Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14290 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтердің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2017 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      ______________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 24 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

      министрі

      _______________________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 5 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2016 жылғы 22 тамыздағы
  № 451 бұйрығына
  1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына
сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді
есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға ұсынатын жеке тұлғалар туралы
мәліметтер

р/с№

Жеке тұлға

Жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған тұлға

Төлем белгілеу кодтары

Сомасы (теңгемен)

ЖСН

Т.А.Ә. (ол болған кезде)

БСН/ЖСН

Атауы/ Т.А.Ә. (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;

      БСН - бизнес сәйкестендiру нөмiрi.

"Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына

мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2-бағанда – зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер пайдасына жүзеге асырылған жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН);

      3) 3-бағанда – зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер пайдасына жүзеге асырылған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4) 4-бағанда – зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырған тұлғаның бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН);

      5) 5-бағанда – зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      6) 6-бағанда – "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 болып тіркелген) сәйкес тиісті төлем белгілеу кодтары;

      7) 7-бағанда – есепті кезеңі сомасы, теңгеде.

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2016 жылғы 22 тамыздағы
  № 451 бұйрығына
  2-қосымша

есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді
ұсыну қағидалары мен мерзімдері

      1. Осы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583–бабы 7-6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін және оның нысанын жасауды айқындайды.

      2. Мемлекеттік корпорациясы ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтерге (бұдан әрі - Мәлімет) келесі деректер жатады:

      міндетті зейнетақы жарналары бойынша;

      жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша;

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша;

      әлеуметтік аударымдар бойынша;

      келесі әлеуметтік төлемдер бойынша:

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

      арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

      зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;

      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

      баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

      еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

      асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

      жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

      жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

      жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;

      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

      3. Мемлекеттік корпорациясы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықпен бекітілген нұсқада және "txt" форматында қорғалуын, түпнұсқасы расталуын тұтастығы тексерілгенін және желі арқылы берілетін деректердің шифрлануын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы ұсынылады.

      4. Мәліметті ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1сәуірінен кешіктірмей. Есепті кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

      5. Комитет осы Қағида шеңберінде алынған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы