Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      3. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      3-1. Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар үшін индикаторларын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1145 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарлама паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477, 2014.11.26 № 1235 қаулыларымен.

      Атауы Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту,

      арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі - АЭА)

      дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі

      2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

      Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы

      негіздеме 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі

      Стратегиялық даму жоспары;

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы

      19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген

      Қазақстан Республикасын үдемелі

      индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010

      - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

      (бұдан әрі - ҮИИДМБ)

      Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа

      технологиялар министрлігі

      Бағдарламаның Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және

      мақсаты жоғары технологиялық өндірістерге тікелей

      инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және

      әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың

      экспортын ілгерілету арқылы кірігу

      Бағдарламаның Инвестициялар тарту талаптарын жетілдіру.

      міндеттері Қазақстанның оң инвестициялық имиджін

      ілгерілету.

      Жаңа АЭА және индустриялық аймақтар (бұдан әрі -

      ИА) құру.

      АЭА қызметін реттеу жөніндегі

      нормативтік-құқықтық базаны жақсарту.

      Экспорттаушыларды сервистік қолдауды қамтамасыз

      ету арқылы қазақстандық өнім экспортын дамытуға

      және ілгерілетуге жәрдемдесу.

      Экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету.

      Іске асыру 2010 - 2014 жылдар

      мерзімдері

      Нысаналы 2014 жылдың аяғына қарай:

      индикаторлар 1. Global-2000-ға енгізілген компаниялар

      тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар санын

      ұлғайту.

      2. Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік

      инвестицияларды (бұдан әрі – ТШИ) кем дегенде

      10 %-ға ұлғайту.

      3. Экономиканың шикізаттық емес секторына

      (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін

      қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық

      және шетелдік инвестицияларды 2020 жылға қарай

      кем дегенде 2 есе ұлғайту.

      4. Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі –

      ТШИ) көлемін жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ)

      қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғайту.

      5. Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр

      елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі

      инвестор ел).

      6. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу

      және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу.

      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.11.26

      № 1235қаулысымен.

      8. 2011 жылдың аяғына дейін:

      9. Қарағанды қаласында Индустриялық парктің

      (металлургияны және металл өңдеуді дамыту үшін)

      және Батыс Еуропа – Батыс Қытай логистикалық

      қаңқасының (өңдеуші өндірістердің әртүрлі

      түрлері мен көлік-логистикалық қызметтерін

      дамыту үшін) негізгі бөлігі ретінде "Қорғас –

      Шығыс қақпасы" шекара маңындағы

      сауда-экономикалық аймағы" базасында екі АЭА

      құру.

      10. 2014 жылдың аяғына дейін Ақтөбе, Шығыс

      Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында

      салалық бағытталуы әртүрлі үш Индустриялық аймақ

      (бұдан әрі – ИА) құру.

      11. 2015 жылға қарай ИА-да қатысушылар санын

      42-ге дейін ұлғайту.

      12. Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және

      жоғары технологиялық өндіріске кәсіпорындардың

      негізгі капиталына игерілген инвестициялар

      көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар

      инвестициялардың ұлғаюы 2008 – 2014 жылдар

      кезеңінде АЭА аумақтарында кемінде 40 %-ды

      құрайды.

      13. Кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген

      инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу

      қарқыны бар өндіріске инвестициялардың ұлғаюы

      2008 – 2014 жылдар кезеңінде ИА аумақтарында

      кемінде 20 %-ды құрайды.

      14. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА

      аумақтарында тауарлар мен көрсетілген қызметтер

      (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің өсуін 80 %-ға

      ұлғайту.

      15. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы ИА

      аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

      (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы

      ұлғаюы кемінде 20 %-ды құрайды.

      16. АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл

      сайынғы ұлғаюы кемінде 15 %-ды құрайды.

      17. 2015 жылға қарай шикізаттық емес (өңделген)

      экспорттың құндық көлемін 2008 жылдың деңгейіне

      қарағанда кем дегенде 30 %-ға ұлғайту

      жоспарланып отыр.

      Қаржыландыру Барлық іс-шараларды республикалық бюджет

      көлемдері мен қаражаты есебінен қаржыландырудың жиынтық көлемі

      көздері 19 559 962 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

      тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі

      іс-шаралар - 1 382 596 мың теңге;

      АЭА мен ИА дамыту және құру жөніндегі іс-шаралар

      - 13 506 395 мың теңге;

      экспортты ынталандыру жөніндегі іс-шаралар -

      4 670 971 мың теңге.

2. Кіріспе

      Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсімі мен оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдік өндірістік үдерістермен ықпалдасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қабылдаушы елдің экономикасына шетелдік инвестициялар ағыны кәсіпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екі он жылдықта жаһандық инвестициялар үшін бәсекенің күшеюі байқалады, бұл өз кезегінде мемлекеттің алдына елдің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешенді шараларын әзірлеу мен жүргізу міндетін қояды.

      Мемлекет 2008 - 2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарысты еңсеру жағдайында өзінің инвестициялық саясатын әлемдегі тұрақты және табысты нарықтарды қажет ететін тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың әлемдегі бар мүмкіндіктерді пайдаланатындай етіп түзетуі қажет. Бұдан басқа елдің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестицияларды тарту саясатының негізгі міндеті оларды өндіруші сектордан қайта өңдеу секторына қайта бөлу болуы тиіс.

      Жаһандық нарықтарға ықпалдасумен қатар, экономиканың экспортқа бағдарланған өңдеуші секторларын дамыту міндеттерін шешу үшін экономикалық мүдделерді жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру мен сыртқы нарықтардағы сауда және саудалық емес кедергілерді жедел жою, сондай-ақ өңделген экспортты жылжыту институттарын одан әрі дамыту қажет болады.

      2007 жылғы 6 қазандағы шартқа сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын құрғаны белгілі.

      Кеден одағын қалыптастыру бірыңғай кеден одағын құруды көздейді, оның шегінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қоспағанда, кеден баждары мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде бірыңғай кедендік тариф үшінші елдермен тауар саудасын реттеудің басқа да бірыңғай шаралары қолданылады.

      Кеден одағын құру тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселесі инвестициялар үшін бәсекелестікте алдыңғы жоспарға шығады. Қазақстанның инвестициялық ахуалы кемінде Кеден одағына басқа да қатысушы елдердің тартымдылығынан кем болмауы тиіс.

      Кеден одағы шеңберінде Қазақстан үшін Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен жинақтаушыларға кеден төлемін төлеуден босатуға инвестициялық преференциялар сақталады.

      Осылайша, Қазақстанда қазірдің өзінде ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге, бірінші кезекте кеден одағы елдеріне бағдарланған өндірістерді құру үшін жағдайлар жасалған және оларды одан әрі жақсарту бойынша айтарлықтай байсалды жұмыс жүргізілуде.

      Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

      Бағдарлама мемлекет жүргізіп отырған экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып табылады және Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі әдістерін өзіне біріктіріп отыр. Бағдарлама қосылған құны жоғары отандық өндіріске тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандырудың кешенді жүйесін, сондай-ақ қосылған құны жоғары отандық өндірістің мемлекеттік ынталандыру жүйесін құруға және экспорттық бағдарды қолдауға бағытталған.

      Инвестициялар ағынын, АЭА және экспорттың дамуын ынталандыратын және жағдай туғызатын жүйені құру макродеңгейдегі экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ жеке әдістемені іске асыру негізінде сұрыптық шараларды, экономиканың нақты секторларын, кәсіпорындар мен жобалар тобын сервистік қолдау шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелік шаралары тартымды инвестициялық макроахуалды және заңнамалық базаны қалыптастыруға, экономиканың шикізаттық емес секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелік жағдайларын қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ ұлттық өндірушілердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру шараларына шоғырланады. Сұрыптау шаралары шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуде дара (атаулы) әдістің, экспортқа бағдарланған секторларды, кәсіпорындар мен жобаларды қаржылай және сервистік қолдау шараларының аралас пакетінің негізінде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ елдің халықаралық капитал нарықтарындағы оң инвестициялық беделін қалыптастыруға бағытталатын болады. Елдің экономикасына инвестициялар тарту бағдарламасының шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша арнайы шаралар қабылданатын болады.

      Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық деңгейде де өңірлік деңгейлерде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелеп, жолға қоятын болады. Ынтымақтастықты құру барлық мүдделі тараптардың белсенді және орнықты бастама қағидаттарына, тұрақты жұмыс істейтін конструктивті диалог пен ұлттық және салалық мүдделердің теңгерімін сақтауға сүйенетін болады.

      Бағдарламаны іске асыру ҮИИДМБ-ні орындау үшін қабылданған басқа да салалық бағдарламалармен тығыз үйлестіріле, сондай-ақ бағдарлама бенефициарларымен және іске асырылу үдерісіне тікелей немесе жанама атсалысқан басқа да тараптармен тікелей кері байланысты қолдай отырып жүзеге асырылады.

      ҮИИДМБ-ні іске асыру шеңберінде Индустрияландыру картасы жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген, ол үшін шамамен 7 085 млрд. теңге (48,2 млрд. АҚШ доллары) қажет, оның ішінде расталған сома 5 803 млрд. теңге (39,5 млрд. АҚШ доллары).

3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру, қазіргі жағдайды сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

      Инвестициялар тартуды бағалау

      Республиканың орнықты және теңгерімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету міндетін экономиканы әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату негізінде ішкі қаржылық ресурстардың шектеулілігі жағдайында тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатын құрмай іске асыру мүмкін емес.

      Инвестициялар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Макродеңгейдегі инвестициялар - кеңейтілген қайта өндіру саясатын іске асыруға, өндіріс секторын құрылымдық қайта құруға және экономиканың барлық салаларының теңгерімді дамуына, инновацияларды енгізуге, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге негіз болып табылады. Микродеңгейдегі инвестициялар өндірісті кеңейту мен дамыту, оның техникалық деңгейін жоғарылату, негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуын төмендету, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, сондай-ақ қоршаған ортаға экологиялық әсерді төмендету үшін қажет.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес тәуелсіздіктің 17 жылы ішінде 1993 - 2009 жылдары Қазақстан экономикасына 108,05 млрд. АҚШ доллары (1-суретті қараңыз) тартылған. Алғашқы 12 жыл ішінде небары 34,2 млрд. АҚШ доллары, ал соңғы. 5 жыл ішінде - 73,9 млрд. АҚШ доллары (2,2 есе өсім) тартылғанын атап өту қажет.

      Қазақстанның экономикасына деген шетелдік инвесторлардың қызығушылықтарының артып отырғанын соңғы үш жылдың (әлемдік қаржы дағдарысы жылдары) мәліметтері растайды, 2007 - 2009 жылдары республикаға ТШИ ағыны 56,6 млрд. АҚШ долларын, ал 1993 - 2006 жылдарда - 51,4 млрд. АҚШ долларын (10,2% өсім) құрады. Сонымен қатар Қазақстаннан 2004 - 2009 жылдар арасындағы кезеңде шетелге тікелей инвестициялардың жалпы жылыстауы 14,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Отандық капиталдың 2004 - 2009 жылдар аралығындағы Нидерланды (7,2 млрд. АҚШ доллары), Ресей Федерациясы (1,4 млрд. АҚШ доллары) және Швейцария (0,8 млрд. АҚШ доллары) бағыттарында көп жылыстағаны байқалып отыр.

      ТШИ-ді елге тарту серпіні және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері 1-кестеде келтірілген, кестеде көрсетілгендей 2005 - 2009 жылдар аралығында елдің ЖІӨ-ге ТШИ көлемі 11,6%-дан 17,6% дейін болды, ал соңғы 3 жылда олардың өсіп отырғаны байқалуда. Алайда, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ЖІӨ-ге инвестициялардың көлемі 30-40% шегінде болуы тиіс.

      1-сурет. 1993 - 2009 жылдары тартылған ТШИ көлемі, млрд. АҚШ доллары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша)

      1-кесте. Инвестициялар серпіні және олардың елдің макрокөрсеткіштеріне әсері

Көрсеткіштер атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Елдің ЖІӨ, млн. АҚШ доллары

57 123,7

81 003,3

104 853,5

133 440,7

107 715,3

ЖНҚ теңгерімдік құны бойынша, млн. АҚШ доллары

39 679,6

54 075,6

70 806,4

92 306,4

н.д.

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. АҚШ доллары1

18 219,3

22 400,8

27 679,5

35 003,1

30 826,6

ТШИ, млн. АҚШ доллары

6 618,6

10 623,6

18 452,6

19 755,2

18 428,8

ТШИ өсу қарқыны, %

79,6

160,5

173,7

107,1

93,3

ТШИ, әлемнің барлық елдері, млрд. АҚШ доллары

973,3

1 461,1

1 978,8

1 697,4

н.д.

Қазақстанның ТШИ әлемнің барлық елдері ТШИ-індегі үлесі, %

0,7

0,7

0,9

1,2

 -

ҚР жыл басындағы халық саны, мың адам

15 219,3

15 396,9

15 571,5

15 776,5

16 055,7

Жан басына шаққанда ТШИ ағыны, АҚШ доллары/адам

434,9

690,0

1 185,0

1 252,2

1 149,2

      ______________________

      1ҚР СА деректері

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 - 2009 жылдардағы негізгі капиталға инвестициялар шамамен 18,2 млрд. АҚШ долларынан 30,8 млрд. АҚШ долларына дейін (1 кесте) 70%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі елдің ЖІӨ-нің 2005 жылғы 32%-дан, 2009 жылы 28%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш өндіріске инвестициялардың ықпал ету индикаторы болып табылады, өйткені кәсіпорынның негізгі капиталына резидент еместерден қаражаттың тікелей түсуі кезіндегі инвестицияларды ескереді.

      ТШИ тарту көлемдерінің өсу қарқыны барлық талданып отырған кезең ішінде тұрақсыз болып қалып отыр. 2008 жылы Қазақстанға ТШИ ағынының үлесі әлемнің барлық елдеріне ТШИ ағынының 1,2%-ын ғана құрағанын атап кету керек.

      Жан басына шаққанда тартылған ТШИ көлемі 2009 жылы 1 149,2 АҚШ долларын/адам құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 2,5 есе көп, бірақ 2008 жылдың мәнінен 8,2% төмен. Тартылған ТШИ жинақталған көлемі (inward FDI stock) 1993 - 2009 жылдар аралығында Қазақстанда жан басына шаққанда 6 737,66 АҚШ долл./адам құрады.

      Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемін талдау 2-кестеде берілген, оған сәйкес, тартылған ТШИ-дің негізгі көлемі (1993 - 2009 жылдар кезеңіндегі барлық ТШИ 63,5%) Нидерланды (19,9%), АҚШ (18,5%), Ұлыбритания (8,4%), Франция (5,4%), Италия (4,4%), Канада (3,6%) және Швейцария (3,3%) сияқты дамыған елдерден түскені көрініп тұр. Бұдан өзге Қазақстанның экономикасына айтарлықтай ірі инвестор елдер Ресей (3,7%), Қытай (3,5%) және Оңтүстік Корея (3,1%) болып табылады, сондай-ақ оффшорлық аймақтардан түскен инвестициялық капиталдың салымы да айтарлықтай (Виргин аралдары - 5,6%). Қалған елдердің үлестері айтарлықтай емес және 3%-дан аспайды. Қазақстан экономикасына инвестиция салған елдердің жалпы саны 116 мемлекет тізімінен астам болды.

      2-кесте. Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемдері

Ел

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Барлығы (1993 - 2009 жылдары)

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

Барлық елдердің жиыны

6 618,6

100,0

10 623,6

100,0

18 452,6

100,0

19 755,2

100,0

18 428,8

100,0

108 045,7

100,0

1. Нидерланды

1 549,2

23,4

2 886,0

27,2

3 148,0

17,1

4 352,1

22,0

6 146,4

33,4

21 472,6

19,9

2. АҚШ

1 131,5

17,1

1 708,9

16,1

2 453,2

13,3

2 076,1

10,5

1 910,6

10,4

19 989,9

18,5

3. Ұлыбритания

-61,1

-0,9

860,5

8,1

916,8

5,0

1 909,6

9,7

958,1

5,2

9 025,0

8,4

4. Виргин аралдары

268,8

4,1

503,9

4,7

2 465,4

13,4

1 040,3

5,3

1 179,1

6,4

6 070,4

5,6

5. франция

774,7

11,7

802,3

7,6

1 022,6

5,5

1 203,8

6,1

1 308,9

7,1

5 887,5

5,4

6. Италия

306,6

4,6

376,1

3,5

517,2

2,8

693,1

3,5

653,0

3,5

4 707,5

4,4

7. Ресей

223,5

3,4

502,7

4,7

785,3

4,3

893,9

4,5

573,9

3,1

3 967,1

3,7

8. Канада

247,0

3,7

437,1

4,1

314,1

1,7

1 053,2

5,3

582,4

3,2

3 869,2

3,6

9. Қытай

216,1

3,3

362,9

3,4

358,2

1,9

692,5

3,5

708,7

3,8

3 802,9

3,5

10. Швейцария

103,4

1,6

234,6

2,2

633,2

3,4

182,9

0,9

449,3

2,4

3 521,4

3,3

Жиыны 10 ел

4 759,7

71,9

8 674,9 1

81,7

12 614,1

68,4

14 097,5

71,4

14 470,3

78,5

82 313,6

76,2

      Келтірілген елдерден инвестициялар ағыны тұрақты емес және қарастырылған кезең ішінде (2005 - 2009 жылдар) күшті ауытқу серпініне ие, бұл, сірә, инвестор-компаниялардың инвестициялық жоспарларының іске асырылу ерекшеліктерімен байланысты болса керек.

      1993 - 2009 жылдар кезеңі ішінде экономика салалары бойынша тартылған ТШИ көлемі мен құрылымы 3-кестеде келтірілген, оған сәйкес барлық тікелей инвестициялардың 37,5%-ы "Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалдау және кәсіпорындар қызметі" экономика саласына (олардың 70%-ы геологиялық барлаулар мен іздестірулер жүргізу жөніндегі қызметке тиесілі), 35% - тау-кен өндіру өнеркәсібіне, 10% азы өңдеуші өнеркәсіпке және 6% қаржы секторына бағытталды. Бұдан өзге, шетелдік тікелей инвестициялардың аз ғана бөлігі сауданы дамыту, автомобильдерді жөндеу және тұрмыстық тұтыну бұйымдарына (5%), кәсіби ұйымдар мен қауымдастықтар қызметіне (1,8%), азаматтық құрылысқа (1,8%) және көлік пен байланысқа (1,5%) бөлінді. Қалған салалардың үлесіне барлық ТШИ-дің 1%-дан аз ғана астамы тиесілі. ТШИ-ді салалар бойынша мұндай бөлу, ең алдымен аталған экономиканың шикізаттық секторларының тиімділігінің жоғары деңгейімен байланысты.

      ТШИ тартудың салалық құрылымы 2005 - 2009 жылдар кезеңінде жалпы алғанда сақталып отыр және 1993 - 2009 жылдар кезеңіндегі салалық құрылыммен сәйкес келеді, бұл инвестициялар ағыны басымдылығының салалардағы табыстылық деңгейіне сәйкес келетінін тағы да растап отыр.

      3-кесте. Тартылған ТШИ-дің салалық көлемі мен құрылымы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша)

Қызмет түрінің атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Барлығы (1993 - 2009 жылдары)

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн, АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

млн. АҚШ доллары

%

Барлығы

6 618,6

100,0

10 623,6

100,0

18 452,6

100,0

19 755,2

100,0

18 428,8

100,0

108 045,7

100,0

Жылжымайтын мүлікпен операциялар (геология-барлау)

3 647,8

55,1

5 551,0

52,3

6 982,2

37,8

8 107,8

41,0

10 691,4

58,0

40 555,6

37,5

Тау-кен өндіруші өнеркәсібі

1 796,6

27,1

2 396,1

22,6

5 390,5

29,2

3 204,1

16,2

4 540,6

24,6

37 817,5

35,0

Өңдеуші өнеркәсіп

303,6

4,6

642,4

6,0

1 061,2

5,8

1 918,3

9,7

1 444,6

7,8

10 132,8

9,4

Қаржы секторы

107,9

1,6

452,7

4,3

2 962,5

16,1

1 933,6

9,8

614,6

3,3

6 457,7

6,0

Автомобиль және үйде пайдалану бұйымдарын жөндеу

381,4

5,8

739,3

7,0

1 235,5

6,7

1 208,3

6,1

1 064,0

5,8

5 369,8

5,0

Кәсіби ұйымдар

51,1

0,8

93,2

0,9

99,0

0,5

2 410,2

12,2

33,9

0,2

2 763,0

2,6

Құрылыс

94,0

1,4

367,8

3,5

478,8

2,6

435,8

2,2

242,3

1,3

1 940,8

1,8

Көлік және байланыс

98,1

1,5

300,6

2,8

182,4

1,0

271,2

1,4

168,4

0,9

1 613,1

1,5

Энергия, газ және су

119,5

1,8

26,7

0,3

36,6

0,2

124,1

0,6

-513,5

-2,8

373,0

0,3

Өзге де түрлері

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

360,8

0,3

Қонақ үйлер/мейрамханалар

5,8

0,1

10,2

0,1

49,6

0,3

37,1

0,2

80,2

0,4

292,4

0,3

Әлеуметтік орта

11,5

0,2

6,3

0,1

-0,9

0,0

66,3

0,3

4,3

0,0

244,5

0,2

Ауыл шаруашылығы

1,2

0,0

37,3

0,4

-24,9

-0,1

38,5

0,2

58,1

0,3

124,6

0,1

      Салалар мен аялар бойынша қалыптасатын сәйкессіздік күрделі қаржы жұмсалымын мүлде тепе-тең емес өңірлік бөлуге орай өңірлердің экономикалық даму деңгейіндегі теңсіздіктермен бекітіледі. Мәселен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Алматы, Астана, Каспий маңы және бірқатар тау-кен өндіруші өнеркәсібінің кәсіпорындары шоғырланған өңірлердің (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының) үлестеріне елдің барлық инвестициялық салымдарының шамамен 60%-ы тиесілі. Жалпы алғанда бұл өңірлерде шетелдік инвесторлардың үлестік қатысатын немесе толығымен шетелдік инвесторларға тиесілі барлық кәсіпорындардың 80%-дан астамы жұмыс істейді.

      Дегенмен, әлемдік қаржы дағдарысының нәтижелерін еңсеру жағдайында БҰҰ және Дүниежүзілік банкі сарапшыларының пікірінше Қазақстан бүгінде әлемнің шетелдік инвестициялар үшін мейлінше тартымды елдерінің қатарына кіреді.

      Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасында бірінші болып Мoody,s (2002 жылы), Standart&Poor's және Fitch (2004 жылы) халықаралық рейтинг агенттіктерінен инвестициялық сынып рейтингтерін алды. Қазақстан халықаралық танымал АТ Кеаrnеу консалтингтік компаниясының рейтингіне сәйкес 25 неғұрлым инвестициялық тартымды елдер тізіміне енген.

      Мемлекет алдына әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеті қойылды. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2009/2010 жылғы есебіне сәйкес Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 67-позицияны иеленеді.

      Алайда, инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар (салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беруді, заңнамадағы өзгерістерден сақтау кепілдіктерін қоса алғанда) ауыл шаруашылығына, құрылысқа, қызмет көрсету аясы мен басқа да салаларға инвестициялардың қарқынды өсіміне ықпал ете алмады. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының дамуындағы теңсіздіктің ұлғаюы жалғасуда. Салалық теңсіздіктер Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің дамуына да кері әсерін тигізуде. Ауыл шаруашылығындағы, өңдеуші өнеркәсіптегі және экономиканың басқа салаларындағы инвестициялық белсенділікті арттыруға ықпал ету үшін инвестицияларды ынталандыру саласындағы қазақстандық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болуы ықтимал.

      Қазақстан 2010 жылдан бастап ҮИИДМБ-ні іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларын жедел дамытуды көздейтін салалық бағдарламалар әзірленді. Әрбір салада кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарға жіберілетін өнімдер өндірісі үшін "тауашалар" айқындалды.

      Тау-кен металлургия өнеркәсібі

      Тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының негізгі секторларының бірі болып табылады. Тау-кен металлургия кешені саласының нарық сыйымдылығы 2009 жылы 15,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорт үлесі 38 %-ды немесе 5,6 млрд. АҚШ долларын құраған.

      Қазақстанда минералдық шикізаттың алуан түрлерінің қоры жеткілікті. Елде темір, марганец, хромит кені, түсті металдар кені - мыс, мырыш, титан, магний, алтын тағы басқаларды өндіру және қайта өңдеу жүргізіледі.

      Сонымен қатар, қосылған құны жоғары өнімдерді алу үшін өндірілетін минералды шикізаттың негізгі түрлері бойынша қайта өңдеуді ұлғайту керек.

      Мәселен, түсті металлургияда сазбалшықты қайта өңдеуді 1500 мың тоннаға дейін, бастапқы алюминий өндірісін 250 мың тоннаға дейін, мысты (кендер мен концентраттар) - 578 мың тоннаға дейін, мырышты - 36 мың тоннаға дейін ұлғайту қажет.

      Қара металлургияда болатты қайта өңдеуді 6 млн. тоннаға, феррохром мен ферросиликонды - 440 мың тоннаға көбейту керек.

      Бұрын жиналған қалдықтарды қайта өңдеуге тартудың маңызды компоненті - бұл, атап айтқанда бүгінде кен байыту комбинаттарында үйінділер түрінде қоймаланған теңгерімге алынған кендер болып табылады. Мәселен, қазіргі кезде 20 млрд. тоннадан астам өнеркәсіп қалдықтары жинақталған. Қазіргі заманғы технологиялар қайта балқыту үшін жарамды шемектас немесе брикет алуға мүмкіндік береді.

      Тау-кен металлургия өнеркәсібінде бүгінде қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 1 012 285 млн. тонна болатын 30 "тауашалық" жобалар бар.

      Химия өнеркәсібі

      Химия өнеркәсібі нарығының сыйымдылығы 2008 жылы 3,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорт 2,4 млрд. АҚШ долларын немесе нарық көлемінің шамамен 80%-ын құрады, бұл негізінен қосылған құны жоғары тауарлар, оның ішінде: резеңкеден және пластмассадан жасалған бұйымдар, парфюмерлік, жуу және тазарту заттары.

      Базалық органикалық емес химияда "тауашалық" жобаларға калий тыңайтқышын - 400 мың тонна, кальцийлендірілген соданы - 350 мың тонна және натрий цианидін - 100 мың тонна - жатқызуға болады. Базалық органикалық химияда (мұнай-химия) поливинилхлорид - 15 мың тонна, полиэтиленгликоль - 10 мың тонна, органикалық қышқылдар - 120 мың тонна. Сондай-ақ арнайы химикаттар мен тұрмыстық химия, оның ішінде: ұнтақ тәрізділер, пестицидтер тағы басқалар жатады.

      Химия өнеркәсібінде бүгінде қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 1 857 051 млн. теңге болатын 13 "тауашалық" жоба бар.

