Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 23 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын бекітуге ұсынсын;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген жол алып тасталсын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы