отырып, шетелдiк тауарлар өзiндiк сипатын жоғалтатын тауардың өзiн ұқсату;
      әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын монтажды, құрастыруды және үйлестiре лайықтауды қоса алғанда, басқа тауар жасау (өңдеу);
      тауарды қалпына келтiрудi қоса алғанда оны жөндеу;
      ұқсату өнiмдерiнiң өндiрiсiн жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды ұқсату процесi кезiнде оларды толық немесе iшiнара тұтына отырып пайдалану енедi. Бұл операция осы баптың екiншi-төртiншi абзацтарында аталғандар мен бір мезгілде орындалуы керек.

      56-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату
              режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кедендiк режимiн пайдалануға, егер:
      тауарларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ұқсату режимiне орналастыруға тыйым салынса;
      ұқсату үшiн өндiрiстiң үздiксiз циклiне жататын немесе Қазақстан Республикасының аумағында бiрдей ұқсату өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын, бiрегей саналатын технологиялық процесс ұқсату үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, әкелiнген тауарлар ұқсату өнiмдерiнде бiрдейлендiрiлуi мүмкiн болмаса жол берiлмейдi. Аталған технологиялық процестердiң тiзбесiн белгiленген тәртiппен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi;
      тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
      1) жүргiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      2) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi рет және одан көп) бұзса;
      3) контрабанда белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзғаны байқалса, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, жол берiлмейдi.
      Тауарларды кеден аумағында ұқсату үшiн:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi отандық тұлғаның көрсетуi;
      декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкелу бажы мен салығын төлеу не оларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төленуiн қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзу осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау қажет.
      Шетелдiк тауарларды ұқсату жөнiндегi операцияларды жүзеге асырған кезде отандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн. Әкетуге тарифтiк емес реттеу шаралары және (немесе) кеден бажы қолданылатын отандық тауарларды пайдалануға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған кезде жол берiледi.

      57-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен, декларант айқындайды.
      Көрсетiлген мерзiм тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлген күннен бастап екi жылдан асып кетпеуi керек.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзген күннен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзартудың қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
      Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық ұзарту уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледі.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      58-бап. Кедендiк мақсаттарда ұқсату өнiмдерi
              шығымының мөлшерi

      Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн әкелiнетiн тауарларды ұқсатуды және тауарларды ұқсату шарттарын жүзеге асыратын кәсіпорынның қолданылып жүрген технологиялық құжаттамасының негiзiнде декларант айқындайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      59-бап. Кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтару

      Осы Заңның ережелерi сақталған:
      тауарлар немесе ұқсату өнімдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткен күннен бастап екi жылдан кешiктiрмей экспортталған;
      әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкету расталған жағдайда төленген кеден бажы мен салығы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады.
      Қайтарылатын сомаларға проценттер есептелiнбейдi.
      Кеден бажы мен салығының сомалары, егер тауарларды ұқсатуға әкелген кезде төленбесе, әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарылған кезде төленедi. Аталған сомалардан басқа, олардан кеден бажы мен салығын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 55-59-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      60-бап. Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерiн кедендiк
              әкету бажынан және тарифтiк емес реттеу
              шараларын қолданудан босату

      Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады.
      Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

10-тарау
КЕДЕН БАҚЫЛАУЫМЕН ТАУАРЛАРДЫ ҰҚСАТУ

      61-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату
              режимiн белгiлеу

      Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату - шетел тауарлары Қазақстан Республикасының кеден аумағында осы Заңмен белгiленген тәртiппен кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, оларды әрi қарай айналысқа шығарғанға немесе ұқсату өнiмдерiн өзге кеден режимiне орналастырғанға дейiн кеден бақылауымен ұқсату үшiн пайдаланылатын кеден режимi.

      62-бап. Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсатудың
              кеден режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсату тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан жалтару және тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiн аттап өту үшiн пайдаланылмайды.
      Кедендiк бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн пайдалануға, егер:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша ұқсатудың режимiне тауарларды орналастыруға тыйым салынса;
      Қазақстан Республикасына тауарларды ұқсатуға ұқсату жөнiндегi операцияларды тiкелей жүзеге асырмайтын тұлға әкелсе ұқсату мерзiмi алты айдан асса;
      ұқсату жөнiндегi операциялар кәсiпорынның ұқсату жүзеге асырылуы тиiс әдеттегi технологиялық процестерiне сәйкес келмесе;
      тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
      1) кедендiк бақылаудан басқа тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн алу мүмкiн еместiгін қамтамасыз етудi, кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауды, тауарларға кеден органдарының қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi, тауарлардың есебiн және олармен операцияларды жүргізудi, сондай-ақ есептiлiктi көрсетудi қоса алғанда, кеден заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз ете алмайтын болса;
      2) жүргiзудiң белгiленген тәртiбi бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      3) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
      4) контрабанданың белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзса бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен дәлелденсе, рұқсат етiлмейдi.
      Тауарларды ұқсату үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделген ұқсату шарттары туралы мiндеттеме ұсыну қажет.
      ЕСКЕРТУ. 62-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      63-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсатуға
              байланысты қолданылатын ережелер

      Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату, осы Заңның 55,58, 63-1-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      63-1-бап. Кеден бажы мен салығын қолдану

      Шетелдiк тауарларды ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шетелдiк тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн шығару кезiнде ақы төлеген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақытта осы сомаларды төлеген күнi қолданылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiне отырып кеден бажы мен салығының сомасы төленедi. Аталған өсiм кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарлар ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 63-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

11-тарау
ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ӘКЕЛУ
ЖӘНЕ УАҚЫТША ӘКЕТУ

      64-бап. Тауарларды уақытша әкелу және уақытша
              әкету режимiн белгiлеу

      Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкетудiң кеден режимi Қазақстан Республикасының кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе iшiнара босата отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай оларды пайдалануға жол ашуға арналған.

      65-бап. Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша
              әкетуге қойылатын талаптар

      Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар, табиғи тозуы не тасымалдау сақтау мен пайдаланудың қалыпты жағдайларында кемуi салдарынан өзгерулерiн қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қайтарылуға тиiс.
      Уақытша әкелiнбейтiн және әкетiлмейтiн тауар санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге:
      1) тауарларды әкелу (әкету) туралы мiндеттемелер берiлген;
      2) тауарларды бiрдейлендiру қамтамасыз етiлген;
      3) осы Заңның 68-бабына сәйкес кеден төлемдерi мен салығы төленген;
      4) уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген тауарларды кәсiпкерлiк мақсатта пайдаланбаған жағдайларда рұқсат етiледi. Осы тармақшамен белгiленген талаптың кеден бажы мен салығынан толығымен босатылған уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген тауарларға, сондай-ақ жабдықтарға қатысы жоқ.
      Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге кеден режимi қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 65-бап 4-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      66-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 66-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      67-бап. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша
              әкету мерзiмi

      Тауарды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң мерзiмiн тауарды әкелген және әкеткен тұлға анықтайды және осындай әкелу мен әкету мақсаты мен басқа жағдайларға қарай Қазақстан Республикасының кеден органы бекiтедi, бiрақ тиiсiнше тауарларды әкелу немесе әкету уақытынан бастап екi жылдан аспауы тиiс.
      Тауарлардың жекелеген санаттары үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ шектi мерзiм белгiлей алады.
      Аталған мерзiмдi өзгертудi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету мерзiмдерi ұзартылған жағдайда кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынбайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмдерi осы бапта көзделген шектеулер қолданылмай, лизинг шартының талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы аталған лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн лизинг шартына енгiзiлген өзгерiстердi көрсету негiзiнде лизинг нысанасын уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен адам өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары өзгертедi.
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 67-бап 5-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      68-бап. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн
              тауарлар бойынша кеден бажы мен салығын
              төлеуден босату

      Қазақстан Республикасының Yкiметi кеден бажы мен салығын сатудан толық босатылған уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiтедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген және уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген лизинг нысаналары кеден баждары мен салықтарынан толық босатылады.
      Аталған тiзбеге енгiзiлмеген тауарлар кеден бажы мен салығын салудан iшiнара босатылады. Бұл ретте әрбiр толық және толық емес ай үшiн, егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылғандай немесе экспортталғандай болса, төленуге тиiс соманың үш процентi төленедi.
      Уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген кезде iшiнара босатыла отырып алынатын кеден бажының және салықтың жалпы сомасы егер тауарлар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болса, әкелiнген немесе әкетiлген кезде төленуге тиiстi кеден бажының және  салықтың сомасынан аспауға тиiс.
      Егер аталған сомалар тең болған жағдайда, осы тауарға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаған ретте, тауар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болып есептелiнедi.
      ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 68-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 75 Заңымен .

      69-бап. Уақытша әкелудiң (әкетудiң) белгiленген
              мерзiмi өткен тауарларға қатысты әрекеттер

      Белгiленген мерзiмi өткенге дейiн қайтарылмаған уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарлар басқа кеден режимiне мәлiмделуге не Қазақстан Республикасының кеден органы иесi болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуға тиiс.

      70-бап. Уақытша әкетiлген және әкелiнген тауарлардың
              қайтарылмауы

      Уақытша әкетiлген немесе әкелiнген тауарлардың белгiленген мерзімдерде қайтарылмауы, егер тауарлардың апат немесе тежеусіз күштің әсер етуі салдарынан жойылуы немесе бiржола жоғалуы, не тауарлар болған мемлекет органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері салдарынан иелiктен шығып кету жәйттерi: уақытша әкетілу кезiнде - Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiмен, уақытша әкеліну кезінде - уәкілеті мемлекеттік органдармен расталған жағдайда ғана мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 70-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

12-тарау
ЕРКIН КЕДЕН АЙМАҒЫ ЖӘНЕ ЕРКIН ҚОЙМА

      71-бап. Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден
              режимдерiн белгiлеу

      Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден режимдерi - шетелдiк тауарлардан кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай тиiстi аумақтық шекараларда немесе үй-жайларда (орындарда) орналастырылып, пайдаланылатын, Қазақстан тауарлары осы Заңда белгiленген тәртiппен экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын шарттармен орналастырылып пайдаланылатын кеден режимдерi.
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы еркiн кеден аймағының кеден режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде айқындалған шарттарда қолданылатын кеден режимi.
      ЕСКЕРТУ. 71-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 71-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      72-бап. Еркiн кеден аймағын құру

      Еркiн кеден аймағы еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын аумақ ретiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен құрылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі еркiн экономикалық аймақты құру туралы шешiмдi, егер оның жұмыс жүргiзуi осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе жоюға құқылы. Аталған шешiм жойылған жағдайда еркiн экономикалық аймақ алты ай iшiнде таратылуға тиiс.
      Еркiн экономикалық аймақ құру туралы өтiнiштердi қарау еркiн экономикалық аймақ құру туралы шешiм қабылдау және оны жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      73-бап. Еркiн қойманы құру және тарату

      Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасының орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн.
      Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
      Еркiн қойма тағайындауға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияны тоқтата тұру оны тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi.
      Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      73-1 бап. Еркiн кеден аймағына және еркiн қоймаға
                орналастыруға жiберiлетiн тауарлар

      Еркiн кеден аймақтарына ұқсатуға арналған тауарларды, сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
      Еркiн қоймаға орналастыруға ұқсатуға арналған тауарлар (спирттен басқа) және жабдықтар жiберiледi.
      Еркiн кеден аймағының кеден режимiндегi арнайы экономикалық аймақ аумағына орналастыруға тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған тауарлар, сондай-ақ жабдықтар жiберіледi, егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi еркiн кеден аймақтарына орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін айқындауы мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 73-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 73-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      74-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы
              тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар

      Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда:
      осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтiлiмдердi жинақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операцияларды;
      ұқсату жөнiндегi операцияларды жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Операциялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады, не мұндай тұлғалардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
      Егер жекелеген тұлғалар Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметі актiлерiнiң талаптарын сақтамаса, Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады не мұндай тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлардың жекелеген санаттарын еркiн кеден аймақтарына әкелуге не еркiн қоймаларға орналастыруға шектеу қоюға немесе тыйым салуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      75-бап. Тауарлардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн
              қоймаларда болу мерзiмi

      Тауарлар еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда шектеусiз мерзiмде бола алады.

      76-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда
              Қазақстан Республикасының кеден заңдарын
              сақтауды қамтамасыз ету шаралары

      Қазақстан Республикасының кеден органдары еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда орналасқан тауарларға кеден бақылауын жүзеге асырады.
      Еркiн кеден аймақтарына әкелiнетiн және еркiн қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ олардың аумағынан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

      77-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн
              қоймалардағы тауарларды есепке алу

      Еркiн кеден аймақтарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар мен еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, дайындалатын, ұқсатылатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзiп, ол туралы Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдарына есеп бередi. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар шегiндегi тауарлармен байланысты болатын кез келген өзгерiстер есеп құжаттарынан көрiнiс табуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 77-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      78-бап. Еркiн қоймалардың иелерiне қойылатын
              қосымша талаптар

      Қазақстан тұлғалары ғана еркiн қоймалардың иелерi бола алады.
      Еркiн қойма иесi:
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген еркiн қойманы құруға арналған үй-жайды немесе орынды жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтауға;
      қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алынбауын қамтамасыз етуге;
      кеден бақылауын iске асыруды қиындатпауға;
      еркiн қойманы құруға берiлген лицензия шарттарын сақтауға және еркiн қоймада тұрған тауарларға Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының баруын қамтамасыз етудi, кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн осы адамдарға еркiн қоймадағы үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берумен қоса Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 78-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      79-бап. Кеден бажын, салығын алу және тарифтiк
              емес реттеу шараларын қолдану

      Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймағының аумағына әкелген, сондай-ақ шетелдiк және отандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде кеден бажы мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде мәлiмделген кеден режимiнiң шарттарына сәйкес кеден бажы мен салығы алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
      Отандық тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге бөлiгiнен еркiн кеден аймақтарының аумағына әкелген және отандық тауарларды еркiн кеден аймақтары аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде кеден төлемдерi мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе.
      Тауарларды еркін кеден аймақтарының аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкеткен кезде кеден бажы мен тарифтiк емес реттеу шаралары:
      шетелдiк;
      еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда өндiрiлген;
      еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда ұқсатуға ұшыраған тауарларға қолданылмайды.
      Тауарлардың еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан шыққаны шығу сертификатымен расталады. Сертификат болмаған кезде, тауар:
      Қазақстан Республикасынан тысқары әкетілген кезде - кедендiк әкету бажын алу мен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында отандық тауар ретiнде;
      Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелiнген кезде - кедендiк әкелу бажы мен салығын алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында шетелдiк тауар ретiнде қарастырылады.
      ЕСКЕРТУ. 79-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 79-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен .

      80-бап. Экспортқа шығаруға арналған тауарларды
              экспорттың кеден режимiне сәйкес кеден
              бажынан босату не төленген соманы қайтарып
              беру

      Экспорттың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығаруға арналған тауарларды еркiн кеден аймақтарына әкелген кезде немесе оларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде, егер босату немесе қайтарып беру тауарларды нақтылы экспортқа шығару кезiнде көзделген болса, мұндай тауарлар кеден бажынан босатылады не төленген сомалары қайтарып берiледi.
      Мұндай тауарлар iс жүзiнде экспортқа кеден бажы қайтарылған немесе одан босатылған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей шығарылуға тиiс.
      Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 426 Заңымен .

      81-бап. Кеден төлемдерi мен салық төлеу үшiн
              жауапкершiлiк

      Тауарларды еркiн кеден аймағына әкелген немесе еркiн қоймаға орналастырған тұлға кеден төлемдерi мен салықтың төленуi үшiн жауап бередi.

      82-бап. Еркiн қоймалардың қызметiн реттеу ерекшелiктерi

      Осы Заңның 12-тарауында көзделмеген еркiн қойма қызметiн реттеу ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 82-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      82-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық
                аймағының аумағында кедендiк реттеудiң
                ерекшелiктерi

      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына осы Заңның 71-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда қолданылатын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен:
      құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
      арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құрылыс процесiнде  толығымен тұтынылатын тауарларды;
      жобалау-смета құжаттамасына сәйкес объектілердi салу мен пайдалануға беруге қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға жол берiледi.
      Бұрын еркiн кеден аймағы режимiмен орналастырылған отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде тауарды әкететiн тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды қайтарады.
      ЕСКЕРТУ. 82-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2001.07.05. N 223-II Заңымен .

13-тарау
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН АУМАҒЫНАН ТЫСҚАРЫ
ЖЕРЛЕРДЕ ҰҚСАТУ

      83-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
              ұқсату режимiн белгiлеу

      Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың кеден   режимi оларды кеден бажынан толық немесе iшiнара босатып, салықтардан босату, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбау арқылы Отандық тауарларын ұқсату және Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсатылған өнiмдердi кейiннен еркiн айналысқа шығару мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге осы тауарларды әкету мен пайдалануға арналған.
      ЕСКЕРТУ. 83-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .

      84-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
              ұқсату операциялары

      Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кезiнде осы Заңның 55-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген операциялар жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату жөнiндегi жекелеген операцияларға шектеулер белгiлеуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 84-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      85-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде
              ұқсату режимiн қолдануға қойылатын талаптар

      Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсатудың кеден режимi мынадай жағдайларда:
      белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды мiндеттi түрде сақтау мiндеттемесiмен ұштасқан, кеден бажы мен салығынан босатыла отырып бұрын еркiн айналысқа шығарылған тауарлар үшiн - мұндай шектеулердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн;
      егер тауарларды әкету:
      1) кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтарып берудi;
      2) әкету кезiнде берiлетiн төлемдердi алуды талап етуге негiз берсе;
      егер тауарлар сатып алу-сату келісім-шарты бойынша ұқсатуға әкетiлсе;
      егер ұқсату өнiмдерiн ауыстыруға рұқсат ететiн тауарларды жөндеудi қоспағанда, ұқсату өнiмдерi әкетiлген тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болғандығын анықтау мүмкiн болмаса;
      егер тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң ұқсату саласының мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, пайдаланылмайды. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайларда ғана қолданылады;
      тауарларды ұқсатуды жүзеге асыратын (тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiне орналастырған) тұлға:
      1) жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген және (немесе) әкетiлген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
      2) аталған тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан көп) бұзса;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденген контрабанданың белгілерiмен кеден ережелерiн бұзса, пайдаланыла алмайды.
      Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату үшiн:
      отандық тұлғаның Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi беруі;
      декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкету бажын төлеу не олардың төленуiн уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне енгiзу;
      осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау мiндеттеледi.
      ЕСКЕРТУ. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      86-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 86-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      87-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде
              ұқсату мерзiмдерi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен декларант анықтайды.
      Көрсетiлген мерзiм тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген күннен бастап екi жылдан аспауы керек.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзу күнiнен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзарту қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
      Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық мерзiмге ұзарту уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, орталық кеден органы белгілейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсатудың мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      88-бап. Кеден мақсатында ұқсатылатын өнiмдер
              шығымының мөлшерi

      Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн декларант белгілейдi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөнiндегi операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      89-бап. Кедендiк әкету бажын қайтару

      Осы Заң ережелерi сақталған жағдайда, ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару кезiнде төленген кедендiк әкету бажы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады. Қайтарылған сомаларға проценттер есептелмейдi.
      Ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармаған кезде, егер олар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен тауарларды ұқсатуға әкеткен кезде төленбеген болса, кедендiк әкету бажының сомалары төленедi. Аталған сомалардан басқа кедендiк әкету бажын төлеген күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша олардан проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкету бажын төлеу күнiн қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 89-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 87-89-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      90-бап. Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы мен
              салықтан босату

      Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы және салықтан, егер кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсатуға рұқсат алған тұлға не оның кеден делдалы бұл өнiмдердiң еркiн айналысқа түсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, толық және iшiнара босатылады.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы ұқсатудың мақсаты, еркiн айналыс үшiн бастапқы шығарылған кезде оның жетiспеуi ескерiлген жағдайларын қоспағанда, заңдардың немесе шарттың ережелерiне қарай тегiн жүзеге асырылатын әкетiлетiн тауарды жөндеу екендiгiне көз жеткiзетiн болса, әкелу кеден бажы және салықтарынан толық босатылады.
      Әкелу кеден бажының және салықтың әкетiлетiн тауарды ақылы жөндеген кезде және ұқсату жөнiндегi басқа операцияларды жүзеге асырған кезде iшiнара босатылады. Кеден бажының және салықтың сомасы жөндеу немесе ұқсату құнына көбейтiлген ұқсату өнiмдерiне қолданылатын ставкаларға негiзделiп анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 90-бап өзгертiлдi, 4-бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .

      91-бап. Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен
              алмастыру

      Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен алмастыруға жол берiлмейдi, бұған ұқсатудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсатылатын өнiмдердi алмастырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 91-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      92-бап. Ұқсатуға әкетiлген тауарлардың не ұқсату
              өнiмдерiнің жойылуы, жоғалуы, табиғи
              жетiспеуi немесе шет мемлекет органдарының
              немесе лауазымды адамдарының заңсыз
              iс-әрекеттерiнiң себебiнен қайтарылмауы

      Ұқсатуға әкетiлген тауарларды не ұқсату өнiмдерiн белгiленген мерзiмде қайтармау егер тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнiң апат немесе тежеусiз күштiң әсерi салдарынан жойылуы немесе қайтарусыз жоғалуы, олардың табиғи тозуы себебiнен жетiспеуi немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi яки Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шет мемлекет органдарының не лауазымды адамдарының заңсыз әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығып кетуi фактiлерiн Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi растаған жағдайда, сондай-ақ кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi өзгерген жағдайда ғана мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 92-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      93-бап. Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды
              ұқсатудың кеден режимiнiң өзгеру ерекшелiктерi

      Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi экспорт режимiне өзгерген кезде кеден төлемдерi мен салықтары, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шаралары ұқсату өнiмдерiне не, егер олар ұқсатуға ұшырамаса, тауарларға қолданылады. Мұндай өзгерiстi кедендiк ресiмдеудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 93-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

14-тарау
ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫ

      94-бап. Тауарлар экспорты режимiн белгiлеу

      Тауарлар экспортының кеден режимi тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге олардың осы аумақтан тыс үнемi болу немесе тұтынылуы мақсатында әкетiлетiнiн бiлдiредi.

      95-бап. Тауарлар экспорты кезiнде қойылатын талаптар

      Тауарлар экспорты әкету кеден бажын төлеген және өзге де кеден төлемдерiн төлеген, тарифтік емес реттеу шараларын сақтаған, валюталық бақылау саласындағы талаптарды және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 95-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      96-бап. Экспорт үшiн шығару

      Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге іс жүзінде әкетілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу мен кемудiң салдарынан болған өзгерiстердi қоспағанда, кеден декларациясы қабылданған күнгi күйiнде болуы керек.
      Экспорт үшiн шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi үшiн тауарларды өткiзетiн тұлға жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларға меншік құқығы ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды нақты әкеткенi үшiн тасымалдаушы - отандық тұлға жауап бередi. Тауарларды тасымалдаушы - шетелдiк тұлға тасыған жағдайда тауарлар экспортына тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеген не тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде төленуге тиiс болатын салық сомасын төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жол беріледi.
      ЕСКЕРТУ. 96-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

15-тарау
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕРI ЭКСПОРТЫ

      97-бап. Тауарлардың керi экспорты режимiн белгiлеу

      Тауарлардың керi экспортының кеден режимi осы Заң пен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шетел тауарларын олардан әкелу кеден бажы мен салықтарын алмай немесе оларды қайтарып бере отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай керi экспорттауға арналады.

      98-бап. Тауарлардың керi экспортының шарттары

      Егер тауарлар тiкелей және тек қана керi экспортқа арналған тауарлар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмделген болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген кезде кедендiк әкелу бажы мен салықтары алынбайды, ал тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Мұндай тауарлардың iс жүзiндегi керi экспорты кеден декларациясы қабылданған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс. Тауарлардың iс жүзiндегi керi экспорты белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырылмай қалған жағдайда не оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығару кезiнде осы сомалар төленген күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептей отырып кеден бажы мен салығының сомалары төленедi. Аталған өсiм төлеу күнiн қоса алғанда, тауарлар керi экспорттаудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледі.
      Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға байланысты төленгендердi қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес төленген кедендiк әкелу бажы мен салығы, егер:
      әкету кезiнде керi экспортталатын тауарлар табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi салдарынан болған өзгерiстерден басқа, әкелу сәтiндегi күйде болса;
      тауарлардың керi экспорты әкелiнген сәттен бастап екi жыл iшiнде жасалса;
      кері экспортталған тауарлар кіріс алу мақсатында пайдаланылмаса Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды iс жүзiнде әкету расталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс.
      Керi экспортталатын тауарлар әкетілген кезде кедендiк әкету бажы алынбайды, әкету кезінде қолданылатын тарифтік емес реттеу  шаралары қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 98-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      99-бап. Тауарлардың керi экспортына берiлетiн рұқсат

      Тауарлардың керi экспортына Қазақстан Республикасының заңдарымен не халықаралық шарттармен айқындалған жағдайларда және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады жол берiледi.
      Акцизделетiн тауарларды керi экспорттау кедендiк әкету бажы мен салығын уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төлеудi қамтамасыз еткен не тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген немесе кедендiк алып жүру жағдайында жүзеге асырылады. Кедендiк әкету бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 99-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

16-тарау
ТАУАРЛАРДЫ ЖОЮ

      100-бап. Тауарларды жою режимiн белгiлеу

      Тауарларды жоюдың кеден режимi кеден бажы мен салықтарын алмай тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауарларды пайдалануға жарамсыз күйiне келтiрудi қоса кеден бақылауымен жою үшiн белгiленедi.
      Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарларды қоспағанда, бұйымдар немесе материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарлар;
      Қазақстан Республикасы халықтары мен шет мемлекеттердiң көркемөнер, тарихи және археологиялық игiлiк заттары;
      жұқпалы аурулар мен iндеттерге жол бермеу мақсатында дереу жоюды талап ететiн жағдайларды қоспағанда, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен туындылары;
      кеден органдары кепiлдiк зат ретiнде қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары - кепiлдiк қатынасы тоқтатылғанға дейiн;
      қылмыстар және кеден ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша алынған тауарлар мен көлiк құралдары;
      тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
      сот тәркiлеу туралы шешiм қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары жойылуға жатпайды.
      Тауарларды жоюға уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн мұндай жоюдың мүмкiндiгi туралы қорытынды болған жағдайда рұқсат етiледi. Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары бұл туралы прокурорға тауарлар жойылғанға дейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарлама алған соң прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.
      ЕСКЕРТУ. 100-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 100-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен .

      101-бап. Тауарларды жоюға жұмсалатын шығыстар

      Тауарларды жою Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.

      102-бап. Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған
               қалдықтар

      Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi пайдалану мүмкiн болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға арқылы олар кеден бақылауындағы шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiнде орналастырылуға не кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда олар отандық тауарлары ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуға тиiс.

17-тарау
МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫ ҮШIН ТАУАРДАН БАС ТАРТУ

      103-бап. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту
               режимiн белгiлеу

      Мемлекет пайдасы үшiн тауарлардан бас тарту - кеден режимi, мұндай жағдайда тұлға кеден бажы мен салықтарын алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауардан мемлекет пайдасы үшiн бас тартады.

      104-бап. Тауардан бас тартуға қойылатын талаптар

      Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режиміне орналастыруға рұқсат етiлмейтiн тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiн таңдап алған тұлғаның кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн аталған режимдi басқасына өзгертуге құқығы жоқ.
      ЕСКЕРТУ. 104-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      105-бап. Тауардан бас тартуға байланысты шығындар

      Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту осы тараудың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.

IV БӨЛIМ
АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР

18-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КЕДЕН ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ КӨЛIК
ҚҰРАЛДАРЫМЕН  ТАУАРЛАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН ӨТКIЗУ

      106-бап. Көлiк құралдарын өткiзу

      Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу көлiк құралдарына қолданылатын кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүретiн көлiк құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн жерлерде аялдайды. Бұл талап сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары көлiк құралдарын күштеп аялдатуға құқылы.
      Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарының аялдау ұзақтығын Қазақстан Республикасының кеден органы оларды тасымалдаушымен бiрге кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеуге қажеттi уақыт шегiнде айқындайды.
      Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарын олар аялдаған жерден жөнелту Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан уақыты мен орны жөнiнде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органымен келiседi.

      107-бап. Қазақстан Республикасы валютасының,
               Қазақстан Республикасы валютасындағы
               бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен
               басқа да валюталық құндылықтардың өткiзiлуi

      Қазақстан Республикасы валютасының, Қазақстан Республикасы валютасындағы бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен басқа да валюталық құндылықтардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуi Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      108-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтiн нормалар шегiнде тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзе алады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн жеңiлдiк тәртiбi кеден бажынан толық немесе iшiнара босатуды, кеден бажының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды қамтуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, жеке кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар керi импорттың, транзиттiң, кеден қоймасының, бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң, кеден аумағында ұқсатудың, кедендiк бақылаумен ұқсатудың, еркiн кеден аймағының, еркiн қойманың, кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың, керi экспорттың, жоюдың кеден режимінде ресiмдей отырып, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген нормалардан тыс тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеле және осы аумақтан әкете алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 108-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

V БӨЛIМ
КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРI

19-тарау
НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      109-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткiзген кезде және осы Заңмен белгiленген басқа жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi:

      1) <*>

      2) <*>

      3) <*>

      4) <*>

      5) <*>
      6) Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензиялар үшiн алым;
      7) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестаты үшiн алым;
      8) кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы;
      9) тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы;
      10) тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымы;

      11) <*>
      12) алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн ақы;

      13) <*>
      Импортталатын тауарлардың қосылған құнына салынатын салықты және акциздердi Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен кеден органдары өндiрiп алады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттармен демпингке қарсы, қорғау және өтемақы бажын алады.
      ЕСКЕРТУ. 109-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      110-бап. Кеден бажы

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға Қазақстан Республикасының Кеден тарифiне сәйкес кеден бажы салынуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Кеден тарифi Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және сол аумақтан әкетiлетiн Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден бажы ставкаларының жиынтығы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасы тауарларды шартты белгiлеу мен сипаттаудың үйлесiмдi жүйесiне негiзделген, бұл жүйенi Бүкiлдүниежүзiлiк кеден ұйымы осы халықаралық ұйымға мүше елдердiң пайдаланылуы үшiн қолданылады.
      Кеден бажының ставкалары бiрыңғай болады және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзетiн тұлғаларға, мәмiлелердiң түрлерi мен басқа да факторларға орай өзгертiлуi тиiс емес. Олармен арадағы сауда-саяси қатынастарға барынша қолайлылық туғызу көзделмеген елдерде өндiрiлген немесе шығарылған елi анықталмаған тауарларға осы Заңның негiзiнде белгiленген әкелу кеден бажының ставкасы екi есе ұлғайтылады, бұған осы Заңның тиiстi ережелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының тариф жеңiлдiктерiн (артықшылықтарын) беретiн жағдайлар қосылмайды.
      Әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және олар ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн өткен соң күшiне енедi.
      ЕСКЕРТУ. 110-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      111-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 111-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      112-бап. Кеден төлемдерi ставкаларының түрлерi

      Кеден төлемдерiнiң ставкалары мынадай түрлерге:
      салық салынатын тауарлардың кеден құны процентiмен есептелетiн адвалорлық төлем;
      салық салынатын әрбiр тауар үшiн белгiленген мөлшерде есептелiнетiн ерекшелiгi бар төлем;
      жоғарыда аталған кеден салығының екi түрiн ұштастыратын құрамдас төлем түрлерiне бөлiнедi.

      113-117-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 113-117-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      118-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары

      Көлiк құралдарын қоса алғанда, тауар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды, сондай-ақ осы Заңның 108бабына сәйкес өткiзiлетiн тауарларды, алып жүрмейтiн теңдеме жүкте, халықаралық почта жөнелтiлiмдерi мен жүктерiнде тауарлардың кедендiк ресiмделуi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртiп пен мөлшерде кеден алымдары алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарының белгiлi бiр орыннан тысқары жерде және жұмыс уақытынан тыс тауар ретiнде өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк ресiмделуi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген мөлшерлерде кеден алымдары алынады.
      ЕСКЕРТУ. 118-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      119-бап. Тауарларды сақтағаны үшiн алымдар

      Қазақстан Республикасының кеден органдары иелерi болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде кеден алымдары алынады.
      Иелерi отандық тұлғалар болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшiн кеден ісі мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген мөлшерде алым алынады.
      ЕСКЕРТУ. 119-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      120-бап. Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден
               алымдары

      Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде кеден алымдары алынады.

20-тарау
КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРIН ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ

      121-бап. Кеден төлемдерiн есептеудiң негiзi

      Осы Заңның 112-бабына сәйкес арнайы ставкалар қолданылатын кеден төлемдерiн қоспағанда, тауар ретiнде өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк құны кеден төлемдерiн есептеу үшiн негiз болып табылады.

      122-бап. Кеден құнын айқындау жүйесi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлетiн тауарлардың кеден құны шот-фактурада көрсетiлген, тауардың бағасы, сондай-ақ, егер ол шот-фактураға енгiзiлмесе, мынадай нақты шығыстардың негiзiнде анықталады:
      1) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарды әуежайға, кемежайға дейiн жеткiзу немесе тауарды басқа жерге әкету шығыстары:
      тасымалдау құны;
      тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу мен басқа көлiкке ауыстыру шығыстары;
      сақтандыру сомасы;
      2) сатушы шеккен шығыстар:
      комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
      егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас қаралатын болса, контейнерлердiң немесе басқа көп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
      орама материалдары мен орап-түю жұмыстары құнын қосқанда, орап-қаттаудың құны.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кеден құны Тариф және сауда туралы бас келiсiмнiң (ТСБК) кедендiк бағалауының жалпы қағидаттарына негiзделедi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды бағалау жүйесiн қолдану тәртiбiн осы Заң ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 122-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      123-бап. Тауардың кедендiк құнын мәлiмдеу

      Кеден құнын декларант тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмдейдi (жариялайды).
      Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың кеден құнын мәлiмдеудiң тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ декларация нысанын осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын осы Заңмен белгiленген кеден құнын анықтау әдiсiне сәйкес декларант анықтайды.
      Кеден құнын айқындаудың дұрыстығына бақылау жасауды тауар ресiмдеуiн жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден органы, соның iшiнде тауарлардың құны олардың сапасына, санына сәйкес келуiн анықтайтын тәуелсiз сараптаманы пайдалана отырып жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      124-бап. Тауардың кеден құны туралы ақпараттың
               құпиялылығын сақтау

      Тауардың кедендiк құнын мәлiмдеген кезде декларант беретiн, коммерциялық құпияны құраушы ретiнде айқындалатын немесе жасырын болып табылатын ақпаратты кеден органы тек қана кеден мақсаттарында пайдалана алады және осы Заң пен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда декларанттың арнайы рұқсатынсыз үшiншi жаққа, оның iшiнде өзге мемлекеттiк органдарға бере алмайды.

      125-бап. Кеден құны жөнiндегi декларанттың құқықтары
               мен мiндеттерi

      Декларанттың:
      кеден құнын айқындау үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына кеден органында күмән туған жағдайда олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
      мәлiмделген кеден құнын нақтылау қажеттiгi туған жағдайда, уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi ретiнде кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi берген не Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендiк бағасына сәйкес тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген кезде мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар. Кеден төлемдерi мен салығы салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кеден құнын анықтау қажет болған жағдайда кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды беру жөнiнде мiндеттемелердi тапсырса, мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар;
      тауардың кеден құнын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, бұл шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқығы бар.
      Декларант:
      кеден құнын мәлiмдеуге және кеден құнын айқындауға қатысты дұрыс, сандық жағынан анықталған және құжатпен дәлелденген ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;
      мәлiмделген кеден құнын дәлелдеу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органының талап етуi бойынша оған дәлелдеу үшiн қажеттi деректердi беруге;
      өзi мәлiмдеген кеден құнын нақтылауға не Қазақстан Республикасының кеден органына қосымша ақпарат беруге байланысты туындайтын барлық қосымша шығындарды мойнына алуға мiндеттi. Бұл орайда декларант кедендiк бағалауды жүргiзуге байланысты тауарды кедендiк ресiмдеу мерзiмiнiң ұзартылуын кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудiң нақты мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн пайдалана алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 125-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      126-бап. Кеден құнын айқындау жөнiндегi кеден
               органының құқықтары мен мiндеттерi

      Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн Қазақстан Республикасы кеден органының:
      декларант мәлiмдеген тауардың кеден құнының дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
      декларант мәлiмдеген кеден құнының дұрыстығын айқындайтын деректер болмаған не декларант берген мәлiметтер дұрыс емес немесе жеткiлiксiз деп топшылауға негiз болған жағдайда, өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде (оның iшiнде ұқсас немесе бiртектес тауарлар бойынша бағалау ақпараты) осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын түзетулер енгiзе отырып, осы Заңда белгiленген кеден құнын анықтаудың әдiстерiн дәйектi түрде қолдана отырып, мәлiмдеген тауардың құнын дербес белгiлеуге құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша декларант мәлiмдеген кеден құны кеден төлемiн есептеу үшiн негiз, сондай-ақ әкелiнген тауардың кеден құнын анықтаудың әдiстемесi ретiнде қабылдана алмайтын себептердi жазбаша  түсiндiруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 126-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      127-бап. Кеден құнын айқындау әдiстерi

      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауардың кеден құнын айқындау төмендегi әдiстердi қолдану арқылы:
      әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
      құнды шегеру;
      құнды қосу;
      резерв.
      Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс кеден құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
      Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда аталған әдiстердiң әрқайсысы рет-ретiмен қолданылады. Бұл орайда, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы кеден құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керiсiнше ретпен қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 127-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      128-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң
               бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi

      Қазақстан Республикасына экспортқа сатқан кезде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауардың кеден құны болып табылады.
      Кеден құнын белгiлеу кезiнде мәмiле бағасына, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай шығыстар енгізіледі:
      1) тауарды әуежайға, кемежайға жеткiзу жөніндегі немесе тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы басқа жерге әкелу шығыстары;
      тасымалдау құны;
      тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және басқа көлікке ауыстыру шығыстары;
      сақтандыру сомасы.
      Осы тармақшада көрсетiлген шығыстар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелгеннен кейiн бұл шығыстар жасалған және алып тасталатын сома құжатпен расталған жағдайда мәмiле бағасынан алып тасталуы мүмкін;
      2) сатып алушы шеккен шығыстар;
      тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық төлемдi қоспағанда комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
      егер олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас ретiнде қаралатын болса, контейнерлердiң немесе кеп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
      орама материалдары мен орап-қаттау жөнiндегi жұмыстардың құнын қосқандағы орап-қаттау құны;
      3) әкетiлуге арналып бағаланатын тауарларды өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған баға бойынша сатып алушыға тiкелей немесе жанама түрде берiлсе, мынадай тауарлар мен қызметтер құнының тиiстi бөлiгi;
      бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай өнiмдер және басқа да жинақтаушы бұйымдар;
      бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал- саймандар, штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалары);
      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiрген кезде тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
      4) бағаланатын тауарларды сату шарттары ретiнде сатып алушы тiкелей немесе жанама түрде жүзеге асыруға тиiстi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдаланғаны үшiн лицензиялық және өзге де төлемдер;
      5) бағаланатын тауарларды кейiннен кез келген қайта сату, беру немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама түрде тапқан кiрiсiнiң бiр бөлiгiнiң шамасы.
      Әр түрлi атаудағы тауарларды бiр топтамамен жеткiзген кезде әрбiр әкелiнген тауарлардың және тауарлардың барлық топтамасы үшiн айқындалған кеден құнына кiруге жататын шығыстарды айқындау тиiстi шығыстардың құны есептелген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.
      Iс жүзiнде төленген және төлеуге жататын мәмiленiң бағасына осы бапта көрсетiлмеген шығыстар енгiзілмейдi.
      Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн мынадай жағдайларда пайдаланылмайды, егер:
      1) бағаланатын тауарларға сатып алушының иелік ету немесе пайдалану құқықтарына қатысты шектеулер болса, оларға мыналар жатпайды:
      Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген шектеулер;
      тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерi;
      тауар құнына елеулi түрде әсер етпейтiн шектеулер;
      2) сату немесе мәміленiң бағасы ықпалын есептеп шығару мүмкiн емес шарттарды сақтауға байланысты болса;
      3) кеден құны мәлiмденген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен дәлелденбесе не сандық жағынан айқындалмаса және дұрыс болмаса;
      4) мәмiлеге қатысушылар өзара тәуелді тұлғалар болып табылса және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кеден құнын анықтау үшiн негiз ретiнде қолайлы болып табылмаса. Бұл ретте өзара тәуелдi адамдар деп мынадай белгiлердiң бiрiне сәйкес келетiн тұлғалар ұғынылады:
      мәмілеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы, сонымен бiрге мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болса;
      мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болса;
      мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болса;
      қандай да бiр тұлға: мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының айналымында жүрген дауыс беретiн акцияларды немесе мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының жарғылық капиталындағы салымдарды (пайларды) тiкелей немесе жанама иеленсе не бес немесе одан да көп проценттерi бақылауында болса;
      мәмiлеге қатысушының екеуi де үшiншi адамның тiкелей не жанама бақылауында болса;
      мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын болса;
      мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмілеге екінші қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болса;
      мәмілеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туысқандар болса.
      Мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiк фактiсiнiң өзi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда кеден органының лауазымды адамы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн жағдаятты зерделеуi керек және егер өзара тәуелдiлiк бағаға ықпал етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауар бағасына ықпал еттi деп топшылауға негiзi болған жағдайда, осы себеп бойынша декларантқа ұсыныс (импорттаушының өтiнiшi бойынша жазбаша түрде) берiлудi. Бұл ретте декларантқа мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауардың бағасына әсер етпегенін растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру үшiн мүмкiндiк берiледi.
      Декларанттың бастамасы бойынша тауардың кеден құнын белгiлеу негiзiне, егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген мыналардың:
      Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара тәуелдi болып табылмайтын қатысушылар арасындағы ұқсас немесе біртектес тауарлармен мәмiле жөнiндегi құнның;
      құнды шегеру әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының;
      құнды қосу әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе, мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
      Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар мыналардағы:
      1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
      2) санындағы;
      3) осы баптың екiншi бөлiгiнде санамаланған элементтердегi (шығыстардағы);
      4) егер сатушы өзара тәуелдi тұлғамен жасасқан мәмiле кезiнде мұндай шығыстар жасамаса, өзара тәуелдi емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығыстарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.
      Жоғарыда айтылған жағдайда тауардың кеден құнын анықтау үшiн мәмiле бойынша баға орнына салыстыру үшiн декларант ұсынған ұқсас немесе бiртектес тауарлар бағасы пайдаланылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 128-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      129-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмле бағасы
               бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi

      Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде, осы бапта көрсетiлген шарттар сақтала отырып, ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы алынады.
      Бұл орайда бағаланатын тауарлармен барлық жағдайларда да бiрдей ұқсас тауарлар, соның iшiнде мына төмендегi белгiлер бойынша ұқсас тауарлар деп ұғынылады:
      табиғи сипаттамалары;
      рыноктағы сапасы мен танымдылығы;
      шығарылған елi.
      Кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы баптың негізiнде:
      1) егер олар тауарлар бағаланатын елде шығарылмаған болса, тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейдi;
      2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, бағаланатын тауарларды өндiрушi-тұлға өндiрген ұқсас тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
      3) тауарлар, егер олардың жобалануы, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары немесе сызбалары:
      сатып алушыға сатушы өндiрумен және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген құны бойынша берген болса;
      Қазақстан Республикасында шығарылған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесінші абзацы негізінде бағаланатын тауарлардың кедендік құнына енгiзілмеген болса ұқсас деп саналмайды.
      Сыртқы түрi бойынша азын-аулақ өзгешелiктер, егер негiзiнен мұндай тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, тауарларды ұқсас деп қараудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
      Кеден құнын айқындау үшiн ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле бағасы негiзге алынады, егер бұл тауарлар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
      2) бағаланатын тауарлар шығарылғанға дейiн тоқсан күннен бұрын және кейiн тоқсан күннен кешiктiрiлмей шығарылса;
      3) шамамен сол мөлшерде немесе сол коммерциялық деңгейде әкелiнсе (көтерме, бөлшек саудада).
      Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде әкелу жағдайы орын алмаса, бұл айырмашылықтарды ескере отырып, бағаларды түзетiп басқа мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелiнген ұқсас тауарлардың құны пайдаланылуы мүмкiн.
      Осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiмiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген шығыстардың құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша белгiленетiн кеден құны арақашықтық және көлiк түрлерiнiң айырмашылығынан бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленеді.
      Осы бапта көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде енгiзiлуге тиiс.
      Егер осы әдiстi қолданған кезде ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiленiң бiр бағасынан артық баға анықталса, онда әкелетiн тауарлардың кеден құнын анықтау үшiн осы бағалардың ең төменi қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 129-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      130-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле
               бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi

      Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде осы бапта көзделген шарттарды сақтаған жағдайда әкелiнетiн тауарлармен жасалатын бiртектес тауарлар жөнiндегi мәмiле бағасы қабылданады.
      Бұл орайда олар барлық жағынан бiрдей болмаса да, сипаттамасы ұқсас және құрамы ұқсас болғандықтан бiртектес тауарлар деп ұғынылады, бұл оларға бағаланатын тауарлар функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда бiр-бiрiн алмастыруға мүмкiндiк бередi.
      Тауарлардың бiртектестiлiгiн анықтаған кезде олардың мына төмендегi белгiлерi ескерiледi:
      сапасы, тауар белгiсiнiң болуы және нарықтағы танымдылығы;
      шығарылған елi.
      Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсiн пайдаланған кезде осы Заңның 129-бабының төртiншi-жетiншi бөлiктерiнiң ережелерi қолданылады.
      Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
      1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлген елде өндірілмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектi болып саналмайды;
      2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, егер бағаланатын тауарларды өндіруші-тұлға өндірген біртекті тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
      3) тауарлар, егер оларды жобалау, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары мен сызбалары:
      сатушыға сатып алушы өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берiлген болса;
      Қазақстан Республикасында орындалған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде бағаланатын тауарлардың кедендiк құнына енгізілмеген болса, біртекті деп саналмайды.
      ЕСКЕРТУ. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      131-бап. Құнды шегеру негiзiнде кеден құнын
               айқындау әдiсi

      Егер бағаланатын, ұқсас немесе бiртектес тауарлар өзiнiң бастапқы күйiн өзгертпей сатылған жағдайда бағалау әдiсi бойынша тауардың кеден құнын айқындау құнды шегеру негiзiнде жүргiзiледi.
      Тауардың кеден құнын айқындау үшiн құнды шегеру әдiсiн негiз ретiнде пайдаланған кезде тауардың бiрлiктiк бағасы қабылданады, ол бойынша бағаланатын, ұқсас немесе бiртектес тауарлар сатушы тұлғамен өзара байланысты емес мәмiлеге қатысушыға неғұрлым көп мөлшерде сатылады.
      Бұл орайда сату бағаланатын тауарларды әкелумен бiр мезгiлде, ал мұндай мерзімде сату болмаған кезде бағаланатын тауарлар әкелінген күннен кейiнгi неғұрлым жақын мерзiмде, бiрақ тоқсан күннен кешiктiрмей жүзеге асырылуы тиiс.
      Тауардың бiрлiк бағасынан мынадай құрамдас бөлiктерi шегерiп тасталады:
      1) әдетте төленетiн немесе төлеуге келiсiлген өтемдiк сыйақылар немесе сол сыныптағы немесе сол түрдегi әкелiнетiн тауарларды Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда табу мен жалпы шығыстарды жабу мақсатында әдетте есептелетiн үстеме ақылар;
      2) тауарларды әкелуге немесе сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиiс әкелу бажы, салық, алымдар және өзге де төлемдер сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсiру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетiн әдеттегi шығыстар.
      Сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлар өнеркәсiптiң белгiлi бiр саласында өндiрiлген тауарлардың тобына немесе разрядына жататын тауарларды бiлдiредi және ұқсас немесе бiртектес тауарларды қамтиды, бiрақ олармен шектелмейдi.
      Әкелiнген кездегi күйiнде бағаланатын ұқсас немесе бiртектес тауарларды сату реттерi болмаған кезде декларанттың өтiнiшi бойынша қосылған құнды шегере отырып, ұқсатудан өткiзiлген және осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнiң ережелерiн сақтаған жағдайда тауар бiрлiгiнiң бағасы пайдаланылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 131-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      132-бап. Құнды қосу негiзiнде кеден құнын айқындау
               әдiсi

      Тауардың кеден құнын айқындау негiзi ретiнде құнды қосу негiзiнде бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың:
      1) бағаланатын тауарды өндiруге байланысты оны өндiрушiнiң жұмсаған материалдары мен шығасысының құны;
      2) Қазақстан Республикасына жеткiзу кезiнде экспорт елiнде өндірілген бағаланатын тауарлар сияқты, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатқан кезде әдетте, бағаға енгiзiлетiн кiрiс пен жалпы шығыстар сомасы;
      3) осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында санамаланған шығыстар құны.
      ЕСКЕРТУ. 132-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      133-бап. Кеден құнын айқындаудың резервтiк әдiсi

      Тауардың кеден құны резервтiк әдiс негiзiнде тауарларды кедендiк бағалаудың халықаралық принциптерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен, осы Заңның 128-132- баптарында сипатталған әдістерді пайдалану жолымен белгіленеді.
      Тауардың кеден құнын айқындау үшiн резервтiк әдiстi қолданған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарында бар ақпарат пайдаланылады.
      Резервтiк әдiс бойынша тауардың кеден құнын айқындау үшiн негiз ретiнде:
      1) экспорт елінің ішкі рыногындағы тауардың бағасын;
      2) ол әкетiлетiн елден үшiншi елге жеткiзiлетiн тауардың бағасын;
      3) Қазақстанда шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы бағасын;
      4) тауардың еркiн белгiленген немесе сенiмдi түрде расталмаған құнын;
      5) осы Заңның 132-бабында көзделмеген шығындарды есептеу негiзiнде айқындалатын ұқсас немесе бiртектес тауарлардың құнын;
      6) ең төменгi кеден құнын пайдалануға болмайды.
      Тауарлардың кеден құнын резервтiк әдiс бойынша айқындаған кезде екi баламалы құнның неғұрлым жоғарысын кедендiк мақсатта пайдалануды көздейтiн жүйенi негiзге қабылдауға болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 133-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      134-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеушiлер

      Кеден төлемдерiн төлеушi тауар өткiзетiн тұлға болып табылады.
      Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалатын тұлғалар болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 134-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      135-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу
               мерзiмi

      Кеден төлемдерi мен салықтары кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе қабылданған күнi төленедi.
      Осы Заңның 108-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген кезде, кеден төлемдерi мен салықтары кеден органының кеден декларациясын қабылдауымен бiр мезгiлде төленедi.
      Егер кеден декларациясы белгiлеген мерзiмде берiлмесе, онда кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу мерзiмдерi кеден декларациясын беру мерзiмi өткен күннен бастап есептелiнедi.

      136-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеу тәртiбi

      Кеден төлемдерi мен салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк бюджетке төленедi.
      Кеден төлемдерi мен салығын төлеудi төлеушi не төлеушiнiң тапсыруы бойынша үшiншi бiр тұлға жүзеге асыруы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 136-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      137-бап. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi
               кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу

      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртіппен кеден органдары өндірістік ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмiне рұқсат бередi.
      Кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмi кеден декларациясы қабылданған күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      Кеден органы кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімін берген кезде кеден бажын төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады.
      Төлемдi қамтамасыз ету осы Заңның 138-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      Салық төлеудi кейiнге қалдыру мерзімi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 137-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      138-бап. Кеден бажы мен салықтарын төлеудi
               қамтамасыз ету

      Кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету тауарлар мен көлiк құралдарын кепілге берумен және уәкілеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе тиесiлi соманы Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Егер Қазақстан Республикасының кеден органы өзгеше шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiлге берiлген тауарлар мен көлiк құралдары кепiл берушiде қалдырылады.
      Кепiл берушiнiң Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiнсiз кепiл затына иелiк етуге құқығы жоқ.
      Кепiлдi ресiмдеу және кепiлге берiлген затты өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кепiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi банк кепiлдiктерiн қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
      Кепiлдiк шарттарын сақтамаған жағдайда, кеден органы осындай банктердiң кеден бажы мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiндегi кепiлдiктерiн қабылдамауға құқылы.
      Егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылған не экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлген болса, онда төленуге тиiстi кеден бажы мен салықтарының сомасы депозитке салынады.
      Сомалардың депозитте сақталған уақыты үшiн проценттер есептелiнбейдi.
      Тиесiлi сомаларды депозитке салу және оларды қайтару тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      139-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары төленетiн
               валюта

      Кеден төлемдерi мен салықтары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, сондай-ақ мұндай төлем шетел валютасымен ғана төленетiн жағдайда қоспағанда, бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн шетел валюталарымен төленедi.
      Шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасымен есептеу кеден органының кеден декларациясын қабылданған күнге қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң бағамы бойынша жүргiзiледi.

      140-бап. Кеден төлемдерiн өндiрiп алу және
               жауапкершiлiк шаралары

      Кеден төлемдерiн төлеу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты пайда болған берешектi Қазақстан Республикасының кеден органдары төлеушiлер шоттарынан даусыз тәртiппен алады.
      Берешек кезiнде берешек сомасын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм алынады.
      Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдi төлеушi осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен төлеушi хабардар етiлген күннен бастап бес банк күнi iшiнде төлейдi не оған шағым беруi мүмкiн. Егер осы шешiмге төлеушi аталған тәртiппен шағым бермеген жағдайда қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсімді кеден органдары төлеушілер шоттарынан даусыз тәртіппен өндіріп алады.
      Кеден төлемдерi, олар бойынша есептелген айыппұлдар, сондай-ақ айыппұл санкциялары жөнiндегi берешектi жабу Қазақстан Республикасының салық заңдарында салықтар бойынша берешекті өтеу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Төлеушiнiң ақшасы болмаған жағдайда, өндiрiп алу төлеушiнiң келiсiмiмен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушiнiң мүлкiне аударылады. Мүлiктi өндiрiп алу туралы шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен осындай шешiм туралы хабарланған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде төлеушiнiң шағым жасамауы осы бөлiк бойынша келiскендiк деп саналады.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн төлеуден жалтару жағдайында банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар үшiн мiндеттi, iс жүзiндегi төлеу сәтiне дейiн төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Өндiрiп алу туралы шешiмдердi орындамағаны үшiн осы Заңның 296-бабына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
      Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi мен өсiмi бойынша берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн төлеушiнiң шоттарында қаражаты болмаған жағдайда төлеушінiң мүлкiне иелiк етуін шектеу туралы шешiм шығарылады.
      Төленбеген кеден төлемдерi мен өсiмдерiн төлеушiнiң шоттарынан өндiрiп алу, төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ мүлiктi иеленудi шектеу туралы шешiм шығару Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Кеден төлемдерi мен салығын төлеуден жалтарған тұлғаларға кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу мерзiмi берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 140-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен .

21-тарау
ТАУАРДЫҢ ШЫҚҚАН ЕЛIН АЙҚЫНДАУ

      141-бап. Тауардың шыққан елiн айқындау

      Тауардың шыққан елi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарды әкелу мен осы аумақтан тауарды әкетудi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру мақсатымен айқындалады. Тауардың шыққан елiн анықтау тәртiбiн осы Заңның ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органдары белгiлейдi.
      Тауар толық өндiрiлген немесе осы Заңмен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi дәрежеде өңделген ел тауардың шыққан елi болып саналады.
      Бұл орайда, егер тауардың шыққан елiн айқындау мақсаты үшiн бұларды бөлiп көрсету қажет болса, оның шыққан елi ретiнде елдер тобы, елдiң кедендiк одақтары, елдiң аймағы немесе бiр бөлiгi ұғынылады.
      Осы елде толық өндiрiлген тауарлар ретiнде:
      1) оның аумағында немесе аумақтық суларында, немесе оның құрлықтық шельфiнде және егер елдiң теңiз қойнауларын игеруге ерекше құқығы болса, теңiз қойнауларында өндiрiлген пайдалы қазбалар;
      2) оның аумағында өндiрiлген немесе жиналған өсiмдiк өнiмi;
      3) онда туған және өсiрiлген жануарлар;
      4) осы елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;
      5) осы елде өндiрiлген аңшылық, балықшылық және теңiз кәсiпшiлiгi өнiмдерi;
      6) осы елдiң кемелерi немесе ол жалға алған (кiреге алған) кемелермен әлемдiк мұхиттардан ауланған немесе өндiрiлген теңiз кәсiпшiлiгi өнiмi;
      7) осы елде жүзеге асырылған өндiрiстiк және басқа операциялардың нәтижесi болып табылатын қайталама шикiзаттар мен қалдықтар;
      7-1) осы елде жүзеге асырылатын өндiрiстiк және өзге де операциялардың нәтижесi болып табылатын және оның аумағында жиналған, кейіннен қайталама шикізат ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін қалдық заттар;
      8) осы елдiң не ол жалдап алған ғарыш кемелерiнде ғарышта алынған өнiм;
      9) осы елде осы баптың 1 - 8-тармақшаларында көрсетiлген өнiмдерден ғана өндiрiлген тауарлар есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 141-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      142-бап. Тауарлардың жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi

      Егер тауарды өндiруге екi және одан да көп ел қатысатын болса, тауардың шыққан жерi жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес  анықталады.
      Сол елде тауарды жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi мыналар болып табылады:
      1) тауарды ұқсату нәтижесiнде пайда болған Тауар номенклатурасы бойынша алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейiндегi тауар айқындамасының (тауарды сыныптау кодының) өзгеруi;
      2) тауарды осы операциялар жасалып тұратын елде шығарылды деп есептеу үшiн жеткiлiктi немесе жеткiлiксiз өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау, бұл орайда мына төмендегi операциялар жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес келмейдi деп есептеледi:
      сақтау немесе тасымалдау кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету операциялары;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау операциялары (тауар топтамаларын бөлу, жөнелтiлiмдердi қалыптастыру, сұрыптау және қайта орап-қаттау);
      қарапайым құрастыру операциялары;
      алынған өнiмге бастапқы құраушылардан елеулi айырмасы бар сипаттамалар бермей-ақ тауарларды (оның құрамдарын) араластыру;
      3) адвалорлық үлес ережесi - тауар құнының өзгеруi, бұл кезде құнның проценттiк үлесi берілiп тұратын тауарлар бағасының тiркелген үлесiне жетедi.
      Осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiн нақты тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Нақты тауарларға немесе тауардың шыққан елiне қатысты айрықша ескертiлмеген жағдайда, жалпы ереже қолданылады, бұл ережеге сәйкес, егер Тауар номенклатурасы бойынша тауар айқындамасы алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейiнде өзгерсе, тауар жеткiлiктi ұқсатылған деп есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 142-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      143-бап. Тауарлар топтамалап берiлiп тұратын кезде
               олардың шыққан елiн айқындау

      Өндiрiс немесе көлiк жағдайларына байланысты тауарларды бiр топтамамен тиеп жiберу мүмкiн болмаған кезде бөлшектелген немесе жиналмаған күйiнде бiрнеше топтамамен берiлiп тұратын тауарлар, сондай-ақ егер қателiк салдарынан тауар топтамасы бiрнеше топтамаға бөлiнген жағдайда, декларанттың қалауы бойынша тауардың шыққан елiн анықтаған кезде бiртұтас тауар ретiнде қаралуға тиiс. Бұл ереженi қолдану шарты мыналар:
      Қазақстан Республикасының кеден органына бөлшектелген немесе жиналмаған тауардың бiрнеше топтамаға бөлiну себептерi, Тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың шартты белгiлерi, құны мен әр топтамаған енгiзiлген тауарлардың шыққан елi, әр топтаманың ерекшелiгi егжей-тегжейлi көрсетiлiп бөлiнгенi туралы алдын ала хабарлау;
      тауарды бiрнеше топтамаға бөлудiң қателiгiн құжатпен дәлелдеу;
      бiр елден келетiн барлық топтаманы бiр берiп тұрушының жеткiзуi;
      барлық топтаманы бiр ғана кеден (кеден күзетi) арқылы әкелу;
      тауарлардың барлық топтамасын кеден декларациясы қабылданған не бiрiншi топтаманы беру мерзiмдерi өткен күннен бастап алты айдан аспайтын уақытта берiп тұру болып табылады.

      144-бап. Тауардың шыққан жерiн растау

      Тауар шыққан елдiң құжатпен расталуы тауардың шыққан жерi туралы сертификат не Қазақстан Республикасының орталық кеден органы анықтайтын тәртiппен берiлетiн өзге де құжаттар болып табылады.
      Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарларды әкеткен кезде тауардың шыққан жерi туралы уәкiлеттi орган беретiн сертификат бұл тиiстi келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген жағдайларда тапсырылады.
      Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелген кезде тауардың шыққан жерi туралы сертификат тек:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден тарифi бойынша артықшылықтар берілген;
      2) егер Қазақстан Республикасы кеден органының тауар тауарлардың сол елден әкелiнуi тарифтiк емес реттеу шараларымен реттелетiн елдерден шығарылады деп топшылауға негiзi болған;
      3) егер бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны, халықтың денсаулығын қорғау, қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiк қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдаЙларда ғана берiледi.
      Өзге жағдайларда тауардың шыққан жері туралы сертификат талап етiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 144-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      145-бап. Тауардың шыққан жерi туралы сертификат

      Тауардың шыққан жерi туралы сертификат көрсетiлген тауардың тиiстi елден шыққанын айқын куәландыруға және онда:
      1) жөнелтушiнiң тауардың шыққан жерi жайындағы өлшемдерге сәйкес келетiнi туралы жазбаша өтiнiшi;
      2) тауар әкетiлетiн елдiң сертификатты берген құзырлы органының сертификатта көрсетiлген мәлiметтер шындыққа сәйкес келетiнi туралы жазбаша куәландыруы болуға тиiс.
      Тауардың шыққан жерi туралы сертификат кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеу кезiнде ұсынылатын өзге де құжаттармен бiрге берiледi. Сертификат жоғалған жағдайда оның сертификаттың түпнұсқасын берген орган ресми куәландырған көшiрмесi қабылданады.
      Сертификаттың мiнсiздiгiне немесе тауардың шыққан елi туралы мәлiметтердi қоса, ондағы мәлiметтерге күмән келтiрген жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы сертификаттi берген органдарға немесе тауардың шыққан елi ретiнде көрсетiлген елдiң құзырлы ұйымдарына қосымша немесе нақтылаушы мәлiметтердi хабарлау жөнiнде өтiнiш жасай алады.
      Тиiсiнше ресiмделген шыққан жерi туралы сертификат немесе сұралған мәлiметтер табыс етiлмейiнше, тауар сол елден шыққан деп есептелмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 145-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 426 Заңымен .

      146-бап. Тауардың шыққан жерiне байланысты себептер
               бойынша тауарды шығарудан бас тарту негiздерi

      Қазақстан Республикасының кеден органы тауар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларын шығаруға болмайтын елден шыққан деп санауға жеткiлiктi негiз болғанда ғана тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы шығарудан бас тарта алады. Аталған негiздер декларантқа жазбаша түрде тапсырылады.
      Тауардың шыққан жерi туралы тиiстi дәрежеде ресiмделген сертификаты немесе мәліметтерді тапсырмау тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуден бас тартуға негiз болып табылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 146-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      147-бап. Тауардың шыққан елiн анықтауға қатысты
               қосымша ережелер

      Кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей тауарлардың шыққан елi туралы тиiстi куәлiк алынған ретте оларға артықшылық режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн.
      Тауарлардың шыққан елiн айқындаған кезде оларды өндiруге пайдаланылатын қуаттың, машиналар мен жабдықтардың және құрал-саймандардың шыққан жерi ескерiлмейдi.
      Мыналар импортталатын тауарлармен бiр елден шыққан деп саналады:
      егер олар осындай тауармен бiрге импортталса және сатылса және арналуы және саны бойынша әдеттегi осындай тауарлардың жарақталуына сәйкес келсе, импортталатын тауармен пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер, аспаптар мен керек-жарақтар;
      егер олар импортталатын тауармен бiр тауарлық позицияда сыныпталса, импортталатын тауар салынған бума материалдар мен контейнерлер.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына үшiншi елдерден әкелiнетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркiн экономикалық аймақтар мен еркiн қоймалардан әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн айқындау ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгерді және 3-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

22-тарау
ТАРИФТIК ЖЕҢIЛДIКТЕР,
ТАРИФТIК АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

      148-бап. Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер

      Тауарларға қатысты кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер осы Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделгеннен басқа жағдайларда жеке сипат ала алмайды.
      Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен беруге тыйым салынады.
      Бұл орайда кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға қатысты кеден төлемдерiн алудан босату және кеден бажының ставкасын төмендету түрiндегi жеңiлдiктер ұғынылады.
      ЕСКЕРТУ. 148-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      149-бап. Кеден төлемдерiн салудан босату

      Кеден бажын салудан мыналар босатылады:
      1) жүктердi, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын азық-түлiк және жол жүру кезiнде, аралық аялдама мекендерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде сол көлiк құралдарының авариясын (ақауын) жою үшiн шетелдерден алынған басқа да мүлiк;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар жалдаған (кiреге алған) кемелердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз етi үшiн Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына әкелетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық валюта, сондай-ақ бағалы қағаздар;
      4)
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
      6) техникалық жәрдем көрсетудi қоса, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан тегiн көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
      6-1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң шетелдiк қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлар; <*>
      7) 7) инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын тауарлар; <*>

      8) <*>
      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарлар;
      10) кеден төлемдерiн салудан босату көзделген кеден режимдерi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
      11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн бажсыз өткiзу нормалары шегiндегi тауарлар;

      12) <*>

      13) <*>
      14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн шет мемлекеттердiң лотереялары;
      15) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келiсiм-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар;
      16) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң, оның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;
      17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
      18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.
      Осы баптың 1), 3), 5), 6), 9), 17), 18) тармақшаларында санамаланған тауарлар кедендік ресімделгені үшін кеден алымдарын салудан босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 149-бап 12-13-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.11.22. N 47-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап 14-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-баптың 14-тармақшасы екінші бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 139-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-баптың 15-тармақшасымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.04.15. N 217 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.13. N 98 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 311 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 149-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 375 Заңымен .

      150-бап. Тарифтiк артықшылықтар

      Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен сауда-саяси қатынастарды жүзеге асырған кезде баж салудан босату, баж ставкаларын кемiту немесе артықшылық негiзде әкелу (әкету) квоталарын квота белгiлеу түрiнде Қазақстан Республикасының Кеден тарифi ставкалары бойынша:
      Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құрған немесе осындай одақ (аймақ) құруға әзiрлiк жасап жатқан мемлекеттерден шығатын тауарларға;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі оқтын-оқтын, бiрақ әрi кеткенде бес жылда бiр рет қайта қарап отыратын, ұлттық артықшылықтар жүйесiмен пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға;
      шекара маңындағы сауда айналасындағы тауарларға артықшылықтар белгiлеуге жол берiледi.
      Тарифтiк артықшылықтар тек қана Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 150-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      151-бап. Төленген кеден төлемдерi мен салығын қайтару

      Егер төленген кеден төлемдерiнiң сомасы есептелген сомадан асып кетсе, Қазақстан Республикасының кеден органы:
      1) төлеуші келіскен жағдайда артық (қалдық) соманы осы төлемдер бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызады;
      2) төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қалдықты өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма күн мерзiмде қайтарады.
      Артық төленген салықты қайтару Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде төленген кеден бажы мен салығын қайтару төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн және аталған сомалар соларға сәйкес есептелген және кеден органының депозиттiк шотына төленген құжаттардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының кеден органы алғаннан кейiн келесi банктiк күн аяқталмай жүзеге асырылады.
      Кеден төлемдерi мен салығын қайтарған кезде проценттер төленбейдi.
      Төленген кеден төлемдерiн, сондай-ақ салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген салықты қайтару тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
      Соттың шешiмiмен орынсыз өндiрiп алынған сомаларды төлеушiге қайтару осы сомаларды төлеу күнi қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде оларды Қазақстан Республикасының кеден органы өндiрiп алған күннен бастап әрбiр күн үшiн өсiм есептеп, үш күн iшiнде жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 151-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      151-1-бап. Талап арыздың ескіру мерзiмi

      Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын төлеу не кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптарының, сондай-ақ төлеушiлердiң кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына талап арыздың ескiру мерзiмi бес жыл болып белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 151-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      152-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi
               бақылау

      Кеден органдарына өндiрiп алу жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының дұрыс есептелуiн және бюджетке дер кезiнде түсуiн бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.

VI БӨЛIМ
КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ

23-тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      153-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртiбi

      Кедендiк ресiмдеу осы Заңмен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiмен және кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.

      154-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын мен
               уақыт

      Кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн қызмет орындарында, аймақтарында және жұмыс уақытында жүргiзiледi. Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келiсiлген жұмыс режимiмен жүзеге асырады.
      Мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша және соның есебiнен кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiмен өзге де орындарда және Қазақстан Республикасы кеден органының жұмысынан тыс уақытта жүргiзiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудi Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында ғана жүргiзудi белгiлеуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 154-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен .

      155-бап. Кедендiк ресiмдеу кезiнде өкiлеттi тұлғалар
               мен олардың өкiлдерiнiң қатысуы

      Тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде өкiлеттiгi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының кеден органының талап етуi бойынша осы баптың бірінші бөлiгiнде көрсетiлген тұлғалар мен олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде оған қатысуға және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына оны жүргiзуде көмек көрсетуге мiндеттi.

      156-бап. Кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн тiл

      Кеден мақсаттары үшiн құжаттар толтыруды қоса, кедендiк ресiмдеу қазақ немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.

      157-бап. Кеден құжаттарын ресiмдеу және басқа
               мемлекеттiк органдарының бақылауы

      Кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттерде малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асырғаннан кейiн ғана аяқталуы мүмкiн.

      158-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен
               көлiк құралдарын пайдалану және оларға
               иелiк ету

      Осы Заң мен кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделгеннен басқа реттерде, ешкiм де кеден құжаттарын ресiмдеу аяқталмаған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және оларға иелiк етуге құқылы емес.
      ЕСКЕРТУ. 158-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен .

      159-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 159-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 426 Заңымен.

      160-бап. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi

      Шұғыл жеткiзiлiм кезiнде (табиғи нәубеттер, авариялар, апаттар кезiнде қажеттi тауарлар, тiрi жан-жануарлар, тез бүлiнетiн тауарлар, радиоактивтiк материалдар, бұқаралық ақпарат мақсатындағы хабарлар мен материалдар) кедендiк ресiмдеу оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi.
      Жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн және оны қолдану реттерiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.

      161-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi тауарлармен
               көлiк құралдарымен жасалатын жүк және
               өзге операциялар

      Қазақстан Республикасы кеден органының талап етуi бойынша тауарларды өткiзушi тұлға, тасымалдаушы, қойма иесi және тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде өкiлеттiгi бар өзге тұлға кедендiк ресiмдеуге жататын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдауға, таразыға тартуға немесе көлемiн өзгеше өлшеуге, тиеуге, түсiруге, қайта тиеуге, бүлiнген орамдарын жөндеуге, орауын ашуға, орауға не қайта орауға, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн жайларды, ыдыстарды және басқа орындарды ашуға мiндеттi.
      Егер осы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталмаған өзге жағдайларда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген операциялар Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      Тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын жүк және өзге операциялар Қазақстан Республикасының кеден органы үшiн нендей бiр қосымша шығындарға соқтырмауға тиiс.

      162-бап. Кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн тауарлардың
               сынамалары мен үлгiлерiн алу

      Кедендiк ресiмдеу жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға, соның iшiнде кеден лабораторияларымен бiрлесе отырып, оларға зерттеу (сараптама) жүргiзуге құқылы.
      Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар тұлғалар, олардың өкiлдерi және мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары оны жүзеге асыру мақсатында алуы мүмкiн.
      Сынамалар мен үлгiлер осы сынамалар мен үлгiлердi зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей ең аз мөлшерде алынады.
      Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу туралы құжат Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн үлгiде жасалады.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының кеден органдары мен мемлекеттiк бақылаудың басқа да органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары, сондай-ақ тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде қатысады. Аталған тұлғалар мен олардың өкiлдерi тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына көмек көрсетуге, соның iшiнде сынамалар мен үлгiлер алу үшiн қажеттi жүк және өзге операцияларды өз есебiнен жүргiзуге мiндеттi.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi болмаған кезде мұндай тұлғалар тауарларды ұсынғаннан кейiн он күн өткен соң келмей қалған жағдайда, сондай-ақ кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда тауарларды сынамалары мен үлгiлерiн Қазақстан Республикасының кеден органдары алуы мүмкiн.
      Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн осындай алу кезiнде куәлар қатысады.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi олардан алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне жүргiзiлген зерттеу қорытындыларымен танысуға құқылы. Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттiк бақылаудың басқа органдары алған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi туралы хабардар етiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары тұлғаның тауарлар сынамалары мен үлгiлерiн алу нәтижесiнде туындаған қандай да болмасын шығындарын өтемейдi. Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден лабораторияларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеу жөнiндегi шығындарын тұлға өтемейдi, бұған мұндай зерттеудiң көрсетiлген тұлғаның бастамасымен жүргiзiлген реттерi жатпайды.
      Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу тәртiбiн, оларды зер