      Машина жасау

      Машина жасау нарығының сыйымдылығы 2008 жылы 16,6 млрд. долларды құрады, олардың ішінде 15,4 млрд. доллар немесе нарық көлемінің 88%-ы бар машина жасау өнімінің импорты негізгі үлесті иемденеді және тауарлардың барлық қазақстандық импортының жалпы құрылымында 41%-ды құрайды.

      Шамамен 9,2 млрд. АҚШ доллары сомасының импорты машина жасаудың 4 кіші саласына тиесілі екенін атап кету керек, олар - көлік (4,128 млрд. АҚШ доллары), электрлік-техникалық (2,736 млрд. АҚШ доллары), мұнай-газ (1,695 млрд. АҚШ доллары) және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (625 млн. АҚШ доллары).

      Жоғарыда айтылғандардан Қазақстан аумағында машина жасау өнімін өндіруді ұйымдастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер үшін үлкен әлеуеттің бар екені байқалады.

      Машина жасауда бүгінде 4 "тауашалық" жоба бар, алайда олар бойынша қаржыландыру сомасы анықталмаған.

      Құрылыс индустриясы

      Өнеркәсіптік құрылыс материалдарын дамыту перспективалы болып көрінеді. Қазақстан құрылыс материалдарын шығару үшін алуан түрлі шикізаттың жеткілікті қорына ие.

      Бүгінде, Қазақстанда тұрғын үйлерді, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарды шынылауға арналған табақ шынылар өндірілмейді. Дегенмен, табақ шыныға деген қажеттілік 2010 жылғы 22,2 млн. м2-ден 2014 жылы 35,0 млн. м2-ге дейін өседі деп болжануда.

      Құрылыс индустриясында бүгінде қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 77 812 млн. теңге болатын 14 "тауашалық" жобалар бар.

      Фармацевтика

      Қазақстан меншікті фармацевтика өнеркәсібін дамытуға мүдделі.

      Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдың аяғына қарай ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

      Бүгінде Қазақстанда өндірістік кәсіпорындарда GМР халықаралық стандарттары бойынша дәрілік препараттардың 400 атауын өндіру перспективалы болып көрінеді.

      Фармацевтика өнеркәсібінде бүгінде қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 2 550 млн. теңге болатын 3 "тауашалық" жоба бар.

      Балама энергетика

      Қазақстанда балама электр энергетикасын дамытудың орасан әлеуеті бар.

      Әртүрлі бағалаулар бойынша жел энергиясы әлеуеті шамамен 920 млрд. кВтсағ, су энергиясы әлеуеті - 8 млрд. кВтсағ, күн энергиясы әлеуеті - 15 млрд. кВтсағ құрайды.

      2010 - 2014 жылдар кезеңінде қуаттылығы 255 МВт болатын жел электр станцияларын, 91,37 МВт шағын гидроэлектростанцияларын және 6 МВт күн қондырғыларын іске қосу жоспарлануда.

      Жаңартылатын энергия көздері саласында бүгінде қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 108 000 млн. теңге болатын 14 "тауашалық" жоба бар.

      Жеңіл өнеркәсіп

      2008 жылғы статистикалық деректерге сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімі (тоқыма бұйымдары, киім, былғары өнімі) бойынша нарық көлемі 1 643 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (тоқыма бұйымдарының өндірісі, киім, былғары өнімі) 188 млн. АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер өндіреді.

      Тиісінше отандық тауар өндірушілер жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қазақстандық нарығының 11,4%-ын қамтиды.

      Алайда, Кеден одағы құрылғанға дейін киім және басқа да тоқыма бұйымдарының импортын жеке тұлғалар ұсақ сауда қағидаты бойынша жүзеге асырғанын ескерген жоқ. Тиісінше нақты жағдай ресми статистика деректерінен елеулі түрде өзгеше болуы мүмкін.

      Кеден одағы қағидаларына сәйкес жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін құны 1500 евродан аспайтын тауарларды бажсыз әкелуге шектеу қойылды. Осылайша, Кеден одағына қатысушы елдер ішінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының айтарлықтай жандануы күтіліп отыр.

      Арнайы экономикалық аймақтардың дамуын бағалау.

      Қазақстанда барлығы 6 АЭА құрылған, оларды шартты түрде мына топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіпті-өндірістік аймақтар - "Ақтау теңіз порты", "Оңтүстік", "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" және индустриялық қосалқы аймағы бөлігінде (Астана қаласындағы ИА) "Астана - жаңа қала"; 2) сервистік - "Бурабай" және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде "Астана - жаңа қала"; 3) техникалық-енгізу аймағы - "Ақпараттық технологиялар паркі". Бұдан басқа Астана және Қарағанды қалаларында екі ИА құрылған, бұл ретте Астана қаласындағы ИА "Астана - жаңа қала" АЭА құрамына енгізілген.

      Әлемдік тәжірибе АЭА мен ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, экономикалық ықпалдастық үдерістерін тереңдету есебінен жедел экономикалық өсудің факторы болып табылатындығын көрсетіп отыр.

      Бүгінде Қазақстанның АЭА-ларына өз артықшылықтарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін проблемалар бар:

      Оларға мынадай факторларды жатқызуға болады:

      реттеу мен басқарудың тиімсіздігі;

      инфрақұрылымға инвесторлар тарту;

      аймақтардың жеке ерекшеліктері есебінің жоқтығы;

      бюрократизация;

      бюджет шығындары тиімділігінің төмендігі.

      АЭА артықшылықтарын іске асырудың негізгі кедергілерін жою және Қазақстандағы бәсекеге қабілетті АЭА құру үшін негіздер жасау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұсынылатын заң жобасының нәтижесінде АЭА құру мен олардың әрқайсысының қызметін жүзеге асыруда мынадай артықшылықтар пайда болады:

      Әкімшілік пен басқарушы компанияның бірігуі;

      АЭА-ға қатысушылар үшін жылжымайтын мүлікті қосалқы жалға алу;

      әрбір АЭА үшін жекелеген жеңілдіктер;

      "автоматтандырылған мақұлдау" қағидаты;

      АЭА құру мен конверсиялау рәсімі;

      қаржыландыру схемасы;

      "бір терезе" қызметі.

      Кеден одағын құру шеңберінде еркін экономикалық аймақтар үшін кедендік жеңілдіктер бойынша өтпелі кезең белгіленген.

      Мәселен, 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген қазақстандық АЭА резиденттері үшін 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық қолданыстағы тарифтік жеңілдіктер, сондай-ақ жеткілікті қайта өңдеудің ұлттық өлшемдері сақталады.

      2012 жылға дейін тіркелетін АЭА резиденттері үшін АЭА Кеден одағының қалған аумағына әкетілетін тауарлар Кеден одағының комиссиясы белгілейтін жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері сақталған кезде кедендік баж салудан босатылатын болады.

      Бұл шаралар кедендік баж бойынша жеңілдіктер ұсыну жолымен қазақстандық АЭА инвестициялық тартымдылығын сақтауға бағытталған.

      1. "Астана - жаңа қала" АЭА 2001 жылдың маусымында құрылған. Құрылу мақсаты - инвестицияларды тарту және құрылыстағы озық технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым жасау, сонымен қатар тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеру жолымен Астана қаласын жедел дамыту.

      АЭА қызметінің негізгі мақсаты елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын жедел салу және Индустриялық паркте жаңа өндірістер ашу болып айқындалған.

      Қазіргі кезде Индустриялық паркте жылына 100 тепловоз шығаратын өндірістік қуаты бар "Locomotiv Leasing" ЖШС локомотив құрастыру зауыты жұмыс істейді.

      327 жұмыс орны құрылған.

      2010 жылы Индустриялық парк аумағында шамамен 500 жұмыс орны құрылатын 5 жоба пайдалануға берілетін болады. 7 500 жұмыс орны құрылады.

      Бүгінгі күнде АЭА аумағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен Индустриялық парктен тұрады. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы негізінен Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан, оның аумағы 5 302,5 га. құрайды. Индустриялық парктің аумағы 598,4 га. құрайды.

      Қазіргі күнгі жағдай бойынша АЭА аумағына 976,6 млрд. теңге тартылған. Тартылған инвестициялардың құрылымы мынадай: жеке инвестициялар 556,7 млрд. теңгені құрайды, қалған 419,9 млрд. теңге мемлекет әлеуметтік-мәдени объектілер мен инфрақұрылымдар салуға инвестицияланды. Бүгінде 702,5 млрд. теңге игерілген, олардың ішінде жеке - 344,7 млрд. теңге, мемлекеттік - 357,8 млрд. теңге.

      Қазіргі уақытта Астана қаласы Индустриялық паркінде жалпы 1,1 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға 39 жоба мәлімденді. 39 жобада 7 500 астам жұмыс орны құрылатын болады. Жоғарыда көрсетілген жобаларда жалпы сомасы 700 млн. АҚШ доллары сомасына өнімді жыл сайын өндіру жоспарлануда. Аталмыш жобалардың жылдық салықтық аударымдары 33,3 млн. АҚШ долларын құрайды.

      Индустриялық парктегі жобаларды іске асыру резеңке және пластмасса бұйымдарын, құрылыс материалдарын, ағаш бұйымдарын, әйнек, поликристалды кремний, азық-түлік өнімдерін, локомотивтер құрастыру және т.б. шығаратын өндірістер құруға бағытталған.

      39 жобаның 17-сі құрылыс саласымен айналысады, 5 жоба қойма шаруашылығымен және қосалқы көліктік қызметпен, 5 жоба машиналар, құрал-жабдықтар және тұрмыстық электр аспаптары өндірісімен, 5 жоба химия өнеркәсібімен және фармацевтикалық өнімдер өндірісімен, 2 жоба жиһаз шығарумен және 5 жоба азық-түлік өнімдерінің өндірісімен шұғылданатын болады.

      Астана қаласы Индустриялық парктен Республикалық индустрияландыру картасына мынадай жобалар енді: локомотивтер құрастыратын зауыт ("Locomotiv Leasing" жауапкершілігі шектеулі серіктестік) және фармацевтика фабрикасы ("Химфарм" акционерлік қоғамы). Өңірлік Индустрияландыру картасына енген жоба - сэндвич-панельдер өндіретін зауыт ("Кровля НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

      Қазіргі кезде Индустриялық парк инфрақұрылымы құрылысының 85%-ы аяқталды. Бірінші және екінші құрылыс кезектерінің жалпы құны - 118,6 млн. АҚШ долларын құрады. Инфрақұрылым құрылысының аяқталуы 2010 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

      2. "Ақтау теңіз порты" АЭА 2002 жылғы сәуірде құрылған. Құрылу мақсаты - өңірдің қарқынды дамуы үшін, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне өнуін жандандыра түсу, тиімділігі, жоғары оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, жаңа өнімдер түрлерінің өндірісін игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сонымен қатар әлеуметтік проблемаларды шешу.

      Салалық бағыттылығы: 1) тұрмыстық электр аспаптарының өндірісі; 2) былғары бұйымдарының өндірісі; 3) химия өнеркәсібі; 4) резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі; 5) өзге де метал емес минералды өнімдер өндірісі; 6) металлургия өнеркәсібі; 7) дайын металл бұйымдарының өндірісі; 8) машиналар мен жабдықтар өндірісі; 9) мұнай-химия өнімдері өндірісі.

      2014 жылға қарай "Ақтау теңіз порты" АЭА алты қосалқы аймақтан тұратын болады. Бірінші кезеңде, 2013 жылға қарай № 3 қосалқы аймақтың инфрақұрылымы құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мәселен, осы қосалқы аймақ аумағында осы жылғы қазан айында байланыстыратын темір жол және тиеу жолдарын, сумен жабдықтаудың сыртқы желілері мен кәрізді, бақылау-өткізу пункттерін, қоршаулар мен электрмен жабдықтау желілерін тапсыру жоспарлануда.

      Қазіргі кезде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жалпы инвестиция сомасы 93 млн. АҚШ доллары болатын 3 жоба іске асырылды, оның ішінде:

      өнім шығару көлемі жылына 6 мың тонна болатын теңіз металл конструкцияларының зауыты ("Кeppel Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

      мұнай сортаменті құбырларын шығару зауыты ("АrcelorMittal Tubular Products Aktau" акционерлік қоғамы), жобалық қуаты - жылына 60 мың тонна өнім;

      эпоксидті негіздегі әйнекталшықты құбырлар зауыты, ("АЗСТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), жобалық қуаты - жылына 400 мың метр құбыр өнімдері.

      Аталғандардан басқа іске асыру сатысында тағы да 9 жоба тұр, олардың үшеуі бойынша құрылыс жүріп жатыр, бесеуі — жобалану сатысында, біреуінің іске асырылуы "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның Сараптамалық кеңесінің шешімімен мақұлданған.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушылары мынадай өнімдер шығарады:

      құбыр стеллаждары;

      шыны-талшықты құбырлар;

      құрылыс болат құрастырмалары.

      Бұл ретте өндіріске 1361 адам қатысады.

      Жұмыс жасай бастаған кезден бастап АЭА қызметі нәтижесінде болған салық түсімдері 27 688 мың теңгені құрады.

      3. "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен құрылды.

      Құрылу мақсаты - жоғары тиімді, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді құру, осы салада жаңа өнім түрлерін шығаруды игеру.

      Қазіргі кезде "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - "АТП" АЭА) аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар саны - 27 кәсіпорынды құрайды.

      Кәсіпорындар сұйық кристалды теледидарлар және мониторлар, дербес компьютерлер, ноутбуктар, серверлер өндірісімен, бағдарламалық өнім, жартылай өткізгіш аспаптар және басқа электр техникасы бұйымдарын әзірлеумен айналысады.

      Құрылған жұмыс орындарының саны - 848.

      АЭА аумағында шығарылған өнім көлемі 2007 - 2010 жылдар аралығында - 8 673 млн. теңгені құрады.

      2006 жылдан бастап 2010 жылғы шілдедегі салық төлеу сомалары - 1 440 млн. теңге.

      Аяқталмаған инфрақұрылымға қарамастан, АЭА өңір экономикасына оң әсер етеді.

      Салалық бағыттылығы: 1) ақпараттық технологиялар саласын дамыту; 2) жаңа ақпараттық технологиялар өндірісі; 3) ақпараттық технологиялар саласында өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру.

      2006 жылдың қыркүйегінде мүліктік кешен түрінде АЭА 1-кезегінің ашылуы өтті, ол 4 ғимараттан: 4 қабатты кеңсе үй-жайынан, екі өндірістік модульден, асханадан, сонымен қатар жеке тұрған қазандықтан тұрады. Аталған үй-жайлар Алатау ауылының және Ядролық физика институтының жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымына қосылған болатын.

      Қазіргі кезде Министрлік "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамымен және "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп, 2009 жылы аумақтың 163,02 га-ға дейінгі өзгерісін ескере отырып, АТП АЭА тұжырымдамасын және Техникалық экономикалық негіздемені түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. АТП АЭА қатысушысы ретінде 31 компания тіркелген, Сараптамалық кеңес АТП АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға 59 жобаға рұқсат етті.

      4. "Оңтүстік" АЭА, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен құрылды және Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата иірім жібі мен мата өндіру бойынша пилоттық кластердің жүйе құрушы компоненті болып табылады.

      Құру мақсаты - тоқыма өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз ету.

      Бүгінгі күні "Оңтүстік" АЭА-да ағымдағы жылғы 28 маусымда салтанатты түрде іске қосылған, екі инвестициялық жоба іске асырылды:

      "Кешенді автоматтандырылған иіру-айналдыру фабрикасы" жобасы, таралған және кардты жіп өндірісі бойынша "Oxy-Textile" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба жергілікті мақта талшығын қайта өңдеу, өңір мен елдің тоқыма өнеркәсібін дамыту, экономиканың аралас салаларына оң әсері үлесін ұлғайтуды көздейді.

      "Гигроскопиялық мақта, мақталы целлюлоза және құрамында мақта бар техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру" жобасы, "Хлопкопром-Целлюлоза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өндіріс Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін мақта шикізатына негізделетін болады, бұл Қазақстандағы мақта кластерін дамытуға қосымша ықпал етпек.

      Жобаларды іске асыру кезінде 497 жаңа жұмыс орны құрылды.

      2010 жылдың соңында иірім жіп және дайын мата өндірісі бойынша "Ютекс-KZ" акционерлік қоғамының инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда, онда 1041 жаңа жұмыс орны құрылады.

      Үш кәсіпорын жобалық қуаттылыққа шыққан кезде 15 753,14 млн.теңге сомасында дайын өнім шығару жоспарланады.

      "Оңтүстік" АЭА-ның негізгі басымдылықтары:

      пайдалы географиялық орналасуы - жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ірі импорттаушы нарықтарына жақындығы, (Ресей, Қытай, Үндістан);

      мақта өсірілетін кеден одағы кеңістігінде жалғыз өңір Оңтүстік Қазақстан облысы;

      мақта-мата иірім жібі, мақта-мата маталар, жүннен жасалған маталар, тоқыма бұйымдар сияқты тауар түрлеріне ішкі және әлемдік нарыққа сұраныстың өсуі;

      бірыңғай кеден одағына кіру есебінен өткізу нарығын 170 миллион тұрғындарға дейін кеңейту;

      шикізатты қайта өңдеу жөніндегі өндірісті дамыту (мақта, жүн, былғары);

      көліктік және энергетика инфрақұрылымының болуы.

      Салалық бағытталуы: 1) мақта-мата жіптерінің және иірілген жіптердің барлық түрлерін дайындау; 2) тоқыма өндірісі; 3) әрлеу-бояу өндірісі; 4) дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі; 5) киім өндірісі (трикотаж, арнайы киім және басқалары); 6) кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендердің өндірісі; 7) мақталық целлюлозаны және оның туындыларының өндірісі; 8) мақта шикізатынан жасалған жоғары сапалы қағаз өндірісі; 9) былғары бұйымдарының өндірісі.

      Көліктік инфрақұрылымға қатысты АЭА аумағы тиімді жерге орналасқан. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Су құбыры мен кәріздің магистралдық желілерін салу, электр мен қамтамасыз ету, телефон орнату, газбен қамтамасыз ету аяқталды.

      5. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА 2007 жылдың желтоқсанында құрылған. АЭА аумағы 3 475,9 га құрайды. Құрылу мақсаты - Қазақстанның көмірсутекті шикізатын инновациялық технологиялар негізінде терең өңдейтін мұнай-химия өндірістерін дамыту.

      Салалық бағытталуы: 1) Қазақстанның көмірсутекті шикізатын инновациялық технологиялар негізінде терең өңдейтін мұнай-химия өндірістерін дамыту; 2) мұнай-химия өндірістерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы жоғары технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

      2008 жылдың сәуірінде АЭА әкімшілігі құрылды. Қазіргі сәтте Мұнай және газ министрлігі мүдделі тараптармен бірігіп, АЭА шеңберінде іске асыру үшін инвестициялық жобаларды пысықтауда.

      6. "Бурабай" АЭА 2008 жылдың қаңтарында құрылды. Құрылу мақсаты - келіп жатқан қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін өтейтін және қанағаттандыра алатын жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру. Салалық бағытталуы: 1) туристік саланы дамыту; 2) туризмнің мәдени-танымдық, сауықтыру, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлерін ұйымдастыру мен дамыту.

      Бүгінгі күнде АЭА аумағын қоршау жұмыстары аяқталды, инфрақұрылымдық ресурстарын - электр, су құбыры, кәріз салу жұмыстары жүргізілуде.

      Даму перспективалары - "Borovoe Tourism city" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оператор компаниясы баламалы құрылыс жобасын ұсынды, оның құрамына сыйымдылығы 150 орындық қонақ үй, казино және сауықтыру орталығы кіреді. Шамамен алғанда құрылыс алаңы - 2000 шаршы метр. Жобаның алдын ала бюджеті - 60 млн. АҚШ доллары. Құрылысты бастаудың болжамды уақыты - 2010 жылдың сәуірі.

      Бүгінгі күні инвестициялық жобалар жоқ.

      7. Қарағанды қаласының Индустриялық аймағы. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркінің инфрақұрылымы салынып жатыр.

      2007 - 2009 жылдары әзірленген жобалық құжаттарға сәйкес мынадай объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді:

      1. Сыртқы электрмен жабдықтау объектілері (1 - іске қосу кешені): қуаты 126 МВт 220/35/6кВ "Металлургия - Металл өңдеу" индустриялық паркі" қосалқы станциясы; ұзақтығы 34 км. екі тізбекті ВЛ-220 кВ "Нұра" қосалқы станциясы - "Металлургия - Металл өңдеу" индустриялық паркі" қосалқы станциясы.

      2. Ұзақтығы 12 км кіреберіс темір жол және Индустриальная станциясы.

      2010 жылы мына объектілерді салу жоспарлануда: энергетикалық шаруашылық объектілері, алаңішілік және сыртқы желілер, су құбыры мен кәріздің инженерлік құрылыстары. Индустриялық парктің инфрақұрылымын жасау жұмыстарымен қатар әлеуетті инвесторлармен бірге парк аумағында олардың жобаларын іске асыру мәселелері де пысықталуда. НАNKOOK (Корея Республикасы) компаниясымен Қарағанды қаласының Индустриялық паркі аумағында мыс өнімдерін өндіретін зауыт салу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

      Бұдан басқа, бүгінгі күні кәсіпорындарды орналастыру жөніндегі ниеттерін мынадай әлеуетті инвесторлар ресми түрде растады: "Сарыарқа - Крюков вагон салу зауыты" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" бірлескен кәсіпорны - дөңгелек жұптарын шығару (100 га), "Сарыарқа - ҚТЖ" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" бірлескен кәсіпорны - жүк вагондарын шығару, "Темір мен Мыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - дәнекерленген құбырлар шығару (22,5 га); "Азия инвест ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - темір бетон шпалдарын шығару (5-7 га), "Maxtel trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - қара металдарды қайта өңдеу (15 га).

      Қазіргі уақытта 100 га алаңдағы авто құрастыру өндірісінің индустриялық паркі аумағындағы құрылыс бойынша "Азия Авто" акционерлік қоғамымен, сондай-ақ авто құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша Соллерс Ресей компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.

      8. "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы. "Қорғас" ХШЫО құру екі ел азаматтарының, сондай-ақ үшінші ел азаматтарының да іскерлік кездесулері, Қазақстанда, Қытайда және ТМД елдерінде шығарылған өнеркәсіптік өнімдермен танысу, сауда мәмілелерін жасау және бос уақыттарын өткізу үшін визасыз кіру аумағын қалыптастыруды болжайды.

      Орталықта 6 мың жұмыс орны ашылады деп болжануда, болжамды адамдар ағыны - 9 мыңнан астам келушілер.

      Орталықтың инфрақұрылым объектілерін салумен қатар жеке инвестициялардың есебінен коммерциялық объектілерін салу да болжануда, олардың құрылыс көлемі мен техникалық жүктемелері де айтарлықтай артты.

      Осы жылдың соңына дейін Орталықты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін бірінші кезектегі объектілер айқындалған, олардың құрылысы қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр.

      Сонымен қатар, Орталықтың қазақстандық бөлігін игеруге шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, шетелдік және отандық компаниялар жобаларын іске асырудағы барлық мүдделілер үшін тұсаукесерлер жиі ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      Экспорттың дамуын бағалау

      Бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның сыртқы саудасы еліміздің экономикалық өсуінің негізгі локомотивтерінің бірі болып келді, ол 2005 - 2009 жылдар аралығында 1,6 есе өсіп, тиісінше 45,2 млрд. АҚШ долларынан 71,6 млрд. АҚШ долларына дейін жетті (4-кесте). Әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы сыртқы экономикалық жағдай Қазақстан экономикасына қаржы ресурстарының тұрақты ағымына елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауын қамтамасыз ете отырып, ықпал етті. 2005 - 2009 жылдар аралығында ЖІӨ-нің өсуі 7,6-дан 15,9 трлн. теңгеге дейін 109,3 %-ды құрады, ал елдің ЖІӨ-ге сыртқы сауда айналымының көлемі 2005 жылы 79,1 %-дан 2008 жылы 81,7 %-ға дейін өсті, тек 2009 жылы 66,5 %-ға дейін төмендеді. Осы кезең ішінде ӨӨК өсуі 5,3-тен 8,9 трлн. теңгеге дейін 69,9 % құраса, ӨӨК сыртқы сауданың үлесі 114,3 %-дан 118,3 %-ға дейін ұлғайды.

      Қазақстанның сыртқы саудасының негізгі көлемі 2008 — 2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында үлесі 2005 жылғы 61,6 %-дан 2009 жылғы 60,3 %-ға дейін біршама қысқарған тауарлардың экспортына тиесілі. Құндық көрсеткіште республика экспортының көлемі 2005 - 2009 жылдар аралығында. 27,9-дан 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін 55,1 %-ға артты, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 2009 жылы тиісінше 71,2-ден 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін 39,3 %-ға қысқарды. Экспорт көлемдерінің құндық көрсеткіште төмендеуі, бірінші кезекте әлемдік нарықтардағы тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне және негізгі энергия көздері мен ел экспортының негізгі элементтері болып табылатын шикізат ресурстары бағаларының құлдырауына байланысты болды.

      Бүгінгі күні 1000-ға жуық қазақстандық компаниялар экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың ішіндегі 750-ге жуығы өңделген өнімді экспорттайды.

      Экспорттың жалпы құрылымын талдау мынаны көрсетеді: экспорттың негізгі үлесін 2005 - 2009 жылдары, шамамен 70 - 72 % болған шикізаттық тауарларды әкету құрайды, ал өңделген тауарлардың экспорты 28 - 30 % деңгейінде тұр. Бұл ретте қарастырылып отырған кезеңде өңделген тауарлар экспорты үлесінің және елдің ЖІӨ 2005 жылғы 13,7 %-дан 11, 11,1 %-ға дейін және 2009 жылы тиісінше экспорттың жалпы көлемінен 28,1 %-дан 27,8 %-ға дейін төмендеуінің жалпы үрдісін сақтау байқалады.

      4-кесте. Республиканың 2005 - 2009 жылдардағы сыртқы сауда айналымының серпіні

Көрсеткіш атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Елдің ЖІӨ, млрд. теңге

7 590,6

10 213,7

12 849,8

16 052,9

15 887,8

Елдің ЖІӨ, млн. АҚШ долл.

57 123,7

81 003,3

104 853,5

133 440,7

107 713,9

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. теңге

5 253,0

6 509,9

7 815,9

10 196,2

8 925,2

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. АҚШ долл.

39 531,9

51 629,0

63 777,2

84 756,4

60 510,1

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл.

45 201,2

61 927,2

80 511,7

109 072,6

71 604,4

ЖІӨ сыртқы сауданың үлесі, %

79,13

76,45

76,78

81,74

66,48

ӨӨК сыртқы сауданың үлесі, %

114,3

119,9

126,2

128,7

118,3

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.

27 849,0

38 250,3

47 755,3

71 183,6

43 195,8

Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл.

17 352,2

23 676,9

32 756,4

37 889,0

28 408,7

Сыртқы саудадағы экспорттың үлесі, %

61,6

61,8

59,3

65,3

60,3

Сыртқы саудадағы импорттың үлесі, %

38,4

38,2

40,7

34,7

39,7

Өңделген тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.

7 810,5

11 211,2

14 677,4

20 054,6

12 000,1

Шикізат тауарларының экспорты, млн. АҚШ долл.

20 038,5

27 033,3

33 077,9

51 117,4

31 195,7

ЖІӨ өңделген экспорттың үлесі, %

13,67

13,84

14,00

15,03

11,14

ЖІӨ шикізаттық экспорттың үлесі, %

35,08

33,37

31,55

38,31

28,96

Жалпы экспорттағы өңделген экспорттың үлесі, %

28,05

29,31

30,73

28,17

27,78

Жалпы экспорттағы шикізат экспортының үлесі, %

71,95

70,67

69,27

71,81

72,22

      2005 - 2009 жылдар аралығындағы елдің ЖІӨ мен шикізаттық және өңделген тауарлар экспортының өсу қарқыны ЖІӨ өсу серпіні экспорттың өсу қарқынына және бірінші кезекте шикізатты әкетуге (мұнай, газ, кен мен бастапқы металдар, астық және т.б.) байланысты жоғары деңгейін көрсетуде (5-кесте мен 2-сурет). Суретте көрінгеніндей, 2009 жылы шикізаттық және өңделген экспорттың өсу қарқынының айтарлықтай құлдырауы ЖІӨ өсу қарқынының айтарлықтай құлдырауына алып келді.

      5-кесте. 2005 - 2009 жылдардағы елдің ЖІӨ мен экспортының өсу қарқыны

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Елдің ЖІӨ өсу қарқыны, %

129,3

134,6

125,8

124,9

99,0

Өңделген экспорттың өсу қарқыны, %

-

143,5

130,9

136,6

59,8

Шикізаттық экспорттың өсу қарқыны, %

-

134,9

122,4

154,5

61,0

      2-сурет. 2005 - 2009 жылдардағы елдің ЖІӨ мен экспортының өсу қарқыны

      Кең экономикалық санаттар бойынша жіктеуге сәйкес тауар топтары бойынша экспортты құрылымдық талдау 6-кестеде келтірілген. Қазақстанның негізгі шикізаттық экспорттық тауар топтары соңғы 5 жыл ішінде минералдық шикізат, жануар және өсімдік тектес өнімдер, кендер мен металдан жасалған концентраттар, сонымен қатар тоқыма шикізаты болып табылады, олар барлық шикізаттық экспорттың жалпы сомасында 99, 92-99, 97 %-ды құрайды.

      6-кесте. Тауар топтары бойынша елдің шикізаттық және өңделген экспортының құрылымы

Тауар топтарының атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

млн. $

%

млн. $

%

млн. $

%

млн. $

%

млн. $.

%

Барлық тауарлар экспорты, оның ішінде:

27 849,0

100,0

38 244,4

100,0

47 755,3

100,0

71 172,0

100,0

43 195,8

100,0

Шикізаттық экспорт, оның ішінде

20 038,5

72,0

27 033,3

70,7

33 077,9

69,3

51 117,4

71,8

31 195,7

72,2

Минералдық шикізат

19 286,6

69,3

25 869,9

67,6

31 071,6

65,1

48 527,7

68,2

30 073,9

69,6

Мал өсіру және өсімдік өсіру өнімдері

317,7

1,1

671,9

1,8

1 441,4

3,0

1 809,2

2,5

790,5

1,8

Кендер мен металдар концентраттары

254,8

0,9

291,8

0,8

368,9

0,8

633,3

0,9

216,3

0,5

Тоқыма шикізаты

167,0

0,6

185,3

0,5

184,0

0,4

133,1

0,2

88,6

0,2

Басқа да шикізаттық тауарлар

2,5

0,0

4,5

0,0

9,6

0,0

10,5

0,0

23,3

0,1

Былғары шикізаттары мен аң терісі

9,0

0,0

9,2

0,0

1,3

0,0

1,4

0,0

1,8

0,0

Химия саласына арналған шикізат

0,7

0,0

0,3

0,0

0,2

0,0

1,7

0,0

0,7

0,0

Машина жасауға арналған шикізат

0,2

0,0

0,3

0,0

0,8

0,0

0,5

0,0

0,6

0,0

Сүрек және ағаш материалдары

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Өңделген экспорт, оның ішінде:

7 810,5

28,0

11 211,2

29,3

14 677,4

30,7

20 054,6

28,2

12 000,1

27,8

Металдар мен оларға арналған бұйымдар

4 164,3

15,0

5 867,7

15,3

7 807,2

16,3

10 177,8

14,3

5 268,6

12,2

Химиялық сала өнімдері

923,8

3,3

1 590,3

4,2

1 886,5

4,0

2 470,6

3,5

2 273,7

5,3

Минералдық өнімдер

1 266,7

4,5

1 641,0

4,3

2 204,5

4,6

3 459,6

4,9

1 878,5

4,3

Басқа да өңделген тауарлар

404,9

1,5

699,4

1,8

730,7

1,5

875,2

1,2

939,5

2,2

Азық-түлік тауарлары

361,3

1,3

391,9

1,0

602,5

1,3

1 172,0

1,6

851,9

2,0

Машиналар мен құрал-жабдықтар

358,5

1,3

673,2

1,8

944,4

2,0

1 283,9

1,8

399,2

0,9

Былғарыдан және аң терісінен жасалған бұйымдар

245,6

0,9

228,6

0,6

346,0

0,7

449,4

0,6

316,8

0,7

Тоқыма және тоқыма бұйымдары

46,9

0,2

77,4

0,2

109,9

0,2

100,5

0,1

25,6

0,1

Сүректен жасалған бұйымдар

24,5

0,1

21,3

0,1

25,8

0,1

34,1

0,0

25,5

0,1

Құрылыс материалдары

8,6

0,0

17,4

0,0

18,7

0,0

29,7

0,0

17,2

0,0

Аяқ киім және галантереялық тауарлар

5,4

0,0

3,1

0,0

1,2

0,0

1,9

0,0

3,7

0,0

      Қарастырылып отырған кезең ішінде өңделген экспортты анықтайтын құрамға тауар тобының барынша кең спектрі кіреді - бұлар металдар және олардан жасалған бұйымдар, химия саласының өнімдері, минералдық өнімдер, азық-түлік тауарлары, машиналар және жабдықтар, тоқыма және одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ жиынтығында өңделген тауарлардың барлық экспортының 99,51 - 99,69 %-ын беретін басқа топтарға кірмеген өзге өңделген тауарлар.

      Жалпы алғанда ірілендірілген экономикалық санаттар бойынша шикізаттық және өңделген экспортты құрылымдық талдау Қазақстанның жалпы экспортын анықтайтын негізгі тауар топтарына шикізат немесе бастапқы (төменгі) өңдеу дәрежесі бар өнімдер жататындығын көрсетеді - бұлар минералдық шикізаттар мен олардан жасалған өнімдер, металдар мен олардан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері. Бұл ретте, 2005 - 2009 жылдар аралығында қосылған құны жоғары өңделген экспорттың негізгі баптары - машиналар мен жабдықтар, дайын азық-түлік тауарлары - елдің жалпы экспортынан 2,6 -3,5 % немесе 0,7 - 2,5 млрд. АҚШ долларын құрағанын атап өту қажет.

      2005 - 2009 жылдар кезеңі мен 2010 жылдың 1 тоқсаны ішінде қосылған құны жоғары бес өңделген тауардың қазақстандық экспортының серпіні (бидай ұны, күнбағыс майы, электр аккумуляторлар мен трансформаторлар, сұйық сорғыштары) 7-кестеде келтірілген. Кестеден көрініп тұрғандай, дағдарысқа дейінгі кезеңде бұл тауарлардың экспорты айтарлықтай 176,5 млн. АҚШ долларынан 924,3 дейін (423,7 %) өсті, тек 2009 жыл мен 2010 жылдың 1-тоқсанында 5 тауардың жиынтық экспортының құндық көлемінің төмендеуі байқалады.

      7-кесте. 5 өңделген тауар экспортының серпіні

Өнімнің сипаттамасы (СЭҚ ТН коды)

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009 жылғы I тоқсан

2010 жылғы I тоқсан

млн. $

млн. $

%

млн. $

%

млн. $

%

млн. $

%

млн. $

млн. $

%

Бидай ұны (1101)

142,3

172,3

21,1

339,1

96,8

849,2

150,4

574,5

-32,3

133,2

97,7

-26,7

Электр аккумуляторы (8507)

20,8

23,4

12,5

44,5

90,2

45,3

1,8

13,3

-70,6

1,6

5,2

225,0

Күнбағыс майы (1512)

7,5

10,4

38,7

12,0

15,4

6,3

-47,5

24,6

290,5

1,9

11,6

510,5

Электр трансформаторлары (8504)

2,0

4,7

135,0

7,3

55,3

18,6

154,8

7,5

-59,7

2,2

1,0

-54,5

Сұйық сорғыштар (8413)

3,9

6,7

71,8

4,6

-31,3

4,9

6,5

6,6

34,7

2,5

2,0

-20,0

Барлығы 5 тауар

176,5

217,5

23,2

407,5

87,4

924,3

126,8

626,5

-32,2

141,4

117,5

-16,9

      Тамақ өнімдері (ұн және май) бірінші кезекте тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігі өзекті болып отырған Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) экспортталады. Машина жасау өнімдерінің (аккумуляторлар, трансформаторлар мен сорғыштар) экспортының географиясы біраз кеңірек, ол - Ресей, Беларуссия, Украина және Армения, бұл кеңестік республикалардың машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы технологиялық тәуелділікке негізделген сұраныстың болуына байланысты.

3.2. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйін дамыту үшін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қатерлерді талдау

      Қазақстанға инвестиция тартудың SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдің қолайлы бизнес-ахуалы

2. Бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы салдарынан, елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы

3. Орталық және Алдыңғы Азияның, Ресей, Үндістанның, Қытайдың ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы

4. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын сезіну

5. Инвестициялардың ағынына жәрдемдесуге бағытталған мамандандырылған институттар мен олардың ресурстық базасын қалыптастыру

1. Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудегі жүйеліліктің болмауы.

2. Елдің заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін тетіктердің жоқтығы

3. Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелік жағдайлар (салықтық, кедендік және валюталық режимдер)

4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның (арнайы аймақ, базасын қаржылық, ақпаратты-талдамалық, консалтингтік, көліктік және өзгелері) дамымағандығы

5. Инвестицияларды тартуға байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы

6. Визалық режім

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Инвестицияларды тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы ұстанымына шығу.

2. Әлемдік капитал нарықтарындағы елдің оң инвестициялық имиджін қалыптастыру.

3. Инвестицияларды тарту жөніндегі жүйелі және бірізді мемлекеттік саясатты құру.

4. Инвестицияларды тарту жөнінде тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру.

5. Экономиканың өндіруші секторындағы инвестицияларды қайта бөлу есебінен, елдің тұрақты және теңгермелі экономикалық дамуын қамтамасыз ету.

6. "Кaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің ресурстары

1. Шикізат базасының таусылуы салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алуы

2. Шикізаттық сәйкессіздіктің және инвестициялық бағыттылықтың сақталуына байланысты жоғары қатерлі экономиканың сақталуы.

3. Негізгі капиталға инвестициялардың аз көлеміне орай ел дамуының өнеркәсіптік-өндірістік қолда бар әлеуетін жоғалтып алу.

4. Инвестициялары тарту жөніндегі нақты мемлекеттік саясаттың және оның іске асырылуының болмауы себебінен, елдің теріс инвестициялық имиджін бекіту

5. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаты тиімсіз пайдалану салдарынан мемлекеттік бюджет қаражатының тікелей шығындары

6. Сыбайлас жемқорлық (салық төлеу кезінде, кеден бекетінде)

      Қазақстандағы АЭА дамуының SWOТ-талдауы

2. Елде бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы.

3. Орталық Азияның және Ресейдің ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы

1. Реттеу мен басқару тиімсіздігі

2. Инфрақұрылымға инвесторларды тарту

3. Аймақтардың жеке

ерекшеліктерінің болмауы

4. Бюрократияландыру

5. Бюджеттік шығындардың төмен тиімділігі

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Кеден одағының және басқа елдердің нарықтарына шығу

2. 2015 жылға қарай ҮИИДМБ-нің индикаторларына қол жеткізу

Тиімсіз мемлекеттік саясаттың нәтижесінде АЭА-ның инвестициялық тартымдылығының жоғалтып алуы.

      Қазақстандық экспорттың дамуының SWOТ-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Жалпы экспорттың жылдам өсу

қарқыны.

2. Экспортты мемлекеттік қолдау жүйесінің болуы (сақтандыру, кредиттеу, жылжыту мен дамыту).

3. Ірі тұтыну нарықтарына жақын орналасуы (Қытай, Үндістан, Ресей, Батыс және Орталық Азия).

4. Кеден одағының шеңберінде қол жетімді тұтыну нарығын кеңейту.

5. Қолда бар қазақстандық өнімдерге деген әлемдік сұраныстың (бағаланбаған) болуы

1. Экспорттау кезіндегі маркетингтік және консалтингтік қызметтердің дамымауы, сонымен қатар сыртқы нарықтар туралы ақпараттың болмауы.

2. Экспорттық қаржыландырудың дамымауы.

3. Кедендік рәсімдердің қиындығы.

4. Экспорттық инфрақұрылымның дамымауы.

5. Кәсіпорындардың экспортқа дайын еместігі (маркетинг, релевантты ақпаратпен алмасу, басқару, сапа, кадрлар, шикізатпен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау, оң сауда имиджінің болмауы және басқа проблемалар)

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Өңделген экспорттың көлемі мен өсу қарқынының ұлғаюы.

2. Экспортты дамытудың және жәрдемдесудің тиімді мемлекеттік жүйесін құру.

3. Қазақстандық кәсіпорындарын экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі білімі мен икемділіктерін арттыру.

4. Гуманитарлық жеткізулерге делдалдарсыз қатысу.

5. Экспортты кеңейту шарттарында оны қолдайтын және дамытатын жеке инфрақұрылымды дамыту.

1. Экономиканың шикізаттық

бағыттылығын сақтау және оған сәйкес экспорттың шикізаттық бағытын тиісінше жүктеу.

2. Экспортты мемлекеттік қолдаудың дамымау және бизнестің сыртқы саудаға дайын еместігі шарттарында елдің, кәсіпорындардың және олардың өнімдерінің теріс сауда имиджін бекіту.

3. Ұзақ перспективада экспортты мемлекеттік және жеке қолдауға қол жетімсіздікті сақтау.

4. Экспортты қолдаудағы және дамытудағы мемлекеттің формалдық тәсілін сақтау.

5. Жоғары бөліністі экспорттық өндірістерді дамытудағы шикізаттық, кадрлық, ғылыми және кәсіпкерлік әлеуетті жоғалту.

      Әлсіз жақтары:

      1. Қазіргі уақытта АЭА-да кәсіби басқарушы компанияны тарту тетіктері жоқ, дирекциялар мен басқарушы компаниялар арасындағы өкілеттіктер қолданыстағы заң бойынша бөлінбеген, сондай-ақ басқарудың жалғыз мемлекеттік органы жоқ (нақты әрбір АЭА-да басқарудың меншікті мемлекеттік органы бар).

      2. Қазіргі уақытта қазақстандық АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы жеткілікті жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі инвесторлардың нақты қажеттілігі мен мүдделеріне бағытталмаған.

      Арнайы экономикалық аймақтың салалық байланысын алып тастау болжанады, компания үшін негізгі өлшем өндірістің экспорттық бағыттылығы және еңбектің өнімділігі болады. Инвесторлардың АЭА-ға қатысуының негізгі мәртебесі АЭА қызметін экономикалық тартымды ететін арнайы преференциялардың және жеңілдіктердің болуы болып табылады. Бүгінгі күні АЭА туралы қолданыстағы заңнама анағұрлым өзекті міндеттерді шешуге тараптық инвесторларды тартуға ықпалдасатын мәртебелердің жеткіліксіз санын қамтиды, Қазақстан Республикасының АЭА әлеуетін іске асыру қолайлы емес.

      3. АЭА үшін ЭКЖЖ-нің рұқсат берілген түрлерінің тізбесі АЭА қызметіне қатысушыларды тартуды шектейді. Сондай-ақ, АЭА үшін инвестициялық жобаларды қарастыру кезінде ірі инвестициялық жобаларға бағдарлану жүргізіледі. АЭА жұмыс істеуінде АЭА қатысушылары үшін мамандандырылған қызметтер санының жеткіліксіздігі байқалады.

      4. АЭА қызметін жүзеге асыру кезінде АЭА дирекциялары мен уәкілетті ұйымдары арасындағы келісулердің үлкен саны байқалады. АЭА аумағында өндірісті ашу үшін инвесторларға оларды АЭА қатысушысы ретінде бекітуді 1 жылдан астам күтеді.

      5. АЭА құру және құрылысын аяқтау үшін бюджеттік қаржыландыру баяу бөлінеді. Сондай-ақ, құру кезінде бюджеттік шығындардың төмен нәтижелігі байқалады (инфрақұрылым орнына бос конференц-залдар салынады).

      Күшті жақтары:

      1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елдің бизнес-ахуалын ұстау байқалады - кәсіпкерлікті дамытуға үлкен назар аударылады. Жалпы экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік субъектілерді қорғау және қолдау үшін белгілі жеңілдіктерді заңнамалық жолмен белгілейтін реформалар жүргізіледі. Бірақ, қолданатын шаралар өнеркәсіптік және өңірлік саясатты дамыту үшін жеткіліксіз.

      Қазақстан Республикасында жүргізілетін реформалар сәттілігі Қазақстанда негізінен бүгінгі күні әлі соңына дейін қалыптаспаған өнеркәсіптік және өңірлік саясаттың басым бағыттарын білгірлікпен іздестіруге және табуға байланысты. Осы жағдайда, экономиканы трансформациялау жолында белсенді қадамдардың бірі еркін экономикалық аймақтардың ұлттық жүйесін ұйымдастыру болуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасында бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы нарықтық экономиканың бүгінгі құрылуы және дамуының аяқталу шарттарында оның өнімділігін арттыруға және бұл негізде қоғамның көп түрлі тұтынушылығын жақсы қанағаттандыруға ықпалдасатын еңбекті қоғамдық-аумақтық бөлуі негізінде жүзеге асыратын аудандандырудың экономикалық қағидаттарында шешуші рөлді атқарады. Табиғи ресурстардың әртарапты әлеуеті қазақстандық экономиканың аумақтық құрылымын дамытудың және қалыптасуының басты факторларының бірі болып табылады. Сондықтан, олардың табиғи-ресурстық әлеуетінің ерекшеліктерімен байланысты өңірлерді салалық мамандандыру АЭА-ның дамуына алғышарттарды береді.

      3. Қазақстан Республикасының стратегиялық әріптестердің тұтынушы нарықтары арасында тиімді орналасуы көпжақты халықаралық экономикалық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді, бұл өңірлік ықпалдасуға ықпал етеді. Осындай қолайлы жағдайларда республиканың экономикалық әлеуетін ұлғайту үшін АЭА-ны дамыту аса маңызды.

      Қауіптер:

      Тиімділігі аз мемлекеттік саясат нәтижесінде инвестициялық тартымдылықты жоюға әсер ететін, мынадай факторлар туындауы мүмкін: АЭА-ны тиімді емес басқару, АЭА резиденттері үшін салықтық заңнаманың тұрақсыздығы, бюрократияландыру, барлық АЭА-ны басқару құрылымын тұрақты өзгеруі, АЭА дирекциясы мен уәкілетті ұйымдары арасындағы келісімдердің үлкен саны, бюджеттік қаржыландыруды баяу бөлу.

      Мүмкіндіктер:

      1. Қазақстан Республикасының кеден одағының құрамына кіруі нәтижесінде құрылатын АЭА қатысушылары үшін өндірістік өнімді тұтынудың жаңа нарығын шығаруға жол ашады.

      2. Ұсынылатын шаралар инвесторларды тартуға және ҮИИДМБ-нің индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

      АЭА аумағындағы өндірістегі инвестиция көлемі 1 трлн. 588 млрд. теңгені құрайды;

      тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемі — 718 млрд. теңгені, оның ішінде өнім экспорты шығарылатын өнім көлемінен 50% кем емес;

      АЭА қатысушыларының саны 160-қа дейін ұлғаяды.

      Осылайша, инвестицияларды тартуды, АЭА-ны дамытуды және қазақстандық экспортты ынталандыруды SWOT-талдау келтірілген әлсіз жақтарды есепке алмау инвестицияларды тартуда, АЭА-ны дамытуда және экспортты ынталандыруда одан әрі келтірілген қауіптерді іске асыруға алып келетіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, қазақстандық өнімді экспорттау кезінде бар күшті жақтарды пайдалану осы кестеде келтірілген сол мүмкіндіктерді іске асыруға алып келуі мүмкін.

3.3. Инвестицияларды тартуды, арнайы экономикалық аймақтарды және экспортты дамытудағы негізгі проблемалар, үрдістер мен алғышарттар

      Инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар

      Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді атқаратын бірқатар басты проблемалар бар, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

      1. Инвестициялар көлемінің экономиканың қажеттіліктеріне сәйкессіздігі.

      2. Инвестициялық белсенділіктің географиялық сәйкессіздіктері.

      3. Салалық инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай тең еместігі.

      4. Негізгі капиталға инвестициялардың төмен деңгейі.

      Қазақстан экономикасына инвестициялар ағынының белгілі бір оң серпініне қарамастан, инвестициялар құрылымы айтарлықтай өзгеріп жатқан жоқ. Осылайша, салалық құрылымның іріленген талдауының негізінде Қазақстанның 100 ірі инвестор-компанияларының сату көлемдері бойынша мұнай-газ өнеркәсібіне ірі инвестор-кәсіпорындар санының көбі тиесілі екендігін көруге болады. Отын-энергетика және минералды-шикізат салалары кешендеріндегі инвестициялық белсенділік, соңғы тұтыну өнімдерін шығаратын экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарының көпшілігінен айтарлықтай жоғары.

      Елге ағылатын инвестициялардың шектілігінің себебін талдау шетелдік инвесторлардың өздерінің және мамандандырылған әлеуметтік ұйымдардың берген бағаларына да негізделген.

      Отандық және шетелдік мамандардың бағалауы бойынша, инвесторларды ең алдымен мынадай факторлар алыстатады:

      елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіз саны;

      жалпы алғандағы заңнамалық базаның тұрақсыздығы;

      инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы;

      іскерлік ақпарат нарығының дамымағандығы;

      көліктік инфрақұрылымның дамымағандығы.

      Шетелдік инвестициялар жөніндегі Консультациялық Қызметтің тексеру деректеріне сәйкес инвесторларда жалпы алғанда ел туралы жағымсыз пікірлері қалыптасқан, осы жайт шетелдік инвестициялардың іс жүзіндегі ағынынан да анық байқалуда. Осы тексерулер бойынша мынадай теріс факторлар келтіріледі, олар:

      инвестициялық жобаларды іріктеудің жетілмеген жүйесі, бұл әлеуетті инвесторларды одан әрі инвестиция салудан бас тартуға мәжбүрлейді;

      шетелдік инвесторларға деген қатынас қалаулы кәсіпкерлер ретінде емес, қаражат көзі, салықтық түсімдер немесе пара түсімдерінің кезі ретінде қарау;

      заңнаманың шатасқандығы, қарама-қайшылығы, бірізді қолданбайтындығы немесе заңнаманы толық менсінбеушілік. Заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін сенімді тетіктердің болмауы;

      инвесторларға қажетті ақпаратты ұсынып отыратын немесе кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жәрдем ететін, ұйымдасқан инвестициялық қызметтің жоқтығы;

      инфрақұрылымның шетелдік фирмалардың қажеттіліктеріне сай келмеуі;

      заңды тұлғалар үшін тұрақсыз, үнемі өзгеріп отыратын салықтық режим.

      Аса ірі батыс инвесторлардың арасында Салықтар және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың (әрі қарай - СИХО) жүргізген әлеуметтік сауалнамасы, Қазақстанның олар үшін іскерлік қызығушылық тудыратын мынадай бес себебін айқындап берді: ірі нарықтық әлеует; табиғи ресурстардың молдығы; стратегиялық іскерлік орналасуы; өңірдегі басқа бәсекелестердің ниетін айқындау; инвестициялардан түсетін әлеуетті пайданың көлемі. Ал аса тартымды болғандар: мұнай мен газдың резерві; өндіріс; қызмет аясы (бухгалтерлік есепті және заңдық қызметтерді қоса алғанда); тұтынушылар кооперациясы.

      Сонымен қатар, шетелдік инвесторларының тежеп тұратын, ал кейде үркітіп те жіберетіндер: іскерлік мәселелерді шешудің бюрократиялық әдістері, қаржылық тәуекел, шаруашылық қатынастар бойынша заңнаманың жиі ауысуы және әлсіз құқықтық инфрақұрылым, бөлу арналарының жоқтығы.

      СИХО пікірі бойынша, шетелдік капиталды тарту және қолдану саясаты үшін жауапты мемлекеттік органдардың инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарының жеткіліксіз тұстары бар. Басқаруды ұйымдастыру деңгейінің төмендігінен:

      Инвестицияларды тарту және пайдаланудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданбады;

      қолданыстағы заңнамалық база шетелден келетін инвесторларды ынталандыруға ғана бағытталмаған, бірақ жекелеген жағдайларда оларға кедергі келтіреді;

      шетелдік инвестицияларды басқарудың нақты жүйесінің болмауы;

      шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыстың болмауы.

      Халықаралық кәсіпкерліктің капиталын тарту мәселелерін мемлекеттік реттеудің осалдығы, шетелдік капитал мәселелерімен айналысатын орталық ведомстволарды үнемі қайта ұйымдастыру, құқықтардың, құзыреттердің, жауапкершіліктердің көптеген ведомстволарға шашылып кеткендігі, олардың функцияларының шатасып кетуі де шетелдік инвесторлардың пікірлеріне кері әсерін тигізеді.

      Қорытындылай келе мыналарды атап өтуге болады, шетелдік инвесторлар мен зерттеу ұйымдарының пікірлеріне сәйкес, қазіргі кездегі мемлекеттің инвестицияларды тарту жөніндегі жүргізіп отырған жұмыстары жеткілікті емес және жүйелі болып табылмайды, елдің және экономиканың мүдделерін халықаралық капитал нарығында білдіру жөніндегі мамандандырылған орган құру арқылы мемлекеттің инвестицияларды тарту бойынша әрекеттерін ұйымдастыруды жақсартуды және мемлекеттің күшін шоғырландыруды талап етеді.

      ҮИИДМБ шеңберінде өнеркәсіптің 13 саласында (мұнай-газ-химия, тау-кен металлургия, машина жасау, агроөнеркәсіп, туристік, фармацевтика, химия, ғарыштық, құрылыс индустриясы, жеңіл, атом, ақпарат, коммуникация және көлік саласы) қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту жоспарлануда. Индустрияландыру картасында көзделген жобалардан бөлек, әрбір салалық бағдарламада қаржыландыруды талап ететін "тауаша" жобалар да анықталған, олар бойынша бастамашылар мен қаржыландыру жоқ.

      АЭА жұмыс істеуінің негізгі проблемалары.

      Қазіргі уақытта АЭА-ның сәтті дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар бар.

      Біріншісі - АЭА-ларды реттеу және басқарудың тиімді болмауы. АЭА бойынша уәкілетті органға келер болсақ, бүгінгі күні АЭА-ларды басқару "әр қолда" шоғырланған. Осылайша, "Астана-жаңа қала" АЭА - Астана қаласының әкімдігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА - Маңғыстау облысының әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА - ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" - ОҚО әкімдігі, "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, "Бурабай" АЭА - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және тек "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА-ға қатысты - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі уәкілетті орган болып табылады. Дегенмен, "Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы" Заңында АЭА жөнінде бір ғана уәкілетті органның болуы көзделген, ол орган Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі уәкілетті органы болып табылады.

      Екінші - АЭА аумақтарында қажетті инфрақұрылымның болмауы. Қолданыстағы АЭА туралы Заңға сәйкес АЭА құрылып жатқан жер учаскелері қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі қажет. Бірақ, қазіргі уақытта мемлекет аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан жоқ.

      Үшінші - салық салу. АЭА-ның негізгі идеясы мен тартымдылығы өз аумағында жеңілдетілген салық салуды ұсыну болып табылады. Осыған қарамастан, жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты ҚҚС бойынша салықтық жеңілдік алынып тасталды, ол өз кезегінде АЭА тартымдылықтарының төмендеуіне алып келді.

      Қазіргі уақытта, қазақстандық АЭА аумағында салықтық (корпоративтік табыс салығын, жер салығы мен мүлік салығын төлеуден 100% босату) жеңілдіктер көзделген.

      Бұл ретте, инвесторларда іс жүзінде жер салығы бойынша жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі жоқ. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер салығын төлеуді оның меншік иелері жүзеге асырады. Алайда, "АЭА туралы" Заңға сәйкес АЭА жұмыс істеген кезеңде жер учаскелері сатуға және басқалай иеліктен шығаруға жатпайды, ал уақытша өтеусіз жер пайдалануға (жалға беру) беріледі. Бұл ретте, жер учаскелерін пайдалануға бергені үшін АЭА қатысушыларын пайдаланғаны үшін төлем төлеуге міндетті, себебі жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемді енгізуден босату заңнамада көзделмеген.

      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында АЭА-ның жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл үшін Министрлік "Каznex invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ-мен бірлесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде 2010 жылғы 29 қаңтарда берілген тапсырмасын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, ұйымдармен бірлесіп "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" жаңа заң жобасын әзірлеуді жүргізуде. Осы заң жобасында салынған нормативтік база Қазақстан Республикасында АЭА-ны дамытудың проблемалық мәселелерін шешуге, сондай-ақ ҮИИДМБ-да белгіленген нысаналы индикаторлардың мәніне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Экспортты дамытудың негізгі проблемалары

      Қазақстанның азық-түлік, химия және машина жасау өнеркәсіптеріндегі 200 кәсіпорынның диагностикасы мынаны көрсетті, кәсіпорындардың ұшырасатын экспортты-реттеулік ортасы, бірқатар жалпы шектеулердің және проблемалар, кәсіпорындардың жұмысын қиындатады және олардың экспорттық әлеуетінің дамуына кедергі жасайды. Осыған байланысты, өндірістік қызметке, сондай-ақ өнім экспортының дамуына және жылжытуға кері әсерін тигізетін мынадай кедергілер мен проблемаларды атап өтуге болады, олар:

      1. Маркетингтік және консалтингтік қызметтердің дамымағандығы, нарықтар туралы ақпараттың жоқтығы. Экспорттың дамуы мен кеңеюі үшін кәсіпорындарың маркетингтік қызметтерінің дамымағандығы, сондай-ақ өнімді экспортқа шығаруды іздестіру және жылжыту аясындағы қолжетімді консалтингтік қызметтердің жоқтығы өткір мәселе болып табылады. Қазақстанда шетелдердегі тауарлар мен қызметтерге сұраныстың бар екендігі туралы, экспортталатын тауарларға қойылатын басқа елдердің қоятын талаптары, кедендік және кедендік емес реттеу шаралары туралы ақпарат жоқ болса, шет елдерде - қолда бар Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ.

      2. Қарыз қаражатының қымбаттығы. Қазақстанның кәсіпорындары үшін айтарлықтай проблемалардың бірі қарыз қаражатының қымбаттығы болып табылады. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің сыйақы ставкалары жоғары болып табылады, ал кредитті алу шарттары қатаң. Өтеу кестесін аннуитетті схемасы бойынша есептегенде есептілік кезеңнің соңында өтеу сомасы кредиттің сомасынан еселеп артады. Көптеген шағын және орта кәсіпорындарда өтімділігі аз активтермен және сенімді кепілдікпен қамтамасыз етудің болмауы, оң кредиттік тарихтың болмауы олар үшін кредит ресурстарын орташа нарықтан қымбаттата түседі.

      3. Кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезіндегі қиындықтар. Қолданыстағы кедендік рәсімдер мен шарттылықтар шет мемлекеттерде жалпы қабылданған нормалардан асып түсіп, саудада тосқауыл тудырады, бұл "Doing Business" Дүниежүзілік банктің 2010 жыл ішіндегі есеп беру деректерімен расталады, оған сәйкес Қазақстандағы экспорттық шығындар 89 күнді құрайды (3 005 АҚШ долл.), ал экспорттық операцияларды өткізу үшін құжаттар саны 11-ді құрайды. Бұл рейтингте Қазақстан зерттелген 182 елдің ішінде ең соңғы орынды иемденеді. Дүниежүзілік банк әзірлеген Көліктік Логистика Индексіне (LPI) сәйкес, Қазақстан тізімдегі 155 елдің ішінде 62- орында тұр. Экспортты жылжыту саясаты импорт саласындағы сауда саясатымен байланысты.

      4. Білікті жұмысшы кадрларының өткір тапшылығы. Қазақстандық компаниялардың көпшілігінде басқарушы, инженерлік және білікті жұмысшы кадрларға өткір тапшылық байқалады, бұл қызметкерлердің еңбегін материалдық және материалдық емес уәждеме жүйесінің барабар емес қазіргі заманғы талаптарына байланысты. Бұл қазақстандық кәсіпорындарға әлемдік стандарттарға сай келетін, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге, ал жалпы алғанда халықаралық нарықта табысты бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

      5. Өнімдерді тасымалдау проблемалары. Қазақстанның теңіз порттарынан алыстығы тасымалдау шығындарын айтарлықтай арттырады. Бұдан басқа, экспорттаушылар үшін кәдімгі және арнайы темір жол вагондарының жетіспеуіне, олардың кеден бекеттерінің қашықтығынан және төменгі өткізу қабілеттілігінен бос тұруына байланысты проблемалары бар. Бұл жағдай кәсіпорындарды қосымша шығындарға алып келеді және кедендік өкілдікті кәсіпорынның өзінде ұйымдастыруды талап етеді. Сала қайта құрылымдауды және жаңа экономикалық қатынастардың мынадай нысандарын: жүк жөнелтуші - тасымалдаушы - мемлекет, енгізуді талап етеді.

      6. Қазақстандық компаниялардың сыртқы нарықтарға шығу кезінде әлсіз саяси-дипломатиялық қолдау. Экспорттаушыларды қолдау мүмкіндіктері келу еліндегі елшіліктерде және елдің сыртқы нарықтардағы экономикалық мүдделерін мүдделік қолдау құралы болып табылатын екіжақты сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар шеңберінде әлсіз пайдаланылады.

      7. Экспорт бөлігіндегі ұйымдар арасындағы жолға қойылған ақпарат алмасудың жоқтығы, отандық өндірушіні қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттың жоқтығы, қазақстандық өнімді экспорттау кезіндегі сыртқы қауіптер. Өңірлерде мемлекеттік органдар мен жеке сектордың арасындағы айқын ақпарат алмасудың болмауы себебінен отандық өндірушіні қолдаудың қабылданған және іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі орын алған. Бұған қоса, экспортты жылжыту бойынша қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдар арасында үйлестіру мен өзара іс-әрекет жоқ. Ағымдағы жағдай институционалды инфрақұрылымның элементтерінің бар болуына қарамастан, қазақстандық экспортты жылжыту тиімді қызмет ететін жүйенің жоқтығымен сипатталады. Кейбір кәсіпорындар белгілі бір елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты шетелдегі өз қызметін тоқтата тұруға мәжбүр.

      8. Кедендік статистикаға шектеулі қол жетімділіктің салдарынан қазақстандық өнімдердің шынайы өңделген экспортын бағалау қиындықтары. Егжей-тегжейлі ақпаратқа жалпы қолжетімділіктің болмауынан өңделген өнімдер экспортының көлемі айтарлықтай жоғарылатылған. Қазақстандық кәсіпорындар, компаниялар өздерінің нарықтарына талдау жүргізу кезінде, сондай-ақ СЭҚ ТН 10-шы белгі дәрежесінде олардың тауар атауларының толық емес нақтыланбауына байланысты проблемалармен кездесіп қалады.

      Диагностикадан өткізілген кәсіпорындардың кейбір проблемалары және олардың 2008 жылдың қорытындысы бойынша сұралған кәсіпорындардың жалпы санының пайыздық есебіндегі үлесі 3-суретте келтірілген.

      3-сурет. Өнімдерді экспорттау кезіндегі кәсіпорындардың проблемалары және олардың сұралған кәсіпорындардың жалпы санының үлесі

      Жұмыс істеп тұрған қазақстандық кәсіпорындардың айтылған проблемалары тауарлар өндірісін жүзеге асыру, олардың сапасын қамтамасыз ету, оларға және экспортқа баға белгілеу кезінде тұрақты негізде мемлекеттік қолдаудың жүйелік және селективті шараларын жүргізуді талап етеді. Бұл шаралар қазақстандық өңделген өнімдері экспортын дамытуға және жылжытуға жәрдемдесуде мемлекеттік қолдаудың реттеуші, қаржылық, консалтингтік және оқыту бағыттарын айқындайды.

3.3.1 Инвестициялар тартуды, арнайы экономикалық аймақтар мен
экспортты инновациялық-технологиялық дамытуды талдау

      Ескерту. Бөлім 3.3.1-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды бастау инновацияларды дамыту үшін жаңа серпін берді. Осының аясында инновациялық-техникалық даму көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер орын алды. Маңызды фактор технологиялық инновацияларға салынған шетелдік инвестициялардың 20 есе - 2,1-ден 40 млрд. теңгеге дейін өсуі болып табылады, олардың үлесі қазіргі уақытта 20 %-ды құрайды. Шығарылатын инновациялық өнім көлемі шамамен үштен бір бөлікке - 142,1-ден 235,9 млрд. теңгеге өсті.

      Алдағы жылдары ТШИ тартудың қалыптасқан жүйесі шеңберінде тиісті өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының құрылымдық бөлімшелері және еншілес кәсіпорындары ретінде еліміздің барлық өңірлерінде құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ИҚО) толыққанды қызметіне кедергі болатын бірқатар проблемалық мәселелер шешілетін болады. Инвесторларға операциялық қызмет көрсету үшін ИҚО фронт-офистер болып табылады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асырады (бастапқы құжаттарды, қажетті байланыс деректерін және жобаны ілгерілетуді бастау үшін қажетті басқа ақпаратты алу), сондай-ақ шетелдік инвесторлардың өтінішіне жергілікті жерде жедел және дұрыс ден қоюды қамтамасыз етеді.

      Қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ИҚО еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп жатқан инвесторлармен тұрақты түрде талқылаулар өткізетін болады.

      ИҚО-ны күшейтумен қатар, ТШИ үшін өсіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік шеңберінде инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

      Қазақстанның әл-ауқатын зерттеген АҚШ-тың Ұлттық ғылыми академиясы сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін ғылым мен технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін үлкен мүмкіндіктер бар.

      Бүгінгі таңда инвесторлар үшін Қазақстан елеулі дәрежеде бұрынғыдай шикізат секторына салым салуға тартымды. Әзірше шетелдік инвесторлар үшін шикізат секторы мол табысты және тартымды болып қалуда, оларды табысы төмен шикізат секторына, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіп саласына тартуға мемлекет тарапынан көп күш-жігер талап етіледі. Сондықтан мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті – өңірде өңдеуші өнеркәсіпке бағдарланған инвесторлар үшін ең жақсы жағдайлар қалыптастыру. Өңдеуші өнеркәсіп саласында тәуекел факторлары көп болғандықтан, инвесторлар үшін шикізаттық емес секторға заңнаманың тұрақтылығы сияқты маңызды норманы енгізген жөн деп саналады.

      Бұл ретте, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аумағында өндіріс құруға көп көңіл бөлу қажет. Халықаралық өлшемдер бойынша Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытталуы оның құрылымының кемшілігі болып табылады.

3.4. Инвестицияларды тартуды, арнайы экономикалық аймақтарды және экспортты дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.

      Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді талдау

      Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтық база жасалған. Мысалы, 2003 жылы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды, ол инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін толыққанды регламенттейді. Аталған заң, халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша өтпелі экономикасы бар елдердің арасындағы инвестиция саласындағы үздіктерінің бірі болып табылады.

      Заң тарапынан инвесторлардың құқықтарының толықтай қорғалуы мен жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген, сондай-ақ инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың жұмыстары өте нақты регламенттелген (капиталдың еркін қозғалысы, капиталдың репатриациясы, табысты пайдалану еркіндігі, жерге жеке меншік құқығы, оның ішінде шетелдік компаниялар үшін де).

      Сондай-ақ, Заңда Қазақстан экономикасының басым салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық инвесторларға да, сол сияқты шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде таралады.

      Мәселен, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде инвесторларға инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдық пен оның жинақтауыштарына кеден баждарын салудан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар (мемлекеттік заттай гранттар ретінде жер телімдері, ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтар берілуі мүмкін);

      3) инвестициялық салық преференциялары ұсынылады.

      Заң шеңберінде 2010 жылғы бірінші жарты жылдықта барлығы инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған 16 келісімшарт жасалды.

      Инвестициялардың жалпы көлемі 18,6 млрд. теңге, оның ішінде жабдық пен оның жинақтауыштарын сатып алу және монтаждау 15,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте, кеден баждарынан босату нәтижесінде (бюджет шығыны) жалпы жеңілдетілген сома 1,53 млрд. теңгені құрайды, бұл инвестициялардың жалпы көлемінің (әкелінетін жабдық пен оның жинақтауыштарының жалпы көлемінің 10 %-ы) 8,2 %-ын құрайды.

      Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес, инвесторлардың инвестициялық салық преференцияларды қолдану тәртібі оңайлатылған, атап айтқанда, уәкілетті органмен (Инвестиция комитеті) келісімшартты жасасқан сәттен бастап қана берілетін инвестициялық преференцияларды алудың бұрын қолданып келген тәртібі алынып тасталған.

      Инвестициялық салық преференциялары преференциялық объектілердің құнын және қайта құру мен жаңғыртуға арналған кейінгі шығыстарды шегеруге жатқызудан құралады. Бұл ретте шығындарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылған, бұл инвестициялық салық преференцияларының басымдылығынан пайда табуға мүмкіндік береді.

      Қазақстанның аумағындағы инвестицияларды көтермелеу мен қорғауға бағытталған инвестициялық заңнаманың шараларынан басқа, ел Үкіметі 44 елмен олардың арасында: Сербия, АҚШ, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі, Германия, Франция, Ресей, Нидерланды, Түркия, Иордания, Катар және т.б., инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екіжақты келісімге, сондай-ақ ЕурАзЭҚ мүше елдер арасында бір көпжақты келісімге қол қойды.

      Шетелдік әріптестермен институционалдық негізде өзара іс-қимылдар ерекше мәнге ие, бұл шетелдік инвесторларға жіті назар аудару туралы куәландырады. Оған дәлел, 1998 жылдан бері жұмыс істейтін Шетелдік инвесторлар кеңесі болып табылады, оның отырыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жеке төрағалығымен жылына 2 рет өткізіледі. Тиімді жұмыс істеу үшін құқықтық талаптарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1234 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізілген болатын, ол мемлекеттік деңгейде шетелдік инвесторлардың мүдделерін қорғауды ұсынуға және қамтамасыз етуге бағытталған.

      Бұдан басқа, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі ретінде мемлекеттік қаржылық даму институттары (Ұлттық инновациялық қор, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы, Қазақстанның Даму Банкі, "Каznех Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі) арқылы жобаларды қосымша қаржыландыруды атап өткен жен. Олардың қызметінің негізгі мақсаты - барлық деңгейдегі бизнесті дамыту мен қолдау жүйелерін құру және инвестициялық ресурстарды тиімді басқару арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу болып табылады.

      Бұдан басқа, ел экономикасын әртараптандыруды жеделдетуде және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде елеулі рөлді Қазақстанның 7 макроөңірінде өз қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) атқарады. Әрбір корпорация игерілмеген жер учаскелері мен кен орындарын қоса алғанда, елдің тиісті өңіріне берілген мемлекеттік активтерді басқаратын өңірлік даму институтын білдіреді. ӘКК ұлттық компаниялар мәртебесінде құрылған және оларды іске асыруға инвестицияларды тартатын жобалар генераторының рөлін атқарады. Қаржылық, жер, технологиялық ресурстар мен сыртқы нарықтарға қолжетімділігі бизнесті ӘКК жобаларына қатысуға тартатын болады. ӘКК көмегімен шетелдік компаниялар елде қазақстандық әріптестердің қатынасуымен біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндіктеріне ие болады, ондағы шетелдік технологиялар мен отандық шикізатты қолдану шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап үш елдің - Ресей, Белоруссия және Қазақстанның кеден одағы жұмыс істей бастады. Мұндай одақты құру Қазақстандағы әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар басымдылықтарды білдіреді, өйткені өткізу нарықтарын кеңейтуге, тауарлар экспорты кезінде көлік және кеден шығыстарын азайтуға, Ресей мен Белоруссия тауарлардың транзиті кезінде салық салу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

      ҮИИДМБ шеңберінде бес жылдық кезеңге арналған инвестициялар ағынын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асырудың негізгі басымдылықтары мен тетіктері айқындалған.

      АЭА қызметін мемлекеттік реттеуді талдау.

      Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі - АЭА) сияқты экономикалық ынталандырудың құралдары жаңа дамуға ие болды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған: 1) "Ақтау теңіз порты" көліктік-логистикалық қызметтер бойынша; 2) "Астана - Жаңа қала" құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру бойынша; 3) Алматы қаласының түбінде Ақпараттық технологиялар паркі; 4) Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" - текстиль өнеркәсібін дамыту бойынша; 5) Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі; 6) "Бурабай" АЭА - Астана қаласынан 200 шақырым жерде туристік кластерді дамыту бойынша.

      Бұл АЭА инвесторларға жаңа өндірістерді тиімді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген жер телімдері беріледі. Аймақтардың аумағында еркін кедендік аймақ режимі жұмыс істейді, сондай-ақ айтарлықтай салықтық жеңілдіктер (КТС, жер, мүлік салықтары бойынша) қарастырылған, ол өңдеуші секторға инвестицияларды ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық және өңірлік саясатқа сәйкес өнеркәсіптік даму нүктелерінің орналасуын анықтауға да мүмкіндік береді.

      АЭА басқару мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдары тарапынан жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде мұндай тәсілдің тиімділігі жеткіліксіз: бірыңғай басқару органының жоқтығы, себебі іс жүзінде әрбір АЭА жеке басқару мемлекеттік органы бар.

      Орталық атқарушы органдарға келетін болсақ, реттеу нысанынан физикалық қашықтық АЭА дирекциясынан түсетін ақпараттарды талдау және түсіндіру барысында белгілі бір жаңылысу үлесін тудырады.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес АЭА ел аумағындағы арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату тәртібі мен шарттарын анықтайды.

      Қолданыстағы Заңға сәйкес АЭА мынадай мақсаттармен құрылады: экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлердің қарқынды дамуы және әлеуметтік проблемалардың шешілуі, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті тарту, жоғары тиімділікті және бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

      Экспортты мемлекеттік реттеуді талдау

      Сыртқы сауда әлемдік экономикалық жүйедегі тұрақсыздыққа едәуір деңгейде ұшыраған. 2008 - 2009 жылдары аралығында әлемдік экономика теңдесіз қаржылық тұрақсыздық мерзімін басынан өткерді, ол 1945 жылдан кейінгі ең ауыр жаһандық экономикалық құлдыраумен және сауда көрсеткіштерінің құлауымен қатар жүрді. Осы дағдарыстық үдеріске барлық елдер шарпылды. Әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар 2009 жылы Қазақстанның шетелдермен сауда көлемінің төмендеуіне себепші болды.

      Әлемдік қаржы дағдарысының теріс салдарларына қарсы іс-әрекет жасау мақсатында, көптеген мемлекеттер әртүрлі дағдарысқа қарсы шаралар, оның ішінде сыртқы экономикалық саладағы ең алдымен мыналарға қатысты: кеден баждардың ставкасын өзгерту; экспортқа салықтық жүктемені азайту; бейтарифтік шектеулерді қабылдау және алып тастау; экспортты қаржылай қолдауды күшейту; шетелдік инвестициялардың ағынына жәрдемдесу және т.б. шараларға қабылданған болатын.

      2009 жылы ЕурАзЭҚ Халықаралық кеңесі (КО жоғарғы органы) сыртқы қызметті кедендік-тарифтік реттеу бойынша бірқатар шешімдер қабылданған болатын.

      2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағының жағдайында сыртқы сауда қызметін реттейтін бірқатар нормативтік актілер күшіне енді. Атап айтқанда, Кеден одағының бірыңғай кеден тарифі (БКТ) қабылданды.

      Дағдарыстық құбылыстардың тереңдей түсуіне байланысты, отандық өндірісті барабар қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ЕурАзЭҚ Халықаралық кеңесі (КО жоғарғы органы) импорттық кеден баждарының ставкалары ұлғайтылған болатын. Аталған шаралар, атап айтқанда мыналарға:

      дайын әйнектерге, қауіпсіз әйнектер өндіретін отандық өндірушілерді қолдау, өндірісті арттыру, сондай-ақ ішкі нарықтағы құрылыс материалдары, жиһаз, көлік құралдарын сапалы және қауіпсіз әйнекпен қамтамасыз ету мақсатында;

      кәбілді-өткізгіштер өнімдеріне, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылату және ғылымды қажетсінетін салалардың кәсіпорындарын қолдау мақсатында;

      отандық азық-түлік тауарлары өндірушілерді қорғау мақсатында белсенді ашытқылар импортына кедендік баждың өзіндік бөлігі енгізілді;

      отандық жылу қазандықтарына қолданылатын болады. Кеден баждарының ставкалары жоғарылап қана қойған жоқ, сонымен қатар төмендеді. Ашық нарықтарды сақтау, әлемдік дағдарысты еңсеруге бағытталған шаралардың бірі болып табылады:

      жеміс-жидек өнімдерінің өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды, жеміс дақылдарының қажетті көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатында, жеміс дақылдарының импортына, жылыжайлық жабдықтарға, алюминий фольгаға, сүтті сарысуға кеден баждарының төмендетілуі қарастырылды;

      шикізат импортымен байланысты отандық өндірушілердің шығындарын төмендету мақсатында, сондай-ақ дайын өнімдер өндірісінің дамуын ынталандыру мақсатында, республикамызда өндірілмейтін шикізаттар мен құрамдастарды алып келуге кедендік баждардың ставкалары төмендетілді, олардың қатарында тоқыма саласы, құрылыс салалары, кабельді-өткізгіштер және электрқуаттық өнімдер, шырындар мен алкогольсіз сусындар өндірістері бар.

      Бұдан басқа, әлемдік бағалардың құлдырауы жағдайындағы тауарларды әкетуді ынталандырудың қажеттілігімен және экспортқа жеткізілімдердің пайдалылығын арттыруға байланысты, экспортқа салықтық жүктемені төмендету жөніндегі шаралар қолданылды. Бұл ретте, әкетуді ынталандыру негізгі экспорттық баптарға қатысты ең алдымен мұнай және мұнай өнімдеріне қолданылады.

      Сонымен қатар, қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған, экспорттаушыларды сервистік сияқты қаржылық қолдау шеңберінде де экспортты ынталандыру жөніндегі мынадай шаралар қабылданды:

      қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық бейінді көрмелерге қатысуын, кәсіпорындардың экспозициялық алаңдарды жалға алу шығындарының орнын толтыру жолымен ұйымдастыру;

      экспорттаушылар үшін барынша қажетті тақырыптары бойынша, кәсіпорындардың мамандары үшін оқыту тренингтерін ұйымдастыру;

      шетелдерге қазақстандық кәсіпорындардың сауда миссияларын ұйымдастыру;

      қазақстандық кәсіпорындар мамандарының шетелдік экспорттаушылар өндірістерінде, олардың ұйымдарымен танысу мақсатында баруын ұйымдастыру;

      экспорттаушыларға ақпараттық-маркетингтік қолдау көрсету (елдер бойынша шолулар, нақты шетелдік нарықтар бойынша тауарлық позициялардың бриф-талдауы, экспорттаушыларға көмекке нұсқаулық материалдары және басқалары).

      Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Мәскеу қаласында "Бүкілресейлік көрме орталығы" МАҚ" ААҚ № 11 павильоны базасында Қазақстан Республикасының Көрме-коммерциялық орталығын құру;

      Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі Ресеймен ынтымақтастығы Қазақстанның сауда лоне инвестициялық мүмкіндіктерін талдау және таныстыру туралы мәселе пысықтауда.

      ҮИИДМБ шеңберінде бес жылдық кезеңде инвестициялар ағынын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асырудың негізгі басымдылықтары мен тетіктері айқындалған.

      Жалпы алғанда, қолданыстағы құқықтық база, өндірісті және экспортты әртараптандыру саласындағы мемлекеттік саясат қарқындылығының қажетті деңгейін және шоғырлануын қамтамасыз ете алмайды, және де мемлекеттің өзі жариялаған экспортқа бағытталушылықты дамыту мақсаттарын көрсетпейді. Қолданыстағы заңнаманың сипатын ынталандырушы немесе қолдаушыдан гөрі, реттеуші деген дұрыс. Сыртқы сауда операцияларының дамуын ынталандыруға тиіс болған негізгі заң - "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңында экспортты қолдау және дамуды ынталандыру және жылжытуға қатысты қағидалар жоқ. Тіпті Заңның атауы да оның регламентациясының бағытын көрсетіп тұр.

3.5. Қазақстан жағдайына оңтайлы инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты дамыту жөніндегі шетелдік тәжірибелерге шолу.

      Инвестицияларды тартудың әлемдік тәжірибесі

      Қазақстанға инвестиция тартудың тиімділігін бағалау үшін, басқа елдер мен өңірлер бойынша ТШИ тартудың жалпы үрдісінің қандай екендігін қарастыру қажет.

      Бүкіл әлем бойынша ТШИ жаһандық ағынына қаржы-экономикалық дағдарыс өте қатты әсер етті. Мұндай инвестициялардың ағыны 2008 жылғы 1,7 трлн. АҚШ долларынан 2009 жылы 1,2 трлн. АҚШ долларына дейін қысқарады деп күтілуде, 2010 жылы ол біраз қалпына келеді (1,4 трлн. АҚШ долларына дейін) және 2011 жылы өзінің өсуін (шамамен 1,8 трлн. АҚШ доллары деңгейін) жалғастырады.

      Дағдарыс ТШИ ағынының бағыты мен көлемін өзгертті (8-кесте): дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерде инвестициялар бірден артты, ал олардың жаһандық ТШИ ағынының үлесі 2008 жылы 43%-ға жетті. Бір жағынан бұл дамыған елдерге бір кезеңдегі ТШИ ағынының айтарлықтай кемуімен (29%) байланысты болды. Африкада инвестициялар ағыны рекордтық деңгейге жетті, оның ішінде инвестициялар өсуінің жоғарғы қарқыны Батыс Африкада байқалды (2007 жылмен салыстырғанда өсу 63 %); Оңтүстік, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға инвестицияларды әкелу 17 %-ға артып, жаңа рекорд орнатты, Батыс Азияға ТШИ ағыны алты жыл қатарынан артып келеді; Латын Америкасына және Кариб бассейніне инвестициялар әкелу 13 %-ға артты, ал Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен ТМД-да ТШИ ағыны сегіз жыл қатарынан артуы тіркелді. Осыған қарамастан, 2009 жылғы ТШИ ағыны барлық өңірлерде қысқарады.

      Әлемнің өңірлері бойынша ТШИ ағынының өсу қарқыны инвестициялардың бағыттарының өзгеруін көрнекі түрде көрсетеді - 2008 жылы, жалпы әлем бойынша (14,2 %) және дамыған елдерде (29,1 %) ТШИ ағынының төмендеуі жағдайында, дамушы елдерге (17,3 29,1 %) және ТМД елдеріне (25,9 %) инвестициялар көлемінің айтарлықтай артуы байқалады.

      2008 жылы (10-кесте) ТШИ тарту көлемі бойынша әлемдік көшбасшылықты АҚШ ("Топ 20" сомасының 24,5 %) сақтап қалды, одан соң Франция (9,1 %) және Қытай (8,4 %) келеді. ТШИ ағынының көлемі айтарлықтай өскен елдер - Ресей, Италия, Швеция, Үндістан және Сауд Арабиясы.

      Инвесторларға сервистік қызметті және инвестицияларды тартуға жәрдемдесуді ұйымдастыру жөніндегі халықаралық тәжірибе жеткілікті деңгейде әралуан. Қазіргі кезде Инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер әлемнің 160-тан астам елінде табысты қызмет атқаруда.

      8-кесте. Әлемнің елдері мен өңірлері бойынша ТШИ ағынының серпіні

Өңір/ел

ТШИ ағыны, млрд АҚШ доллары

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Барлығы 2003 - 2008 жылдар

Әлемнің барлық елдері

565,2

734,9

973,3

1 461,1

1 978,8

1 697,4

7 410,7

1. Дамыған елдер

361,3

414,2

613,1

972,8

1 358,6

962,3

4 682,3

Еуропа

279,8

227,7

506,1

631,7

899,6

518,3

3 063,2

Жапония

6,3

7,8

2,8

-6,5

22,5

24,4

57,3

АҚШ

53,1

135,8

104,8

237,1

271,2

316,1

1 118,1

Басқа да дамыған елдер

22,0

42,8

-0,6

110,4

165,3

103,4

443,3

2. Дамушы елдер

184,0

290,4

329,3

433,8

529,3

620,7

2 387,5

Африка

20,9

22,1

38,2

57,1

69,2

87,6

295,1

Латын Америкасы

45,8

95,1

77,1

93,3

127,5

144,4

583,2

Азия

116,9

172,9

213,8

282,1

331,4

387,8

1 504,9

Батыс Азия

11,3

20,5

43,6

67,6

77,6

90,3

310,9

Шығыс Азия

72,7

106,3

116,2

131,8

150,4

187,0

764,4

Оңтүстік Азия

8,2

10,7

14,4

27,8

34,0

50,7

145,8

Оңтүстік-Шығыс Азия

24,7

35,5

39,6

55,0

69,5

59,9

284,2

Океания

0,4

0,3

0,2

1,3

1,3

0,9

4,4

3. Оңтүстік-Шығыс Еуропа және ТМД

19,9

30,3

30,9

54,5

90,9

114,4

340,9

Оңтүстік-Шығыс Еуропа

4,1

3,5

4,8

9,9

12,8

10,9

46,0

ТМД елдері

15,8

26,8

26,1

44,7

78,1

103,5

295,0

ТШИ жалпыәлемдік ағынының үлесі, %

Дамыған елдер

63,9

56,4

63,0

66,6

68,7

56,7

63,2

Дамушы елдер

32,6

39,5

33,8

29,7

26,7

36,6

32,2

Оңтүстік-Шығыс Еуропа және ТМД

3,5

4,1

3,2

3,7

4,6

6,7

4,6

ТШИ ағынының өсу қарқыны, %

Дамыған елдер

-

114,6

148,0

158,7

139,7

70,8

-

Дамушы елдер

-

157,8

113,4

131,7

122,0

117,3

-

Оңтүстік-Шығыс Еуропа және ТМД

-

152,3

102,0

176,4

166,8

125,9

-

Әлемнің барлық елдері

-

130,0

132,4

150,1

135,4

85,8

-

      9-кесте. ТШИ ағыны бойынша ең ірі 20 ел

Ел

ТШИ ағыны

2007 жыл

2008 жыл

млрд. АҚШ доллары

%

млрд. АҚШ доллары

%

1

АҚШ

271

19,7

316

24,5

2

Франция

158

11,5

118

9,1

3

Қытай

84

6,1

108

8,4

4

Ұлыбритания

183

13,3

97

7,5

5

Ресей

55

4,0

70

5,4

6

Италия

28

2,0

66

5,1

7

Гонконг

54

3,9

63

4,9

8

Бельгия

111

8,1

60

4,6

9

Австралия

44

3,2

47

3,6

10

Бразилия

35

2,5

45

3,5

11

Канада

108

7,9

45

3,5

12

Швеция

22

1,6

44

3,4

13

Үндістан

25

1,8

42

3,3

14

Сауд Арабиясы

24

1,7

38

2,9

15

Германия

56

4,1

25

1,9

16

Жапония

23

1,7

24

1,9

17

Сингапур

32

2,3

23

1,8

18

Мексика

27

2,0

22

1,7

19

Нигерия

12

0,9

20

1,5

20

Түркия

22

1,6

18

1,4

Барлығы 20:

1 374

100,0

1 291

100,0

Қазақстан

18,5

1,3

19,8

1,5

      Ондай агенттіктердің негізгі функцияларына мыналарды жатқызуға болады: имиджді қалыптастыру; инвестицияларды іздеу және генерациялау; инвесторды инвестициялау алдындағы қолдау (сүйемелдеу), инвестициялық мүмкіндіктер және экспорттық өнімдер бойынша ақпараттық қызмет.

      Малайзияда, Маlaysian Industrial Development Authority (MIDA) - бірнеше министрлікті үйлестіруші және оларды жартылай бақылаушы мемлекеттік агенттігі, Парламентке ұсыныстар енгізеді, өңірлерге ықпал етеді. Ұйымның жылдық бюджеті $91 млн., штатында 600-ден астам қызметкер бар. Мемлекеттік орган, толықтай мемлекет тарапынан қаржыландырылады, 19 шетелдік өкілдіктері бар.

      Кореяда, Invest Коrеа - инвестициялық қызметті үйлестіреді, өңірлердің жұмыстарын бағалайтын есептерді жасау арқылы губернаторларға ықпал етеді. Ұйымның жылдық бюджеті $234 млн. Ұйым толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

      Австралияда, Аustrade - инвестицияларды, үкіметтегі және өңірлердегі қызметті үйлестіреді, парламент пен премьерге ұсыныстар енгізеді, барлық сыртқы экономикалық байланыстарды қолдап отырады. Ұйымның жылдық бюджеті $185 млн., штаты - 1 841 қызметкерден тұрады. Сауда және инвестициялар министрлігінің жанынан ұйым құрылған, толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады, инвесторлардан комиссия алмайды, 60 елде 110 өкілдігі бар.

      Бұл ұйымдар ТШИ тартудың маңызды тетігі болып табылады, ол инвестициялардың адресаты, инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларды белсенді түрде тарту ретінде елдің беделін қалыптастырудағы негізгі буын болып танылады.

      Халықаралық тәжірибеге шолу мынаны көрсетеді, ТШИ тартудағы етістіктерге жеткен елдер инвесторлар үшін, артық қауіптерге ұшырамайтын, қолайлы жағдай тудыруға және оларға бизнесті жүргізуде жәрдем етуге бағытталған саясат жүргізгенін көрсетеді. Алайда бұл тек қана жеңілдіктер (салықтардан босату, қаржылық субсидиялар, импорттық тарифтерді төмендету және т.б.) ұсынуды ғана емес, сонымен қатар тұрақты макроэкономикалық саясат жүргізуі де тұспалдайды. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мемлекетке макроэкономикалық ахуалдың тұрақтылығының сақталатындығына кепілдік беру, бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту және олардың болжамдылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа және бюрократияға қарсы шаралар қолдануы қажет.

      Инвестициялардың мақсаты ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қызмет ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру екендігін назарға ала отырып, шетелдік инвестицияларды тарту саясаты мен өнеркәсіптік саясаттың арасында анық байланыстың орнауын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, инвестицияларға қатысты жеңілдіктерді жасау және ұсыну кезінде, үкімет болашақта елде қандай өнеркәсіптік құрылымды көргісі келетіндігінің жоспарларынан бастау алуы қажет, өйткені, әрбір сала үшін оның инвесторларға тартымдылығын анықтайтын, ерекшелік факторларының жиынтығы болады. Мысалы, инвестиция салудың тартымдылығы туралы Еrnst&Young жүргізген компанияларға сұрау салу бойынша, жоғары технологиялық салаларға және бизнестік қызмет көрсетуге бағытталған шетелдің фирмалары, жақсы телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы (сұралған компаниялардың 61,5 %-ы үшін өте маңызды) және білікті жұмыс күшінің деңгейі (олардың 53 %-ы үшін өте маңызды) сияқты факторларға өте сезімтал келеді. Өнеркәсіптік өндіріске бағытталған компаниялар, экономикалық тиімділікке (сұрау салынған компаниялардың 50 %-ы үшін жұмыс күшіне жұмсалатын шығын өте маңызды), салықтық жүктемеге, реттеуге байланысты және құқық саласындағы мәселелерге өте сезімтал. Сондықтан да, инвесторларға жеңілдіктер мақсатты түрде, инвестициялардың себебіне және қайсыбір сектордың даму болашағына қарай жасалуға тиіс, ал инфрақұрылымның дамуы (физикалық және өнеркәсіптік), кластерлердің дамуын ынталандыру, адам капиталына инвестициялар қосылған құн үлесі жоғары секторларға инвестициялар ағынына айтарлықтай ықпал жасай алады.

      ТШИ қазыналық көтермелеу бөлігінде Қытайдың нәтижелі тәжірибесін қарастыруды ұсынамыз.

      Қытай үкіметі ұзақ мерзімді кезең аралығында тежеп отырған реформаны тұрақтандыруға арналған саяси бағыты бүгінгі күні инвесторларда күдік тудырмайды. Қазіргі уақытта Қытайда өндірушілер мен мемлекет арасындағы сыртқы және ішкі экономикалық өзара байланыс сияқты көптеген түрлерді есепке алатын жеңілдіктердің икемді жүйесі құрылды.

      Мәселен, төмен рентабельді салалар, депрессивті, алыс аудандарда инвестицияларды бес жылға толық немесе жекелей босатылады, ал сонан соң он жылға 15-тен 30 пайызға дейінгі мөлшердегі табыс салығының сомасына жеңілдіктер алады.

      Өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындарында 10 жылдан астам қаржыландыру мерзімімен екі жылда бір рет табыс салығының ставкасы нөлге тең, үштен бастап бес аралығында 50 %-ға дейін төмендеуі мүмкін. Бұдан басқа, жаңа технологиялары бар кәсіпорындарда бұл мерзім аймақты басқару шешімімен 6-8 жыл аралығында 50 %-ға дейін төмендеуі мүмкін.

      Өнімдердің 70 %-ын экспорттайтын кәсіпорындар жеңілдіктер аяқталғаннан кейін 10 % мөлшерінде табыс салығын төлейді. Егер, кірістің қайта инвестицияланатын бөлігі ауыл шаруашылығы, құрылыс, инфрақұрылым, жоғары технологиялар мен экспортқа бағытталған өндірістерге салынған болса, онда табыс салығының алып тасталған сомасын қайтару 100 %-ды құрайды.

      Жерге төлем төлеудің аудандар мен өндіріс түрлері бойынша ставкалары сараланған.

      Қытай заңнамасы бойынша қайта инвестициялауға бағытталған инвестициялық қаражат сомасы жеңілдіктерді алды.

      Осылайша, Қытайда дамудың осы кезеңінде жеке бизнес пен мемлекеттің қатар пайда болуы бірегей өзара тиімді қарым-қатынастарды құрды, нәтижесінде икемді экономикалық саясат пен қатал заңнамалық база болып табылады. Қытайдың икемді экономикалық саясаты өзіміздің және шетелдік инвесторлардың барлық санатына қолайлы жағдай жасауға мемлекет мүддесіне негізделген. Заңның қаталдығы нарықтың барлық ойыншыларының мүмкіндігін теңестіруге және бірдей ойын ережесін құруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлықпен қатаң күрес Қытайға инвестициялық жобаларды және қызметтің түрлі салаларындағы құжаттарды рәсімдеуде тосқауылдар мен. бюрократтық кідірістерді іс жүзінде болдырмауға мүмкіндік берді. Түрлі қызмет салаларында салық салудың дифференциялық тәсілі экономикадағы ең қажет салаларды дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

      Инвестиция тартуда жетістіктерге жеткен елдердің жинаған тәжірибелеріне сүйене отырып, бірқатар ұсыныстар айтуға болады:

      инвесторларды арнайы қолдау қызметін құру, елге келіп қойғандары үшін (aftercare services), бұл оларға өз жобаларын іске асыру барысында туындаған проблемаларды (салық салу, еңбек нарығындағы реттеу және т.б.) шешуге көмектесе алар еді, және мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасау нәтижесінде туындайтын тартысты мәселелерді шешуге көмек беретін еді, ал бұл, елдің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылата алады;

      инвесторлар үшін мемлекеттік гранттарды ұсыну (жұмыс күшін жалдауға, ҒЗТКЖ, оқыту және т.б.) секілді ынталандырулар елге таза күйінде басталатын инвестициялардың келуіне ықпал жасай алатын еді, әсіресе тоқырауға ұшыраған өңірлерге;

      инвестициялар салықтық жүктемеге сезімтал болғандықтан, қолда бар инвестициялық преференцияларды ұлғайтуды, сондай-ақ, салық қызметінің шетелдік инвесторларға қарым-қатынастарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет;

      Келіссөздерді жүргізу, өндіріспен танысу, мәмілелер жасау үшін басқару буынының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ көрсетілген елдердің ішінен жоғары технологиялық компаниялардың жоғары білікті мамандар үшін визасыз режим мәселесін пысықтау қажет. Қазақстан Республикасының аумағына визаны көрсетпей өту үшін Инвестиция комитетінің шақыруы негіздеме болып табылады.

      Қазақстанның салыстырмалы түрде шағын мемлекет екендігін назарға ала отырып, алты еркін экономикалық аймақтың болуының мақсатқа сәйкестігін қарастыру қажет. Біріншіден, бұған ұқсас аймақтар қытайлық "раундтриппинг" секілді нәтиже туғызуы мүмкін, ол жағдайда ішкі инвестициялар шетелге кетеді де, шетелден қайтып АЭА режимінің қарастыратын жеңілдіктеріне ие болу үшін, шетелдік инвестиция ретінде қайта келеді. Екіншіден, АЭА құру саясаты өнеркәсіптік саясатпен және оның басымдықтарымен нақты байланыста болуы қажет. Үшінші, экономикалық қызмет үшін тартымдылығы жоғары жағдайлар тудыру - жалпы экономикалық саясаттың жетекші ұстанымы болуы тиіс, және де АЭА резиденттеріне ғана преференциялық жағдайлар ұсыну елге инвестициялар тартуда табысқа жету үшін жеткіліксіз.

      АЭА дамытуың әлемдік тәжірибесі

      Әлемнің көптеген елдерінде АЭА өздерінің тиімділіктерін дәлелдеді. Шетелдік тәжірибе көрсеткеніндей, нақты ойластырылған стратегия мен бағдарлама болған жағдайда АЭА жекелеген өңірлердің экономикасының дамуы мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

      АЭА құру жөніндегі әлемдік тәжірибе өте ауқымды. Қазіргі кезде әлемде 1200-ден астам арнайы экономикалық аймақтар әлемнің 120 елінде бар. 1975 жылдан бастап 2010 жылдар арасында әлемдегі АЭА саны 15 есеге артты. 2010 жылы АЭА өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 400 млрд. доллардан асты. Бұл ретте АЭА-ның жартысынан астамы Азия және Таяу Шығыста құрылған.

      Қазақстан үшін ҚХР мен Түркия Республикасы сияқты ауыспалы экономикасы бар елдердің тәжірибесі барынша қызғылықты.

      Қытай. Мамандар, қытайлық аймақтық жобалардың табысты болуы арнайы аймақтардағы ең қазіргі заманғы инфрақұрылымның - жолдар, байланыс, қонақ үйлердің жасалуымен байланысты екендігін атап өтеді, ал бұл аса ірі әлемдік инвесторларды тартты. Шығындардың 80 %-ға дейіні мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды.

      Қытай үкіметінің АЭА-ны ашудағы көздеген негізгі мақсаты - шетелдік капиталды, технологияларды және менеджментті алу болды. Бұл үшін АЭА бизнесті жүргізу үшін барынша жылыжайлық жағдайлар жасалды.

      Аймақтарды басқарудың жоғары әкімшілік органы АЭА істері бойынша ҚХР Мемлекеттік кеңесінің кеңсесі болып табылады. Олар негізгі саяси бағдарларды жасайды және олардың орындалуын қадағалайды, АЭА қатынасы болған қызметінің бөлігінде басқа ведомстволардың жалпы жетекшілігін жүзеге асырады. Муниципалитеттердің қарамағындағы аймақтарда кеңселердің жетекшілігімен АЭА-ны басқару жөніндегі Комитеттер құрылған.

      Әрбір аймақтың шаруашылық қызметін ұйымдастыру орталығы, "даму компаниялары" деп аталатындар болды, оларға капиталдық құрылысты, қытайлық және шетелдік әріптестердің арасындағы келіссөздерді үйлестіруді жалпы басқару міндеті жүктелді. Олар провинциялық және қалалық биліктермен өзара байланыста қимыл жасайды. Негізінен алғанда Гонконгта және Макаода, инвесторларды тарту жұмысымен айналысатын шетелдерде өкілдіктері бар.

      АЭА нарықтық реттеу басымдыққа ие. Орталық тек қана бірнеше негізгі директивті көрсеткіштерді орнатады, мысалы: жылдық қаржылық табыс, орталықтандырылған каналдармен алынатын немесе қойылатын, өнеркәсіптік өнімдердің аса маңызды түрлері бойынша өндіру және қамтамасыз ету көлемі, бірнеше жыл бойына тұрақты болып қалатын орталық бюджетке аударымдар нормативтері, кредит және ақша эмиссияның лимиттері.

      Индустриялық дамыған аудандарда АЭА жасау, олардың өңірлер және бүкіл Қытайдың экономикасына ықпалын күшейтті, олар ұзақ мерзімді дамудың мақсаттарына жетудің әмбебап құралдарына айналды.

      Түркия. ЕЭА саласындағы Туркияның тәжірибесінің негізгі себебі - "Бүкіл ел бойынша мінсіз инвестициялық ортаны құру мүмкін емес, бірақ ерекше қолайлы аймақтарды қалыптастыру мүмкін".

      Түркиядағы Еркін экономикалық аймақтардың (ЕЭА) құрылуын және қызметтерін регламенттеуші заң 1985 жылы жарияланды, және 1987 жылдан бастап іске қосылды, сол кезде Түркияда алғашқы ЕЭА Мерсин мен Анталияда құрылды. 1990 жылы олардың қатары Измирдегі Эгей еркін экономикалық аймағымен және Ататүрік әуежайының ауданын қамтитын Стамбул еркін кәсіпкерлік аймағымен толықты. 1992 жылы ЕЭА Трабзонда құрылса, 1993 жылы Аданада құрылды, 1994 - 1995 жылдары экономикалық жағынан әзірге артта қалып жатқан аудандарды жылдам игеру мақсатында, Түркияның шығысында, Эрзурумда және Мардинде екі ЕЭА құрылды.

      Түркиялық ЕЭА Түркияның географиялық орналасуының басымдылығына, оның Таяу және Орта Шығыстың, сонымен қатар Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің нарықтарына жақындығына барынша сүйенеді. Осы аралықта негізгі зейін инвестицияның экспорттық бағыттылығына және шетелдік капитал мен технологияларды тарта отырып, Түркиядағы өндіріске, экономиканың дамуына тұрақты және бірізді салым жасауды қамтамасыз етуге және сыртқы қаржыландыру көздерін тартуды қолдануды кеңейтуге және халықаралық сауданың мүмкіндіктеріне аударылады. Түркиялық ЕЭА салықтардан, оның ішінде корпоративтік және табыс салықтарынан толықтай босатылған анклавтар болып табылады. Өз қызметін ЕЭА жүргізетін кәсіпкерлер әртүрлі алымдар мен баждардан босатылады, олар: кедендік, елтаңбалық, порттық.

      Басқа көптеген елдерден өзгешелігі, Түркияның ішкі нарығында ЕЭА өндірілген немесе олар арқылы импортталған тауарларды өткізуге рұқсат берілген. Бұл ретте оларға әдеттегі сыртқы саудалық реттеу қолданылады. Іс жүзінде түркиялық ЕЭА сауда айналымдарының шамамен үштен бірі Түркияның ішіндегі саудаға тура келеді.

      Түркияда мекендеу қағазы бар шетелдік азаматтар ЕЭА 100 % шетелдік капиталды болған компанияларға иелік етулеріне болады. Шетелдік мамандар мен басқару персоналын жұмысқа қабылдауға рұқсат берілген.

      Түркиялық ЕЭА әрбірінің белгілі бір деңгейде, оның орналасуы мен арналуына байланысты өзінің "мамандануы" болады. Мәселен, құнарлы ауыл шаруашылығы аудандарында орналасқан Мерсин мен Анталиядағы еркін экономикалық аймақтар, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі және осы өңірдің аграрлық секторына қызмет көрсететін, сондай-ақ агроөнеркәсіп секторының өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындарды құруға бағытталған. Измир ЕЭА-да электроника және теле-коммуникациялық құрал-жабдықтарға назар аударады. Ататүрік атындағы әуежайдың ауданында орналасқан Стамбул еркін кәсіпкерлік аймағы дайын киімдер мен жоғары технологиялық электрондық өнімдердің өндірісі мен саудасына жұмылдырылған. Адананың ЕЭА ауыр өнеркәсіпке маманданған.

      Еркін экономикалық аймақтардың қызметтерді реттеу мен қадағалау Өнеркәсіп және сауда министрлігі тарапынан жүзеге асырылады. ЕЭА кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия берумен де сол айналысады.

      Корея. Мысалы, ЕЭА-ны сәтті құру тәжірибесі Кореяда бар, ондағы ЕЭА шектелген аумақтың учаскелері емес, бүкіл бір қалалар, олардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі толықтай мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Кореялық ЕЭА салалық бағыттылығы жоқ. Мысалы, Гвангянг еркін экономикалық аймағының аумағына мынадай салалар бойынша жобалар іске асырылады: мұнай-химия, металл өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, жоғары технологиялар. Бұл бір өндірушіге басқа өндірушінің өнімін тұтынуға мүмкіндік береді.

      Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, ЕЭА-ны құру жалпы алғанда аймақтардың және елдердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған ел басшылығының айқындалған мақсаттарына байланысты. Мұндай мақсаттарға экспортты арттыру, жұмыс орнын құру, депрессивті аумақтардың көтеру, өңіраралық қарама-қарсылықты теңестіру, импорт алмасудан экспортқа ауысу, экспорт құрылымын өзгерту және т.б. жатады.

      Бұл ретте, ЕЭА инвестицияларды тарту жөніндегі шаралар бірдей болады - бұл салықтық және кедендік жеңілдіктер мен преференциялар.

      Экспортты дамытудың әлемдік тәжірибесі

      Үздік әлемдік тәжірибеге, үнемі өзгеріп отыратын әлемдік үрдістердің серпініне сәйкес құрылған және қолданыстағы жүйені қамтамасыз ету үшін, экспортты және инвестицияларды сәтті жылжытып жатқан елдердің әртүрлі тәжірибелерін зерделеу қажет.

      Экспортты жылжыту жөніндегі ұйымдардың қызметі халықаралық сауда ережелерімен шектеледі және негізінен экспортқа қажетті түрлі ақпараттарды беруден тұрады. Ондай ақпараттардың шеңбері стандартталған есеп берулер мен семинарлардан бастап, мамандандырылған зерттеулерге, мәліметтер базасына, халықаралық көрмелерде қатысу және шет елдерге бару тәжірибелерінің ақпараттарына дейін барады. Мұндай қызметті іске асырудың әдістері елге байланысты әртүрлі болып келеді.

      Экспортты және инвестицияларды жылжыту жөніндегі қызметтердің тиімділігі ауқымдылығымен ерекшеленеді, алайда оның әлеуетті әсері экспорттың өсуімен, ТШИ ағынының ұлғаюымен барлық кезде тікелей байланысты болмайды, өйткені бұл көрсеткіштер басқа салалардағы экономикалық саясат пен экономикалық факторлардың бірқатар жиынтығымен анықталады. Мұндай жиынтық: бәсекеге қабілеттілік, қолданыстағы шығын тетігін, сапаны, технологиялық жарақтануды қамтамасыз ету, нарықтарға қол жетімділік және бірқатар басқаларынан құралады, ал олар экономикалық құрылыммен және тұтастай алғандағы экономикалық саясатпен анықталады.

      Осыны, сондай-ақ экспорттың жалпы экономика үшін маңыздылығын ескере отырып, көптеген елдер экспорттық мүмкіндіктердің дамуына екпінді ел ішіне ауыстырады. Басқаша айтқанда, егер экспортты жылжыту сыртқа бағытталған қызметке шоғырланатын болса, экспорттың дамуы ішкі әрекеттерге және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті және компаниялардың экспорттық әлеуетін құруға назар аударады.

      Экспортқа сервистік қолдау көрсету үшін 119 ел экспортты жылжыту жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды (ЭІҰ) құрды. Соңғы 20 жылда олардың саны екі еселенді. ЭІҰ орташа алғандағы бюджеті елдің экспорт көлемінің 0,11 %-ын құрайды. Қызметті қаржыландыру көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.

      Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, ЭІҰ қызметін қаржыландыруға жұмсалған бір доллардан, экспорттың көлемін ұлғайту түріндегі қайтарым Латын Америкасында — $490, Азияда - $227 және ОЕСD елдерінде — $160 құрайды.

      1-қосымшада Қазақстан үшін қызықты, экспортты дамыту және жылжыту үшін, әртүрлі елдердің үкіметтері пайдаланатын әртүрлі бағдарламалардың тізімі ұсынылады.

      Экспортты жылжыту және дамыған елдердегі инвестицияларды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі ең белгілі ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады.

      Ұлыбританияның сауда және инвестициялары (UK Trade&Investment) - үкіметтік ұйым, Foreign&Commonwealth Office және Department of Trade and Industry-дың еншілес компаниясы. Ұйымның мақсаты - компанияның бәсекеге қабілеттілігін сыртқы сауда және инвестициялар арқылы арттыру, және жоғары сапалы тікелей инвестициялардың тұрақты ағынын тарту. Мемлекеттік органдардың, өзін-өзі басқару әкімшіліктерінің және өңірлердің арасында сыртқы сауданы дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық үйлестіруді жүзеге асырады және экспорттаушылар мен шетелдерде инвестициялайтын компанияларды білдіретін үкіметте дауысқа ие. Ұйым өз экспорттаушылары мен меншікті қаражаты мен бюджет қаражатынан қаржыландырылатын білім беру және қолдау бағдарламалары арқылы Ұлыбританияда бизнес ашуды немесе кеңейтуді қалайтын шетелдік компанияларды қолдайды. Елшіліктердегі, комиссиялардағы, консулдықтардағы және сауда өкілдіктеріндегі шетелдік бөлімдерді, сондай-ақ Англиядағы тоғыз өңірді қоса алғанда, 2300 қызметкерлер мен кеңесшілерден тұратын штаты бар. Жалпы бюджеті шамамен

80 млн. FCO және DТI қаражаттарынан құралады, бірақ бағдарламаларға арналған дербес бюджеті бар. Экспорт пен инвестицияларды ілгерілетудің ұлттық стратегиясы бар.

      Оңтүстік Кореяның сауда және инвестицияларды дамыту жөніндегі агенттігі (КОTRА) - бұл саудаға жәрдемдесу жөніндегі корей корпорациясы ретінде 1962 жылғы 21 маусымда құрылған коммерциялық емес үкіметтік ұйым (Korea Trade Promotion Corporation). Содан бері ол саудаға жәрдемдесетін әртүрлі қызметпен айналыса отырып, Кореяның экспортқа бағдарланған экономикасының жылдам дамуына, оның ішінде шетел нарықтарын зерттеу және іскер әріптестер іздестіру арқылы жағдай жасады. 1995 жылдың тамызында КОTRА қызметінің негізгі бағыттарына трансшекаралық инвестицияларға жәрдемдесу және технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастық жобаларын қолдау қосылды. КОTRА сауда мен инвестициялардың дамуына жәрдемдесу мақсатында Корейлік сауда және инвестициялардың дамуына жәрдемдесу агенттігі болып аты өзгертілді. КОTRА өз қызметінің екі бағыты - саудаға және инвестицияларға жәрдемдесу бойынша міндеттерін орындау үшін шетелдік өкілдіктердің тиімді жүйесіне ие. Қазіргі кезде КОTRА-ның әлемнің 74 елінде 103 өкілдігі бар.

      Жапонияның сыртқы сауданы дамыту ұйымы (JETRO) - бұл 1958 жылы құрылған үкіметтік ұйым. JETRO мақсаты - сауданы дамыту, Жапонияның экономикасына инвестициялар тарту және орта және шағын бизнес компанияларын, олардың экспорттық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету болып табылады. JETRO қызметінің негізгі бағыттары: тікелей шетелдік инвестицияларды жылжыту, JSEPA іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық, (Экономикалық ынтымақтастық туралы Жапон-Сингапур келісімі), орта және шағын бизнес компанияларына консультация беру, Жапонияның өңірлерін дамытуды қолдауға қатысу, экономикалық даму саласында зерттеулер жүргізу болып табылады. JETRO-ның 1600 қызметкерден тұратын штаты, әлемнің 55 елінде 73 шетелдік өкілдігі бар. Жалпы бюджеті 42,1 млн. йенді құрайды.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты:

      Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын жылжыту арқылы кірігу үшін тартымды жағдай жасау.

4.2. Бағдарламаның міндеттері:

      1. Инвестицияларды тарту шарттарын жетілдіру.

      2. Қазақстанның оң инвестициялық имиджін көтеру.

      3. Жаңа АЭА және ИА құру.

      4. АЭА қызметін реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жақсарту.

      5. Қазақстандық өнімдердің экспортын дамытуға және жылжытуға экспорттаушылардың сервистік қолдауын қамтамасыз ету арқылы жәрдемдесу.

      6. Экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету.

4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4.3-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477, өзгеріс енгізілді - 2014.11.26 № 1235 қаулыларымен.

Атауы

Өлш. бірл.

Жауапты мемлекеттік орган

Есеп

Жоспар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Инвестицияларды тарту

Нысаналы индикаторлар:

1

Global – 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны

дана

ИЖТМ

1

2

3

4

4

5

2

Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялар кем дегенде 10 %-ға ұлғаяды

%

ИЖТМ

101

103

105

107

109

110

3

Экономиканың шикізаттық емес секторларына (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық және шетелдік инвестициялар 2020 жылға қарай кем дегенде 30 %-ға ұлғаяды

%

ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар

100

103

106

109

112

115

4

ТШИ көлемі ЖІӨ-ге қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғаяды

%

ЭБЖМ

17,2

17,3

17,4

17,5

13,0

13,5

5

Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі инвестор ел)

бірл.

ЭБЖМ

5

5

6

6

7

7

6

Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу

дана

ЭБЖМ

1

2

2

2

2

2

7

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.11.26 № 1235 қаулысымен.

1-міндет: инвестицияларды тарту жағдайларын жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:

1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестицияларды ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

саны

ИЖТМ

-

-

1

-

-

-

2. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу

дана

ЭБЖМ

1

2

2

2

2

2

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің оңайлатылған жағдайларын көздеу (инвесторлық виза)

СІМ, ИЖТМ

-

-

1

-

-

-

2-міндет: Қазақстанның оң инвестициялық имиджін ілгерілету

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобалардың дерекқоры бар инвестициялық веб-портал

саны

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

-

-

1

-

-

-

2. 2011 – 2014 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалалар жарияланатын болады, оның ішінде:

қазақстандық мерзімдік басылымдарда

саны

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

-

-

12

12

-

12

халықаралық мерзімдік басылымдарда

саны

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

-

-

4

4

4

4

АЭА және ИА дамыту және құру

Нысаналы индикаторлар:

8

2011 жылдың соңына дейін Қарағанды қаласында Индустриялық парктің (металлургияны және метал өңдеуді дамыту үшін) және "Қорғас – Шығыс қақпасы" (өңдеуші өндірістердің әртүрлі түрлері мен көлік-логистика қызметтерін дамыту үшін) базасында

екі АЭА құру

саны

ИЖТМ

-

-

2

-

-

-

9

2014 жылдың аяғына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында салалық бағытталуы әртүрлі үш индустриялық аймақ (бұдан әрі – ИА) құру

саны

ӨДМ

-

-

-

-

-

3

10

2015 жылға қарай ИА-да қатысушылар санын 42-ге дейін ұлғайту

дана

ӨДМ

1

1

10

20

30

42

11

Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар инвестицияларды 2008 – 2014 жылдар кезеңінде АЭА аумақтарында ұлғайту кемінде 40 %-ды құрайды

%

ИЖТМ

100

-

-

-

-

140

12

Кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар инвестицияларды 2008 – 2014 жылдар кезеңінде ИА аумақтарында ұлғайту кемінде 20 %-ды құрайды

%

ӨДМ

100

-

-

-

-

120

13

2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің ұлғаюы 80 %-ды құрайды

%

ИТЖМ

100

-

134

148

163

180

14

2008 жылға қарағанда 2014 жылы ИА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің жыл сайынғы ұлғаюы кемінде 20 %-ды құрайды

%

ӨДМ

100

-

-

-

-

120

15

АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы өсуі кемінде 15 %-ды құрайды

%

ИТЖМ

100

-

-

-

-

115

3-міндет: жаңа АЭА және ИА құру

2014 жылдың аяғына дейін мыналар құрылатын болады:

3 жаңа АЭА

саны

ИЖТМ

-

-

2

-

-

1

Салалық бағытталуы әртүрлі 3 ИА

саны

ӨДМ

-

-

-

-

-

5

4-міндет: АЭА қызметін реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жақсарту

"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бекіту

саны

ИЖТМ

-

-

1

-

-

-

Экспортты ілгерілету

Нысаналы индикатор:

16

2015 жылға қарай шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі 2008 жылдың деңгейіне қарағанда кем дегенде 30 %-ға ұлғайту

%

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

-

-

-

106

108

130

5-міндет: Экспорттаушыларға сервистік қолдауды қамтамасыз ету арқылы қазақстандық өнімдердің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу

2014 жылдың аяғына дейін 30 сауда миссиясы ұйымдастырылатын болады

дана

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

2

6

6

6

6

6

6-міндет: экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету

2014 жылдың аяғына дейін:

Қазақстандық өнімдерді өткізудің әлеуетті нарықтары үшін экспорттық тауашаларды айқындау мақсатында 60 маркетингтік зерттеу (бриф-талдаулар) жүргізілді

дана

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

20

20

10

10

10

10

Кемінде 300 қазақстандық экспорттаушы кәсіпорынға сыртқы нарықтарға өнім шығаруға байланысты шығындарды өтеу арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады

Кәсіпорындар саны

ИЖТМ, "Kaznex Іnvest" АҚ

-

50

80

80

45

50

2015 жылға қарай елдің шикізаттық емес экспортының көлемін 2 %-ға дейін (95 млрд. теңге) экспорттық операциялардың қаржылық және сақтандыру қызметтерін қамтуды қамтамасыз ету

млрд. теңге

ИЖТМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

-

3

9

17

27

39

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 № 1596 Қаулысымен.

      5.1. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары

      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

      1-бағыт. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту:

      ТШИ тарту үшін жағдай жасау;

      Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжыту;

      шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау;

      2-бағыт. АЭА мен ИА дамыту және құру:

      АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру;

      3-бағыт. Экспортты жылжыту:

      экспорттаушыларды сервистік қолдау;

      экспорттаушыларды қаржылай қолдау.

      5.2. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдары мен тетіктерінің тізбелері

      Ескерту. 5.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

      1-бағыт. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту

      ТШИ тарту үшін жағдай жасау (2010 – 2012 жылдар)

      Инвестициялық ресурстар үшін өткір бәсекелі күрес жағдайында Қазақстанда инвестициялар үшін бәсекелес - көрші елдерге қарағанда анағұрлым тартымды болатын инвестициялық ахуал жасалуы тиіс.

      Осы Бағдарламаның шеңберінде бизнес ахуалды жетілдіру жөніндегі Үкімет өткізетін шаралардың тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар көзделетін болады. Атап айтқанда, тұрақты негізде қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау үшін бәсекелес елдерде инвестициялар үшін жағдайдың салыстырмалы мониторингі жүргізілетін болады.

      Бұдан басқа, бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жылына бір рет берілетін осы Бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген тікелей инвестициялардың түсімдері бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдері бойынша индикаторлар ТШИ тарту саласындағы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын объективті бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді.

      Атап айтқанда, отандық және шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 2014 жылға қарай 2009 жылдың көрсеткішіне қарағанда кем дегенде 15%-ға өсуі тиіс. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін 2011 – 2014 жылдары инвестициялардың жыл сайынғы өсу қарқыны кемінде 4% деңгейде ұстануы тиіс.

      Қызметін экономикалық қызметтің басым түрлерінде жүзеге асыратын инвесторлар үшін базалық ынталандыру пакеті.

      Ынталандырудың осы түрі Қазақстанның, оның ішінде шетелдің қатысуымен, өз режимі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтарды қоспағанда, Қазақстан аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын барлық резиденттері үшін қолданылатын болады.

      Қазіргі уақытта базалық ынталандыру пакеті инвесторларға арналған мынадай кепілдіктер мен преференцияларды қамтиды:

      1) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік баж салықтарын төлеуден босату;

      2) "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік заттай гранттар;

      3) Салық кодексіне сәйкес салық преференциялары.

      Сонымен бірге, бұдан әрі инвестицияларды ынталандыру, заңнаманың тұрақтылығы мәселелері, сондай-ақ барынша маңызды инвестициялық жобалар үшін қосымша шаралар (Арнайы режим) бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу көзделуде.

      Әдетте, ғылыми және технологиялық жобалар шикізатты өндіру жобаларымен салыстырғанда көп инвестициялық қатерлер әкеледі. Тиісінше, осындай жобаларға инвесторлар тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық қатерлерді төмендету қажет.

      Осылайша, арнайы салықтық жеңілдіктер арқылы стратегиялық жобалар үшін өндірістердің Қазақстан үшін жаңа түрлерін құратын және/немесе кеңейтетін және кейінмен жоғары қайта бөлулер үшін технологиялық мүмкіндіктер ашатын жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру қажет.

      Инвестициялық стратегиялық жобалар "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген қызметтің басым түрлеріне сәйкес келуі және сонымен бір мезгілде өлшемдердің біріне сәйкес келуі қажет:

      1) инвестициялардың көлемі 5 миллион АЕК-тан (51 млн. АҚШ долларына жуық) астам болуы қажет;

      2) "Индустриялық-инновациялық дамуды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген жоғары технологиялық өнімдер тізбесіне сәйкес болу тиіс.

      Инвестициялық жобаны стратегиялық жобаға жатқызу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын болады және инвестордың кепілдік тапсырысын, өнеркәсіптік жеңілдіктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша преференциялар алуын көздейді.

      Кепілдікті тапсырыспен қамтамасыз ету өнімнің өндірісіне болжанатын өткізу нарығына кепілдік беру жолымен инвесторларға инвестициялық қатерлерді төмендету үшін қажет.

      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және ұлттық холдингтермен кепілдік тапсырысын орналастыру мүмкіндігі мәселесін қарастыратын болады.

      Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен өңірлердегі стратегиялық инвесторлар үшін көрсетілген жеңілдіктерден басқа өнеркәсіптік жеңілдіктерді беру мүмкіндігі қарастырылатын болады. Қазақстанның 44% жуық халқы ауылдық жерде өмір сүреді. Ауылдық жерде жұмыспен қамту және жастардың қалаларға ағылуы мәселесі ерекше өткір мәселе екені белгілі.

      Экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар тартуды өрістету мақсатында әрбір әлеуетті ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.

      Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:

      1) мақсатты әлеуетті инвесторларды, ең алдымен ТҰК арасынан іздестіру және айқындау;

      2) мыналарды қоса алғанда, әрбір мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнінде "жол карталарын" әзірлеу және іске асыру;

      3) Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге байланысты қажетті формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесуді;

      4) Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекші компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;

      5) инвестициялық жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;

      6) инвестициялық қолдауды.

      Сондай-ақ ТШИ тарту үшін маңызды шарт болып Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың шығуы және болуы қолайлылығына бағытталған, мыналарды қамтитын, шараларын енгізу болып табылады:

      1) Бизнес-иммигранттар үшін визаның жаңа санатын енгізуді қоса алғанда, шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің шарттарын оңайлату;

      2) Кедендік және шекаралық қызметтердің қызметін жақсарту;

      3) Шетелдіктердің Қазақстан аумағында болуы шарттарын жақсарту шараларын енгізу ТШИ тарту үшін маңызды шарт болып табылады.

      Шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің жағдайларын оңайлату:

      Негізгі инвестор елдерден келген инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ЭЫДҰ елдерімен визасыз режим енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Сондай-ақ, шетелдік азаматтарға визалық қолдауды ресімдеу шараларын салықтық берешектің барлығы/жоқтығы туралы анықтама беруді жою жолымен оңайлату жоспарлануда. Көрсетілген шаралардың қабылдануымен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артады.

      Кедендік және шекаралық қызметтердің қызметін жақсарту:

      Шетелдік азаматтың жүгінуіне жедел және дұрыс ықпал етуді, тілдік кедергіні жоюды қамтамасыз ету үшін кедендік және шекаралық қызметтердің қызметкерлерін базалық ағылшын тілін білуге үйрету жоспарланып отыр.

      Сондай-ақ, кедендік және шекаралық қызметтер қызметкерлерін шетелдік азаматтарға қызмет көрсету мәдениеті бойынша оқыту тренингтерін жүргізу және іскерлік этиканы сақтау бойынша инструктаж жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

      Шетелдіктердің Қазақстан аумағында болуы жағдайларын жақсарту:

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің болуын жеңілдету үшін шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың төлқұжаттарын тіркеу жүзеге асырылатын қонақүйлердің санын арттыру шараларын қабылдау, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру жоспарлануда.

      Сондай-ақ, шетелдіктердің қажетті мекенжайды іздеуімен байланысты қолайсыздықтарды болдырмау үшін Қазақстанның елді мекендерін, орыс және ағылшын тілдерінде транслитерациясын көрсете отырып, мемлекеттік тілдегі физикалық-географиялық нысандардың (аудандар, көшелер, алаңдар), сондай-ақ қоғамдық инфрақұрылым нысандарының (вокзалдар, кітапханалар, сауда орталықтары және т.б.) атаулары бар сілтемелермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

      Бұдан өзге, анықтамалық қызметтері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беруді қамтамасыз ететін болады.

      Сондай-ақ, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру мақсатында, уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызмет саласы бойынша басшылардың, мамандардың және басқа да мекеме қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын, кәсіптік стандарттарды жасау жоспарланып отыр.

      Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжыту (2010 – 2014 жылдар)

      Имиджді жылжытуда тиімді коммуникациялық стратегия жасау екі негізгі кезеңді көздейді:

      1. Инвестордың қабылдауын сәйкестендіру және имидждік науқанның мақсаттарын анықтау.

      2. Жарнамалық құралдарды таңдау және әзірлеу, бірыңғай РR стратегиясын әзірлеу.

      Негізгі жарнамалық құралдар:

      1) инвесторлар үшін бірыңғай тұрақты жаңартылатын көп тілді ақпараттық интернет-портал;

      2) ақпараттық-талдау және тұсаукесер баспа материалдарын даярлау және тарату, соның ішінде ақпараттық-сараптамалық анықтамалықтарды – Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға (ҮИИДМБ) сәйкес экономиканың басым секторлары бойынша инвесторлардың жолсілтемелерін шығару;

      3) шетелдік жетекші БАҚ-тарда тұрақты ақпараттық хабарламаларды, тақырыптық мақалалар мен жарияланымдарды, таныстыру бейнероликтердің прокатын қамтитын Қазақстанның ілгерінді инвестициялық имиджін ілгері жылжыту жөнінде шетелдік БАҚ-пен жоспарлы жұмыс. БАҚ-пен жұмыс барлық нысаналы аудиторияларға кешенді ақпараттық ықпалын қамтамасыз ете отырып, барлық мазмұнды бағыттар – саясат, экономика, туризм, мәдениет және тағы басқалары бойынша ұйымдастырылуы тиіс;

      4) халықаралық бизнес қоғамдастықта жария экономикалық және инвестициялық іс-шаралар - бизнес-форумдар, роуд-шоу, семинарлар, конференциялар, көрмелер өткізу және белсенді ілгерілету. Өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін рейтингтер беру жүйесін құру қажет;

      5) халықаралық жария инвестициялық және экономикалық іс-шараларға белсенді қатысу;

      6) шетелде де, ел ішінде де "КAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ (бұдан әрі — "КAZNEX INVEST") — инвестиция тарту жөніндегі ұлттық мамандандырылған компанияның қызметін кеңінен жариялау;

      7) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің келу еліндегі әлеуетті инвесторлар қатысатын жоспарланып отырған іс-шаралар туралы хабарлап отыруы және Қазақстан туралы ақпараттық-таныстыру материалдарының іс-шаралары шеңберінде оны тарату.

      Брендтеу жұмыстары (Қазақстанның және/немесе елдің инвестициялық әлеуетінің және/немесе "KAZNEX INVEST" АҚ) бірнеше бағыттарда жүргізілетін болады:

      1) кейіннен 2012 – 2014 жылдары әлемдік телеарналарда бейнероликтердің және/немесе телебағдарламалардың циклдарын құра отырып 2011 жылы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы бейнероликтерді әлемдік телеарналарға (ВВС, CNN және басқалары сияқты) орналастыру;

      2) Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы мақалаларды және жарнамалық модульді орналастыру:

      нысаналы аудиторияны барынша қамти отырып әлемдік мерзімді басылымдарда;

      мамандандырылған халықаралық салалық басылымдарда;

      халықаралық ірі әуе желілерінің борттық журналдарында Қазақстан Республикасының бес жұлдызды қонақ үйлерінде орналастыру;

      3) әуежайларда және басқа қоғамдық орындарда биллбордтарды орналастыру осы жұмыстағы жаңа құралдардың бірі болады.

      Әлемдік тәжірибе елге ауқымды инвестицияларды тартудың түрлі әдістері бар екендігін көрсетеді. Мысалы, инвестицияларды тартуға жоғары деңгейлі шетелдік бұрынғы ресми тұлғаларды "жалдау" тәжірибесі қолданылады. Бұл – бұрынғы президенттер, премьер-министрлер, беделді министрлер, ірі компаниялардың басшылардың, сондай-ақ ТҰК-тың бұрынғы саясаткерлері мен басшыларының арасынан беделді және танымал мүшелері бар бейресми ұйымдар. Шартты түрде оларды "инвестициялық кеңесшілер" деп атауға болады.

      Бұл адамдар әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие және Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік ірі компанияларды тарту үдерісінде өзіндік "кепіл" бола алады.

      Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау (2011 – 2014 жылдар)

      Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдік инвесторлар үшін "алғашқы өтініш жасау терезесі" және "бірыңғай консультант" қағидаты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетін (Инвестициялар комитеті) шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвесторлармен жүргізілетін барлық жұмысқа тұрақты мониторинг жүргізу үшін осы жұмысқа тартылған барлық құрылымдардың инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат беруі қажет болады.

      Сондай-ақ жыл сайын 2011 – 2014 жылдар аралығында жоғарыда анықталған мақсатты елдерде "КAZNEX INVEST" АҚ-ның екі-үштен өкілдіктерін құру ұсынылады. Келешекте өкілдіктердің табысы расталған жағдайда, олардың желісі, сондай-ақ штаты "КAZNEX INVEST" АҚ қызметкерлерінің негізгі контингенті әлеуетті инвесторлар орналасқан елдерде болуы үшін (мысалы, Аustrade австралия агенттігінің - штатының 80%, KOTRA корей агенттігінің - штатының 70%) кеңейтілетін болады. Сондай-ақ, "КAZNEX INVEST" АҚ өкілдіктерінің аталған агенттіктерінің мысалы бойынша экспортты жылжыту бойынша функциялар жүзеге асырылатын болады.

      Басым салаларда ірі инвестор компаниялардың белгіленген тізімі бойынша Инвесторлармен жұмыс кестесін әзірлеу қажет.

      Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау үшін өнеркәсіптің басым секторлары белгіленген болатын, олардың бәсекеге қабілеттілігі және инвестициялық тартымдылық негізінде және іріктелген секторлар негізінде осы салаларға әлемдік салымдардың мөлшерлері бойынша 20 басым инвестор-елдер анықталды. Қазақстандағы бәсекелестік саланы дамыту болашағын және компаниялардың стратегияларын талдау (20 іріктелген елдің ішінен) негізінде әр салада Қазақстанға ТҰК тартудың шамамен алғандағы уақытша кезеңдер белгіленді (2010 – 2014 жылдары 78 ТҰК және 2015 – 2020 жылдары 81 ТҰК).

      Компаниялардың жоғарыда көрсетілген тізімі негізінде жауапты орындаушылар (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері, ҮАК, іскерлік кеңестер, орталық атқарушы органдар, мемлекеттік холдингтер, ұлттық компаниялар, әкімдіктер және олардың ведомствоға қарасты мекемелері) өз құзыреті шегінде Инвесторлармен жұмыс кестелерін ұсынуы қажет, онда инвестор-компанияларды тарту бойынша нақты орындау мерзімдері бар іс-шаралар белгіленетін болады. Жұмыстардың қосарлануын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен осы құжаттарды келісу қажет.

      Инвестициялар іздеу және тарту мәселелерінде үкіметаралық комиссиялардың (ҮАК) рөлі:

      1) оларды болашақ инвесторлар ретінде тарту үшін перспективалық елдермен сауда-экономикалық мәселелер бойынша ҮАК құру;

      2) ҮАК отырыстарында, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен және экспортты жылжытумен байланысты өзекті мәселелерді қарастыру;

      3) ҮАК жұмыс жоспарларын құру және Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келісу;

      4) ҮАК сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептерді Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолдау;

      5) басым салалардағы ірі инвестор-компанияларды ҮАК құрамына тарту жұмыстарын жүргізу жолымен күшейтілетін болады.

      Аталған мәселелер бойынша үйлестіруші орган Инвестиция комитеті болады. Тиісті елден тартылған инвестицияның нақты көлемінен көрінетін, осы бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген мақсатты индикаторларға қол жеткізу ҮАК қазақстандық бөлігі жұмысының көрсеткіші болады. Жұмыстың нәтижесін бағалау бойынша ұқсас тәсіл Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелердің қызметіне де қолданылатын болады.

      ҮАК-тың қазақстандық тарапынан тең төрағалары Инвестицияларды тартуда мақсатты көрсеткіштердің жетістіктері бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет. Қазақстан Республикасының елшілері шетелде 2014 жылдары 15% төмен емес тікелей шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайтуда Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өкілетті органдарына қажетті жәрдем көрсетеді.

      Сондай-ақ ТШИ тартуда іскерлік кеңестер маңызды рөл атқарады, соған байланысты, мына мәселелерін қоса алғанда, ТШИ тарту саласында іскерлік кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылатын болады:

      1) іскерлік кеңестердің қызметін үлгілік ережемен регламенттеу;

      2) іскерлік кеңестерді басқару органдарын құру, "Атамекен" одағы" ҰЭП" ЗТБ жанынан іскерлік кеңестерді жалпы үйлестіру бойынша консультациялық кеңес құру;

      3) ҮАК құрамында қазақстандық іскерлік кеңестердің тең төрағаларының қатысуы мәселелерін қоса алғанда, ТШИ тарту саласында іскерлік кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылатын болады.

      Бұдан өзге, Қазақстанның салалық тауашаларына түбегейлі талдау жүргізу бойынша қажетті шаралар қабылдау және қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық жобаларды анықтау қажет.

      Түбегейлі талдауды қорытындылаудың маңызы нақты инвестициялық өнімді құрудан, яғни тауар жасаудан көрінеді. Салалық тауашаларды түбегейлі талдау оларды әрі қарай әзірлеу және жылжыту (жарнама) үшін барынша қызықты және перспективалы жобалардың тізбесін белгілеуге мүмкіндік береді.

      ТШИ тарту мақсатында және Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне инвестициялық жобалар туралы аса сапалы және толық ақпаратты ұсыну үшін әлеуетті шетелдік инвесторларында кеңейтілген тізбе, сондай-ақ қызықты жобалар туралы, әсіресе елдің өңірлеріндегі, қажетті ақпарат болуы қажет.

      Жергілікті басқарудың барлық өңірлік органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігін шетелдіктерге әлеуетті қызықты жобалардың барлығы туралы хабардар етуі және сұратуына қарай толық ақпарат (яғни топталған өнім) беруі қажет.

      Инвестормен жұмыс жасаудың маңызды сәті оны Қазақстанның өңірлерінде сүйемелдеу болып табылады. Өңірлерде шетелдік инвесторлармен тікелей жұмысты жергілікті атқару органдары жүргізетін болады. Бұл үшін әрбір өңірде Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары (ИҚО) құрылатын болады. ИҚО инвесторларға жедел қызмет көрсетуге арналған фронт-офистерге айналады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асыратын болады: бастапқы құжаттарды, қажетті контактыларды және жобаны жылжытуды бастауға арналған басқа ақпаратты алу, сондай-ақ жер-жердегі шетелдік инвесторлардың жүгінуіне жедел әрі дұрыс ықпал етуді қамтамасыз етеді, әрі шын мәнінде "KAZNEX INVEST" АҚ өңірлік өкілдіктері ретінде жүреді.

      Сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы инвестициялық ахуал бойынша үйлестіру кеңестерін құрудың орындылығы қарастырылатын болады. Инвесторлардың өзекті мәселелерін, соның ішінде мемлекеттік және билік құрылымдарымен, шешу Үйлестіру кеңестерінің басты мақсатына айналады.

      Қазақстан Республикасында инвестициялардың барлық аспектілері бойынша сапалы және жүйелі жаңартылып отыратын ақпарат беру мақсатында, 2010 жылы Қазақстан Республикасының 12 тілдегі ұлттық инвестициялық веб-сайты www.invest.gov.kz жасалды.

      Жасалған веб-сайт ақпарат іздеудің негізгі құралы ретінде интернетті пайдаланатын шетелдік азаматтар үшін инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттың алғашқы көзі және Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудың құралы болмақ.

      Ұлттық инвестициялық веб-сайтта Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы, ҮИИДМБ шеңберінде елдің экономикасына инвестициялар тарту туралы, елде бизнес жүргізудің ерекшеліктері туралы, қазақстандық бастамашылардың инвестициялық жобалары туралы ақпарат, мемлекеттік органдардың байланыс ақпараты, Қазақстанның аумағындағы инвесторлардың жұмысын жеңілдететін анықтамалық ақпарат және т.б. болады. Осылайша, ұлттық инвестициялық веб-сайт республикаға инвестиция тартумен байланысты ұйымдастырушылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге, шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелеуге және оңайлатуға, инвестордың шығындарын төмендетуге, сондай-ақ Қазақстанға инвестиция тартуды қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар ұлттық инвестициялық веб-сайттың тарауларын тұрақты жаңарту үшін сапалы және өзекті ақпарат берілуін қамтамасыз етуі қажет.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвесторлармен жүргізіліп жатқан жұмыстың тұрақты мониторингін жүргізетін болады, осыған байланысты бұл жұмысқа тартылған барлық құрылымдар www.baseinvest.kz Шетелдік инвесторлардың және инвестициялық жобалардың деректер қорына ақпарат енгізу жолымен шетелдік инвесторлар қол жеткізген уағдаластықтар және жоспарланып отырған, әрі өткізілген кездесулер туралы Министрлікті хабардар етіп отыруы тиіс.

      Инвестициялық жобалардың және шетелдік инвесторлардың деректер қоры Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды көрсететін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар негізінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы әлеуетті және жұмыс істейтін инвесторлар туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұйымдастыру үшін құрылымдалған онлайн ресурс болады.

      Барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар дерекқорының өз құзыреті шегінде уақытылы және сапалы толықтырылуын қамтамасыз етуі қажет.

      Осыған байланысты жыл сайын жергілікті атқарушы органдар үшін дерекқорын толықтыру бойынша оқыту семинарлары өткізілетін болады.

      Инвестициялық жобалардың дерекқорында ақпарат 3 тілде орналастырылған: мемлекеттік, орыс, ағылшын.

      Қазақстанда инвестициялық омбудсмен ретінде Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, инвесторлардың ағымдағы қызметі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметтерін үйлестіру және бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган болатын Инвестиция жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру ұсынылады.

      2-бағыт. АЭА және ИА дамыту және құру: АЭА және ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру.

      АЭА қызметін басқарудың тиімділігін арттыру және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып, оларды дамытудың бірыңғай тәсілі қажет.

      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жалпы стратегиясын әзірлеу және енгізу үшін АЭА басқару бойынша озық тәжірибесі бар халықаралық консультантты тарту жоспарланып отыр.

      Жекелеген АЭА инфрақұрылым объектілерін салуға және пайдалануға қаржыландырудың баламалы көздерін тарту бойынша бірыңғай мастер-жоспар әзірлеу көзделіп отыр.

      Бұдан басқа, индустриялық аймақтардың құрылу, жұмыс істеу және тарату тәртібін және индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттік қолдау шараларын заңнамалық реттеу қажет.

      3-бағыт. Экспорттаушыларды сервистік қолдау (2010 – 2014 жылдар)

      Экономиканың жеті басым салаларына - жоғары өңдеуден өткен металлургия, химия және мұнай-газ-химия, жеңіл, фармацевтика және медицина өнеркәсіптері, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісі сай келетін өңделген тауарларды, қызметтерді жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушы кәсіпорындар экспорттаушыларды сервистік қолдауға қатысушылар болады.

      Тұрақты негізде отандық тауарлардың, қызметтердің сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізілетін болады, оның ішінде:

      1) шетелде сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу;

      2) отандық тауар белгілерін сыртқы нарықтарға ілгерілету;

      3) "Қазақстанның экспорттық өнімі" анықтамалығын басып шығару және тарату;

      4) кәсіпорындардың шетелдік бейінді көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

      5) бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелерде қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін көрсету;

      6) Қазақстан Республикасының экспорттаушылары мен шетелдік сатып алушылар үшін ұлттық интерактивті ақпараттық ресурс әзірлеу;

      7) шетелде қазақстандық экспорттық өнімдерді әлеуетті сатып алушыларды іздестіру.

      Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін жүйелі дамыту мақсатында экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдаудың мынадай шаралары көзделетін болады:

      Экспорттық қызмет мәселелері бойынша кәсіпорындардың мамандары үшін оқыту тренингтерін өткізу;

      Арнайы әдебиетті шығару және тарату: "Шет елдері бойынша экспорттың жолсілтемесі"; "Экспорттаушыға көмек" нұсқамалық материалдары"; "Оңтайлы экспорттық бағдарларды анықтау бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар";

      Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық дайындығына бағалау жүргізу;

      Отандық өнімдерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша стратегиялық маркетингтік жоспарлар жасау.

      "Қазақстан экспортының тауарлық және географиялық әртараптануының деңгейін бағалау мақсатында 2 жылда 1 рет, мүдделі тараптар арасында талдау нәтижелерін тарата отырып, әлемдік тауарлық нарықтардың даму қарқынына, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда ахуалына талдау (Trade Performance Index) жүргізілетін болады.

      Бәсекелестік ұстанымдарды талдау және қазақстандық экспорттың тауарлық ұстанымдарына тұтынушылық трендті өзгерту мақсатында, әлем елдерінің және өңірлік экономикалық бірлестіктердің нарықтарына шолу (елдер бойынша шолу) жүргізілетін болады.

      Отандық көрсетілетін қызметті берушілердің экспортын ілгерілету мақсатында қазақстандық компаниялар қызметінің нақты түрлерін экспорттау үшін әлеуетті нарықтарға шолулар жүргізілетін болады.

      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын ынталандыру мақсатында кешенді және агрессиялық экспортты ілгерілету жүйесі құрылатын болады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясы әзірленетін және қабылданатын, әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесі айқындалатын, орындалуына жауапты – "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша біріктірілген қолдау жүйесі құрылатын және тұтастай алғанда экспортты дамыту саласындағы заңнамалық база жетілдірілетін болады.

      Қазақстандық экспорттаушыларды жаңа әлеуетті өткізу нарықтары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін нақты тауарлар бойынша тартымды нарықтар, бәсекелі басымдықтар, қол жеткізу шарттары және экспортқа шығу үшін басқа да әлеуетті мүмкіндіктер туралы ақпаратты қамтитын ауқымсыз нысаналы талдаулар (бриф-талдаулар) өткізілетін болады.

      Өңделген экспорттың нақты көлемін бағалау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетінің сыртқы сауда қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі әзірленіп, қабылданатын болады.

      "Экспорттық бағдарлылық" идеологиясын қалыптастыру үшін жеке және мемлекеттік секторларды тарта отырып, экспортқа бағыттау насихаты жүргізілетін болады.

      Экспорттаушыларға мақсатты нарықтардағы дистрибуция арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу. Экспорттаушыларға мақсатты нарықтардағы дистрибуция арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін:

      1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелердің ресурстарын пайдалану есебінен халықаралық желі, сауда өкілдіктерін, құрметті консулдар институтын құру;

      2) экспорттық ораманы дамыту үшін әлемнің үздік тәжірибесінің үлгісінде экспортты қолдау жүйесінің басты элементтерінің бірі ретінде мамандандырылған ұйымдар құру көзделіп отыр.

      Елде қазақстандық өндірушілерге тікелей кешенді жәрдемдесу мақсатында, 2010 – 2014 жылдары Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "КAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ", ол экономиканың өңдеуші секторының экспортын дамыту мен жылжыту жүйесінің операторы болып табылады) шетелдік өкілдіктер желісі ашылатын болады.

      Бірлескен стратегия әзірлеу және экспортты дамыту мен жылжытуға жәрдемдесу, сондай-ақ экспорттың дамуы мен ілгерілеуіне кедергі болатын әкімшілік және бюрократиялық шараларды жою мен бизнестің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша, қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін қорғау мен проблемаларын шешу бойынша үкіметаралық комиссиялардың жұмыстары жандандырылатын болады, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанынан экспорттаушылардың өңірлік кеңестері құрылатын болады.

      Мемлекеттің қазақстандық экспорттаушылар үшін пәрменді шаралармен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап гуманитарлық көмек шеңберінде Қазақстанның өнім жеткізушілер қатарына кірігуі жүргізілетін болады.

      Отандық өндірушілер мен әлеуетті шетелдік сатып алушылар арасындағы тікелей байланыстарды жолға қоюға жәрдемдесу, өнімнің сапалық және бағалық көрсеткіштері бойынша ақпарат алмасу, экспорттық келісімшарттардың бөліктерін талқылау үшін шетелдерде Қазақстан Республикасының тұрақты сауда миссиялары, елдің әртүрлі өңірлерінде "Сатушылар мен Сатып алушылар" нысанындағы кездесулер, нақты тауарларды мақсатты жылжытудың іс-шаралары ұйымдастырылатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген үдерісте шетелдегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері маңызды рөл атқаруы тиіс. Шетелдік мекемелер:

      1) сатушылар мен сатып алушылар арасында кездесулерді ұйымдастыруға жәрдемдесуді;

      2) қазақстандық сауда миссияларының және делегациялардың болу еліне сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесуді;

      3) келу елдерінде экспорттық әлеует және Қазақстанның экспорттық кәсіпорындары туралы ақпаратты таратуды;

      4) қазақстандық компанияларға оларды шетелдік кәсіпкерлік көрмелерге қатысу мәселелеріне, сондай-ақ келу елдерінде шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуді ұйымдастыруға ықпал етуді қамтамасыз етуі қажет.

      Ресей Федерациясымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі өткізетін Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастықтағы сауда және инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізу жөніндегі іс-шараларды бюджеттік қамтамасыз етілетін болады.

      Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуда "Ұлттық чемпиондар" маңызды рөлді атқаруы тиіс. "Ұлттық чемпиондарды" іріктеу белгілерін жасау, "ұлттық чемпиондар" тізіміне енгізу үшін бақыланатын салалардағы және өңірлердегі үміткер-компанияларды анықтау жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ осындай компанияларды қаржыландыруда тікелей инвестициялар қорларының (ТИҚ) үлесін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

      Жоғарыда көрсетілген барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, осы бағдарламаға 2-қосымшада келтірілген, шикізаттық емес экспорт бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет, олардың нәтижелері бойынша жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Есеп жолданатын болады.

      Бұл экспортты ілгерілету индикаторлары 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейін алдыңғы 5 жылдық кезеңде өңделген өнім экспортының орташа жылдық өсіміне негізделген, орташа жылдық өсім 10 пайызды (жыл сайын) құрайды. Соған байланысты, осы серпінді қатарды жалғастыра отырып, өңделген өнеркәсіптің өсуі бойынша 2014 жылға дейін көрсетілген болжамдық деректер алынған болатын.

      Шығындарды өтеу бағдарламасы.

      Экспорттаушылардың шығындарын өтеу. Мемлекеттік қолдау экономиканың өңдеуші секторының қазақстандық өнімдерін экспорттаушылардың тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару кезінде шеккен шығындарын өтеу жолымен көрсетілетін болады. Бір шығынды өтеу шеңберінде экспорттаушыға шығынның бір немесе бірнеше түрін, бірақ шектеулерді ескере отырып, негізделген және құжатпен расталған шығындардың 50 % көп емес өтенуі мүмкін.

      Экспорттаушылардың отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша шығындарының бөлігін өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып белгіленген, ол шығындарды өтеуге бағытталатын бюджет қаражатын бөлетін болады. Шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанынан құрылатын Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде жүргізілетін болады.

      Қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемдерін ұлғайтуды мемлекеттік қолдау шеңберінде Көлік-экспорттық сертификат (КЭС) енгізу жолымен де жүзеге асыру жоспарланып отыр.

      Бұл сертификат өңделген өнімді экспорттаушылардың көлік шығындарын 30% дейін жабуға мүмкіндік береді. КЭС экспорттаушы "KAZNEX INVEST" АҚ-ға экспорттық келісімшартты және тасымалдау төлем-шотын ұсынуына қарай берілетін болады және көлік пен экспедиторлық компаниялар қызмет үшін төлем ретінде қабылдайтын болады, содан кейін "KAZNEX INVEST" АҚ көлік компанияларына өтелетін болады.

      Экспорттаушының қарызды өтеуінің екі тәсілін ұсыну жоспарланып отыр:

      1) үш жыл ішінде 100% өтеу;

      2) экспорттаушының өтеуі мүмкін болмаған жағдайда – мемлекет 3 жыл мерзімге экспорттаушының жарғылық қорына кіреді.

      Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистік қолдау көрсету және экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі базалық шарттарды, қаражат бөлу тетіктерін, экспорттың өсуі және шикізаттық емес секторлардағы өнімділік жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді Үкімет айқындайды.

      Экспорттық сауда операцияларын қаржыландыру. Экспортты сақтандыру және экспорттық сауда операцияларына кредит беру, сонымен қатар бірқатар жанама қызметтерді қамтитын экономиканың өңдеуші секторының шағын және орта бизнес өкілдерінің экспорттық сауда операцияларын қаржылай қолдауды жүзеге асыру үшін "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ (Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ негізінде) құрылды – бұдан әрі "ҚазЭкспортГарант".

      "ҚазЭкспортГарант" саудалық қаржыландыру құралдарын (экспорттық аккредитивтер) пайдалану көзделетін экспорттық мәмілелерді сақтандыру арқылы экспорттық операцияларды қолдауды жүзеге асыратын болады.

      Шикізаттық емес сектордың қазақстандық экспорттық өнімдерін сатып алушыларға кредит беру "ҚазЭкспортГарант" жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен транштық қаражат бөлу есебінен осы мәмілені қорландыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қаражат жаңартпалы пайдаланылатын болады, ол көп қамтуды және экспорттың географиясын кеңейтуді қамтамасыз етеді.

      Кредиттік сақтандыруды қолдау "ҚазЭкспортГарант", экспорттаушылар, импорттаушылар және оларға қызмет көрсететін банктер арасында мемлекеттік – жеке әріптестік принципінде іске асырылатын болады, бұл ретте қаржы ресурстарының құны өзінің ұлттық экспортын қолдау кезінде әлемдік экспорттық-кредиттік агенттіктерімен бейімделген тетіктер мен құралдарды пайдалану есебінен төмендейтін болады.

      Кредиттік-сақтандыруды қолдаудың әлеуетті қатысушылары жұмыс істеп тұрған немесе жаңадан құрылған экономиканың өңдеуші секторының экспортқа бағдарланған кәсіпорындары (басымдық — КОБ), қазақстандық өнімнің шетелдік импорттаушылары, саудалық қаржыландыруды жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік банктер болады.

      Сақтандыру, қазақстандық экспорттаушының Банкін, сатып алушының тапсырмасымен экспорттаушының пайдасына қайтарып алынбайтын құжаттамалық аккредитив ашқан шетелдік Сатып алушының Банкі тарапынан төлемнің төленбеу қаупінен қорғау үшін жүзеге асырылатын болады.

      Саудалық экспорттық операцияларды қаржыландырудың артықшылықтары:

      1) кепілсіз кредит беру (жүкті тиеп жөнелту құжаттары беріледі және Импорттаушы Банктің кредиттік міндеттемелері күшіне енеді);

      2) кредит беру мөлшерлемесін екі есе азайту;

      3) жүкті тиеп жөнелту фактісі бойынша бірден экспорттық түсімнің түсуі;

      4) қазақстандық өнімдердің сұранысын ынталандыру.

6. Қажетті ресурстар

6.1. Бағдарламаның іске асырылуына жұмылдырылған қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстар

      Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, АЭА және экспортты дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі іс-шараларын қаржыландыру көлемі кестеде келтірілген.

Іс-шараның атауы

Қаржыландыру көлемі, мың. теңге

1

Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту

1 382 596

1.1

ТШИ тарту үшін жағдай жасау

45 000

1.2

Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін жылжыту

723 170

1.3

Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау

614 426

2

АЭА мен ИА дамыту және құру

13 506 395

2.1

АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру

13 506 395

3

Экспортты жылжыту

4 670 971

3.1

Экспорттаушыларды сервистік қолдау

1 316 971

3.2

Экспорттаушыларды қаржылай қолдау

3 354 000

Барлығы:

19 559 962

6.2. Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыруға 2010 - 2014 жылдары қаржыландырудың жиынтық көлемі 19 559 962 мың теңге республикалық бюджеттің қаражаты бағытталатын болады, оның ішінде мыналарға:

      тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шараларға - 1 382 596 мың теңге;

      АЭА мен ИА дамыту мен құру жөніндегі іс-шараларға - 13 506 395 мың теңге;

      экспортты ынталандыру жөніндегі іс-шараларға - 4 670 971 мың теңге.

7-бөлім. Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту,
арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты
ынталандыру бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулысымен.

р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарлама №

(егер болса)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту

Инвестициялық заңнаманы жетілдіру

1

Инвестицияларды ынталандыру, заңнаманың тұрақтылығы, сондай-ақ аса маңызды инвестициялық жобалар үшін қосымша шаралар мәселелері бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы

І жартыжылдық

-

-

-

-

-

-

-

-

1-1

Мыналар бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИЖТМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), "ҰТО" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

шетелдік инвесторлардың халықаралық төрелікке қол жетімділігін кеңейту

ИЖТМ-ге ұсыныс

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2012 жылғы тамыз

шетелдік инвесторлардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарына қолжетімділігін кеңейту

ИЖТМ-ге ұсыныс

АШМ, ӨДМ

2012 жылғы II тоқсан

инвестицияларды жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметтерді, тауарлар мен жұмыс күшін жергілікті қамтуға қойылатын талаптардың икемділігі мен шынайылығын қамтамасыз ету

ИЖТМ-ге ұсыныс

МГМ, ЭБЖМ

2012 жылғы II тоқсан

зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру

ИЖТМ-ге ұсыныс

Әділетмині

2012 жылғы IIІ тоқсан

мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға шетелдік инвесторлардың қатысуын кеңейту

ИЖТМ-ге ұсыныс

ЭБЖМ

2012 жылғы III тоқсан

1-2

мынадай секторларда шетелдік инвесторлар үшін кедергілерді азайту бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу:

көлік секторы

ИЖТМ-ге ұсыныс

ККМ

2012 жылғы II тоқсан

мұнай және газ

ИЖТМ-ге ұсыныс

МГМ, "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы II тоқсан

ТШИ тарту үшін жағдайлар жасау

2

Қазақстан мен бәсекелес елдерде ТШИ тарту бойынша шетелдік инвестициялар үшін шарттардың салыстырмалы мониторингін жүргізу

ЭБЖМ-ге ұсыныс

ИЖТМ, СІМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

45 000

-

-

-

-

45 000

Республикалық бюджет

020

3

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының елдерімен визасыз режимге ауысу туралы мәселені пысықтау

СІМ, ІІМ, ИЖТМ, ҰҚК

2014 жылдың I жартыжылдығы

4

Салықтық берешектің болмауы/болуы туралы анықтаманы беруді жою арқылы шетелдік азаматтарға ҚР СІМ-нің визалық қолдауын ресімдеу рәсімін оңайлату мүмкіндігін қарастыру

СІМ, Қаржыминi, ИЖТМ

2012 жылғы І тоқсан

5

Бизнес-иммигранттар үшін тиісті санаттағы визалар беру бойынша шаралар кешенін қабылдау

СІМ, Еңбекмині, ИЖТМ, ҰҚК, ІІМ

2012 жылдың І жартыжылдығы

6

Кедендік және шекаралық қызметтердің қызметкерлеріне негізгі ағылшын тілін үйрету, сондай-ақ іскерлік этиканы сақтау жөнінде нұсқама жүргізе отырып, шетелдік азаматтарға қызмет көрсету мәдениеті бойынша оқыту тренингтерін өткізу үшін қажетті шаралар қабылдау

Қаржымині, ҰҚК

2012 жылғы III тоқсан

7

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде қонақ үйлердің өтініштері бойынша электрондық үкімет порталын пайдалана отырып, тіркеуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ІІМ, СДШІА, ҰҚК

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

-

-

-

-

-

-

-

-

8

Өңірлердегі индустриялық дамытудың стратегиялық маңызды жобалары бойынша ТЭН әзірлеу мүмкіндігін қарастыру

ИЖТМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы I тоқсан

9

Қазақстан Республикасының елді мекендерін физикалық-географиялық объектілердің (аудандар, көшелер, алаңдар), сондай-ақ қоғамдық инфрақұрылымның жаңа объектілерін (вокзалдар, кітапханалар, сауда орталықтары және т.б.) орыс және ағылшын тілдеріндегі транслитерациясымен бірге қазақ тіліндегі сілтеуіштермен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру

I тоқсан

-

-

-

-

-

-

-

-

10

Анықтамалық қызметтердің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беруі бойынша қажетті шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

"Қазақтелеком" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы I тоқсан

11

Ұйым басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын, кәсіби стандарттарды әзірлеу

Министрліктердің бұйрықтары

ИЖТМ, АШМ, МГМ, ККМ, СДШІА Еңбекминімен келісім бойынша

2012 – 2014 жылдар

-

-

-

-

-

-

-

-

12

Жобалық қаржыландыруды дамытуды енгізу бойынша:

ЭБЖМ жанынан мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру схемасы бойынша іске асыру үшін ұсынылатын пилоттық инвестициялық жобаларды қарастыру жөніндегі;

ИЖТМ жанында мемлекеттің қатысуынсыз (жеке жобалар) жобалық қаржыландыру схемасы бойынша іске асыру үшін ұсынылған пилоттық инвестициялық жобаларды қарастыру жөніндегі жұмыс (Сараптамалық) топтарын құру.

ИЖТМ, ЭБЖМ

2012 жылғы I тоқсан

12-1

Мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдарда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес корпоративтік басқару қағидаттарын (бәсекеге қабілеттілікті, тиімділікті және ашықтықты арттыру, басқарудың нарықтық қағидаттарына жақындау) енгізу мәселесін пысықтау

ЭБЖМ, ИЖТМ, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

12-2

Әлемдік тәжірибені зерделеу және Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және трансұлттық корпорациялар туралы декларациясына қосылуы шеңберінде Ұлттық Байланыс Орталығын айқындау

ИЖТМ, ЭБЖМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), "ҰТО" АҚ (келісім бойынша), "ССДО" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы IIІ тоқсан

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету

13

Брендтеу бойынша (Қазақстанның және/немесе елдің және/немесе "Казнекс Инвест" АҚ инвестициялық әлеуетін) жұмыстар жүргізу үшін қажетті шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2011 жылдың соңына дейін

-

-

-

-

-

-

-

-

14

Инвестицияларды тартуда экс-саясаткерлер мен бизнестің жоғары қызметтегі өкілдерін пайдалану мүмкіндігін қарастыру

ПӘ-ге жауап жобасымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономиканың басым секторлары бойынша инвесторлардың жол сілтегіш-ақпараттық-талдамалық анықтамаларды шығару мүмкіндігін қарастыру

ИЖТМ, МГМ, АШМ, ККМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы I тоқсан

-

-

-

-

-

-

-

-

16

Басым елдерде әлеуетті инвесторлар қатысатын болу елінде жоспарланатын іс-шаралар туралы ақпарат беруді және оларды Қазақстан туралы ақпараттық-таныстыру материалдары іс-шараларының шеңберінде таратуды қамтамасыз ету

ИЖТМ-ге ақпарат

СІМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтары

17

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын өткізу (роуд-шоу, кітапшалар, билбордтар, баспасөз конференциялары), оның ішінде:

28 880

38 080

37 740

39 544

39 544

183 788

Республикалық бюджет

020

2 өңірде (Астана, Алматы) баспасөз конференциясын;

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

700

700

700

700

700

3 500

Республикалық бюджет

020

Тапсырыс берілген үгіттеу билбордтарын шығару;

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

5 460

13 380

10 000

10 000

10 000

48 840

Республикалық бюджет

020

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өткізу;

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

-

22 000

23 540

23 540

23 540

92 620

Республикалық бюджет

020

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы брошюралар дайындау және басып шығару

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

22 720

2 000

3 500

5 304

5 304

38 828

Республикалық бюджет

020

18

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын өткізу (бизнес форумдар, "Investors Guide" анықтамалығы)

58 000

58 000

58 000

58 000

58 000

290 000

Республикалық бюджет

001

19

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы бейне роликтер дайындау және халықаралық телеарналарда трансляциялау

481 700

481 700

423 792

423 792

1 810 984

Республикалық бюджет

020

20

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы теле бағдарламалар циклдерін дайындау және халықаралық БАҚ-та трансляциялау орындылығын қарастыру

2012 жылғы желтоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді

21

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы бейне роликтер дайындау және қазақстандық телеарналарда трансляциялау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, МАМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

34 856

12 760

13 653

14 609

14 609

90 487

Республикалық бюджет

020

22

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалаларды халықаралық мерзімді басылымдарда жариялау

0

2 350

14 124

14 124

14 124

44 722

Республикалық бюджет

020

23

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалаларды қазақстандық мерзімді басылымдарда жариялау

7 200

7 704

-

6 934

21 838

Республикалық бюджет

020

Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмысты жолға қою

24

Халықаралық инвестициялар нарықтарын зерттеу

2011 жылғы 25 қаңтар

40 000

40 000

-

-

-

80 000

Республикалық бюджет

001

25

Шетелдік инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер

210 464

254 507

260 844

362 615

401 044

1 489 474

Республикалық бюджет

020

26

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ТШИ тартуға жәрдемдесу (млн. АҚШ долл.):

2012 жылға – 72;

2013 жылға – 80;

2014 жылға – 93

ИЖТМ-ге ақпарат

"Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қантары

27

Қазақстандық жобаларға инвестициялық мандаты бар Тікелей инвестициялар қорын құру кезінде "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ға салынған инвестицияларға қатысты шетелдік инвестицияларды тарту коэффициентін кемінде 1/1 сақтау

ИЖТМ-ге ақпарат

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтары

28

Инвестициялық жобалар мен инвесторлардың дерекқорын әзірлеу және сүйемелдеу

30 000

-

-

5 892

10 744

46 636

Республикалық бюджет

020

29

"KAZNEX INVEST" АҚ-да шетелдік өкілдіктерді ашу бойынша ұсыныстар енгізу

Ведомстволық бағынысты ұйым шеңберінде инвесторларға қызмет көрсету бойынша орталық құру мүмкіндігін қарастыру

ИЖТМ-ге есеп

31

Өңірлік үйлестіруші кеңестердің өңірлердің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша функцияларын беру мүмкіндігін қарастыру

ИЖТМ, ЭБЖМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы I жарты жылдық

32

Экономикалық бағыт үшін жауапты дипломаттарға арналған жүйелік негізде оқыту семинарларын өткізу мүмкіндігін қарастыру (ИЖТМ, даму институттарының және т.б. мамандарының қатысуымен)

33

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялар бойынша комиссия құру (инвестициялық омбудсмен)

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

34

ТШИ түсімдері бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету (1-қосымша)

ЭБЖМ-ге ақпарат

СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

35

Басым салаларда аса ірі инвестор-компаниялардың белгілі бір тізіміне сәйкес инвесторлармен жұмыс кестесін әзірлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

СІМ, ҮАК, ІК, ИЖТМ

2012 жылғы І тоқсан

36

ТШИ тарту саласында ҮАК қызметін жандандыру мәселелерін пысықтау:

басым елдермен сауда-экономикалық мәселелер бойынша ҮАК құру;

ҮАК отырыстарында инвестициялық қызметті жүзеге асыру және экспортты ілгерілетумен байланысты мәселелерді қарастыру;

басым салаларда ҮАК құрамына аса ірі инвестор-компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізу

СІМ, ҮАК тең төрағалар

2012 жыл

37

ТШИ саласында іскерлік кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтау:

іскерлік кеңестер қызметін үлгі ережемен регламенттеу;

іскерлік кеңестерді басқару органдарын құру; "Атамекен" Одағы" ҰЭП" ЗТБ жанындағы іскерлік кеңестерді жалпы үйлестіру бойынша консультациялық кеңес құру;

ҮАК құрамына қазақстандық іскерлік кеңестердің тең төрағаларының қатысуы;

ҮАК-тың қазақстандық бөлігінің іскерлік кеңесі қазақстандық тарапының есеп беруін қамтамасыз ету

ИЖТМ, СІМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), ҰКП, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы II тоқсан

38

Қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобаларды анықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтары

39

Инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат беру

тоқсан сайын

40

www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интернет-ресурсының бөлімдерін жаңарту үшін ақпараттың уақтылы берілуін қамтамасыз ету

ИЖТМ-ге ақпарат

СІМ, ККМ, МГМ, АШМ, МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині

тоқсан сайын

41

www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық ресурсының баннерін мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың, ҚР шетелдегі мекемелерінің ресурстарына, сондай-ақ "Электрондық Үкімет" ресурсына орналастыру

ИЖТМ-ге ақпарат

СІМ, ККМ, МГМ, АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы I тоқсан

42

Инвестициялық интернет-ресурсын әзірлеу және сүйемелдеу

2010 жылғы желтоқсан

15 000

25 799

24 569

16 533

22 131

104 032

Республикалық бюджет

020

43

Инвесторлармен жүргізілетін жұмыстардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету:

барлық мүдделі мемлекеттік органдарға шетелдік инвесторлар мен инвестициялық жобалардың дерекқорына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы кілт беру;

Шетелдік инвесторлар мен инвестициялық жобалардың www.baseinvest.kz дерекқорына шетелдік инвесторлар туралы, шетелдік инвесторлармен өткізілген кездесулер мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы, шетелдік инвесторлармен бірге іске асырылатын және жоспарланатын жобалар туралы ақпаратты енгізу

ИЖТМ-ге ақпарат беру

СІМ, МГМ, АШМ, ККМ, МАМ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

тоқсан сайын

44

Шетелдік инвесторлар мен инвестициялық жобалардың дерекқорын толтыру бойынша оқыту семинарларын өткізу

ИЖТМ-ге ақпарат

"Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

Қажет етілмейді

45

ҮИИДМБ іске асыру үшін "ұлттық чемпиондарды" іріктеу бойынша өлшемдер әзірлеу

ИЖТМ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ (келісім бойынша), CITIC KAZYNA (келісім бойынша), МГМ, ККМ, АШМ

2012 жылғы I тоқсан

46

Жетекшілік етілетін салалар мен өңірлерде "ұлттық чемпиондар" тізіміне енгізу үшін кандидат-компанияларды анықтау бойынша ұсыныстар беру

ИЖТМ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ (келісім бойынша), МГМ, ККМ, АШМ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы IV тоқсан

47

Жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейлері тарапынан Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жәрдемдесуді қамтамасыз ету

АЭА-ны және ИА-ны құру мен дамыту

АЭА және ИА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру

48

Өңірлерде 1-2 индустриялық аймақтарды құру мәселелерін пысықтау

2012 жылғы 2 жарты жылдық

49

Қазақстан Республикасында Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша көрсетілетін қызметтер

2013 жылғы желтоқсан

384 493

615 359

999 852

Республикалық бюджет

020

50

"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы базасында "Қорғас-шығыс қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық аймағы" АЭА құру бойынша ұсыныстар енгізу

ИЖТМ, ЭБЖМ, Алматы облысының әкімдігі

2011 жылғы тамыз

-

-

-

-

-

-

-

-

51

Қарағанды қаласында Қарағанды қаласының Индустриялық аймағы базасында АЭА құру бойынша ұсыныстар енгізу

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2011 жылғы тамыз

-

-

-

-

-

-

-

-

52

"Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, ОҚО әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

247 727

35 958

-

-

-

283 685

Республикалық бюджет

015

53

"Астана – жаңа қала" АЭА (Астана қаласының Индустриялық паркі) инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

2 000 000

3 500 000

-

-

-

5 500 000

Республикалық бюджет

015

54

"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету

ИЖТМ, Алматы қаласының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

-

53 549

-

-

-

53 549

Республикалық бюджет

105

55

"Ақтау теңіз порты" АЭА-ның көліктік және инженерлік инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жылғы IV тоқсан

1 700 000

3 021 088

1 032 000

1 466 000

-

7 219 088

Республикалық бюджет

015

56

"Бурабай" АЭА 1-кезеңін пайдалануға беруді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

СДШІА, ИЖТМ, Ақмола облысының әкімдігі

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Жеке инвестициялар

-

57

Атырау облысында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының инфрақұрылымы мен қоршауларын салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, ИЖТМ, Атырау облысының әкімдігі, "ҰИ МХТ" АЭА

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

328 853

6 489

-

3 224

1 000 740

4 407 507

Республикалық бюджет

064

Экспортты ілгерілету

Экспорттаушыларға сервистік қолдау

58

Қазақстандық өңделген өнім экспортын ілгерілету, оның ішінде:

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), ҰКП

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

341 850

282 343

241 031

421 119

422 131

1 708 474

Республикалық бюджет

022

шетелде сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу;

сыртқы нарықтарға отандық сауда белгілерін ілгерілету;

"Қазақстанның экспорттық өнімі" анықтамалығын басып шығару және тарату;

кәсіпорындардың шетелдік бейінді көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

халықаралық көрмелерде қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін бірыңғай ұлттық стенд форматында көрсету;

Қазақстан Республикасының экспорттаушылары және шетелдік сатып алушылар үшін ұлттық интерактивтік ақпараттық ресурсты әзірлеу;

шетелде қазақстандық экспорттық өнімдерді әлеуетті сатып алушыларды іздестіру

59

Өңделген өнімді өндіруші-кәсіпорындардың экспорттық қабілетін дамыту, оның ішінде:

кәсіпорын мамандары үшін экспорттық қызмет мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізу;

арнайы әдебиетті басып шығару және тарату:

"Шет елдер бойынша экспорттың жол сілтегіші";

"Экспорттаушыға көмек" нұсқама материалдары";

"Оңтайлы экспорттық бағыттарды анықтау жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалдар";

қазақстандық өнімдердің экспорттық қаптамасын ілгерілету және дамыту

74 100

74 256

60 480

126 254

126 254

461 344

Республикалық бюджет

022

60

Қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға әлеуетті өткізу нарықтары бойынша талдамалық ақпарат беру, оның ішінде:

әлемдік тауар нарықтарының даму үрдісін мүдделі тараптар арасында нәтижелерін тарату арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда жағдайын талдау (Trade Performance Index);

бәсекелес ұстанымдарға мониторинг жасау және қазақстандық экспорттың тұтынушылық трендін өзгерту мақсатында әлемнің белгілі бір елдерінің және өңірлік экономикалық бірлестіктердің нарықтарын шолу (шартты түрде: елдік шолу);

жаңа экспорттық нарықтарға шығу мақсатында нақты тауарлар бойынша ауқымсыз мақсатты талдау жүргізу (шартты түрде: бриф-талдау);

қазақстандық компаниялардың нақты қызмет түрлерін экспорттау үшін әлеуетті нарықтарға шолу жүргізу

116 599

48 732

88 463

136 852

136 852

527 498

Республикалық бюджет

022

61

Қазақстандық өндірушілерді гуманитарлық жеткізілімдер жүйесіне қосу

60 000

101 650

24 602

36 715

28 721

251 688

Республикалық бюджет

022

62

Экспортқа бағдарланған идеологияны құру

107 401

87 440

78 200

207 662

203 888

684 591

Республикалық бюджет

022

63

Шетелде экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық операторлардың өкілдіктерін ашу және қамтамасыз ету

43 844

49 444

79 597

79 597

252 482

Республикалық бюджет

022

64

Мәскеу қаласында, Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығындағы сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырулар конференциясы

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭБЖМ

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

13 030

13 030

13 030

39 090

Республикалық бюджет

029

65

ИЖТМ жанындағы Экспорттаушылар кеңесін жаңарту

ИЖТМ бұйрығы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы өңірлік экспорттаушылар кеңесін құру

әкімдіктер бұйрығы

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ИЖТМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), ҰКП

2012 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

67

Экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдарын заңнамалық бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

68

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті арасындағы сыртқы сауда қызметі мәселелері бойынша өзара ақпараттық іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу және қабылдау

Қаржымині Кедендік бақылау комитеті мен ИЖТМ Инвестиция комитетінің бірлескен бұйрығы

ИЖТМ, Қаржымині

2010 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

69

Өңірлерде экспорттаушыларға қолдау көрсету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Өңірлерде экспорттаушыларға қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары

"Қазақстан Республикасының ақпараттық-маркетингтік орталығы" ақпараттық ресурсының ақпараттық-маркетингтік орталықтарының мемлекетаралық желісін жетілдіру және ықпалдастыру

2011 жылғы желтоқсан

-

39 800

-

-

-

39 800

Республикалық бюджет

049

71

Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеу

ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша), ҰКП

2013 жылғы желтоқсан

110 000

110 000

Республикалық бюджет

022

72

Шикізаттық емес экспорт бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету (2-қосымша)

ЭБЖМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, СІМ

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

Экспорттаушыларды қаржылық қолдау

73

Экспорттаушылар шығындарын өтеу бойынша ведомствоаралық комиссия құру

2010 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді

-

74

Экспорттаушылардың сыртқы нарықта отандық өңделген өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу

143 915

210 000

700 000

200 000

200 000

1 453 915

Республикалық бюджет

022

75

Шетелдік компаниялардың тарапынан шикізаттық емес сектордың қазақстандық өніміне сұранысын қолдау және кеңейту жүйесін жасау үшін "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

ИЖТМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы желтоқсан

1 500 000

-

-

-

-

1 500 000

Республикалық бюджет

019

76

Қазақстан Республикасының заңнамасына экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау

ИЖТМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2012 жылғы

I тоқсан

-

-

-

-

-

-

-

-

77

Экспорттаушылардың көліктік шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде өңделген экспортты ынталандыру бойынша қаржылық құралды қолданудың орындылығын зерделеу (есептеулер, үлгілер, қағидалар)

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржыминi, "Kaznex Invest" АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы

I тоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

БП

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

МАМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ИЖТМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

МГМ

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

ҮАК

Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия

ӨДМ

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ККМ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Еңбекминi

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

Қаржыминi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

СДШІА

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰКП

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

"ҰТО" АҚ

"Ұлттық талдау орталығы" акционерлік қоғамы"

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

"ҚМГ" ҰК" АҚ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ

"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы

"Kaznex Invest" АҚ

"KAZNEX INVEST" акционерлік қоғамы

"Қазақтелеком" АҚ

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

"ССДО" АҚ

"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

АЭА

арнайы экономикалық аймақ

"ҰИМХТ" АЭА

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы

ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысы

ТШИ

тікелей шетелдік инвестициялар

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ИА

индустриялық аймақтар

  Қазақстан Республикасында
2010-2014 жылдары
инвестицияларды тарту, арнайы
экономикалық аймақтарды дамыту
және экспортты ынталандыру
бағдарламасына
1-қосымша

Инвестицияларды тарту жөніндегі индикаторлар

      Ескерту. Бағдарлама 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 № 1596; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1477 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне арналған индикаторлар

ТШИ ағыны, млн. АҚШ долл.

Нысаналы индикаторлар

Жалпы көрсеткіш

Басым елдер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2011 - 2014 жылдар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

АҚШ

2009,2

2080

2152,4

2227,7

8468,9

Канада

676,3

700

724,4

749,8

2850,4

Нидерланды

6936,5

7353

7793,9

8261,5

30344,7

Франция

1451,5

1560

1677,3

1803,2

6492,3

Ұлыбритания

1317,1

1363

1411,0

1460,3

5551,7

Италия

702,0

755

811,2

872,1

3139,9

Швейцария

465,0

481

498,1

515,6

1960,1

Германия

307,6

331

355,4

382,1

1375,7

Түркия

82,8

86

88,7

91,8

349,0

Швеция

34,2

35

36,6

37,9

144,0

Испания

15,8

16

17,0

17,6

66,7

Люксембург

6,7

7

7,2

7,5

28,4

Қытай

751,2

796

844,1

894,7

3286,3

Жапония

632,6

680

731,1

785,9

2829,7

Оңтүстік Корея

193,1

208

223,1

239,9

863,6

Үндістан

0,2

0,2

0,2

0,2

0,9

Малайзия

-

-

-

-

-

БАӘ

393,4

417

444,1

470,7

1725,1

Сауд Арабиясы

-

-

-

-

-

ЖИЫНЫ

15975,2

16868

17815,8

18818,3

69477,0

      Негізгі капиталға сыртқы инвестициялар бойынша жергілікті атқарушы

      органдарға арналған индикаторлар

Инвестициялар көлемі

мың теңге

Индикаторлар

Жалпы көрсеткіш

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2011 - 2014 жылдар

Өңірлер

нақты

нақты

жоспар

жоспар

Ақмола облысы

11 449 116

14 621 590

15 469 525

15 702 409

57 242 640

Ақтөбе облысы

168 886 310

185 769 804

191 851 143

193 992 045

740 499 302

Алматы облысы

60 695 676

37 514 627

40 884 438

42 858 171

181 952 912

Атырау облысы

830 138 952

645 221 674

651 133 081

660 708 494

2 787 202 201

Батыс Қазақстан облысы

96 588 633

84 707 931

84 405 534

84 818 740

350 520 838

Жамбыл облысы

13 544 531

17 517 387

19 735 718

20 863 460

71 661 097

Қарағанды облысы

110 539 562

142 108 723

154 292 664

159 146 249

566 087 198

Қостанай облысы

9 483 622

12 924 814

13 567 869

13 630 168

49 606 473

Қызылорда облысы

72 825 401

91 066 319

95 711 045

96 917 877

356 520 643

Маңғыстау облысы

99 217 067

126 072 153

130 443 056

130 697 313

486 429 590

Оңтүстік Қазақстан облысы

69 160 880

55 096 032

59 017 206

61 424 371

244 698 489

Павлодар облысы

69 907 301

92 347 004

100 333 101

103 314 130

365 901 536

Солтүстік Қазақстан облысы

2 001 738

1 478 917

1 762 854

1 932 830

7 176 339

Шығыс Қазақстан облысы

30 592 785

38 769 901

40 352 120

40 579 984

150 294 791

Астана қаласы

19 364 358

35 635 940

40 649 293

41 822 766

137 472 357

Алматы қаласы

60 673 440

81 555 370

85 692 215

86 240 067

314 161 092

Қазақстан Республикасы

1 725 069 372

1 662 408 186

1 725 300 862

1 754 649 077

6 867 427 497

      Мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда, шикізаттық емес

      сектордың негізгі капиталына инвестициялар бойынша жергілікті

      атқарушы органдарға арналған индикаторлар

      (тау-кен өндірісін және карьерлерді, ауыл, орман және балық

      шаруашылығы саласын ескерусіз)

Инвестициялар көлемі

мың АҚШ долл.

Индикаторлар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

барлығы

оның ішінде сыртқы инвестициялар

барлығы

оның ішінде сыртқы инвестициялар

барлығы

оның ішінде сыртқы инвестициялар

барлығы

оның ішінде сыртқы инвестициялар

Өңірлер

нақты

нақты

жоспар

жоспар

Ақмола облысы

257 670

50 117

393 649

63 135

514 803

78 820

620 643

93 798

Ақтөбе облысы

718 349

226 843

918 511

279 718

1 064 826

310 586

1 171 035

341 462

Алматы облысы

1 738 057

406 879

1 650 068

201 256

1 643 533

250 956

1 664 399

255 328

Атырау облысы

1 417 356

607 041

1 762 792

455 674

2 330 163

639 310

3 171 188

812 814

Батыс Қазақстан облысы

251 880

86 616

347 294

80 775

424 243

102 335

480 566

114 762

Жамбыл облысы

453 902

84 672

654 408

92 256

719 849

101 130

809 867

112 312

Қарағанды облысы

1 181 589

594 278

1 435 847

690 573

1 662 111

771 388

1 876 161

861 309

Қостанай облысы

307 118

19 878

343 455

55 985

334 679

47 606

1 655 073

138 839

Қызылорда облысы

644 443

91 425

755 383

201 489

840 186

188 585

929 167

205 597

Маңғыстау облысы

917 516

148 463

871 236

196 853

866 693

184 412

881 767

186 597

Оңтүстік Қазақстан облысы

888 674

338 969

1 040 017

208 644

1 081 617

212 816

1 124 882

217 072

Павлодар облысы

1 097 926

412 868

1 361 166

538 120

1 551 542

573 649

1 691 028

622 746

Солтүстік Қазақстан облысы

160 819

11 217

202 317

9 546

243 594

12 133

279 034

13 740

Шығыс Қазақстан облысы

903 741

89 623

821 029

53 477

785 082

59 521

769 184

58 678

Астана қаласы

2 428 825

132 086

2 777 393

238 276

3 051 929

228 471

3 249 626

243 157

Алматы қаласы

2 029 997

411 252

2 271 780

443 412

2 450 000

480 000

2 640 000

520 000

Қазақстан Республикасы

15 397 861

3 712 226

17 606 346

3 809 190

19 564 850

4 241 718

23 013 620

4 798 210

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша кезең (2011 ж.) бойынша валютаның орташа есеппен ресми бағамдары 146,6 теңге

      кезең (2012 ж. қаңтар-желтоқсан) бойынша валютаның орташа есеппен ресми бағамдары 149,1 теңге

  Қазақстан Республикасында
2010-2014 жылдары
инвестицияларды тарту, арнайы
экономикалық аймақтарды дамыту
және экспортты ынталандыру
бағдарламасына
2-қосымша

Экспортты ілгерілету жөніндегі индикаторлар

      Ескерту. Бағдарлама 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 № 1596 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне арналған индикаторлар

Өңделген өнімнің экспорты

млн. АҚШ долл.

Индикаторлар

Жалпы көрсеткіш

Әріптес елдер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2011-2014 жж.

Азия

Қытай

3 622,6

3 984,9

4 383,4

4 821,7

16 812,7

Түркия

869,2

956,1

1 051,7

1 156,9

4 034,0

Иран

805,2

885,7

974,3

1 071,7

3 737,0

Жапония

593,2

652,5

717,8

789,5

2 753,0

Ауғанстан

380,3

418,3

460,2

506,2

1 765,0

Корея Республикасы

255,8

281,3

309,5

340,4

1 187,0

Үндістан

109,7

120,7

132,8

146,0

509,2

Моңғолия

24,6

27,1

29,8

32,8

114,4

Ирак

20,8

22,8

25,1

27,6

96,4

Пәкістан

17,0

18,7

20,6

22,6

78,9

Таиланд

15,5

17,1

18,8

20,7

72,1

Иордания

15,2

16,7

18,3

20,2

70,3

БАЭ

13,4

14,8

16,3

17,9

62,4

Вьетнам

10,9

12,0

13,2

14,5

50,7

Сирия

6,6

7,2

7,9

8,7

30,4

Гонконг

5,0

5,5

6,0

6,6

23,2

Сингапур

3,6

4,0

4,4

4,8

16,9

Ливан

2,6

2,8

3,1

3,4

11,9

ЕК

Ұлыбритания

988,5

1 087,4

1 196,1

1 315,7

4 587,7

Германия

796,2

875,8

963,3

1 059,7

3 694,9

Италия

443,6

487,9

536,7

590,4

2 058,6

Нидерланды

382,5

420,8

462,8

509,1

1 775,2

Франция

329,2

362,2

398,4

438,2

1 528,0

Польша

308,4

339,2

373,1

410,4

1 431,1

Финляндия

191,9

211,1

232,2

255,4

890,5

Венгрия

88,1

96,9

106,6

117,3

408,9

Латвия

83,6

92,0

101,2

111,3

388,2

Испания

69,3

76,3

83,9

92,3

321,8

Швеция

64,7

71,2

78,3

86,2

300,5

Словакия

60,6

66,6

73,3

80,6

281,0

Литва

49,5

54,4

59,9

65,9

229,7

Бельгия

49,1

54,0

59,4

65,4

227,9

Румыния

46,4

51,0

56,1

61,7

215,2

Чехия

44,2

48,7

53,5

58,9

205,3

Дания

28,2

31,0

34,1

37,5

130,9

Эстония

20,6

22,7

24,9

27,4

95,7

Словения

13,3

14,6

16,1

17,7

61,8

Кипр

8,4

9,2

10,1

11,1

38,8

Австрия

6,2

6,9

7,5

8,3

28,9

Болгария

5,2

5,8

6,3

7,0

24,4

ЕурАзЭК

Ресей

2 440,2

2 684,2

2 952,6

3 247,8

11 324,8

Қырғызстан

337,8

371,6

408,7

449,6

1 567,6

Беларусь

219,0

240,9

265,0

291,5

1 016,4

Тәжікстан

196,1

215,7

237,3

261,0

910,1

ЕурАзЭК тыс

Өзбекстан

709,8

780,7

858,8

944,7

3 294,0

Украина

460,7

506,8

557,5

613,2

2 138,1

Әзербайжан

101,1

111,2

122,4

134,6

469,3

Түрікменстан

88,4

97,3

107,0

117,7

410,4

Грузия

16,1

17,8

19,5

21,5

74,9

Молдова

12,2

13,4

14,8

16,2

56,7

Армения

8,4

9,2

10,1

11,1

38,8

Жиыны

15 438,9

16 982,8

18 681,0

20 549,1

71 651,8

      Жергілікті атқарушы органдарға арналған индикаторлар

Өңделген өнімнің экспорты, млн. АҚШ долл.

Индикаторлар

Жалпы көрсеткіш

ҚР өңірлері

2011

2012

2013

2014

2011-2014

Ақмола обл.

382,3

420,5

462,6

508,8

1 774,2

Ақтөбе обл.

2 068,7

2 201,0

2 405,0

3 094,0

9 768,7

Алматы обл.

172,6

189,9

208,8

229,7

801

Атырау обл.

85,5

94,5

104,5

115,5

399,5

Шығыс Қазақстан обл.

1 774,3

1 951,7

2 146,9

2 361,6

8 234,5

Жамбыл обл.

231,5

254

280,1

308,1

1 073,7

Батыс Қазақстан обл.

105,5

132,4

158

197,9

593,8

Қарағанды обл.

3 400,0

3 740,0

4 114,0

4 731,0

15 985,0

Қостанай обл.

299,6

329,6

362,5

398,8

1 390,5

Қызылорда обл.

39,8

43,8

48,2

53

184,8

Маңғыстау обл.

148,4

163,2

179,6

197,5

688,7

Павлодар обл.

798,3

878,1

965,9

1 062,5

3 704,8

Солтүстік Қазақстан обл.

85

93,5

102,9

113,1

394,5

Оңтүстік Қазақстан обл.

1 205,1

1 325,6

1 458,2

1 604

5 592,9

Алматы қ.

3 361,3

3 697,4

4 067,2

4 473,9

15 599,8

Астана қ.

206,2

226,8

249,5

274,5

957

ЖИЫНЫ

14 364,1

15 742

17 313,9

19 723,9

67 143,4

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы