Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14160 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 643-1-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын:

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2017 № 213 бұйрығымен.

Министрдің міндетін атқарушы

Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 383 бұйрығымен
бекітілді

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 643-1-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін салық тексеруінің барысында жанама әдіспен айқындау қағидаларын айқындайды.

      2. Салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістерін жанама әдіспен айқындауды жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын декларацияларында, ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісінің мынадай түрлерін:

      1) активтердің құн өсімі әдісін;

      2) шығындарды есепке алу әдісін;

      3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісін қолданады.

      4. Активтердің құн өсімі әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға арналған шығыстар болған жағдайда қолданылады.

      Бұл әдіс белгілі бір кезең ішіндегі мүлікті сатып алуға (мысалы, жылжымайтын мүлікті, көлік құралын, бағалы қағаздар, қатысу үлесін, депозиттер) арналған шығыстарды жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.

      5. Шығындарды есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда қолданылады.

      Бұл әдіс жеке тұлғаның осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілмеген шығыстарын (мысалы, қымбат тұратын демалыс, кредиттерді өтеу, мүлікті беру, соның ішінде ақшаны сыйға тарту, міндеттемелерді өтеу) жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.

      6. Банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда қолданылады.

      Бұл әдіс банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін (мысалы, жеке тұлғаның жиі және көлемді ақша аударымының сомалары бойынша салыстыру) жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.

      7. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары осы Қағидалардың 4, 5 дәне 6-тармақтарында көрсетілген әдістерді құрамдастырып қолданады.

2-тарау. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау тәртібі

      8. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;

      2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау;

      3) жеке тұлғаның табысын есептеу.

      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін:

      1) жеке тұлғаның банктік есеп шотында ақшалардың бар болуы және қозғалысы туралы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұымдардың;

      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың;

      3) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың табыс еткен салық есептілігі нысандарынан;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғамен жасасқан мәмілелер немесе жеке тұлғамен есеп айырысу бойынша дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек пайда болған тұлғаларға қатысты салықтық тексеру нәтижелері туралы;

      5) бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет-сайттарынан (web-әмияндарды есепке ала отырып).

      10. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) уәкілетті органдардан, сондай-ақ өзге де алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

      11. Мәлімет көздері мән-жайларға, жеке тұлға қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

      12. Жеке тұлғалардың кірістерін есептеу үшін банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және жеке тұлғаның ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.

      13. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген құжаттармен расталмаса жеке тұлғалардың шығындары бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салықтық шегерімдер қолданылмайды.

      14. Жеке тұлғада активтердің, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілердің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің, материалдық емес активтердің, жалжамайтын инвистициялардың бағасын растайтын құжаттар болмаған кезде осы жеке тұлғаның кірісіне көрсетілген активтің нарықтық бағасы қосылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы