Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
      1) жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2131 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің
мемлекеттік нормативі

      1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады;
      медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады;
      фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
      дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
      ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады;
      қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады;
      дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады.
      2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрі - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде ұсынылған.
      Ауылдық аурухана климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, тұрғын халқының саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын шалғай АЕМ-де АОА құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;
      2) ауданаралық аурухана тұрғын халқының саны 20000 (жиырма мың) адамнан кем бірнеше аудан үшін АЕМ-нің бірінде құрылады;
      3) қалалық аурухана (бұдан әрі - ҚА) қалаларда (аудан орталығын қоспағанда) құрамына балалар, босандыру, бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде құрылады;
      4) қалалық балалар ауруханасы тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам қалаларда құрамына бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде құрылады.
      Тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан кем қалаларда ҚА-ның жанынан балалар бөлімшесі құрылады;
      5) облыстық аурухана құрамына консультациялық-диагностикалық, босандыру, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлімшелер, пациенттің тұрғын жеріндегі медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация) құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар ретінде құрылады;
      6) облыстық балалар ауруханасы құрамына бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар ретінде құрылады;
      7) инфекциялық аурухана республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      8) перинаталдық орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады;
      9) туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық және облыстық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      10) онкологиялық аурухана (диспансер) облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      11) наркологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      12) психиатриялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      13) тері-венерологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      14) лепрозорий республикалық деңгейде құрылады.
      3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары:
      1) жедел медициналық жәрдем станциясы тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      Тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан кем қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      2) пациенттің тұрғын жеріндегі медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация)облыстық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      4. Апаттар медицинасы ұйымдары:
      апаттар медицинасы орталығы республикалық деңгейде құрылады.
      5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары:
      санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады.
      6. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар:
      мейірбике күтімі ауруханасы, хоспис аудандық маңызы бар қалаларда, аудан, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететін ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі ретінде немесе дербес заңды тұлға ретінде құрылады.
      7. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      қан орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) сот медицинасы орталығы облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде құрылады;
      2) патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және халқының саны 300000-нан (үш жүз мың) астам адам болатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.27 № 975 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;
      3) обаға қарсы станция;
      4) дезинфекция станциясы.
      11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар:
      ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      12. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары:
      орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары республикалық деңгейде, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады.
      13. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрі - СӨСҚО) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      Аудан орталығында СӨСҚО облыстық СӨСҚО-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      14. АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдары:
      ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      15. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы