"Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15070 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі "Егемен Қазақстан" № 371 (26214) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары";

      3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) айырбасталмайтын операциялар - айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;";

      21-тармақтың бірінші бөлігінде төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-мемориалды ордер - 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості;

      жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларында - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданыла отырып, және онсыз мемлекеттік мекеменің міндеттемелері (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелер) бойынша шығыстар жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, төлеуге берілетін шот, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Бюджетті атқару ережелері) белгіленген басқа да құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленеді, тігінделеді және тігіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Бюджетті атқару ережелерінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы ескеріледі.

      Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық көмектен түскен сомаға 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер" қосалқы шоты кредиттеледі.

      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін жеткізушілерге филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен алынатын қаражатты аудару кезінде 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті бойынша және 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";

      55-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Бұдан басқа 1043 "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында түзеу мекемелерiнiң сотталғандары орындаған жұмыстар үшiн түскен ақша, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын тұлғаларға, сот шешімімен еңбекке қабілетсіз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар көрсетiледi.";

      55-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-1. 1044 қосалқы шотында "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ" қосалқы шотында Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері мен шығыстары ескеріледі.

      Ақшалай қаражаттың түсімі жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-да 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ" қосалқы шотының дебеті бойынша және 6083 "Жергілікті өзін-өзі басқарудан алынатын кірістер", 6084 "Жергілікті өзін-өзі басқарудан алынатын өзге де кірістер" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Төлеуге берілетін шот негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аударған нысаналы трансферттер сомасына мынадай жазба жүргізіледі 1212 "Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1213 "Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоттарының дебеті, 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының кредиті, 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар".

      Жалпы сипаттағы алынған трансферттерді аудару кезінде тиісті бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға 7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

      Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен жергілікті атқарушы органдардың есептері негізінде жүзеге асырылады 7210 "Трансферттер бойынша шығыстар" шотының дебеті, 1210 "Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.

      Нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық берешек сомасы төмен тұрған бюджеттерге аударған сәттен бастап олар қаражатты мақсатқа сай пайдаланғаны жөнінде есептерді ұсынғанға дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есебінде танылады.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін ҚБШ-ға есепке жатқызу кезінде 7250 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша шығыстар" шотының дебеті бойынша және 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

      ҚБШ-ға түскен жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерінің сомасына жазба 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ" қосалқы шотының дебеті бойынша және 6083 "Жергілікті өзін-өзі басқарудан алынатын кірістер" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

      Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-ға түскен өзге де кірістер сомасына Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жазба 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ" қосалқы шотының дебеті және 6084 "Жергілікті өзін-өзі басқарудан алынатын өзге де кірістер" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.".

      74-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-3. Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер ҚБШ бойынша, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ бойынша, нысаналы қаржыландыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық кітапта Нысандар альбомының КО-4 нысаны бойынша немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.";

      74-12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-12. Қолма-қол ақшаның мақсатқа сай пайдаланылуын есепке алуды бақылау үшiн мемлекеттік мекемелер бюджет ақшасына арналған Нысандар альбомының 453-нысаны бойынша (бұдан әрі - 453) қолма-қол ақшаның мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау кiтабын және Альбомның 454-нысаны (бұдан әрі - 454) бойынша ақылы қызметтерден, қайырымдылық көмектен, жергілікті өзін-өзі басқару, нысаналы қаржыландыру бойынша түскен қолма-қол ақшаны мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау кітабын жүргізуі қажет.";

      78-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шоты жөнінде ақша қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 5-20 "Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме", 5-15 "Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме" нысандарының негізінде Нысандар альбомының 381-нысаны және оған қосымша берілген құжаттар бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтің жекелеген түрлері бойынша 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда (Нысандар альбомының 292-нысанды кітабында) жүргізіледі.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Кредиторлық берешекпен жасалатын операцияларды есепке алуға мынадай шоттар арналған:

      3110 "Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3120 "Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3130 "Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3140 "Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3150 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3220 "Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3230 "Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3240 "Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар";

      3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      3270 "Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";

      4110 "Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";

      4120 "Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";

      4130 "Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектер".";

      119-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісі әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмекке мемлекеттік мекеме қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қаржыландыру түсімдері мынаны көрсетеді: 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті, 6030 "Трансферттер бойынша кірістер", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті, және 6031 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша кірістер" шотының кредиті;

      мемлекеттік мекеме қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмекке трансферттерді есептеу: 7210 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 3111 "Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жалпы сипаттағы трансферттер бойынша операцияларды мынадай түрде көрсетеді:

      қаржыландырудың түсуі 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6035 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша кірістер" шотының кредиті;

      жалпы сипаттағы трансферттерді аудару 7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі нысаналы трансферттер бойынша мынадай түрде көрсетіледі:

      қаржыландыру түсімі 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6032 "Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша кірістер", 6033 "Нысаналы даму трансферттері бойынша кірістер" қосалқы шотының кредиті;

      төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудару 1212 "Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1213 "Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті;

      төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің есептері негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару 7210 "Трансферттер бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1212 "Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1213 "Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;

      ағымдағы жылы төменгі бюджеттен пайдаланылмаған трансферттер сомасының түсімдері 1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шот дебеті және 1212 "Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1213 "Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.";

      мынадай мазмұндағы 121-2-тармақпен толықтырылсын:

      "121-2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша операцияларды былайша:

      қаржыландыру түсімін 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6034 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша кірістер" шотының кредитін;

      жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-сына есепке жатқызу 7250 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 1093 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредитін көрсетеді.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:

      қаражатты алу: 1085 "Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1094 "Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебетi және 6040 "Субсидиялар төлемдерi бойынша қаржыландырудан түсетiн кiрiстер" кредитi;

      жеке және заңды тұлғалар субсидиясын есептеу: 7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар" шотының дебетi және 3114 "Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек", 3115 "Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредитi;

      жеке және заңды тұлғалар субсидиясын төлеу: 3114 "Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек", 3115 "Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1085 "Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1094 "Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредитi:

      "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық көмек көрсету үшін қаржы агенттеріне субсидияларды аудару 1215 "Заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1085 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1094 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі;

      қаржы агентінің субсидиялау туралы есебінің негізінде субсидияны есептен шығару 7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1215 "Заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Қызметкерлердің табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарын есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі: 7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар" шотының дебеті және 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін міндетті және қосымша зейнетақы жарналарын аудару 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1091 "Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1042 "Ақылы қызметтер ҚБШ", 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 137-1 және 137-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "137-1. Қызметкерлердің кірістерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті және 3152 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын аудару 3152 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1091 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1042 "Ақылы қызметтер ҚБШ", 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ", 1045 "Нысаналы қаржыландыру ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      137-2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттік мекемелердің аударымдарын есептеу 7150 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар" шотының дебеті және 3151 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомасын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудару 3151 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1091 "Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1042 "Ақылы қызметтер ҚБШ", 1044 "Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ", 1045 "Нысаналы қаржыландыру ҚБШ" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      138-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген қосалқы шоттардың дебетіне көрсетілген қызметтер, оқу-өндірістік шеберханалар әзірлеген сатылған дайын бұйымдар құны, мемлекеттік мекемелерде оқу орнының оқушылары орындаған жұмыстар үшін оқу орнының оқушыларына төлеуге жататын сыйақы сомасы және оқу базасын кеңейтуге, оқушылардың, балалар спорт мектептерінің, бастауыш суретшілер мектептерінің, мәдениет және өнер өкілдерінің мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсартуға филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен түскен сома және басқа сомалар жазылады, бұл ретте 6110 "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер", 6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер" шоты кредиттеледі.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қараджаты есебінен тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алуға жасасқан азаматтық-құқық мәмілелердің шарттарын орындау Бюджетті атқару ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      154-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:

      1) дебиторлық берешек:

      өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;

      мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;

      егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;

      төрелік трибуналдар шешімдерінің не тараптар арасында дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасу негізінде;

      2) кредиторлық берешек:

      кредитор таратылған жағдайда;

      кредитор қарызды кешкен жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредит беруші мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдаса;

      мемлекеттік мекемеден өндіріп алуға сот бас тартса, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебінен есептен шығаруға жатады.";

      175-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Бюджетті атқару ережелерінде белгіленген.

      Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады.";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай есептеулер мен ұстап қалуларды жүргізеді:

      жеке табыс салығы - есептеу мынадай тізбекпен көрсетіледі:

      3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3121 "Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;

      міндетті зейнетақы жарналары: 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар: 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3152 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.";

      179-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұстап қалулар сомасын аудару 3121 "Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3245 "Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3247 "Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" немесе 3248 "Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" тиісті қосалқы шотының дебеті бойынша және 1040 "Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ", 1080 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1090 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      195-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "195. Жеке тұлғаның (қызметкердің) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы толық мәлімет алу үшін мемлекеттік мекеме "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын жарналарын есепке алу Нысандар альбомының 451 нысанды карточкасын толтырады, оның көшірмесін жылына бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) береді.";

      203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "203. Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:

      сатып алу: 1310 "Материалдар", 1340 "Тауарлар" шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті (қайтарымды немесе айырбастау ыдысын алып тастағанда, сатып алу бағасы бойынша);

      басқа мемлекеттік мекемеден түсім: 1310 "Материалдар", 1340 "Тауарлар" шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6330 "Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер" (баланстық құны бойынша) шотының кредиті;

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін қаражат немесе гранттар түрінде түсім: 1310 "Материалдар", 1340 "Тауарлар" шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер" (әділ құн бойынша) шотының кредиті.

      Қайтарымды немесе айырбасталатын ыдыс (бөшкелер, бидондар, жәшіктер, бөтелкелер және басқа ыдыс) босы да, қорлардағы да өнім берушілердің шотында көрсетілген баға бойынша ескеріледі: 1319 "Өзге материалдар" қосалқы шотының дебеті және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті.";

      216 және 217-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "216. Қорларды есептен шығару 7060 "Қорлар бойынша шығыстар", 7460 "Өзге шығыстар", 8011 "Материалдар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

      217. Мемлекеттік мекеменің қажеттіліктері үшін пайдаланылған және сырт ұйымдарға өткізілген қорлар құнын есептен шығару шығыс ретінде танылады, бұл ретте 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

      Басқа мемлекеттік мекемеге немесе басқа ұйымдарға берілген қорлар құнын есептен шығару шығыс ретінде танылады, бұл ретте 7460 "Өзге шығыстар" шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

      Құнсызданудан резерв құру есебінен құны бұрын төмендеген қорларды есептен шығару: құрылған резерв сомасына - 1360 "Қорлардың құнсыздануына арналған резерв" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде қорлардың баланстық құнына - 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті көрсетіледі.";

      250-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "250. Мемлекеттік мекеме негізгі құралдар объектісінің түсімін Шоттар жоспарының "Негізгі құралдар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және:

      бюджеттік қаржыландыру есебінен немесе ақылы қызметтер, филантропиялық (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен алынған ақшалай қаражат есебінен - сатып алу құны бойынша - 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының;

      филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен алынғаны - әділ құн бойынша - 6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер" шотының;

      үшінші тұлғаларға өтеусіз беру нәтижесінде алынғаны - әділ құн бойынша, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер арасында негізгі құралдарды беру нәтижесінде - баланстық құн бойынша 6330 "Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер" шотының кредиті бойынша көрсетеді, бұл ретте бір мезгілде жинақталған амортизация сомасына 2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";

      258-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тозу нормасы бар негізгі құралдар объектілерінің элементтері амортизациялық аударымдарды анықтау үшін топталады.";

      381-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "381. Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

      6010 "Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер";

      6020 "Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер";

      6030 "Трансферттер бойынша кірістер";

      6040 "Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер";

      6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер";

      6060 "Гранттар бойынша кірістер";

      6070 "Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер";

      6080 "Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер";

      6090 "Қаржыландыруды бюджетке қайтару";

      6110 "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер";

      6210 "Сыйақылар бойынша кірістер";

      6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер";

      6310 "Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер";

      6320 "Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер";

      6330 "Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер";

      6340 "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер";

      6350 "Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс";

      6360 "Өзге кірістер".";

      382-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелердің кірістері:

      ағымдағы қызметті қаржыландыру;

      трансферттер мен субсидиялар алу;

      филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен қаражат алу;

      гранттар алу;

      өзге айырбасталмайтын операциялар сияқты айырбасталмайтын операциялардан қалыптастырылады.";

      386 және 387-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

       "386. Субсидиялар бойынша кірістер ретінде жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруашылық қожалықтарға немесе фермерлік шаруашылықтарға субсидиялар бойынша бюджетттік қаржыландырудың сомасы және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ескеріледі.

      Субсидиялар бойынша бюджеттен жоспарлы тағайындаулар алу 1085 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1094 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6040 "Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      387. Филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін кірістер ретінде нысаналы не сөзсіз сипаттағы ақшалай, қорлар мен ұзақ мерзімді активтер нысанында түскен қайырмалдық жәрдем ету түсімдері ескеріледі.

      Филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметтен алынған қаражат түсімі мынадай жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспарының активтері тиісті шотының 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотының дебеті және 6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер" шотының кредиті.";

      413-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "413. Мемлекеттік мекеменің шығыстарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

      7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар";

      7020 "Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар";

      7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар";

      7040 "Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар";

      7050 "Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар";

      7060 "Қорлар бойынша шығыстар";

      7070 "Іссапарларға арналған шығыстар";

      7080 "Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар";

      7090 "Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар";

      7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар";

      7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар";

      7130 "Жал бойынша шығыстар";

      7140 "Өзге операциялық шығыстар";

      7150 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар";

      7210 "Трансферттер бойынша шығыстар";

      7220 "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар";

      7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар";

      7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар";

      7250 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша шығыстар";

      7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар";

      7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар";

      7410 "Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар";

      7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар";

      7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар";

      7440 "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар";

      7450 "Резервтерді құру бойынша шығыстар";

      7460 "Өзге шығыстар".";

      415-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша: 7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар" шотының дебеті және 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;";

      428-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "428. Есепті кезең аяқталғанда есепті жылдың қаржылық нәтижесіне шығыстардың шоттарын жабу жүргізіледі, бұл ретте 5210 "Есепті жылдың қаржылық нәтижесі" шоты дебеттеледі және шығыстардың тиісті шоты кредиттеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есебі мен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264422
    Қазақ тілінде 131979
    Орыс тілінде 131523
    Ағылшын тілінде 920
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы