"Қазақстан Республикасының Су көлігі кемелерінде радиобайланыс және электр навигациясы құралдарын техникалық пайдалану мен қызмет көрсету қауіпсіздігі ережелерін" бекіту және күшіне енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникациялар Министрлігі 1996 жылғы 30 шілдедегі N 173 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998.09.10. N 604 тіркелді

      1. "Қазақстан Республикасының Су кемелерінде радиобайланыс және

электр навигациясы құралдарын техникалық пайдалану мен қызмет көрсету

қауіпсіздігі ережелері" бекітілсін.

     2. Жоғарыда көрсетілген Ережелер 1996 жылғы 01 тамыздан бастап күшіне

енгізілсін.

     3. Қазбасөзенфлотының 1986 жылғы 23.04 N»109 бұйрығымен күшіне

енгізілген Су көлігі кемелерінде радиобайланыс және электр навигациясы

құралдарын техникалық пайдалану мен қызмет көрсету қауіпсіздігі ережелері

күшін жойды деп танылсын.

     4. Осы Ережелердің енгізілуін бақылау Су көлігі департаментінің

директоры П.Ц. Коваленкоға жүктелсін.

          Министр

                     Қазақстан Республикасының

              Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

                     Су көлігінің департаменті

                       Қазақстан Республикасы

             Су көлігінің кемелерінде радио байланысы

         және электр радионавигация құралдарын техникалық

           пайдалану және қызмет көрсету қауіпсіздігінің

                            Ережелері

     Ереже ҚР Көліккоминнің РӨБ "Қазөзентеңізфлотымен" бұрын қолданылып

жүрген Ережелердің, кеме иелерінен және су көлігі ұйымдарының тәжірибесі

мен ұсыныстарының негізінде әзірленді.

                         1. Жалпы ережелер

          1.1. Ережелердің міндеті және оларды пайдалану тәртібі,

                       анықтамалар, жалпы талаптар

       1.1.1. Осы Ережелер ҚР Су көлігінің кемелерінде радио байланысы, электр радио навигация және магнит компастарын пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, сипаттау және еңбек жағдайы қауіпсіздігінің тәртібін анықтайды. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарының құрамына кіретін электр жабдықтарын пайдалану кезінде осы Ережелерден басқа "Кеме электр жабдықтарын техникалық пайдалану Ережелерін","ҚР Су көлігі кемелерінде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін" басшылыққа алып отыру қажет.
      1.1.2. Осы Ережелерді ҚР Су көлігінің (меншік нысанына қарамастан) қызметі кеме радио байланысы және электр навигациясы жабдықтарын пайдаланумен, құрастырумен, жөндеумен және жобалаумен байланысты барлық қызметкерлері білуге және оларды басшылыққа алуға міндетті (1 қосымша).
      1.1.3. Осы Ережелер қағидасының ешқайсысы кеменің мерт болуына, адамдар мен жүктерге қауіп төндіретін апат жағдайларында немесе төтенше жағдайларда радио байланысы және электр радио навигацияның барлық құралдарын пайдалануға кедергі болмайды.
      1.1.4. Осы Ережелер талаптарының орындалуы Теңіз және Өзен Регистрі Ережелерінің талаптарын бұзуға немесе әлсіретуге тиіс емес.
      Осы Ережелерде көрсетілмеген барлық басқа жағдайларда қызмет көрсетуші персонал көрсетілген Регистрдің Ережелерін және "Радио электрон құралдары мен ЖЖ қондырғыларын сатып алуға, құруға (орнатуға) және пайдалануға рұқсат беру тәртібі туралы" ҚР КжКМ мемлекеттік электр байланысы инспекциясының нұсқаулықтарын басшылыққа алуы тиіс.
      1.1.5. Осы Ережелерде кеме радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарын пайдалану бойынша жалпы талаптар қамтылады. Осы Ережелерге қосымша ретінде нақты жабдықтар түрлері бойынша зауыт нұсқаулықтарын қатаң басшылыққа алу қажет.
      1.1.6. Кеме электр радио навигация құралдарын пайдалану арнайы дайындықтан өткен және белгіленген тәртіппен осы құралдарда жұмыс жасауға жіберілген кеме команда құрамының ішіндегі тұлғаларға рұқсат етіледі.
      Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарына қызмет көрсетуге осы аппаратураны техникалық пайдалану құқығына куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.
      1.1.7. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарына және магнит компастарына қызмет көрсетуге және техникалық күйінің дұрыстығын бақылау жауапкершілігі мыналарға жүктеледі: кәсіпорын бойынша - кәсіпорын басшысы мен оның радио маманына, ал кеме бойынша электр радио навигация құралдары мен магнит компастары бойынша - бірінші штурманға, ал ол штатта болмаса осы міндеттерді орындайтын экипаж мүшесіне (аталмыш тұлғаларда байланыс тораптарымен берілген электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету құқығына куәліктері болуы тиіс), радио байланыс құралдары бойынша - кеме радисіне, ал ол штатта болмаса, оператор телефоншы дайындығы және кеме радио аппаратурасына техникалық қызмет көрсету құқығына куәлігі бар экипаж мүшесіне жүктеледі.
      1.1.8. Радио байланысы аппаратураларына және электр радио навигация

құралдары мен магнит компастарына техникалық қызмет көрсетуге жауапты

тұлғаларға мыналар жүктеледі:

     а) осы Ережелерге және пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулықтарына

сәйкес жүйелі бақылау және тексеру;

     б) аппаратураның техникалық пайдалану мәліметі белгіленген нормалар

мен техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау;

     в) кемшіліктерді жою осы Ережелерге сай кеме мамандарымен жүргізілуі

мүмкін;

     г) вахта журналы мен формулярларды жүйелі жүргізу жауапкершілігі;

     д) тапсырыстарды дер кезінде беру және байқалған кемшіліктер және

оларды жою туралы аппаратура формулярына жазу;

     е) қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайларда аппаратураны қорғау

бойынша шаралар жүргізу;

     ж) навигация арасындағы кезеңде аппаратураны жинау мен қайта

құрастыру шараларын жүргізуге қатысу.

     1.1.9. Капитанға мыналар жүктеледі:

       а) кемеге орнатылғаннан кейін және жөндеуден кейін радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларын пайдалануға қабылдауға қатысу;
      б) осы Ережелер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мен бақылау;
      в) аппаратура әрекетінің дұрыстығын тексеруді жүйелі (жүзу кезінде - күнделікті) қамтамасыз ету;
      г) құжаттамалар мен мүлік қорының сақталуына жауапкершілік (міндетті түрде қабылдау-тапсыру актісін құрастыру арқылы оларды жауапты тұлғаға бекіту);
      д) аппаратура істен шыққанда оларды жөндеуге тапсырыс беру және осы Ережелермен белгіленген мерзімде жоспарлау-ескерту тексерулерді қамтамасыз ету;
      е) Радио байланысы және электр радио навигация құралдарының жұмыс уақытын жүйелі тексеруге жауапкершілік;
      ж) жергілікті жағдайларда осы Ережелер жеткіліксіз болғанда пайдалану мен техника қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулықтарды дер кезінде алу;
      з) радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      и) байланыс жабдықтары және электр радио навигация құралдарының ағымдағы және орта жөндеуінің Бірыңғай жөндеу ведомостарына (БЖВ) сәйкес навигация аралық жөндеу тапсырыстарын құрастыру.
      1.1.10. Кеме иесінің міндеттері:
      а) кеме радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарының жарамды техникалық күйін және үздіксіз жұмысын кеме жөндеу кәсіпорындарына, порттар мен техникалық жол учаскелеріне тіркелген флоттағы навигация кезеңінде техникалық бақылауды, тексеруді және техникалық қызмет көрсетуді жоспарлы жүргізу жолымен қамтамасыз ету; белгіленген тәртіппен жаңадан орнатылатын және алмастырылатын және орын ауыстырылатын кеме радио байланысы, радиостанса және электр радио навигация құралдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді ресімдеу үшін дер кезінде анкета және басқа мәліметтер, тапсырыс беру;
      б) флоттағы техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және жөндеуді жоспарлау;
      в) кеме иесі кәсіпорындарымен, сондай-ақ мердігерлік кәсіпорындармен жүргізілетін орнату монтаждау және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын тексеру;
      г) кемелерде радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарын пайдалануға байланысты техникалық құжаттамалардың бар екендігі мен дұрыс жүргізуді тексеру, жаңадан орнатылған радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарын қабылдауға қатысу;
      д) аппаратураның техникалық күйін және навигация жағдайында оның пайдаланылу жарамдығын тексеру;
      е) радио байланысы, электр радио навигация құралдарына қызмет көрсетуге тағайындалатын кеме радио мамандары мен кеме мамандарының білімін тексеру және дипломдар немесе куәліктер беру.
      Ескерту: балансында немесе техникалық қызмет көрсетуінде флот бар кәсіпорындардың кадрлар бөлімімен арнайы бағдарлама бойынша радио байланысы, электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсетудің кеме жүргізу құрамын оқыту ұйымдастырылады және оқу комбинаттарында жүргізіледі;
      ж) радио байланысы және электр радио навигация жаңа аппаратурасын сынауға қатысу;
      е) радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарына қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар беру;
      и) істен шыққан радио байланысы, электр радио навигация құралдарын және магнит компастарын бағалауға қатысу және оны тізіммен шығару үшін құжаттар ресімдеу;
      к) кемелерді вахталық, аппараттық журналдармен және оперативтік, бланкілік құжаттамалармен қамтамасыз ету.
      1.1.11. Кеме иесінің кәсіпорындары мыналарды қамтамасыз етеді:
      а) кемелерді радио байланысы мен электр радио навигация аппаратураларын бірінші рет орнату мен монтаждау және ескірген жабдықтарды ауыстыру;
      б) навигация аралығында тұрған кемелердегі аппаратураларды кеме мамандарын шақыра отырып, бөлшектеу, жинау, сақтау және қайта құрастыру;
      в) навигация аралығында жөндеу жүргізу бекітілген кемелердегі радио байланысы мен электр радио навигация құралдары және магнит экомпастарының навигацияға әзірлігі;
      г) барлық кемелердің, олардың меншік нысанына қарамастан, олардың кәсіпорындарында тұрған кезінде радио байланысы мен электр радио навигация құралдары және магнит компастарын бақылау және қажетті жөндеулерді жүргізу;
      д) кемелерді радио байланысы мен электр радио навигация құралдары үшін ауысылым қосалқы бөлшек және шамдармен жабдықтау, олардың жұмсалуын бақылау; кемелерді ауысылым қосалқы бөлшек және шамдармен және өлшеу құралдарымен жабдықтаудың жылдық тапсырысын құрастыру;
      е) кеме радио байланысы мен электр радио навигация құралдары бойынша оқыту жөнінде қажетті жабдықтармен, оқу құралдарымен және оқу сыныптары мен оқу комбинаттарының сызбасымен жабдықтау;
      ж) тіркеу портында кәсіпорын радиомамандарының кемелерге шығу жолымен жабдықтарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету, тексеру және бақылау жүргізу;
      г) тіркеу портында жылма жыл антенна фидер қондырғылары және радиоаппаратура қоректену көздерін тексеру және кабельді және қоршау аралық қосуларды жөндеу.
      1.1.12. Аппаратура әрқашан таза, жарамды күйде ұсталуы қажет және әрқашанда іс-қимылға даяр тұруы тиіс, ол жабдықтарды дұрыс пайдалану, жүйелі техникалық қызмет көрсету, тексеру жолымен болады.
      1.1.13. Рейске шығар алдында жауапты тұлғалар радио байланысы мен электр радио навигация құралдары және магнит компастарының техникалық күйін тексеріп, капитанға баяндауы тиіс.
      1.1.14. Жүзу кезінде радио байланысы мен электр радио навигация құралдары істен шыққанда аппаратураның жұмысын қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы тиіс.
      1.1.15. Аппаратура жұмысында байқалған барлық кемшіліктер, қайсы бір себептермен жасалған өзгертулер, тексерулер, техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулер туралы вахта журналында, аппаратура формулярында және Кемелердегі электр радио навигация камералары мамандарының тапсырысы мен жұмысын есептеу журналына (С-16 нысаны) жазылады.
      1.1.16. Радио байланысы мен электр радио навигация құралдарының құрамы мен орналасуын өзгертуге байланысты жұмыстар ҚР Теңіз және Өзен Регистрімен келісілетін жобалар бойынша орындалады.
      Өзгерту құжаттарының бір данасы кемеде болуы тиіс.
      1.1.17. Радио байланысы мен электр радио навигация құралдарын қабылдау тапсыру кезінде аппаратураны істе, электр қоректену көздерін, монтажын, кеме антенналарын, техникалық құжаттары мен мүлік қорларын тексереді. Тексеру нәтижесі Байланыс және электр радио навигация жабдықтарын қабылдау тапсыру актісіне енгізіледі (С 17-нысан).
      1.1.18. Электр радио навигация құралдарының ұзақ уақыт үзілісінен кейін пайдалануға зауыт нұсқаулықтарымен көрсетілген құралдарды алдын ала даярлау және реттеу жұмыстарынан кейін ғана рұқсат етіледі.
      1.1.19. ҚР Су көлігі кемелерінде осы Ережелердің орындалуын бақылауды кеме иесінің радиомамандарымен және тәлімгер капитандармен жүзеге асырылады.
 
        1.2. Радио байланысы мен электр радио навигация құралдарына
         техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру (бақылау, тексеру)
 
      1.2.1. Радио байланысы мен электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету олардың әрдайым іс-қимылға және пайдалану кезінде мүлткісіз жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
      1.2.2. Аппаратураларға сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін барлық шараларды дер кезінде және толық жүргізу мақсатында жылдық техникалық қызмет көрсету, бақылау және тексеру кестелері жасалады.
      1.2.3. Аралас жүзу кемелерінде, соның ішінде шетелде, портта тұрған кезде электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету, бақылау және тексеру кеме меншіктілігіне қарамай, флот иесімен немесе капитанның тапсырысымен берілетін профилактикалық кестеге сәйкес жағадағы мамандармен жүргізіледі.
      1.2.4. Мыналар техникалық қызмет көрсету, бақылау және тексеру

мақсаты болып табылады:

     а) техникалық қызмет көрсету және жөндеудің талап етілген көлемі;

     б) аппаратураның тозу дәрежесі;

     в) әрбір аппарат түріне арналған техникалық талаптарға техникалық

пайдалану көрсеткіштерінің сәйкестігі.

     1.2.5. Аппаратураның техникалық қызмет көрсету, бақылау және тексеру

жүргізіледі:

     күнделікті - техникалық қызмет көрсетуге жауапты экипаж мүшелерімен;

     айына бір рет - техникалық қызмет көрсетуге жауапты экипаж

мүшелерімен немесе рейс арасындағы тұрақтарда кеме иесі радиомамандарымен.

     1.2.6. Техникалық қызмет көрсету, бақылау және тексеру нәтижелері

формулярларға жазылады.

     1.2.7. Аппаратураның сыртқы техникалық бақылауын жүргізу электр

қоректендіргіштер сөндірілген кезде жүргізіледі және мыналардың күйі мен

жарамдылығы тексеріледі:

     а) қорабтары мен есіктері;

     б) қақпақтары мен қоршаулары;

     в) каркастары;

     г) сырлаулары;

     д) бекітулері мен бәсеңдеткіштері;

     е) сыртқы штепсель ажыратқыштарының түйісулері;

     ж) сақтағыштары мен қорғау автоматтары;

     з) сыртқы сымдары;

     и) антенна қондырғылары мен фидерлері;

     к) щетоктары, щетоқұстағыштары және коллекторлары.

     1.2.8. Аппаратураның ішкі техникалық бақылауын жүргізу электр

қоректендіргіштер сөндірілген кезде жүргізіледі және номиналдардың санды

мәндері көрінетін белгілерге сәйкестігі тексеріледі:

     а) монтаж сымдары мен олардың бекіністері, пайкілердің механикалық

мықтылығы;

     б) бөлшектері, тораптары және қоршау сызбалары;

     в) түйісу беттері, штепсель және пышақ ажыратқыштарды;

     г) өздігінен бұраудан босауға қарсы құралдарды;

     д) ұялар мен шам экрандарының шам бекітулері;

     е) индуктивтік катушканың ұстау түйісулерін;

     ж) жгуттардағы изоляция мен қорғау шұлықтарын;

     з) түйісу беттерін, қосқыштар, жылжығыштар, реле топтары;

     и) реттеу органдарының тісті, топсалы, баулы, механикалық

жүргізгіштерін;

     к) сельсин берілістерін;

     л) реттеу жіберу құралдарының бочкелеріндегі майдың бар екендігін;

     м) сым емес кедергілерді;

     н) конденсаторларды, трансформаторларды (изоляция ағу массалары

бойынша);

     о) аппаратурадағы сақтағыштардың балқымалы тығынын (нұсқаулықтарда

көрсетілген номинал мәндері бойынша);

     п) қуат жинағыштардағы электролит деңгейі мен тығыздылығын;

     р) сұйық аспалы сезгіш элементі бар гирокомпастағы ұстап тұру

сұйығының мөлшері.

     1.2.9. Аппаратура қосылғанда техникалық бақылау жүргізу кезінде

мыналар тексеріледі:

     а) барлық өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің номиналды мәнге

сәйкестігін тексеру;

     б) аппаратура электр қоректенуінің номиналдық режимін орнату;

     в) аппаратурадағы бақылау құралдары бойынша барлық каскатты жартылай

өткізгіш құралдарының шамдарын бақылау;

     г) әрбір қуат жинақтағышты кернеуде және тұтас батареямен тексеру;

       д) аппаратура жұмысын телефон және телеграф режимінде радио байланысы жұмысын, антенна баламасына қою немесе штаттық антенналарды белгіленген жиіліктерге және қалқыма диапазонға қойып тексеру;
      е) радио байланысы мен электр радио навигация аппаратураларымен берілетін ақпараттар нәтижелерінің дұрыстығы мен талап етілетін дәлдігін тексеру;
      ж) апат берілістері дистанциялық қосылу қондырғылары мен дабылдар мен апат сигналдарын беру автобергіштерін тексеру;
      з) каюта қатты сөйлегіштері мен барлық хабар беру желілері бойынша қатты сөйлеу реттегіштерінің жұмысын тексеру.
      1.2.10. Электр қорегі сөндірілген кезде жүргізілетін техникалық қызмет көрсетуді орындауда мыналар жүргізіледі:
      а) аппаратураны шаңнан, ластан, қышқылданудан тазалау, қоршаудың сыртқы каркастарын тазалау, әйнектерді сүрту, монтаж және ішкі тораптар бөлшектерінен шаң сүрту, түйісулерді, қосқыштарды, релелерді, кескіштерді, қосу реостаттарын, антенна изоляторларын және енгізгіштерді тазалау, щетоктарды, щетоқұстағыштарды, коллекторларды және электр агрегаттары сақиналары, жаңартқыштар мен умформерлерді тазалау;
      б) аппаратураны техникалық бақылау және тексеру кезінде байқалған кемшіліктерді жою;
      в) осы Ережелермен және зауыт нұсқаулықтарымен көзделген пошипник майлауды ауыстыру, үйкелетін беттерді майлау, тозған бөлшектерді ауыстыру және басқа жұмыстар;
      г) қуат жинағыштарды тазалау, электролит құю, апаттық және басқа қуат қондырғыштарды зарядтау;
      д) шаң сорғыш арқылы статорларды үрлеу және электр машина жаңартқыш зәкірлерді.
      1.2.11. Техникалық қызмет көрсетуді тексерген соң аппаратураны жұмыста сынау және изоляция кедергісін тексеру қажет.
 
                      1.3. Техникалық құжаттамалар
 
      1.3.1. Радио байланысы мен электр радио навигация аппаратураларын пайдалану кезінде осыларға қызмет көрсететін тұлғалар мынадай жедел техникалық құжаттамаларды жүйелі жүргізіп, мұқият сақтауы қажет:
      а) орнатылған жабдықтардың формулярлары;
      б) кеме радиостансасының вахта журналы (С-9 нысан);
      в) радио операторлары бар кемелердегі кіріс хат хабарларды тіркеу

журналы (С-2 нысан);

     г) радио операторлары бар кемелердегі қызметтік кіріс хат хабарлары

экспедиторлық журналы;

     д) кемеде орнатылған радио байланысы мен электр радио навигация

аппартураларының паспорттары (С-13 нысан);

     е) ауа райын және бұрқасын болжамдарын қабылдау журналы (С-15

немесе СД-33);

     ж) радио байланысы мен электр радио навигация аппаратураларын

пайдалану туралы жасаушы зауыттың техникалық сипаттаулары мен

нұсқаулықтары.

     Ескерту: Барлық журналдар тігілуі және флот иесі - кәсіпорынның

мөрімен басылуы тиіс.

              1.3.2. Аппаратура формулярына мынадай мәліметтер енгізіледі:

     а) монтаж және қайта монтаж туралы;

     б) жүргізілген қызмет көрсетулер, тексерулер және бақылаулар туралы;

     в) кемшіліктер мен оны жою туралы;

     г) ағымдағы және орта жөндеу туралы;

     д) бөлшектер мен шамдарды ауыстыру туралы;

     е) бөлшектеу мен қайта құрастыру;

     ж) аппаратура жұмысы сағатының саны туралы.

     Кеме иесінің радио мамандары кемеге әрбір келгенінде жабдық

формулярына тиісті жазулар түсіреді.

       1.3.3. Ішкі жүзі кемелеріндегі радио байланысы аппаратураларын пайдалану үшін құжаттамалар тізбесі "ҚР ішкі су жолдарындағы радио байланысы ережелерінде" көрсетілген міндетті құжаттар сақталуы тиіс.
      Аралас жүзу кемелерінің теңізге шығу кезіндегі радио байланысы аппаратураларын пайдалану үшін құжаттамалар тізбесі "ҚР теңіз қозғалмалы қызметінің радио байланысы ережелерімен" анықталады.
      Электр радио навигация аппаратураларымен жабдықталған кемелер

бортында мынадай техникалық құжаттамалар сақталуы тиіс:

     а) қызмет көрсету персоналдарының біліктілігі туралы дипломдар немесе

куәліктер;

     б) аппаратураға техникалық қызмет көрсету сызбалары, сипаттаулары,

чертеждер, қондырма кестелері, нұсқаулықтар;

     в) лагті түзеу кестелері;

     г) магнит компастарының қалдық девиациялары мен радио

пеленгаторлардың радио девиацияларының қисық сызықтары мен кестелері;

     д) гирокомпас түзетулерінің журналы.

     Барлық кемелерде осы Ережелер сақталуы тиіс.

     1.3.4. Барлық құжаттардың сақталуына жауапкершілік капитанға жүктеледі

     1.3.5. Үш айда бір рет вахта журналы мен формулярлар кеме иесінің

өкілімен тексеріліп және қол қойылып тұрады.

     Кеме құжаттамаларын жүргізу туралы ескертулер вахта журналына

жазылады және келесі тексерулерде сол кемшіліктердің жойылғаны тексеріледі.

                 1.4. Пайдалануға қабылдау

     1.4.1. Кеме иелері мыналарды қамтамасыз етеді:

     а) пайдаланудағы кемелердің радио жабдықтарының жылма жыл

куәландырылуын;

     б) пайдаланудағы кемелердің радиолокациялық стансалары мен 

радиопеленгаторларының куәландырылуы;

       в) кемелерге радио байланысы мен электр радио навигация жабдықтарына куәландырылуы актін С-14 нысан бойынша жаңадан береді, егер радио жабдықтар құрамы мен оның техникалық күйі ҚР Теңіз және Өзен Регистрінің Ережелеріне сәйкес болса;
      г) кемелерге радио байланысы мен электр радио навигация жабдықтарына алғашқы куәландыру актін С-14 нысан бойынша жаңадан салынған және модернизацияланған кемелерге, егер осы кемелер ҚР Теңіз және Өзен Регистрінің (бұдан әрі ҚР Регистрі) инспекторларымен куәландырылған соң береді.
      Кеме радиостансасы өзінің техникалық күйі мен күтіп ұсталуы бойынша кеме пайдалануда болғанда апат және дабыл сигналдарын беруді қамтамасыз ете алмағанда С-14 нысан берілмейді.
      1.4.2. УҚТ радиостансасымен жабдықталған кемелерде С-14 нысанмен акті беру екі жылда бір рет жүргізіледі.
      1.4.3. Радио байланысы мен электр радио навигация жабдықтарына куәландырылу актін беру актінің соңғы бағанында көрсетіледі.
      1.4.4. Аппаратураны пайдалануға тапсырған кезде кеме жөндеу кәсіпорынның немесе байланыс және радио навигация торабының аппаратураны орнатқан, монтаждаған, және іске қосқан мамандары сынақ нәтижесі мәліметтерімен, реттеу тапсыру жұмыстарын орындау кезінде аппаратура жұмысы сағатының саны көрсетілген формулярды толтыруға міндетті.
      1.4.5. Аппаратураны пайдалануға қабылдау кеме радио байланысы мен электр радио навигация жабдықтарын пайдалануға қабылдау техникалық актісімен ресімделеді (С-18).
      1.4.6. Реттеу тапсыру жұмыстарын орындау кезінде кеме кешенінің жұмсалған қосалқы бөлшектер, шамдар және МҚ кеме кешенінен т.б. аппаратураны пайдалануға тапсыру кезінде реттеу тапсыру жұмыстарын орындау кезінде толықтырылуы тиіс.
      1.4.7. Кеме радиостансаларын пайдалану құқығына тұрақты рұқсатты ресімдеу "Радио электрон құралдары мен ЖЖ қондырғыларын сатып алуға, құруға (орнатуға) және пайдалануға рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықтарына сәйкес орындалады.
 
                 1.5. Радио байланысы және электр радио
                        навигация құралдарын жөндеу
 
      1.5.1. Навигация аралық жөндеулерді жоспарлау кеме иесі радио байланысы және электр радио навигация жөндеу кәсіпорындарымен мынадай негізде жүзеге асырылады:
      а) техникалық күйінің есебі мен бұрын орындалған жөндеу жұмыстарының есебі;
      б) техникалық бақылау мен тексеру;
      в) радио байланысы және электр радио навигация құралдарының пайдаланылу жұмысын есептеу.
      1.5.2. Навигация аралық жөндеулерде аппаратураның барлық кемшіліктері жойылады, оның пайдалану техникалық көрсеткіштері толық қалпына келтіріледі, оны пайдаланудың техникалық сенімділігі қамтамасыз етіледі.
      1.5.3. Аппаратураның техникалық күйіне, оны пайдалану мерзіміне, жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты мынадай жөндеу түрлері белгіленеді: ағымдағы және орта.
      1.5.4. Күнделікті жөндеуге жауапты элементтерді ағытпауға (аппаратураны қабынан алуға және істен шыққан бөлшектерді ауыстыруға рұқсат етіледі) байланысты кемшіліктерді жою жұмыстары жатады.
      1.5.5. Орта жөндеуге аппаратура мен жекелеген бөлшектерін ағытуға, бірнеше тораптар немесе қоршауларды жөндеуге, істен шыққан бөлшектерді ауыстыруға, монтаж жарымы мен электр көрсеткіштерін қалпына келтіруге, трансформатор, дроссельдер және тербеліс контурларын орауға, қондырма органдарының механикалық жөндеуіне байланысты кемшіліктерді жою жұмыстары жатады. Орта жөндеуде 4-5 жылда бір рет болатын, жасаушы зауытпен орындалатын базалық жөндеуді кеңінен пайдалану, бүлінген немесе тозған тораптарды толығынан ауыстыру қажет.
      1.5.6. Ағымдағы және орта жөндеулер кеме жөндеудің қысқы кезеңінде жүргізіледі.
      1.5.7. Аппаратура ескірген үлгілерге жатқызылғанда және оның жөндеуі жөндеуге тапсырылған құнының 50% артық болғанда, жөндеу жүргізілмейді, ал аппаратура шығарып тасталады.
      1.5.8. Жөндеу санаттарына қарамастан аппаратураның техникалық көрсеткіштері олардың номиналдық мәніне сәйкес болуы тиіс.
      1.5.9. Аппаратураның және оның бөлшектерінің техникалық көрсеткіштерін тексеру, кемшіліктерді іздеу және жою, агрегаттық және қоршаулық жөндеу әдісінде бөлшектерді алмастыру әрбір аппарат үшін жөндеу жағдайлары ескеріле отырып, әзірленетін технологияға сәйкес жүргізіледі.
      1.5.10. Аппаратураны жөндеуге тапсыратын кеме сонымен бірге аппаратура формулярын тапсыруға міндетті.
      1.5.11. Кемені жөндеуге қойғанша, дер кезінде кемелік қызмет көрсету персоналы және кеме иесінің радио механиктері жөндеу кезінде жойылуы тиіс барлық кемшіліктерді көрсете отырып жөндеу ведомосын құрастырады.
      1.5.12. Жөндеу ведомосы сынақтар нәтижесі және пайдалану журналдары мен формулярлардағы кемшіліктер туралы жазулар, инспекторлық тексеру және қызмет көрсету персоналдарының жеке ескертулерінің негізінде құрастырылады.
      1.5.13. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарын қоректендіру көздерін жөндеу, сондай-ақ оларға сыртқы сым жүргізу кеме иесі электр цехына жүктеледі. Кемелерге қоректендіру көзін орнатқан кезде кеме иесінің радио мамандары қабылдауы тиіс.
      1.5.14. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кеме мамандарының біліктілігін көтеру үшін кеме жөндеу кәсіпорындарымен олар жөндеу және монтаждау іске қосу жұмыстарына қатыстырылады.
      1.5.15. Кеме иесі кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары біткен соң байланыс және радио навигация тораптарының мамандарының қатысуымен стендіде реттеу тапсыру жұмыстарының толық кешені орындалады.
      1.5.16. Флотты пайдалану әзірлігіне тапсырған кезде кемеге жаңадан орнатылған аппаратураға реттеу тапсыру жұмыстарына сәйкес көлемде бекіту және жүріс сынақтары орындалады. Сынақ кезінде аппаратураны қоректендіру көздері жұмыс күйінде болады.
      1.5.17. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарының бекіту және жүріс сынақтары "ҚР өзен флоты кемелерін жөндеу ережелеріне" сәйкес орындалады.
      1.5.18. Жөндеуден кейін радио байланысы және электр радио навигация құралдарын қабылдау флот иесі өкілдерімен және капитанмен жүргізіледі.
      Мұнай құю кемелерінде жабдықтарда қабылдау кезінде өрт бақылау инспекциясының өкілдері қатысады.
      1.5.19. Жұмыстарды қабылдау кезінде ҚР Регистрінің Ережелерін басшылыққа алу тиіс.
 
                1.6. Бөлшектеп сақтау және қайта жинау
 
      1.6.1. Кемені бір айдан артық мерзімге тұруға немесе жөндеуге қойған кезде барлық радио байланысы және электр радио навигация жабдықтарын "ҚР өзен флоты кемелерін жөндеу ережелеріне" сәйкес ұзақ сақтауға (бөлшектеп сақтауға) қойылады.
      1.6.2. Бөлшектеп сақтауға жауапты кемеде радио байланысы және электр радио навигация құралдарына қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мен радио шеберхана кәсіпорындарының өкілдері болып табылады.
      1.6.3. Бөлшектеп сақтау алдында барлық радио байланысы және электр радио навигация құралдары нақты істе тексеріледі. Бөлшектеп сақтауға жарамды және толық жинақталған жабдық жатады. Аппаратураның жарамсыз, бүлінген бөлшектері жөндеуге тапсырылуы немесе алмастырылуы тиіс.
      1.6.4. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын бөлшектеп сақтауға даярлау кезінде: кнопкаларды, қолдарын, серіппелерін және т.б. босату және ноль жағдайына келтіру; барлық тораптары мен қоршауларын мұқият тексеру; бөлшектер мен тораптардың тотықтану іздерін, механикалық зақымдануын жою; зақымданған сырланған жерлерді сырлау.
      1.6.5. Өнеркәсіптен сырланбай шыққан заттарды бөлшектеп сақтау мақсатында сырлауға тыйым салынады.
      1.6.6. Аппаратураны бөлшектеп сақтау алдында мұқият кептіру, ол үшін барлық термостаттар мен желдеткіштерін қосу.
      1.6.7. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын бөлшектеп сақтау кезінде кеме жөндеу зауыттарының радио шеберхана мамандары аппаратураның техникалық қызмет көрсетілуі жүктелген кеме экипажы мүшелерімен бірлесе отырып, мынадай шараларды орындауға міндетті:
      а) аппаратураның алынатын блоктарынан блок аралық монтаж кабельдерінің шеттерін сөндіру және изоляциялау;
      б) сақтағыштар мен шамдарды құралдардан алу шамсынақта шамдарды тексеру және оларды сақтау үшін жәшіктерге салу;
      в) кемеден жөндеуге жататын барлық радио байланысы және электр радио навигация құралдарын алу және кеме иесінің жөндеу цехына жеткізу;
      г) кемеден сақтау температурасы және ылғалдылыққа шектеулері бар токтан ажыратылған радио байланысы және электр радио навигация құралдарын алу және кеме иесінің арнайы жабдықталған температурасы 10-30 градус жылытылатын жайына сақтауға жеткізу;
      д) щеткіұстағыштардан щеткілерді алу, коллекторларды, түйісу сақиналарын және барлық жаңартқыштардың түйісу жалғауларын сүрту, оларға жұқа техникалық вазелин жағу және таза қағазбен жабу;
      е) шаңнан, ластан, ескі майдан тазалау, қалам, шаңсорғыш, наждак қағазы және уайт-спиритке батырылған марлідегі пемзі порошогі арқылы тотықтану іздерін жою, сыртқы сырланбаған темір бөліктері мен тораптарына сақтау майын ОКБ-122-7 қалың жағу және қағазбен орау. Аппаратура сүртуге уайтспиритті аз мөлшерде аузы тығыз жабылған ыдыспен әкелу қажет;
      ж) аппаратураның жекелеген элементтеріне қорғағыш лаксырлау жабуларын және май жағу.
      1.6.8. Аппаратураны бөлшектеп сақтау кезінде тиісті майлармен мынадай бөліктері мен бөлшектері өңдеуге жатады:
      а) жабу қабаттары жоқ және бар (никелденген, хромдалған, мырышталған) барлық болат бөлшектер, сондай-ақ воронды және кадмийленген бөлшектер;
      б) аппаратураның сыртқы сырланбаған бөліктері, болт, бұранда бастары, блок қолдары, темір басқару қолдар мен тежегіштер, құралдардың, сигнал шамдарының, шильдиктердің жиектелуі және лаксырлау жабусыз жазбалар;
      в) сырғымалы жылжыту блоктарының, остердің, шестерналардың, втулкалардың бағыттағыштары және лаксырлау жабулары жоқ жүргізгіштер, шаң фильтрлері.
      1.6.9. Барлық жағдайларда мыналарға май жағуға болмайды:
      а) гальваникалық метал қабаттары бар (никелдеу, хромдау және т.б.) латун және мыс бөлшектер;
      б) май жағуы құжаттамаларда айтылмаған аппаратура бөлшектері;
      в) пластмассадан, резинадан, эбониттен, ағаштан және текстолиттен әзірленген бөлшектер;
      г) қорғағыш лаксырлау қабаттары бар бөлшектер, тораптар мен аппаратура блоктары;
      д) электр түйісулері мен жалғаулары, оларға май тиген жағдайда аппаратураның жұмыс істеу қабілеті бұзылады.
      1.6.10. Аппаратураны бөлшектеп сақтау кезінде май жағу қыл қалам немесе жұмсақ шүберекпен былай жасалады бөлшектің тазаланған бетіне жұқа май қабаты жағылады, сосын май сүртіледі және сонан соң бөлшекке екінші рет май жағылады; бұл жағдайда бөлшек бетінде май қиқымдары қалмау керек, май тегіс, әрі жұқа жағылуы тиіс.
      1.6.11. Аппаратураны бөлшектеп кезінде мүмкін болатын жердің барлығында түйісулерді, қосқыштарды, әртүрлі релелерді парафин қағазымен орау және аппаратураның монтаж сызбасын бүлдірмей жіппен абайлап байлау қажет.
      1.6.12. Аппаратураның кабель шеттері мен алынатын блоктары маркирленеді, парафин қағазымен оралады, сонан соң натуралды резина жібімен оралады. Кабель шетіне полихлорвинил үлдірінен қораб кигізіледі.
      1.6.13. Кемеден алынатын аппаратура блоктары температурасы 10-30 градус құрғақ, ылғалдығы 46-70% жайларда сақталуы тиіс.
      1.6.14. Аппаратураны бөлшектеп сақтаумен бірге мүлік қорлары бөлшектеп сақтауға бақыланады және толықтырылады.
      ҚМҚ жәшіктерін түйіскен жерлерінде шпаклевка жағу және парафин қағазымен желімдеуі тиіс, ал жәшік ішіне ылғал тартқыш қапшықтар салу қажет.
      1.6.15. Аппаратураны бөлшектеп сақтау кеме капитанымен және зауыт өкілімен қол қойылатын актімен ресімделеді. Актіге кемедегі жарамды аппаратуралар таңбаланған блоктар, сондай-ақ зауыт цехына сақтауға және жөндеуге қабылданған аппаратуралар жазылады.
      1.6.16. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын бөлшектеп сақтауға қою уақыты және бөлшектеп сақтаудан алу уақыты туралы кеме иесі кәсіпорындарындағы радио байланысы және электр радио навигация құралдары бойынша жұмыс есебі журналдары мен формулярларда белгі соғылады.
      1.6.17. Бөлшектеп сақтаудағы аппаратураның сақталуын бақылау мерзімді тексеру арқылы жүзеге асырылады.
      1.6.18. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын бөлшектеп сақтауға радио шеберхана кәсіпорындарының мамандары жауапты болып табылады.
      Радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларын қайта жинауда қабылдау жұмыстарын регистр қабылдаулары жүктелген электр радио навигация камерасы немесе байланыс цехының (учаскенің) өкілдері қабылдайды.
      1.6.19. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын қайта жинау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      а) жабдықтардан қорабтарын алу;
      б) шаң, ласты, сақтау майларын тазарту, органдарды іске қосу остерін айналдырып олардан майларды байқап сүрту;
      в) пайдалану майларын жағу;
      г) парафин қағаздарын алу және түйіскіштерді, қосқыштар мен релелерді, фишкелерді, электр машина жаңартқыштарының коллекторларын спиртпен сүрту;
      д) монтажды, изоляция кедергілерін және сымдарды тексеру;
      е) блоктар және каскадтар изоляциясының кедергісін кедергі картасы бойынша тексеру;
      ж) қажет болған жағдайда табиғи кебу немесе құрғақ ауамен кептіру әдісін қолданып, изоляциялау;
      з) сақтағыштар, шамдар, щетоктар орнату;
      и) аппаратураның блоктары мен тораптарының электр және механикалық жалғауларын құжаттарға сәйкес жүргізу; бұл жағдайда операция кезегін қатаң сақтау, қоректену қосу сымдарының полярлығын сақтау;
      к) аппаратура мен агрегатты қосу алдында оларды нұсқаулықтарға және сипаттауларға сәйкес кептіру;
      л) аппаратураны жұмысқа қосу алдында оны қосылған кернеу қызуы арқылы қыздыру;
      м) "Алғашқы қосу" бөлімі бойынша зауыт нұсқаулықтарына сәйкес аппаратураны қосу, қалыпты кернеумен аппаратура жұмысын тексеру;
      н) ҚҚМ жәшіктерінен ылғал тартқыш қапшықтарды алып тастау.
 
                          1.7. Қосалқы мүліктер (ҚҚМ)
 
      1.7.1. Кеменің барлық радио байланысы және электр радио навигация құралдарында ҚР Регистрінің талаптарына сәйкес толық комплект қосалқы бөлшектері, деталдар және радиошамдар болуы тиіс.
      1.7.2. Рейд кемелерінің радио байланысы және электр радио навигация құралдары кемеде емес, базалық радио шеберханасында сақталуы тиіс.
      1.7.3. Қосалқы бөлшектер жасаушы зауытпен жабдықталған жәшіктерде сақталуы тиіс. Әрбір детальда тізімдемеге сәйкес өзінің орны болуы тиіс.
      1.7.4. Қосалқы бөлшектер салынған жәшіктерді былай орналастыру тиіс, ең қажетті деталдар аппаратураға жақын болуы, әрі қызмет көрсететін персоналдарға кедергі болмауы тиіс.
      1.7.5. Қосалқы бөлшектердің екінші кезегі арнайы бөлінген қоймаларда сақталуы тиіс.
      1.7.6. Аппаратураға қызмет көрсететін персонал әрбір жөндеу базасына келген сайын ҚҚМ бар екендігі мен күйін тексеруі және жетіспеген деталдар мен материалдарды толықтырып отыруы тиіс.
      1.7.7. Аппаратура кемшіліктерін жойған кезде қосалқы бөлшектердің пайдаланылғаны және оның толықтырылғаны туралы мәліметтер ҚҚМ ведомостарында және аппаратура формулярында белгіленуі тиіс.
      1.7.8. Кеме иесі кәсіпорындарының мамандары жыл сайын қысқы кезеңде

ҚҚМ болатын радио шамдар мен жартылай өткізгіш құралдардың жұмыс

жарамдылығын тексеруі тиіс.

     Тексеруді шам сынау құралдарымен және жартылай өткізгіш құралдарымен

жүргізеді. Тексеру нәтижелері аппаратура формулярында, ал параметрлері мен

сынау күні шам упаковкасында жазылуы тиіс. Жарамсыз детальдар алмастырылуы

тиіс.

     1.7.9. ҚҚМ жәшігінде жарамсыз деталдар мен шамдарды сақтауға тыйым

салынады.

                 1.8. Радио байланысы және электр радио навигация    

                       құралдарын бөлшектеу және шығынға жазу

     1.8.1 Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын

бөлшектеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

     а) тозған кезде аппаратураны шығынға жазу немесе оны жетілдірілген

түріне алмастыру;

     б) кемені күрделі жөндеу немесе оны қайта жабдықтау;

     в) кемені жою.

       1.8.2. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарын бөлшектеу формулярды толтыру арқылы жинақты жүргізілуі тиіс.
      1.8.3. Кеме радио байланысы және электр радио навигация жабдықтары баланстан мынадай жағдайда шығынға жазылуы мүмкін:
      а) аппаратураның тозуына немесе бүлінуіне (сынуына) байланысты жабдықтың негізгі деталдары жарамсыз болса, оны қалпына келтіру үшін қосалқы бөлшектер болмаса немесе қалпына келтіру пайдасыз болғанда;
      б) егер жабдық моралды ескірген және оны жетілдіру экономикалық тиімсіз болғанда (1.5.8. тармақты қара).
      1.8.4. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын әрі қарай пайдалануға жарамсыздығы және баланстан оны шығынға жазу туралы шешімді кеме иесінің - кәсіпорынның басшысымен тағайындалатын арнайы комиссия шешеді.
      1.8.5. Комиссия тозудың сипаты мен мөлшерін анықтау үшін аппаратура формулярымен танысады, мұқият тексереді және қажетті өлшеулер жасайды.
      1.8.6. Комиссия шығынға жазылатын жабдықтарды анықтайды, жабдықтың пайдалануға жарамды деталдары мен тораптарын айқындайды және негізгі құралдарды жою туралы акті құрастырады.
      1.8.7. Аппаратураның бүлініп, бөлшектену нәтижесінде істен шыққанда сынулар, сақтау жағдайы болмаған себептері актіде белгіленеді.
      1.8.8. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын шығынға жазу жөніндегі комиссияның актісі кеме иесінің қорытынды жасауына беріледі.
      1.8.9. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарын шығынға жазу ҚР КжКМ Мемлекеттік электр байланысы инспекциясының келісімімен жүргізіледі және радиостансаны жабу актісімен ресімделеді. Актінің бір данасы облыстық МЭИ жіберіледі.
      1.8.10. Жабдықты шығынға жазу туралы рұқсат алған соң бөлшектеу, босату, жарамды деталдарын таңдай және металлоломға тапсыру жұмыстары жүргізіледі.
 
                1.9. Радио байланысы және электр радио навигация
                аппаратураларына техникалық қызмет көрсету туралы
                                 жалпы ережелер
 
      1.9.1. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарына қызмет көрсету жасаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
      1.9.2. Пайдаланылатын аппаратураның барлық электр сипаттамалары және жұмыс режимдері техникалық шарттарға және аппаратураны пайдалануға қабылдаудағы сынақтар нәтижесіне сәйкес болуы тиіс.
      1.9.3. Күнделікті вахта қабылдау кезінде аппаратураның жарамдылығы мен жұмыс қабілеттілігін тексеру қажет.
      1.9.4. Аппаратураны қосу алдында басқару қолының жағдайын тексеру қажет, ол бастапқы нөл жағдайында болуы тиіс.
      1.9.5. Аппаратураны қосу кезінде накалы мен аноды бір мезгілде қосылмаса, онда накал кернеуін қосу қажет сосын жәйлап анод кернеуін өзінің номиналды мәніне жеткенше қосу қажет. Аппаратураны тоқтатқан кезде ажырату керісінше жүргізіледі.
      1.9.6. Аппаратура әрқашанда таза болуы тиіс. Шаңы сүрту токтан ажыратылған кезде жұмсақ шүберекпен немесе щеткамен, ал қиын жерлерде шаңсорғыш арқылы жүргізіледі. Қорабтары жоқ дросселдер, трансформаторлар және басқа деталдар жұмсақ щеткамен сүртуге болады. Реленің жанған түйісулерін этил спиртіне батырылған шүберекпен сүртуге болады. Тазаланған соң барлық металл шаңдары сүртіледі, өйткені электр тізбегінің сынуы мен тұйықтануына әкеледі.
      1.9.7. Радио аппаратураның ішін тексергенде және тазалағанда конденсаторлардың остерін, индуктивті катушканың магниттік өзегін, кварц конденсаторларды, бұрауға, нысандарын өзгертуге немесе каркассыз индуктивтік катушканың оралымдары ауыстыруға тыйым салынады.
      1.9.8. Аппаратураның метал бөліктерінде тотықтануды болдырмау қажет. Бүлінген сырлар мен лактер жедел қалпына келтірілуі тиіс. Аппаратура панелінің сырты, сондай-ақ каркасы тотығудан сақтау үшін жұқа вазелин қабатымен сүртілуі тиіс.
      1.9.9. Аппаратураға ылғал түскенде немесе тершігінде ылғалды жедел жою қажет, аппаратура блоктарын мұқият сүртіп, кептіру қажет, корпусқа қатысты изоляциясын тексеру қажет.
      1.9.10. Аппаратура әрқашан берік бекітілуі және бәсеңдетілуі тиіс. Пайдалану кезінде мұқият аппаратураның бүкіл бәсеңдеткіштерін, кварцтерін, генератор шамдарын және т.б. тексеру қажет, босаған бәсеңдеткіштерді тарту және жарамсызын алмастыру қажет.
      1.9.11. Аппаратураның механикалық бүлінулері қысқа мерзімде жедел жойылуы тиіс. Барлық қақпақтары, штепсель колодкалары, жоғары жиілік ажыратқыштары, есіктері және т.б. жақсы ораулы бекітулі болуы тиіс. Барлық түйісу жалғаулары қышқылдан тазартылуы және мықтап бекітілуі, ал гайкалары мен бұрандалары, аппаратураның бекіту тораптары мен блоктары мұқият тартулы болуы тиіс. Тумблерді бекітетін гайкаларға баса назар аударылуы тиіс. Сынған немесе жарылған изоляциялары, шам панелдері, платтары алмастырылуға жатады. Барлық кескіштердің аяқтары түйісулерге аса күш салмай енуі тиіс. Жан ған түйісулер алмастырылуға жатады, ал түйісу беттеріне кесу беттеріне тақаулы болуы тиіс.
      1.9.12. Кабель мен сым шеттерінде кабель жебе ұштары болуы, ал жұқа кабельдерде - балқытылған және көмкерілген болуы тиіс. Аппаратураның барлық сымдары жақсылап бекітілуі тиіс. Кабель немесе сымның барлық механикалық бүлінулері жедел жойылуы, бүлінген жерлері мұқият изоляциялануы тиіс.
      1.9.13. Жоғарғы және төмен тізбек сақтағыштарын сәйкес емес номиналдарға немесе номиналы келсе де басқа түрлерге алмастыруға тыйым салынады.
      1.9.14. Пайдалану кезінде ай сайын радио шам және жартылай өткізгіш құралдарының жұмыс режимін зауыт нұсқаулықтарындағы пайдалану жөніндегі кестелерге сәйкес тексеру қажет. Токтың номиналдан өзгешелігі болған кезде кемшіліктер жойылуы тиіс. Баса назар радио шамдардың номиналдық кернеу қызуын ұстауға аударылуы тиіс, өйткені олар артық қызған кезде тез істен шығады. Шамдар ток ажыратылған кезде ғана алмастырылады.
      1.9.15. Аппаратураның өлшеу құралдарын әрдайым тексеріп отыру қажет. Кеме жағдайында оларды жөндеуге болмайды, оларды жөндеу үшін байланыс торабының және радио навигация немесе кеме жөндеу кәсіпорындарының шеберханаларына немесе басқа ведомостволардың лабораторияларына тапсыру қажет.
      1.9.16. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларының өлшеу құралдарының барлық металл корпустарында жерге қосу шиналы жалғаулары болуы тиіс. Өлшеу құралының корпусқа изоляция кедергісі кемінде 1 МОм төмен кернеу құралдарына және 5 МОм жоғары кернеу құралдарына болуы тиіс.
      1.9.17. Қышқыл қосылған балқыма жасауға қатаң тыйым салынады.
 
                1.10. Электр вакуумды, газ толтырылған және жартылай
               өткізгіш құралдарының электрмен қоректендіру көздеріне
                         техникалық қызмет көрсету туралы
                                 жалпы ережелер
 
      1.10.1. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларын қоректендіру үшін кеме электрмен қоректендіру (қуат жинақтағыш және электр машина жаңартқыш) көздеріне техникалық қызмет көрсету кеме иесі кәсіпорындарының электр цехтарына және жағадағы өндіріс учаскелеріне (ЖӨУ) жүктеледі.
      1.10.2. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларын электрмен қоректендіру көздеріне навигация кезінде техникалық қызмет көрсету кеме электр механигіне (электр жабдығы жөніндегі механик көмекшісіне), ал ол жоқ кезде электр жабдығына қызмет көрсететін экипаж мүшесіне жүктеледі.
      1.10.3. Кеме рейсі кезінде апаттық радиостансаны қоректендіретін қуат жинақтағыштарға техникалық қызмет көрсету кеме радио операторына (радиостанса бастығына) жүктеледі.
      1.10.4. Радио операторға (радиостанса бастығына) немесе радио байланысы құралдарына техникалық қызмет көрсететін экипаж мүшесіне апаттық қабылдау тапсыру радиоаппаратурасын қоректендіретін қуат жинақтағыштарға ғана қызмет көрсету жүктеледі.
      1.10.5. Радио аппаратураның сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін персонал мұқият таңдауы, мерзімді, бірақ жылына бір реттен сиретпей тексеруі және дер кезінде вакуумдық, газ толтырылған және жартылай өткізгіш құралдарын алмастыруы тиіс.
      1.10.6. Апаттық аппаратураларға алдын ала сынақтан өткен және 100-150 сағ. жұмыс жасаған шамдар орнатылуы тиіс. Жұмыс кезінде шамның кепілдік мерзімі өтсе, оның істен шыққанын күтпей оны ауыстыру қажет.
      1.10.7. Аппаратураға қондырылатын газотрондар мен тиратрондар алдын ала жаттығудан - нормалды кернеу қызуымен 1 сағ. бойы өткізілуі тиіс.
      1.10.8. Газотрондарды жұмысқа әрбір қосқан сайын әуелі кернеу қыздыруын қосып оларды қыздыру қажет. Қыздыру уақыты (жоғары кернеуді қосқанға дейін) паспортта көрсетілгеннен кем болмауы тиіс. Жоғары кернеуді қосу оның жарты мәнін қосып, жәйімен басталуы тиіс. Газотронды сөндірген кезде әуелі жоғары кернеуді, сонан соң қыздыру кернеуін сөндіру қажет.
      1.10.9. Газотрондар тігінен, қараңғы жерде сақталуы тиіс. Барлық жағдайда да газотронды анодымен төмен қаратуға болмайды. Газотронның катодын айына бір рет қыздырудың нормалды тогымен қыздыру қажет.
      1.10.10. Жартылай өткізгіш құралдармен жұмыс жасаған кезде олардың балқытуы кезінде қызып кетуінен сақтану қажет.
      1.10.11. Жазық диодтармен жұмыс жасаған кезде жоғарғы жапырағы июге қатаң тыйым салынады.
      1.10.12. Селен бақандарымен жұмыс жасаған кезде оларды істен шығаруы немесе электр көрсеткіштерін төмендетуі мүмкін механикалық бүлінуінен, элементтер бетінің майысуынан, балқу бетінің терең тырналуынан сақтану қажет.
      1.10.13. Селен бақандарының жекелеген элементтері істен шыққан кезде бүкіл бақан алмастырылады, өйткені бақанды бөлшектеу және жекелеген элементтерін ауыстыру тек апат жағдайында ғана және ҚҚМ осындай бақан болмаған кезде ғана рұқсат етіледі.
      1.10.14. Алты ай бойы жұмыс істемеген селен бақандарын пайдалануға жіберу алдында қалыпқа келтіру үшін әуелі номиналдық мәнінің жартысына 10 минут өзгермелі кернеуге қосу, сонан соң номиналды кернеуге 2 сағатқа қосу қажет.
 
                2. Радио байланысы құралдарын техникалық пайдалану
 
                     2.1. Пайдалану қабылдау тапсыру аппаратурасы
 
      2.1.1. Руль рубкасының сыртында орналасқан және кеме жүргізу құрамымен қызмет көрсетілетін радио телефон қабылдау тапсыру аппаратурасын техникалық пайдалану процесінде руль рубкасының ішіндегі радиостансаны дистанциялық басқару жабдығына баса назар аудару қажет. Руль рубкасынан радиостансаның қосу, реттеу, хабарлау, қабылдау және тоқтату кезіндегі жұмысын жүйелі тексеру қажет.
      2.1.2. Кемеде арнайы апаттық радиостанса болмаған кезде оның міндетін атқаратын пайдалану апаттық қабылдау тапсыру аппаратурасына қызмет көрсету апат радиостансасын пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда апаттық қуат жинағыш батареяның күйіне жүйелі бақылау қажет. Әрбір тексерген сайын батарея заряды толығына жету қажет.
      Ескерту радиостансада апат батареялары есебінде жалпы кемелік қуат жинағыш батареясы пайдаланылған кезде су асты қанаттары бар кемелерде батарея күйі Кеме қуат жинағыштарын пайдалану және жөндеу жетекшілігіне сәйкес тексеру жүргізіледі.
      2.1.3. Жасаушы зауыттың кепілдік мерзімі біткенше аппаратура таңбасын ашуға тыйым салынады.
      Бақылау, тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу аяқталған соң реттеу қолдары мықтап бекітіледі және радиостанса таңбаланады.
 
                            Таратқыш-бергіштер
 
      2.1.4. Әрбір бергіште пайдалануға тапсырағн кезде белгіленген жұмыс режимінің кестесі және берілген жиіліктердің барлық каскадына келтіру кестесі болуы тиіс.
      2.1.5. Пайдалану кезінде бергіш корпусы мен түзеткіштің жерге қосылуын мерзімді мұқият тексеру қажет.
      2.1.6. Бергіш блоктары өздерінің бөліктеріне қойылып құлыппен мықтап бекітілуі тиіс.
      2.1.7. Пайдалану кезінде кез келген рұқсат етілген жиілік диапазонына, соның ішінде барлық белгіленген жиіліктерге бергіштің келтіру мүмкіндігін тексеру қажет.
      2.1.8. Бергіште қосу мен сөндіру жасаушы зауыт нұсқауына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      2.1.9. Бергішті келтіру мен реттеу тек төмен анодтық кернеуде жүргізіледі.
      2.1.10. Бергішті келтіру және қайта келтіру кезінде құралдар бойынша ток пен кернеуді тұрақты бақылау және генератор және модулятор шамының қызып кетуін болдырмау қажет.
      2.1.11. Жөндеуге, түсіру, көтеруге және басқа себептерге байланысты антеннаның көрсеткішін әрбір өзгерткен сайын антенна контурын соған келтіріп отыру қажет.
      2.1.12. Бергіш қалыпты жұмыс істеу үшін желдеткіш қажет болса, күштеу желдеткішінсіз жұмыс жасауға тыйым салынады.
      Желдеткіш жоқ болған кезде бергіш жасаушы зауыт нұсқауында көрсетілген мерзімге ғана жұмыс істей алады.
      2.1.13. Зауыт нұсқауында көрсетілген мерзімнен артық бергішпен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
      Бергіштің үздіксіз жұмыс жасағаны кезінде оның негізгі деталдарының, сондай электрмен қоректендіру көздерінің қызып кетуін бақылау қажет. Бергіштің ішкі деталдары ток сөндірілген кезде тексеріледі.
      2.1.14. Бергіштің ұзақ жұмыс жасамағаны кезінде пайдалану алдында жайдың температурасын 20 градусқа жеткізіп қыздыруды қосып аппаратураны жақсылап кептіру қажет. Бірінші 2-4 сағ. бергіштің төменгі қуатымен жұмыс жасау қажет.
      2.1.15. Бергіштің форсирленген жұмыс режиміне тыйым салынады, тек апат жағдайында ғана рұқсат етіледі.
      2.1.16. Бергіштің ретсіз ток шығармауы және сынбауы үшін оның деталдарын ластанудан қорғап отыру қажет, мерзімді түрде оның шаңнан сақтау фильтрлерін сүртіп, кептіріп және минерал майын жағу қажет.
      2.1.17. Профилактикалық жұмыстар кезінде күміс түйісулерді тазалау жұмсақ шүберекпен немесе спиртке батырылған замшпен сүртіледі. Түйісулерді аралау арқылы тазалауға қатаң тыйым салынады. Вариометрлердің сырғымалы түйісу қосқыштарының еріндері мен аяқтарындағы ыстар мен ласты тазалау спиртке батырылған таза шүберекпен жасалады.
      2.1.18. Бергіштің жиілік тұрақтылығы айына бір рет, ал шкала гардуирленуін жылына бір рет тексеріледі.
 
                         Қабылдағыштар
 
      2.1.19. Қабылдағыш пен қораб аралығында саңылау болмайтындай етіп қабылдағышты қораб панеліне мықтап бұрандау қажет.
      Қабылдағышты қорабтан шығару мүмкін болатын соқтығу шараларын сақтай отырып жүргізілу қажет.
      2.1.20. Қабылдау қондырғысындағы кабель фишкелерінің жалғауларының мықтылығы мерзімді тексерілуі қажет.
      2.1.21. Қабылдағышты қосқан соң қызу және анод кернеулерінің номиналды мәніне жалғануын тексеру қажет.
      2.1.22. Пайдалану кезінде қабылдағыштың белгіленген келтіргішімен дистанциялық басқаруын жүйелі тексеру қажет. Бұл жағдайда қайта келтірудің басқа белгіленген жиілік уақытының тұрақтылығы тексеріледі.
      2.1.23. Қабылдағыштың зауыттық сызбасында салынған кіру тізбегінде бергіштің дуплекс немесе жартылай дуплекс, сондай-ақ радиолокатор жұмыс режимінде оларда индукцияланатын артық кернеуден қорғағыш болмаған жағдайда қабылдағышқа кірер жер жағудың аз потенциалы бар неон шамымен немесе басқа қондырғымен шунтирленуі тиіс.
 
                          Радиостансаның УҚТ
 
      2.1.24. Пайдалану кезінде жүйелі түрде блок аралық кабелдің монтажы, ажырату фишкалары мен колодкаларының жалғау беріктігі, кабель сынығының жоқтығы және экранның сапалылығы тексерілуі тиіс.
      2.1.25. Радиостансаның барлық блоктары, жалғау кабельдері мен антенна фидерлері мықты бекітілуі тиіс. Аппаратурадағы кабель бекітілетін доғалар кабельдің металл қамшыларына үйкелмеуі үшін мықты бекітілуі тиіс.
      2.1.26. Радиостанса бергіші мен қабылдағышын келтіру радиостансаны пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулықтарына сәйкес қатаң жүргізілуі қажет. Бергіш пен қабылдағыштың жиілік тұрақтылығын, бергіш жиілігі девиациясын және микрофон капсулының жұмысын жүйелі тексеру қажет.
      2.1.27. Пайдалану кезінде радиостансаның антенна изоляторын тұрақты таза ұстау қажет.
      2.1.28. Радиостансаның жиілік модуляциялы (фазалы) УҚТ пайдалану кезінде қоректендіру көзінің тұрақтылығына баса назар аудару қажет.
 
                  2.2. Команда хабарлау қондырғылары
 
      2.2.1. Техникалық пайдалану кезінде кеме дауысты сөйлегіш байланысының руль рубкасынан, көпіршеден және палубадан, сондай-ақ енгізілген және шығарылған дауысты сөйлегіштің дауысын реттегіштің дистанциялық қосылу кезіндегі радиохабар аппаратурасының жұмысын жүйелі тексеру қажет.
      2.2.2. Радиохабар аппаратурасын жұмыс жаңартқышынан резервтегіге кернеу астында қосуға тыйым салынады.
      2.2.3. Ашық палубада орналасқан микрофон постылары және коммутаторлар жұмыс емес кезде жабық болуы тиіс.
 
                   2.3. Апаттық радио байланысы аппаратурасы
 
      2.3.1. Апаттық радио байланысы аппаратурасы әрқашанда жұмысқа қосуға даяр болуы тиіс. Осы мақсатта күнделікті апаттық радио байланысы аппаратурасы мен апаттық қуат жинағыш батареясы тексерілуі және вахта журналына белгі соғылуы тиіс.
      2.3.2. Апаттық радио байланысы аппаратурасын жөндеуге байланысты барлық жұмыстар порттың кемеде тұрған кезінде ғана жүргізіледі. Жүзу кезінде апаттық радио байланысы аппаратурасын тез қосуға кедергі жасамайтын жұмыстарға ғана рұқсат етіледі.
      2.3.3. Апаттық радио байланысы аппаратурасына еркін қол жеткізілу тиіс.
      2.3.4. Кеме антеннасы радио байланысын пайдалану құралдармен радиоалмасу жүргізуде қолданылмаған барлық жағдайларда, ол апат бергішке қосылуы тиіс.
      2.3.5. Пайдалану кезінде радиостансаның апаттық жарықтандырудың дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі.
      2.3.6. Осы тарауда көрсетілген талаптар радио байланысы құралдарын пайдалануда техникалық қызмет көрсетулерге таратылады.
 
                      Апаттық таратқыш бергіш
 
      2.3.7. Апаттық немесе апаттық бергішті пайдалануды тексеру күнделікті 2182 және 500 кГц аппаратураны балама антеннаға қосқан кезде жүргізіледі.
      2.3.8. Бергіш екі жаңартқышпен жабдықталғанда оны тексеру олар кезекпен жұмыс жүргізгенде іске асады. Жаңартқыштарды қайта қосу сектор қайта қосқышының жануын болдырмау үшін бергіштің бас қосқышының сөндірілген жағдайында жүргізілуі тиіс.
      2.3.9. Қуат жинағыш батареясын зарядтауды қоспағанда, апаттық бергішті қоректендіру қосқышы дистанциялық қосу жағдайына әрқашан даяр болуы тиіс.
      2.3.10. Қажет болмаған жағдайда белгіленген жиілік бекіткіштерін орнынан ауыстыруға қатаң тыйым салынады, өйткені ол бергіштің градуирленуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
 
                        Апаттық қабылдағыш
 
      2.3.11. Қабылдағыш монтаждауды техникалық бақылауда қоса салынған конденсаторларды, индуктивті катушканың магниттік тірегін айналдыруға тыйым салынады.
      2.3.12. Техникалық бақылау кезінде шамасы номиналды мәнге қатаң сәйкес келетін анодтық және қыздыру кернеуі қажет.
 
                Дабыл және апат сигналдарын автоматты бергіш
 
      2.3.13. Дабыл және апат сигналдарын автоматты бергіштің қас қағымда даярлығын қамтамасыз ету үшін оған қоректендіру көзі және апаттық және пайдалану бергіштердің әрекет тізбектері әрқашан қосылулы болуы тиіс.
      2.3.14. Техникалық тексеру кезінде бергішті қосу ажыратылған антеннада және дабыл, апат сигналдары және координата толық циклын өту кезінде апаттық және пайдалану бергіштерінің төмендетілген қуатында жүргізілуі тиіс.
      Тексеру кезінде алынған сигналдардың сәйкестігін, импульс ұзақтығын, сондай-ақ минутына 60-80 белгіден аспауы тиіс хабар жылдамдығын бақылау қажет. Серіппелі жүргішті бергіш үшін қайта бұраусыз бес есе сигнал беруді қамтамасыз етілуін тексеру қажет.
      2.3.15. Жіберу қайта қосқышы мен сигнал теру қосқышын "Т" немесе "ТБ" жағдайында қалдыруға қатаң тыйым салынады.
 
               2.4. Антенна қондырғылары мен қайта қосқыштар
 
                          Антенна қондырғылары
 
      2.4.1. Пайдалану кезінде кеме антенналары мен қоректендіру фидерлерінің жұмыс күйін жүйелі тексеру қажет, мынаны есте сақтау қажет тіпті азғантай бүлінулері қабылдау тапсыру аппаратураның жұмыс тиімділігі мен ұзақтығына әсер ететінін.
      2.4.2. Техникалық пайдалану кезінде бергіштердің антенна контурлары белгіленген жиіліктерге алдын ала келтірілетіндіктен және қызмет көрсетуші персонал кейін оларды келтіре алмайтындықтан антенна көрсеткіштерін сақтап отыру үшін барлық шараларды қабылдау тиіс. Пайдалану кезінде бергішті келтіріп қойғаннан соң қосымша антенналарды ілуге немесе алуға тыйым салынады.
      2.4.3. Бергіштерінің автоматты ажыратулары бар мұнай құю кемелерінде антенна үзілген кезде оның жарамдылығы жүйелі тексеріліп отырылуы тиіс.
      2.4.4. Кеме жүргізушілермен қызмет жасалатын радио телефон аппаратурасы бар кемелерде аппаратураны сөндіргенде автоматты жерге қосу қондырғысын тексеру қажет. Осындай қондырғылары жоқ кемелерде аппаратура сөндірілгеннен кейін антенна қолмен антенна қосқышымен жерге қосылады.
      2.4.5. Антенна төмендеткіштердің енгізгіштерге жалғануы, антенна енгізгіш қоршаулардың кеме корпусына жалғануы, сондай-ақ енгізгіштерді кеме персоналының жанасуынан қорғайтын изоляциялы резина немесе пластикалы түтікшелердің бүлінбеуін жүйелі тексеріп отыру қажет. Антенна енгізгіштердің колонкалары берік негізге отырғызылуы және берік бекітілуі, антенна енгізгіштердің қоршаулары жарамды болуы тиіс.
      2.4.6. Айына бір рет антенна изоляторы ыстан тазалануы, антенна түйісулерінің антенна колокасына қосуларды және өткіш изоляторларды тотықтанудан және ластанудан тазартылуы және тексеріп отырылуы тиіс. Сызаты бар изоляторлар алмастырылады. Антенна қондырғыларының өту және шетіндегі муфталарда байқалған қышқылдар жедел жойылуы тиіс.
      2.4.7. Жүк операцияларын жүргізер алдында антеннаны түсірген кезде төмен ілінген көпір өткелдерінде және әуе желілеріндегі және олардың көтермелерінде антенна арқандарының және изоляторларының бүлінбеуін және арқан мен көтеру фалының бұратылмауын тексеру қажет.
      2.4.8. Техникалық пайдалану кезінде антенна жалғауларының жылжымалы бөліктерін шунтирлейтін тосқауылдардың бар екендігін және жарамдылығын тексеру қажет. Тосқауылдарда берік түйісулер болуы тиіс.
      Жатқызылатын штырь антенналарындағы шарнирлер ластанудан тазалануы, май жағылуы және жақсы бекітілуі тиіс.
      2.4.9. Антенна сымдарында үзілу болмауын жүйелі тексеру қажет. Үзілген сымдарды жалғап, ПОС-40 ерітіндісімен балқыту қажет. Антенна қондырғыларының барлық тізбектерін жөндеу және келтіру кезінде мұздай балқытуларға рұқсат етілмейді.
      2.4.10. Антенна енгізгіштер, жоғары жиілік кабелдерінің өту және шеткі ажырату муфталары герметикалыққа тексерілу қажет.
      2.4.11. Антеннаны электрге тексерер алдында оларды механикалық бақылау қажет.
      2.4.12. Құрғақ ауа райында антенна қондырғыларының изоляция кедергісі 10 МОм болуы, ал ылғалды ауа райында 1 МОм болуы тиіс. УҚТ радиостансалардың антенналары үшін кез келген ауа райында изоляция кедергісі 3 МОм болуы тиіс.

     2.4.13. Радиостанса антенналарын радио хабар қабылдағыштарына қосуға

пайдалануға тыйым салынады.

                           Антенна қайта қосқыштары

     2.4.14. Антенна қосқыштар әрқашан жарамды болып тұруы тиіс.

     2.4.15. Бергіш жоғары кернеуде тұрғанда беру антенналарын қайта

қосуға қатаң тыйым салынады.

     2.4.16. Антенна қондырғыларының түйісулеріндегі және басқа

бөлшектеріндегі тотықтану крокус қағазы немесе ағаш таяқпен және спиртке

батырылған шүберекпен тазартылады. Осы мақсатта N 00 әйнек теріні

пайдалану тек жанасу түйісулері жоқ бөлшектерге ғана болады.

                  3. Электр навигация құралдарын

                       техникалық пайдалану

                 3.1. Радиолокация стансалары

       3.1.1. РЛС негізгі құралдары жайғасқан жайларда жұмыс кезінде станса блогынан шығарылатын жылуға қарамай қалыпты температура ұсталуы тиіс.
      3.1.2. Ылғал жайда орналасқан РЛС қосу үшін оның құралдарын кептіру қажет. Кептіру 24 сағат болуы тиіс. Кептіру табиғи түрде - құралдары корабиан шығару арқылы, жасанды түрде - жылуды қоу арқылы жүргізіледі.
      Жылуды жайдың төменгі температурасы мен станса жайының жоғары ылғалдылығына борт желісінің бар кернеуіне сәйкес қосылады.
      3.1.3. Антенна толқындату қондырғысын ылғал тартқыш арқылы кептіріледі. Қажет болса ылғалды кетуру үшін толқындатқышты жартылай бөлшектеу қажет.
      3.1.4. Пайдалану кезінде антенна редукторының майы бар екендігін және қалыңдығын тексеру қажет.
      3.1.5. РЛС жекелеген элементтерін алмастырған кезде стансаның барлық тізбектері қосылуы тиіс.
      3.1.6. РЛС элементтерін қыздыру үшін стансаны алдын ала 10-15 минут бұрын қосу қажет.
      3.1.7. Жақында орналасқан басқа РЛС-тың кедергілері байқалған кезде осы толқында жұмыс істеп тұрған РЛС-ті сөндіру қажет, себебі бұл РЛС-тің кристалл араластырғышы істен шығуы мүмкін. Бақа РЛС-тен келген кедергіні экраннан жекелеген көптеген нүктелер экранда тәртіпсіз пайда болғаннан біледі.
      Жақын тұрған кемелердің екі РЛС-нің жұмыс жасауына тыйым салынады. Флот жиналған жерлерде РЛС-ті келтіруге тыйым салынады.
      3.1.8. Метеорология жағдайының қолайсыздығынан, антеннаның бүйір жапырақтарының кедергісінен, станса қабылдағышының ішкі шуларынан, екінші рет сәулелену және басқа себептермен РЛС индикаторының экранында қате эхо сигналдар мен кедергілердің пайда болғаны жағдайында ВАРУ көмегімен немесе ЖО (жақын объект) арқылы күшейту РЛС қабылдауын азайту қажет, күшейтуді азайтқан кезде қате эхо сигналдар мен кедергілер экранда бейнеленбейді, оның орнына күшті сигналдар ірі заттардан алынған экранда жақсы көрінеді.
      3.1.9. Техникалық қызмет көрсетуге жауапты кеме жүргізушілер магнетронды, клистронды және разрядникті алмастыру және келтіруді, электрон шамдарын және кристалдарды алмастыруды білулері керек.
      Жоғарыда көрсетілгендерден басқа барлық жағдайларда кемшіліктерді жоюмен байланыс торабының және кеме иесі радио навигация кәсіпорындарының мамандары айналысады.
      3.1.10. РЛС техникалық қызмет көрсетуге жауапты кеме жүргізушілердің міндеттері:
      а) қоректендіру кернеулерінің тұрақтылығын, яғни олардың көтеріліп кетуін болдырмау үшін бақылау;
      б) осы Ережелердің 4 тарауындағы зауыт нұсқаулықтарында көрсетілген алдын алу шараларын сақтау;
      в) РЛС таза ұстау; пайдалану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде механикалық тораптардың майлануын жүргізу; тотықтанудан қорғалмаған барлық деталдар мен айналу механизмдерін майлап тұру;
      г) ҚҚМ тек тексерілген электрон шамдарын, жартылай өткізгіш құралдарды, деталдар мен блоктарды сақтау;
      д) антенна қондырғыларында механикалық бүлінулер болмауын және

антенна қондырғылары мен толқындатқыш трактыларда ылғал болмауын бақылау.

     3.1.11. РЛС қысқы мерзімде немесе кеме жөндеуде бөлшектеп сақтау

кезінде антенна блоктарын, қабылдағыш бергішті, негізгі және шығару

индикаторларын қорабпен қаптау қажет.

                 3.2. Радио пеленгаторлар

     3.2.1. Радио пеленгаторлар радиодевиацияны өтегеннен кейін және

қалдық девиацияны анықтағаннан кейін ғана пайдалануға жіберіледі.

     3.2.2. Радиодевиацияны анықтау жылына бір рет мынадай жағдайларда

жүргізіледі:

     а) кемеде темір массаларын жылжытқанда;

     б) кеме антенналарының орнын алмастырғанда;

     в) пеленгаторларды жөндегенде;

     г) кемені жөндегенде;

     д) жүзу ауданы өзгергенде.

     Девиацияның кестедегі және шын мәнінің айырмасы 0,5-0,7 градустан

артық.

       3.2.3. Радиодевиацияны анықтау және қажет болғанда оны өтеу байланыс торабы және радио навигация мамандарымен жүргізіледі. Девиация жұмыстарының дер кезінде жүргізілуіне бақылау кеме иесі байланыс және радио навигация бассейіндік торабына жүктеледі.
      3.2.4. Радиодевиацияны анықтау алдында мыналар қажет:
      а) радиодевиацияны анықтау жерінен 2-3 шақырым радиусында пеленгалай немесе оған жақын жиілікке келтірілуі мүмкін ешқандай антенналар жоқтығын, байланыс және электр бергіш әуе желілерінің жоқтығын тексеру;
      б) қисаю бұрышын анықтау, қисаб бұрышы 5 градустан артық болғанда радиодевиацияны анықтауға болмайды;
      в) бірнеше радиостансаларды пеленгалау арқылы радиопеленгатордың жарамдығын тексеру;
      г) өтеу қондырғысының жұмысын тексеру. Өтеу қондырғысының жарамды жұмысының көрсеткіші пеленгалау кезінде сүйір миниммумның болуы және ноль естілуін тиісті айқындығын қамтамасыз ететін байланыс өтеудің аз мәні болып табылады;
      д) жақтарды анықтау сызбасының жарамды жұмысын тексеру;
      е) кеме антенналарын аппаратурадан және жерден ажырату, олардың изоляциясын тексеру үшін;
      ж) барлық такелажды жолға шығу есебінде бекіту;
      з) бір мезгілде есептеуді жүргізу үшін компаспен байланыс орнату;
      и) радиодевиацияны анықтау толық су сыйымдылығы мен нол дефференті кезінде болатындықтан кеме шөгуін жүзі алдында тексеру.
      3.2.5. Радиодевиацияны анықтау екі әдіспен орындалады: көру (көрінетін объектілер бойынша) және азимуталды (көрінбейтін объектілер бойынша). Алынған мәліметтер бойынша радиодевиацияны анықтаған соң радиодевиация қисығы сызылады. Осы қисықтың ордината мәндері бойынша кесте көмегімен радиодевиация коэффициенттері есептеледі.
      3.2.6. Әртүрлі бағыт бұрыштарында қалдық радиодевиация жүйелі тексеріледі.
      3.2.7. Радиопеленгаторды жұмысқа әзірлеу алдында мыналар қажет:
      а) гониометрдің гирокомпас репитерінің шкаласымен сәйкестігін тексеру;
      б) қабылдау гониометр қондырғысына қоректендіру беру және қыздырғыш және қабылдағыш анод шамдарының кернеуін қабылдау гониометр қондырғысының вольтметрі бойынша тексеру, оның жебесі шкаланың сырланған секторы шегінде болуы тиіс;
      в) барлық кеме антенналарын корпус пен аппаратурадан ажырату;
      г) пеленгалау үшін таңдалған радиостансаға қабылдау гониометр қондырғысын келтіру.
      3.2.8. Радиопеленгаторды пайдалану кезінде тотықтанудан сақтау үшін оның сыртқы бөліктерін: рамкасы, сыртқы сымының құбыры және т.б. дер кезінде сырлау қажет. Бұл жағдайда изоляция материалынан жасалған сақина рамасының жоғарғы торабын, сондай-ақ экранның резина қабаттарын, раманың жоғарғы және төменгі тораптарындағы резина және текстолит жапсырмаларын сырлауға тыйым салынады.
      3.2.9. Техникалық бақылау, тексеру және техникалық қызмет көрсету кезінде қабылдау гониометр қондырғысы сызбасындағы катушка контурларының өзек тіректерін айналдыруға қатаң тыйым салынады; гониометр көрсеткішін бекітетін бұрандаларды босатуға және оны остен алуға тыйым салынады.
 
                          3.3. Эхолоттар
 
      3.3.1. Эхолотқа техникалық қызмет көрсету кеменің штурман құрамымен оның қондырғысымен және пайдалану ережесімен әбден танысқаннан кейін жүргізіледі. Эхолотты келтіру, жекелеген тораптарын жөндеу, реттеу және т.б. кеме иесі мамандарымен орындалады.
      3.3.2. Эхолотты монтаждау және пайдалану кезінде эхолот құралдарын өзара байланыстыратын барлық кабель желілерінің берік экрандалуы мен жерге қосылуына баса назар аудару қажет.
      3.3.3. Эхолот жұмысы кезінде өзіжазғыш пен тереңдік көрсеткіште бөгде шулардың болмауын тексеру қажет. Өзіжазғыш пен тереңдік көрсеткіште бөгде шулар, сықыр пайда болса эхолотты сөндіріп кедергілерді тексеру және жою қажет.
      3.3.4. Жұмыс кезінде күшейткіштегі тиратрон жарқылының және көрсеткіштегі неон шамының нақтылығын тексеру қажет. Бос жіберу немесе бөгде жарқылдар болса, көрсетілген құралдарды жасаушы зауыт нұсқауына сәйкес реттеу қажет.
      3.3.5. Құлаққа реле жіберілімдерінің нақтылығын тексеру қажет.
      Электрон генераторлы эхолоттар импульс есептегіштермен тексеріледі. Реле жібергіштердің дұрыс жұмыс істемегенінде жасаушы зауыт нұсқауына сәйкес реттеу жүргізілуі тиіс.
      3.3.6. Эхолотпен тереңдікті өзгерткен кезде дер кезінде керекті диапазон өлшеміне көші керек. Өлшеуде бос жіберу болмас үшін регулятордың соңғы бөлігінде "күшейту" жұмыс жасау керек және құралдың көрсеткіші кедергілер салдарынан тұрақсыз болғанда аз күшейтуге көшу керек.
      3.3.7. Эхолотты өлшеу жұмыстарына және тереңдікті дәл анықтауға пайдаланған кезде жұмыстың басы мен аяғында шкала нолі мен айналымдарды тексеру қажет.
      3.3.8. Эхолотты пайдалану кезінде кеменің жүрісі тереңдікті дәл өлшеуге әсер етпейді, себебі судағы дыбыс таратылуы өзен кемелерінің кәдуілгі жылдамдығынан көп есе артық болады. Дегенмен жүріс жылдамдығы жоғары болған кезде корпус дірілінің өсу әсерінен көрсеткіш шкаласында немесе өзіжазғыш лентасында қате тереңдік белгілері пайда болуы мүмкін.
      3.3.9. Кеме кері қарай жүру кезінде тереңдік білу мүмкін емес, себебі кеме түбінде үстемелі, турболенттік ауа толған тамшылары көп су ағыны пайда болады.
      3.3.10. Кеме шайқалған кезде эхолот көрсеткіші тербеледі, сондықтан тереңдікті есептеуді кеме түзу килде тұрған кезде жасау керек. Қатты шайқалуда көрсеткіштің бос жіберулері байқалады.
      3.3.11. Эхолоттың өзіжазғышын қағазсыз қосуға болмайды. Кейбір жағдайларды шалқайтылатын жазу қондырғыларында қағазсыз жазу мүмкін болады.
      Қағаз салу кезінде жасаушы зауыт нұсқауы бойынша біраз операциялар жасалуы тиіс.
      3.3.12. Эхолотты ұзақ жұмыс істемегеннен кейін қосқанда оны қоректендіру желісіне қоспай тұрып, барлық құралдарын тексеру қажет. Жүру жеңілдігін, өзіжазғыш пен тереңдік көрсеткішті қолмен айналдыру арқылы механикалық зақымдалмауын тексеру қажет. Күшейіткіш пен жіберу релелеріндегі барлық шамдардың бекітілуін тексеру, орнына сигналдық, жарық беру, және бақылау шамдарын қою қажет.
      3.3.13. Эхолотты ұзақ жұмыс істемегеннен кейін жаңадан орнатқанда жұмыс бастар алдында оларды реттеу жұмыстары жүргізіледі. Эхолотты реттеу шам алмастырғанда және тереңдікті бұрыс көрсете бастағанда да жүргізіледі.
      3.3.14. Кеме слипте тұрған кезде мыналар қажет:
      а) дірілдеткіштердің сыртқы жұмыс беттерінен тексеру және ластан, шөптен, тотығудан және т.б. тазалау.
      Құмға соғу мен үйкелуден зақым алған кезде дірілдеткіштерді алмастыру қажет;
      б) бәсеңдеткіштер мен протекторлар сақиналардың күйін тексеру;
      в) кеменің су асты бөлігін тазалау, сырлау, кезінде дірілдеткіштің жұмыс беттерін сырламау және әртүрлі майларды жақпау керек, себебі бұл эхолотты істен мүлдем шығаруы мүмкін. Кеме слипте тұрған кезде сырлау жұмыстары жүргізілгенде дірілдеткіштердің жұмыс беттерін тығыз қағазбен желімдеу қажет;
      г) кемені слипке қойған кезде және суға түсірген кезде вибратор орауларындағы изоляция кедергілерін тексеру, бұл кедергі 10 МОм төмен болмауы тиіс;
      д) суға түсірген соң вибратордың ішкі жолдарынан ауа шығару;
      е) кемені қайта жабдықтағанда немесе жаңа құралдар орнатқанда вибраторлар мен эхолоттың басқа құралдарын орнату талаптары бұзылмауы.
      3.3.15. Кемелерді слиптеу кезінде вибраторларды тексеру мен алмастыру жұмыстарын кеме иесінің мамандары жүргізеді.
      3.3.16. Эхолотты бөлшектеп сақтауға қойғанда коллекторларды,

өзіжазғыштағы, көрсеткіштегі және қоректендіру агрегатындағы АПР

сақиналарын вазелиннің жұқа қабатын жағу қажет.

     3.3.17. Эхолот құралдарын сақтау жайлары құрғақ болуы және ауа

температурасы 10 нан 30 градусқа дейін болуы тиіс.

                  3.4. Лагтер

     3.4.1. Жұмыс кезінде лагты жұмысқа даярлау, қосу және техникалық

қызмет көрсету жасаушы зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

     3.4.2. Лагты реттеу және оның қалдық түзетулерін анықтау байланыс

және радио навигация торабы мамандарымен, сондай-ақ қажет болғанда

жүргізіледі.

                  3.5. Гироскопиялық компастар

     3.5.1. Гирокомпастың техникалық пайдаланылуы зауыт нұсқаулығына сай

жүргізіледі.

     3.5.2. Гирокомпастың негізгі құралдары орнатылған жай ауасының

температурасы 14-25 градус шегінде болуы тиіс.

       3.5.3. Гирокомпасты техникалық пайдалану кезінде негізгі құралға және басқа құралдарға тексеру және жөндеу үшін жан жағынан қол жетуі тиіс.
      3.5.4. Әрбір кемеде гирокомпасты түзету кеме журналына жазылу тиіс.
      3.5.5. Гирокомпасты қосу алдында биіктік бойынша гиросфера жағдайын тексеру қажет. Гирокомпастың қалыпты жұмысы үшін биіктік бойынша гиросфера жағдайы +1,5 мм тербелуі тиіс.
      Гиросфераны биіктікке ұстау глицерин немесе спирт құрамына қосу арқылы реттеледі. Егер сезгіш элемент 1,5 мм төмен түссе ұстау сұйығының құрамына глицерин қосылады, егер 1,5 мм жоғары көтерілсе, онда спирт қосылады.
      Глицеринді немесе спиртті қосқаннан кейін жәрдем сұйығын жақсылап араластырып, амперметр көрсеткіші бойынша ток күшін тексеру қажет, ток күші нормадан төмен болса, жәрдем сұйығына бура қосылады.
      3.5.6. Жәрдем сұйығы қарайған кезде немесе 3000 сағ. жұмыс істегенде оны алмастыру қажет.
      3.5.7. Гирокомпасты жүріске қосу кеме рейске шығар алдында оның меридианға табиғи келуі үшін 4 сағ. бұрын қосылады.
      3.5.8. Гирокомпастың меридианға келуі қашықтағы заттың пеленгасы немесе бағыт бағаны бойынша анықталады. Гирокомпас жұмысы абсолют шамасы бойынша түзету айырмасы осы гирокомпас түрі үшін белгіленген техникалық нормадан аспаса, қанағаттанарлық болып есептеледі.
      3.5.9. Гирокомпас қосу алдында бағыт бағанын зарядтау, ал қаламға сия құю қажет.
      3.5.10. Бағытграммада мыналар жазылуы тиіс:
      а) кеме кету сәті - күні, уақыты кету пунктінің аты немесе оның координаттары;
      б) жүзу аяқталған соң және гирокомпасты тоқтатқан соң - күні, уақыты және бағытбағанын тоқтату орын;
      в) лентаны ауыстыру сәтінде - ауыстырылатын және орнатылатын лентада - күні, уақыты, орны және осы кездегі лагтың көрсетуі.
      Бағытбағаны, егер жүзу кезінде белдік уақыты өзгермесе белдік уақытымен жұмыс істейді, егер жүзу кезінде уақыт өзгерсе кеме уақытымен жұмыс істейді. Бағытбағанының пайдаланған ленталары кемеде бір жыл бойы сақталуы тиіс.
      3.5.11. Гирокомпасты пайдалану кезінде оның техникалық шарттарына сәйкес келетін қалыпты жұмыс жасалуы тиіс.
      3.5.12. Әрбір 12 сағат сайын репитерлердің негізгі құралдармен келісуін, электр өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен, гиросфера жағдайымен және сигнал жүйесінің жарамдылығын тексеру қажет.
      3.5.13. Гирокомпас түзетулерін өзгертетін шекте кеменің жағрапиялық болуы өзгерген кезде пост корректормен шығару қажет.
      3.5.14. Әрбір вахтада гирокомпас және магнит компасы көрсеткіштерін салыстыру қажет. Магнит ауысуын ескере отырып, көрсеткіш айырмасы 1 градустан аспауы тиіс, керісінше болғанда навигациялық және астрономиялық әдістермен гирокомпас түзетулерін анықтау үшін жедел шаралар қабылдануы тиіс.
      3.5.15. Гирокомпас жұмысындағы барлық байқалған кемшіліктер, оның түзетулерінің өзгеруі, гирокомпасты тоқтату қажеттігі туралы жедел капитанға жеткізілуі тиіс. Гирокомпасты жедел тоқтату оның сезгіш элементтерін алмастыру капитанның рұқсатымен ғана жүргізіледі және вахта журналына жазылады.
      3.5.16. Жаңадан орнатылған гирокомпасты немесе жөндеуден, бөлшектеп сақтаудан немесе ұзақ үзілістен келген гирокомпасты сынау оның барлық құралдарын мұқият тексерілген соң зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.
      3.6.17. Гирокомпасты бөлшектеп сақтау қоректендіруді сөндірген соң 1 сағ. 30 минуттан бұрын басталмауы тиіс.
      3.5.18. Гирокомпасты бөлшектеп сақтаған кезде:
      а) сезгіш элементті шығару, оны спиртпен жуу және оны сақтауға арналған жәшікке салу;
      б) резервуардағы жәрдем сұйығы жарады болса, шөлмекке құю, ал егер жарамсыз болса төгіп тастау;
      в) гирокомпастың комплекстісіне кіретін арнайы герметикалық жабылатын контейнерге сынапты құю;
      г) резервуарды және негізгі құралдың сырланбаған жерлерін спиртке батырылған шүберекпен сүрту, серіппелерге және барлық металл бөліктеріне техникалық вазелинмен жағу; резина бүлінбес үшін барлық саңылаулар резина жапсырмалары вазелин тиюден сақталуы тиіс;
      д) барлық репитерлерді және бағытбағандарын алу және оларды сақтау үшін ауа температурасы 10-30 градус. ылғалдылығы 45-70% жайға орналастыру, пелорустағы жалғау муфталарын қақпақпен жабу және тігістерін арнайы жаққышпен бітеу, бағытбағанның сыртындағы металл бөліктеріне арнайы техникалық вазелинді жағу, кабель шеттерін изоляциялық лентамен орау;
      е) пелорустардың, кронштейндердің, көпіршедегі, рубкадағы құралдардың сырланбаған металл бөліктеріне техникалық вазелин жағу, құралдарды жабу;
      ж) салқын жерде сақталатын құралдарды киізбен қаптау және байлау.
 
                        3.6. Магнит компастары
 
      3.6.1. Магнит компастары кемеде бағыт жіптері қатаң диаметралды жазықтықта немесе оған параллелді орналасуы тиіс.
      3.6.2. Кемені пайдалану кезінде девиациялық жұмыстар толық бағдарламамен жасалады; нәтижелері орнатылған магнит компастарының жұмыстарын бағалау сыны болып табылады.
      3.6.3. Пайдаланудағы кемелерде магнит компастарының мынадай құжаттары болуы тиіс:
      1) штурман рубкасында ілінген және девиацияны анықтап, есептеген тұлғамен қол қойылған қалдық девиацияның кестесі;
      2) техникалық формуляр;
      3) зауыт аттестаты немесе электр радио навигациялық камерада жөндеуден кейінгі магнит компастарының аттестаттары;
      4) магнит компастарын пайдалану ережелері.
      3.6.4. Магнит компастарын пайдалану ережелері мыналарды көздейді:
      1) сыртын тексеру;
      2) жұмысының дұрыстығын тексеру;
      3) күнделікті техникалық қызмет көрсету және сақтау.
      Магнит компасының сыртын тексеру осы компас түріне белгіленген мерзімде жүйелі жүргізіледі, сондай-ақ анда-санда, яғни кеме жүзуге шығар алдында және қалдық девиацияны жою және анықтау алдында жүргізіледі. Магнит компастары жұмысының дұрыстығын анықтау жүзу кезінде магнит компастарының жалпы түзетулерін жүйелі анықтау және осы бағыттағы девиацияны осы бағыт үшін кестеде белгіленген девиациямен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      Магнит компастарына күнделікті техникалық қызмет көрсету және сақтау оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады және оның бөліктерін тотығудан сақтау үшін сүртіп, майланып отыру қажет. Девиациялық құралдың жұмысын бұзбас үшін оны девиациялау алдында ғана сүртуге рұқсат етіледі.
      Магнит компастарын күнделікті күту және оларды сақтау ережелері компастың нақты қондырғысына байланысты және тиісті нұсқаулықтармен және тәлімгермен анықталады.
      3.6.5. Компасты тексеру және кемшіліктерін жою.
      Компас қазаны ауа тамшыларын анықтау үшін күнде тексеріледі.
      Негізгі камерада ауа тамшысын көлемі 1 см 3 артық болса, компасқа қосымша сұйық - күші 43 градус температурасы 15 градус этил спиртінің су ерітіндісі құйылады.
      Егер компас қазанын әйнегімен жоғары қаратқанда ішінде сыр немесе сия

қалдығы жүрсе, мұндай компасты жөндеуге тапсыру қажет.

     Пеленгаторды тексеру әрбір навигация және девиация жұмыстары алдында

жағадан бақылау кезінде, сондай-ақ байқаусыз құлақтан немесе жарамсыздық

күдігі туғанда жүргізіледі.

     Зат нысанасының жібі көзге және сипаумен тексеріледі.

     Егер зат нысанасының жібі әлсіз тартылған болса, яғни иіліп немесе

майысып тұрса, жаңасымен алмастырылады.

     3.6.6. Магнит компастарында төрттік, қисайған және жарты шеңберді

девиацияны жою және қалдық девиацияны анықтау мынадай жағдайда міндетті

болып табылады:

     а) бір бағытта ұзақ жүзуден соң;

     б) мұздарда жүзу кезінде;

     в) кемені қайраңға отырғызғаннан кейін;

     г) электр пісіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін;

     д) кемені доктан немесе слиптен тапқан соң;

     е) жүк ауыстырған соң;

     ж) жөндеуден немесе кемені қайта құрастырған соң;

     з) кеме жүргізуші құрамы жағынан магнит компастарының дұрыс жұмыс

істеуіне кішкене күдік туғанда.

     3.6.7. Электр радио навигация камераларында магнит компастарын

жөндегеннен кейін аттестат беріледі.

                4. Радио байланысы және электр радио навигация

                    құралдарына техникалық қызмет көрсету

                        қауіпсіздігінің ережелері

                            4.1. Жалпы ережелер

       4.1.1. Осы Ережелердің мақсаты радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін қамтамасыз ету болып табылады.
      Барлық кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдары осы Ережелерге сәйкес пайдаланылуы тиіс.
      4.1.2. Кеме электр жабдықтарының құрамына кіретін радио байланысы және электр радио навигация құралдарын пайдалану кезінде осы Ережелерден басқа Өзен флоты кемелерінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа алу тиіс.
      4.1.3. Осы Ережелер 1 қосымшада тізбесі көрсетілген барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
 
              Ережелерді орындауды бақылау және жауапкершілік
 
      4.1.4. Әрбір кемеде осы Ережелердің орындалуына жауапкершілік капитанға және радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларға жүктеледі. Кеме экипажының барлық басқа тұлғалары, радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсетуге жіберілген, Жұмысты қабылдау қауіпсіздігі Нұсқаулықтарына орындалуына жауапты болады.
      4.1.5. Осы Ережелердің бұзылғанын, аппаратураның немесе қорғау құралдарының бүлінгенін байқаған кеме командасының әрбір мүшесі жедел капитанға жеткізуі қажет. Аппаратура бүлінуі айналадағы адамдарға немесе қондырғының өзіне қауіпті болғанда, ол кемшілікті жоюға (аппаратураны сөндіруі немесе қоршауы) жедел шара қолдану қажет, сонан соң ғана капитанға жеткізеді.
      4.1.6. Кемелерде Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды бақылау флоттың техқызмет көрсетуі бар кәсіпорындардағы техника қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға жүктеледі.
 
               Қызмет көрсету персоналдарына талап қою.
                   Оны оқыту және білімін тексеру
 
      4.1.7. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсету жасы 18 толған медициналық тексеруден өткен, дипломы бар және радио байланысы және электр радио навигация құралдарына пайдалануға құқық беретін куәлігі бар тұлғалар жіберіледі. Қызмет көрсету персоналдары жылына бір рет қайталап медициналық тексеруден өтуі тиіс.
      4.1.8. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарына техникалық қызмет көрсетуге байланысты кеме экипажының қатардағы құрамы жұмыс істеу қауіпсіздігі әдістеріне оқуы және қолданылып жүрген Өзен көлігінде жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін оқыту және нұсқау жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес өтуі тиіс.
      4.1.9. Осы Ережелердегі білімін тексеру флот кеме иесі кәсіпорнының білікті комиссиясымен - құрамында кәсіпорынның бас инженері, радио шебері немесе радио жабдығы туралы механик тәлімгері, техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер және кәсіподақ комитетінің өкілдері болуы тиіс.
      Сонымен бірге өзен флоты кемелерінің электр жабдықтарын пайдалану және жөндеуде техника қауіпсіздігі ережелерінің білімі тексерілуі тиіс.
      4.1.10. Осы Ережелердегі білімді тексеру әрбір қызметкер үшін дербес жүргізіледі, тексеру нәтижелері бағасы (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) көрсетіле отырып, комиссияның барлығының қолы қойылып, арнайы журналға енгізіледі.
      4.1.11. Кеме радио байланысы және электр радио навигация құралдарына тікелей техникалық қызмет көрсетуге жіберілген тұлғалардың міндеттері:
      а) жеткілікті практикалық тәжірибесі және даярлығы болу, қызмет көрсететін жабдығын жақсы білу; біліктілік тобына сай куәлігі мен атағы болуы тиіс;
      б) осы Ережелерді білу, жұмыс қауіпсіздігі әдістері бойынша нұсқаулықтарды білу нұсқаулықтарды білу жұмыс қауіпсіздігі әдістері бойынша нұсқаулықтарды білу;
      в) электр қондырғыларымен жұмыс жасаған кезде қауіптерді және электр тогынан болатын бақытсыздықтың алдын алу шараларын білуі қажет;
      г) электр тогнан зардап шеккендерге және өндірістік жарақаттарға алғашқы көмек көрсетуде іс жүзінде білу;
      д) қорғау құралдарымен және сақтағыш құралдарды пайдалануды білу;
      е) өрт сөндіру құралдарын пайдалануды білу;
      ж) апат дабылдарындағы өз міндеттерін білу.
      4.1.12. Басшы және инженерлік техникалық қызметкерлер белгіленген тәртіппен техника қауіпсіздігі ережелерін білу.
      4.1.13. Радио байланысы және электр радио навигация құралдарын мерзімді тексеретін қызметкерлер блокировка мен қоршауларға баса назар аудара отырып, техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауды мұқият тексерілуі қажет. Барлық бұзулар жөнінде тексеру актісіне жазылуы және осындай жағдайларды қайталамас үшін шаралар қабылдануы тиіс.
      4.1.14. Жұмыстағы әрбір апат немесе бақытсыздық жағдай тиісті

құжаттар құрастырыла отырып, мұқият тексерілуі тиіс.

                Еңбек қауіпсіздігі бойынша құжаттамалар

     4.1.15. Әрбір кемедегі радио байланысы және электр радио навигация

орнатылған жерлерде мынадай құжаттар болуы тиіс:

     а) жоғары кернеулі сымдар қызыл түспен белгіленген принципиалды

орнату сызбасы және қоршау сызбалары;

     б) қорғау құралдарының тізімдемесі;

     в) осы Ережелер;

     г) өрт сөндіру туралы нұсқаулықтар;

     д) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар.

       4.1.16. Жаңа немесе жөнделген кемені, сондай-ақ жаңа орнатылған радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларын қабылдау кезінде кеме капитаны кеме иесінен немесе монтаждау ұйымынан аппаратураның электр изоляциясы кедергісінің мәліметтеріне қоса сынау актісін талап етеді.
      4.1.17. Нұсқаулықтар жыл сайын, сондай-ақ сызбаларда, жабдықтарда, жұмыс режимінде, жаңа технологияны енгізуде пайдалану жағдайын, шығарылған жетекшілік материалдарды ескере отырып, әрбір өзгерген жағдайында қайта қаралып, бекітілуі тиіс.
      Қолданылып жүрген нұсқаулықтарға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды орындауы міндетті болатын барлық қызметкерлерге жеткізілуі тиіс.
 
                4.2. Кеме радио байланысы және электр радио навигация
                 құралдарына техникалық қызмет көрсету қауіпсіздігі
                            бойынша негізгі талаптар
 
      4.2.1. Жабдықтың ток жүретін изоляцияланбаған барлық бөліктері қызмет көрсету персоналдарының жанасып кетпеуі үшін берік жерге қосылған қорабтармен қоршалуы тиіс.
      4.2.2. Жабдықтың ток жүрмейтін бөліктері мен корпустары изоляция бүлінген жағдайда қауіпті кернеуден адамдарды қорғау үшін жерге қосылуы немесе нолденуі тиіс. Жерге қосудың сенімділігі айна бір рет тексеріледі.
      4.2.3. Аппаратураның жұмысы кезінде барлық есіктері жабылуы және қорабтары өз орнында болуы тиіс.
      Жарамсыз қоршауды жоғары вольт блоктарының жұмыс және қоршау түйісулеріне қатыстырмай аппаратураға қоректендіруді қосуға қатаң тыйым салынады.
      Қоршау қондырғыларын тексеру айына бір рет жасалады.
      Кернеуі бар жерлерде аппаратураны ашу, кейбір блоктарында, желі учаскелерінде жұмыс жүргізу ерекше жағдайларда, кернеуі 250 В аспайтын және сөндіру мүмкін болмайтын жағдайда жүргізіледі. Бұл жағдайда жұмысты екі адам жүргізеді, біреуі техника қауіпсіздігін бақылайды.
      Кернеумен жұмыс жасау мынадай жағдайда:
      а) инженердің немесе байланыс технигінің басшылығымен;
      б) диэлектр калоштарымен (немесе резина кілемшелерімен), резина диэлектр қолқаптарымен, бас киіммен және жеңі бар киіммен. Жеңі жоқ киіммен, қолы ашық күйде жұмыс жасауға тыйым салынады. Жұмыста қолданылатын барлық құралдардың изоляцияланған қолдары болуы тиіс;
      в) араларды, қайрағыштарды және металл метрлерді қолдануға тыйым салынады;
      г) жұмыс орнына жақын жердегі сымдар мен металл жерге қосу заттарын изоляция материалымен жабу немесе оларға жанасудан қорғау қажет;
      д) жұмыс кезінде әртүрлі фазалардың ток жүретін жерлерін және жерге қосылған заттарды ұстауға, изоляцияланбаған палубада тұрған адамдарды ұстауға олардан металл заттарын алуға болмайды.
      4.2.4. Орнатылған аппаратура жанында есік ашылатын жағынан, алынатын қорабтар мен жылжитын панел мен шасси жағынан, сондай-ақ күш қалқандары және электр машинасының ток жүретін жерлеріне тиетін жерлерде диэлектр кілемшелері болуы тиіс.
      4.2.5. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратураларына ішкі тексеру немесе техникалық қызмет көрсету алдында ток көзін сөндіру, жоғары кернеу тізбегіндегі конденсаторды жерге қосу қажет. Жоғары вольт конденсаторын және фильтр конденсаторын разрядтауды изоляциясы бар қолдары бар жерге қосылған өткізгішпен жүргізу қажет. Жерге қосылмаған өткізгіш жермен қосылады, сосын кернеуі бар түйісумен жалғанады.
      4.2.6. Аппаратураның жоғары вольтті және тізбекті жабдығына техникалық қызмет көрсетілгенде жоғары кернеу қондырғысына қолданылып жүрген қызмет көрсету техника қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа алынуы тиіс.
      4.2.7. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратурасына капитан немесе вахта бастығының рұқсатымен фидерді кеме қоректендіру желісінен ажыратқан кезде профилактикалық және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қоректендіруді ажыратпай аппаратура қақпағын ашуға қатаң тыйым салынады.
      4.2.8. Жұмыс бастар алдында аппаратурада кернеу жоғына қауіпсіз конструкциялы бақылау құралдарымен көз жеткізу қажет. Құралдар (ауыстырмалы авометр, вольтметр, индикатор, бақылау шамы) жарамдылыққа тексерілуі тиіс. Кернеу жоғын жоғары кернеу көрсеткішпен тексерген кезде диэлектр қолқаптары және калоштарын пайдалану қажет.
      4.2.9. Порт желілерін бақылайтын радио рубкадағы электр қалқандарындағы өлшеу құралдары екі жылда бір рет тексерілді, оларда тексерілген күні көрсетіліп, клеймо қойылады.
      4.2.10. Кернеу жоғы тексерілген соң, желіден ажыратылған аппаратурада жұмыс жасайтындардың қауіпсіздігі үшін мыналар қажет:
      а) қоректендіру сымдарын қысқарту және жерге қосу;
      б) кернеу берілуі мүмкін сақтағыштардың барлық балқымалы тығындарын алу;
      в) кернеу қосу қондырғыларына ескерту жазулар "Қосылмасын - адамдар жұмыс істеуде" орнатылуы тиіс.
      4.2.11. Аппаратураның кернеу беруді қажет ететін кейбір блоктарын жөндеу және тексеру кезінде арнайы жалғау шлангаларымен пайдалану қажет.
      4.2.12. Аппаратурадағы шамдарды алмастыру ажыратылған токта жүргізіледі.
      4.2.13. Барлық балқымалы тығындары (сақтағыштарда орнатылған және қорлар) тізбектің жұмыс тогына сәйкес номиналды ток шамасына калибрленуі тиіс.
      Сақтағыштардың жанып кеткен барлық балқымалы тығындарын кез-келген қима және материалдың сымымен алмастыруға тыйым салынады.
      4.2.14. Жанып кеткен сақтағыштарды алмастыру ажыратылған кернеуде жүргізіледі.
      4.2.15. Қоректендіру агрегаты айналып тұрған кезде сақтағыштарды алмастыруға тыйым салынады.
      4.2.16. Радио байланысы және электр радио навигация аппаратурасы жайғасқан жайларды мерзімді желдетіліп отыру қажет.
      4.2.17. Радио рубканың, хабар беру торабының, штурман рубкасы жайларының жасанды жарықтануы Өзен және көл кемелерінің санитарлық ережелерінде көрсетілген нормаларға сай болуы тиіс.
      4.2.18. Тұрақты бақылаусыз аппаратура жұмыс істейтін барлық жайлар құлыпта жабық болуы және кілттері аппаратура үшін жауапты тұлғаларда болуы тиіс.
 
                4.3. Радио байланысы және электр радио навигация
         (қабылдау тапсыру және командалық хабар беру радио аппаратуралары)

                              бойынша арнайы талаптар
 
      4.3.1. Дистанциялық басқарылатын радио аппаратураларын тексеру кезінде бақытсыздық жағдайларын болдырмау үшін жұмыс бастар алдында басқару дистанциялық пульттарында ескерту жазулары орнатылуы және жауапты тұлғалар тұруы қажет.
      4.3.2. Радио таратқыштар, РЛС және фидер желілері жұмыс орындарынан қашық болуы, операторлар мен кеме экипажының басқа тұлғаларының сәуле алуын болдырмау үшін берік экрандалуы тиіс. Радио оператордың жұмыс орны жоғары кернеу жиілігі (ЖЖ тракты) ток жүретін бөліктерден кемінде 1 м жазығынан және тігінен қашық болуы тиіс.
      4.3.3. Қызмет көрсету персоналының жұмыс орнындағы кернеуліліктің және электр магнит полясы қуат ағынының тығыздығы, сондай-ақ бақылау әдісі мен қорғау құралдарының негізгі әдістері Мемст-қа сәйкес болуы тиіс.
      4.3.4. 60 кГц - 300 кГц жиілік диапазонындағы электр магнит полясы

оны құраушылардың кернеулілігімен бағалануы, ал 300 МГц және одан артық

жиілік диапазонында қуат ағыны тығыздылығымен бағаланады.

     4.3.5. Жұмыс орындарында және ЭМП әсерімен кәсіби байланысты

персоналдың мүмкін болатын жерлерінде ЭМП рұқсат етілген кернеулілік шегі

жұмыс күні бойынша мынадан артық болмауы тиіс:

     - мына жиіліктер үшін электр құрастырушылар бойынша:

                                                         В/м

     60 кГц дан 3 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . 50

     3 ден 30 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . . . 20

     30 дан 50 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . . .10

     50 ден 100 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . . 5

     - мына жиіліктер үшін магнит құрастырушылар бойынша:

                                                         А/м

     60 кГц дан 1,5 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . 5

     30 дан 50 МГц ға дейін . . . . . . . . . . . . . . .0,3

     4.3.6. 300 МГц-300 ГГц жиілік диапазонында және жұмыс орындарында

және ЭМП әсерімен кәсіби байланысты персоналдың мүмкін болатын жерлерінде

(айналатын және сканирленетін антеннадан сәуле алуды қоспағанда) ЭМП рұқсат

                                    2         2

етілген қуат ағыны тығыздылығы (Вт/м , мкВт/см  ) 1 кестеде келтірілген.

Кесте бойынша итерпояциялауға рұқсат етілмейді.

                                                             1 кесте

__________________________________________________________________________

Қуат ағынының тығыздылығы  |  Болу уақыты       |  Ескерту

       2               2

   Вт/м       | мкВт/см     |                    |

  0,1 дейін      10 дейін     Жұмыс күні 2 сағ.        -

  0,1-1,0        10-100       аспайды              Қалған жұмыс уақытында

                                                   қуат ағыны тығыздылығы

                                                           2           2

                                                   0,1 Вт/м  (10мкВт/см )

                                                   аспауы тиіс

  1,0-10,0      100-1000      20 минуттан аспайды  Қорғау көзілдіріктерін

                                                   кию жағдайында. Қалған

                                                   уақытта қуат ағыны ты.

                                                                     2

                                                   ғыздылығы 0,1 Вт/м

                                                              2

                                                   (10 мкВт/см ) аспауы

                                                   тиіс.

     4.3.7. 300 МГц-300 жиілік диапазонында және жұмыс орындарында болу

уақыты және ЭМП әсерімен кәсіби байланысты персоналдың мүмкін болатын

жерлерінде айналатын және сканирленетін антеннадан сәуле алуды есептегенде

ЭМП рұқсат етілген қуат ағыны тығыздылығы 2 кестеде келтірілген. Кесте

бойынша итерпояциялауға рұқсат етілмейді.

                                                         2 кесте

  1,0-10,0      100-1000      аспайды              Қалған жұмыс уақытында

                                                   қуат ағыны тығыздылығы

                                                         2             2

                                                   1 Вт/м  (100 мкВт/см )

                                                   аспауы тиіс.

       4.2.8. ЭМП рұқсат етілген кернеулілік сақтауды бақылау жұмыс орындарында және ЭМП әсерімен кәсіби байланысты персоналдың мүмкін болатын жерлерінде қуат ағыны тығыздылығы кернеулілігін өлшеумен жүзеге асырылады.
      4.3.9. Өлшеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген әдістеме бойынша жүргізілуі тиіс.
      4.3.10. Өлшеуді жүйелі түрде жылына бір рет ағымды санитарлық гигиеналық тексеру тәртібімен, сондай-ақ мынадай жағдайларда жүргізу тиіс:
      - электр магнит қуатын шашатын жаңа қондырғыларды пайдалануға қабылдау кезінде;
      - электр магнит қуатын шашатын қондырғылар конструкцияларына өзгерістер енгізген кезде;
      - ЭМП әсерінен қорғану құралдарының конструкциясын өзгерткен кезде;
      - электр магнит қуатын шашатын қондырғыларды қосу сызбасына және қондырғының жұмыс режиміне өзгерістер енгізген кезде;
      - электр магнит қуатын шашатын қондырғыларға жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жаңа жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде.
      ЭМП көздерінің ең үлкен қуатын пайдаланған кезде өлшеу жүргізу қажет.
      4.3.11. Егер қуат көзінде бірнеше жұмыс режимі болса, өлшеуді әрбір жұмыс режимінде жүргізу қажет.
      4.3.12. Айналатын және сканирленетін антеннадан ЭМП қуат ағыны тығыздылығын өлшеу жұмыс орындарында және ЭМП әсерімен кәсіби байланысты персоналдың мүмкін болатын жерлерінде антенна тоқтатылған кезде жүзеге асырылады.
      4.3.13. Өлшеу нәтижелері арнайы журналға немесе аппаратура формулярымен бірге кемеде сақталатын хаттамаға жазылуы тиіс.
      4.3.14. Өлшеуді дер кезінде жүргізуге жауапкершілік радиостанса кеме иесіне жүктеледі.
      4.3.15. ЭМП әсерінен қорғану құралдары мен әдістері Мемст 12.1.006-84 көрсетілген.
      4.3.16. Станса жұмысы кезінде жоғары жиілік полясының аймағында сәуле алудан қорғау үшін РЛС антеннасының қасында адамдардың болуына тыйым салынады.
      РЛС антеннасын тексеру және жөндеу кезінде алдын ала жоғары кернеу бергіші сөндірілуі тиіс.
      4.3.17. Пайдалану кезінде экрандайтын қондырғылардың бекітілу тығыздылығына бақылау орнатылуы тиіс, себебі дірілдеу нәтижесінде алмалы қорабтардың бекітулері әлсіреп, фланцылардың, толқындатқыштардың тығыздылығы босауы мүмкін.
      4.3.18. Радио рубка жайындағы антенна енгізу қоршауларына адам жақындамауы тиіс. Антенна енгізгіштерінің қоршаулары мен изоляциясы тоқсан сайын бір рет тексерілуі тиіс.
      4.3.19. Радиостанса жұмыс кезінде мачталарға адамдардың көтерілуі және қандай да бір жұмыстарды атқаруға қатаң тыйым салынады.
      4.3.20. Мачталарда жұмыс кезінде антенналар жермен қосылуы тиіс.
      Антеннаны түсіру немесе көтеру кезінде адамдардың мачтада болмауы тиіс.
      4.3.21. Көпір астынан өту кезінде, тиеу немесе түсіру жұмыстары кезінде радист немесе кеме экипажының басқа мүшесі антенна көтерумен немесе түсірумен айналысқанда радиостансаның сол сәтте қосылу мүмкіндігі болмауы қамтамасыз етілуі тиіс. Дистанциялық басқарылатын радиостансада антеннамен жұмыс кезінде пультта ескерту плакаттары ілініп, жауапты адам тұруы қажет.
      4.3.22. Алынып жатырған антеннаның қасында жұмыс істейтін кеме экипаж мүшелері оған қол тигізетін жағдай болғанда вахта бастығынан рұқсат алуы тиіс, ол радисті осы кезде бергішті қоспауы туралы ескертеді. Бұл жағдайда радиорубкада ескерту жазуы ілулі және антенна жерге қосулы болуы тиіс.
      4.3.23. РЛС тексеру мен жөндеу екі адаммен жүргізіледі. Бір адам жасауға қатаң тыйым салынады.
      4.3.24. Антенна қондырғылары мен толқындатқышты түнгі кездері жөндеуге қатаң тыйым салынады.
      4.3.25. Бергішті көтермелейтін трансформаторды тексеру машина тоқтатылған кезде және бірінші тізбек ажыратылған кезде ғана жүргізіледі.
      4.3.26. Жұмыс кезінде телеграф кілттерінен қорабты алу, кілтті жөндеу мен реттеуге тыйым салынады. Осы жұмыстар кернеу алған кезде жүргізіледі.
 
              4.4. Электр радио навигация құралдарына (гирокомпастар,
                эхолоттар және лагтар) техникалық қызмет көрсету
                   қауіпсіздігі бойынша арнайы талаптар
 
      4.4.1. Жекелеген блоктары өмірге қауіпті жоғары кернеуде болатын эхолотты пайдалану кезінде осы Ережелерді қатаң сақтау қажет, зауыт нұсқаулықтары мен Өзен кемелеріндегі техника қауіпсіздігі бойынша Ережелерде көрсетілген барлық алдын алу шараларын қабылдау керек.
      4.4.2. Вахталарда және арнайы қоршаулар мен трюмдерде орнатылатын гироакустикалық аппаратураның соғу қозғышты импульс генераторларына қызмет көрсету кезінде сы Ережелерде көрсетілген алдын алу шараларын қабылдау тиіс.
      4.4.3. Гирокомпасты жөндеу кезінде жәрдем сұйығының улы екенін естен шығармау қажет. Сұйықты даярлау кезінде қорғағыш көзілдірік кию, ал ол бет терісіне және қолға тиген кезде жедел спиртке батырылған мақтамен тамшыны жою қажет.
      4.4.4. Гирокомпас резервуарларын ашуға байланысты жұмыстарды орындау кезінде сезгіш элементтерді ілу үшін сынап қолданылатын кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бас санитарлық эпидемиологиялық басқармамен бекітілген "Сынапқа, оның қоспаларына және сынап толтырылған құралдарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған жайларды жобалау, жабдықтау, пайдалану және күтіп ұстау санитарлық ережелерінің" талаптарын басшылыққа алу қажет.
      4.4.5. Жіберу релесімен жұмыс жасау кезінде эхолот сөндірілуі тиіс.

Басқару пультінде ескерту жазулары ілінеді.

     4.4.6. Шахтада және коффердамда орнатылған лагты жөндеу желі

ажыратылған кезде ғана жүргізіледі.

                4.5. Қорғау құралдары

     4.5.1. Кемеде радио байланысы және электр радио навигация құралдарына

қызмет көрсету үшін мынадай қорғау құралдарының комплектісі болуы тиіс:

     а) диэлектр қолқаптары;

     б) диэлектр ботыйлары мен калоштар;

     в) жол кілемшесі үшін изоляция резина кілемшелері;

     г) қорғау көзілдіріктер;

     д) изоляциялы қолы бар электр құралы;

     е) изоляциялау қысқышы және сақтағышты алмастыру құралы;

     ж) кернеу көрсеткіштер;

     г) ауыстырмалы уақытша қорғау жерге қосқыштары, ауыстырмалы қоршаулар

мен қауіп белгілері.

       4.5.2. Изоляция материалы ретінде ылғалға тұрақты лакпен жабылмаған ылғал тартқыш материалдарды (бакелит, ағаш және басқалары) қолдануға болмайды.
      4.5.3. Байланыс торабы мен кеме иесі кәсіпорындарының мамандары қорғау құралдарының бар екендігін және оларды клеймелеу мерзімі өтпегенін жүйелі тексеруі және кеме бірыңғай кітабына тексеру нәтижесін жазулары тиіс.
      4.5.4. Техника қауіпсіздігі ережелерімен белгіленген мерзімде кеме

иесі кәсіпорындары қорғау құралдарын тексеру мен клеймелеуді жүргізеді.

     4.5.5. Қорғау құралдарын әрбір пайдалану алдында персоналдың

міндеттері:

     а) оның жарамдылығы мен сыртқы зақымдануының болмауын, шаңнан

тазалау;

резина қолқаптарда тесік болмауын тексеру;

     б) мөр бойынша осы құралдың қандай кернеуге арналғанын және сынақ

мерзімінің өтіп кетпегенін тексеру.

     Сынақ мерзімі өткен қорғау құралдарын пайдалануға болмайды, себебі

бұлар жарамсыз болып есептеледі.

                                                   1 қосымша

             Кемелерде радио байланысы және электр радио навигация

              құралдарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету

                     қауіпсіздігі ережелерін білу тиіс

                        өзен флоты қызметкерлерінің

                               Тізбесі

                          А. Кеме құрамы

     Кеменің команда құрамы, кеме радио операторы немесе оны ауыстыратын

тұлға, кеме жүргізу мамандықтарының тәжірибеленушілері.

                          Б. Жағадағы құрам

     Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының

қызметкерлері бассейндік кеме қатынасы инспекцияларының қызметкерлері

капитандар - тәлімгерлер, рейд капитандары, диспетчер аппараты, кеме

иесінің радио байланысы және электр навигация мамандары.

                                                2 қосымша

           Кеме электр радио байланысы және радио хабар беру

     жабдықтарына қызмет көрсету, қарау және тексеру мерзімділігі

_________________________________________________________________________

                   |                | Кім орындайды                       |

    Жабдық аты     |Жұмыстар тізбесі|_____________________________________|

                   |                |  Штаттық  |  Штаттық  |  Рейд       |

                   |                |радиоопер. | радиоопер.|флотының     |

                   |                |бар көлiк  | жоқ көлiк | кеме.       |

                   |                |флоты кеме.|флоты кеме.| лерiнде     |

                   |                |лерінде    |лерінде    |             |

__________________|________________|___________|___________|_____________|

        1          |       2        |     3     |     4     |     5       |

                        Күнделікті

  Таратқыштар, қа.  Аппаратураның сыр.  радио      Жауапты тұлға

  былдағыштар, за.  тын тексеру. Аппа.  операторы

  ряд тарату қон.   ратура сыртқы бөл. 

  дырғылары         терінің шаңын таза.  сол         сол

                    лау. Қоректенудің

                    желілік және апат

                    варианттарында телефон

                    және телеграф

                    режимінде жақын жадағы

                    радиостансамен      сол         сол

                    байланысудың қабылдау

                    тапсыру аппаратурасын

                    тексеру.

  Антенна қондыр.   Антенна қондырғысын  сол         сол

  ғысы              тексеру

Команда хабар      Аппаратураны         радио        Жауапты тұлға

беру аппаратурасы  сырттай тексеру      операторы

                        Айына бір рет

Таратқыштар, қа.   Блок ішінің бөлшек   радио           сол

былдағыштар, за.   монтажын тексеру     операторы

ряд тарату қон.   

дырғылары          Микротелефон түтігін     сол       Жауапты тұлға

                    және дистанциялық

                    басқару пультіндегі

                    қосқыштарды тексеру

                    Қоршау және жерге        сол          сол

                    қосқыш тізбегінің

                    жарамдылығын тексеру

                    Кабель жалғауларының     сол        Жауапты тұлға

                    беріктігін тексеру

                    Сақтағыштардың жарамды.  сол          сол

                    лығын және олардың

                    нұсқаулықтарда көрсетілген

                    номиналға сәйкестігін

                    тексеру

                    Бәсеңдеткіштер мен қор.  сол          сол

                    пустың бекіту бұранда.

                    ларының күйін тексеру

                    Шамдардың және жартылай  сол          сол

                    өткізгіштердің режимдерін

                    бақылау құралдары бойынша

                    тексеру

                   Аппаратура блоктарының радио         Жауапты тұлға

                   антенна, жерге         операторы

                   қосу жалғауларын және

                   клеммаларға металлдан.

                   дыруды тексеру

                   Блок іштерін монтаж        сол             сол

                   шаңынан тазалау

                   Реле түйісулерін шаңнан    сол             сол

                   және ыстан тазалау,

                   сақтағыштарды тазалау

                   Радиостансаның дистан.    Жауапты          сол

                   циялық басқарылуын         тұлға

                   тексеру (дистанциялық

                   қосу, жергілікті және

                   шығару пультінен радио.

                   стансаны келтіру, хабар,

                   қабылдау және қосу)

                   Таратқыш пен қабылдағыштың  сол            сол

                   термостаттарының

                   жарамдылығын тексеру

                   Таратқыштарды жұмыс         сол            сол

                   жиіліктеріндегі телефон

                   және телеграф режимдеріне

                   келтірілуін

                   тексеру

                   Деталдар мен блоктардың

                   ҚҚМ бар екендігін

                   және күйін тексеру

  Антенна қондыр.  Түйісулер беріктігін     радио         Жауапты тұлға

  ғысы             тексеру                  операторы

                   Антеннаның бекітілуі        сол             сол

                   мен тартылу күйін

                   тексеру

                   Антенна изоляторларын,      сол             сол

                   найза тартқыш және

                   антенна қосқыштарының

                   енгізгіштерін тазалау

                   Антеннаның жерге          Жауапты       Жауапты тұлға

                   қосылуын тексеру          тұлға

Команда беру      Блок іштерін монтаж       радио             сол

аппаратурасы      және бөлшек шаңынан       операторы

                   тазалау

                   Сақтағыштардың жарамды.     сол         Жауапты тұлға

                   лығын және олардың

                   нұсқаулықтарда көрсетілген

                   номиналға сәйкестігін

                   тексеру

                   Хабар беру желілерінің      сол             сол

                   жарамдылығын, желілік

                   сақтағыштарды тексеру

                   Сырланбаған металл         радио     жауапты     -

                   бөлшектерге, микрофон      операторы   тұлға

                   постыларына, коммутатор

                   мен герметизацияланған

                   розеткаларға май жағу

                   Дауысты сөйлеу, дауыс     сол         Жауапты тұлға

                   микрофондары мен ретте.

                   гіштерді тексеру. Команда

                   беру аппаратурасының

                   жұмысын тексеру

                   Әртүрлі ластанудан        сол         Жауапты тұлға

                   мегафон тобы элементтерін

                   тазалау

                   Блок ішіндегі монтаж     Жауапты тұлға

                   бөлшектерін қарау

Умформерлер,      Щетка және щетка ұста.   Жауапты тұлға

жаңартқыштар      ғыштардың күйін қарау

және заряд

агрегаттары       Монтаж күйін тексеру      сол

                   Коллекторлар мен сақи.    сол

                   наларды тазалау, көмір

                   шаңын кетіру

                   Қосу реостатын түйісулерін  сол

                   реле мен күш

                   кескіштерін, қосқыштарды

                   тазалау

Апат қуат         Электролит деңгейі       радио         Жауапты тұлға

жинағыштар        мен тығыздылығын         операторы

                   тексеру

                   Түйісулер күйі мен       сол              сол

                   беріктігін тексеру

                   Әрбір батарея қуат    радио         Жауапты тұлға

                   жинағыштың кернеуін   операторы

                   жүктеме айырымен

                   немесе қуат жинағыш

                   көргішпен өлшеу

                   Қуат жинағыштың          сол             сол

                   сыртын тазалау

                           Жылына бір рет

Бергіштер,        Бергіш шкаласының               Жауапты тұлға

қабылдағыштар     градуирленуін

                   тексеру

                   Қабылдағыштың                     сол

                   сезгіштігін

                   тексеру

Антенна           Антенна изоляциясын               сол

қондырғысы        тексеру

Команда беру      Шамдар мен жартылай                 Жауапты тұлға

аппаратурасы      өткізгіштер режимін

                   тексеру

Команда беру      Айналу механизмнің      радио       Жауапты тұлға

аппаратурасы      червяктық берілісін     операторы

                   жүргізгіштің коникалық

                   берілісін майлау

                   Хабар желілерінің                   Жауапты тұлға

                   изоляция кедергісі

                   мен жүргізгіш аралық

                   кедергіні өлшеу (қысқы

                   кеме жөндеуден кейін)

Умформерлер,      Майлау мен подшипник.    Жауапты тұлға

жаңартқыштар      терді ауыстыру

және заряд 

агрегаттары       Подшипниктер күйін           сол

                   тексеру

Апат қуат         Қуат жинағыштың              сол

жинағыштар        бақылау заряды

                        Жылына екі рет

Антенна           Антенна фалы блоктарын  радио          Жауапты тұлға

қондырғылары      тазалау және            операторы

                   майлау

                   Болат фалдарды арнайы    сол                 сол

                   тотықтануға қарсы

                   май қабатымен жабу

Умформерлер,      Коллекторға щетканы       Жауапты тұлға

жаңартқыштар      кіргізу, щетка басуды

және заряд        реттеу

агрегаттары

                                                     3 қосымша

           Кеме электр радио навигация жабдықтарына

       қызмет көрсету, қарау және тексеру мерзімділігі

Жабдық аты     | Жұмыстар тізбесі          | Мерзімділігі | Кім орындайды

_______________|___________________________|______________|______________

        1       |       2                   |     3        |     4        

Радиолокация    Антенна қондырғысы мен тол.  күнделікті     жауапты тұлға

стансалары      қындатқыш трактының сыртын

                 тексеру

                 РЛС тексеру                      -;-             -;-

                 Ылғал тартқыш немесе деги.   айына бір рет

                 дратор жұмысының күйін

                 тексеру

                 Антенна қондырғысын тазалау      -;-             -;-

                 Индикатор жарық фильтрлерін      -;-             -;-

                 уайт спиритке батырылған

                 марлы шүберекпен сүрту

                 Құрал ішіндегі монтаж            -;-             -;-

                 бөлшектерін тексеру

                 Станса қоршауларының тізбек      -;-             -;-

                 жарамдылығын тексеру

                 Толқындатқыш тракты фланцысының  -;-             -;-

                 жалғану сапасын және

                 сыртқы қабатының күйін тексеру

                 Айналу механизмдерінің           -;-             -;-

                 жарамдылығын тексеру

                 Бәсеңдеткіштер күйін тексеру айына бір рет  жауапты тұлға

                 Антенна қондырғысындағы кол.     -;-            -;-

                 лекторлардың, электр қозғалтқышы

                 щеткаларының, сельсин

                 сақиналарының күйін тексеру

                 Реле түйісулері мен контакт.    -;-            -;-

                 ларды шаң мен ыстан тазалау

                 Блок ішінің деталдар мен         -;-            -;-

                 монтаж шаңынан тазалау

                 (құрғақ, таза түйінмен және

                 шаңсорғышпен тазалау керек)

                 Қалпақтар мен шам баллондары,    -;-            -;-

                 фидер фишкаларының изоляторлары

                 мен изоляция тақтайларын сүрту

                 ҚҚМ блоктарының мен деталдарының  -;-           -;-

                 бар екендігі мен күйін тексеру

                 Антенна қосқыш тісті берілістер.  жарты жылда   -;-

                 дің, механизмдердің шкала инди.   бір рет

                 каторларын, РЛС шестернялары мен

                 подшипниктерін майлау

                 Сынақ құралында шам сипатын       жылына бір    -;-

                 тексеру                           рет

                 Импульс нысандарын және кернеу.    -;-          -;-

                 лерді стансаның бақылау ұяларында

                 тексеру, РЛС келтіруін тексеру

Радио пелен-     Рама мен қосымша антеннаны  күнделікті     жауапты тұлға

гаторлар        тексеру

                 Радио пеленгатордың қосылуы        -;-           -;-

                 мен жұмысының жарамдылығын

                 тексеру

                 Бәсеңдеткіштердің күйін       айына бір рет      -;-

                 тексеру

                 Рамканың колонкада бекітілу   айына бір рет  жауапты тұлға

                 мықтылығы мен тік колонка

                 рамкасының көтеру лифтінің

                 жоғын тексеру

                 Қабылдағыштың футлярға бұралуы,     -;-           -;-

                 алдыңғы панел мен футлярдың

                 арасында саңылау жоғын тексеру

                 Такелаж бекіту беріктігін тексеру   -;-           -;-

                 Рамка изоляторын шаңнан, ыс пен     -;-           -;-

                 ылғалдан тазарту

                 Рамка орауының изоляция             -;-           -;-

                 кедергісін тексеру

                 Құрал іші монтажын тексеру          -;-           -;-

                 Блок ішін деталь мен монтаж         -;-           -;-

                 шаңынан тазарту

                 Құралдардағы кинематикалық    жарты жылда         -;-

                 түйіндерді майлау             бір рет

                 Тозған деталдар мен түйіндерді      -;-           -;-

                 ауыстыру

                 ҚҚМ сай бар екендігін тексерілу     -;-           -;-

                 Радио девиацияны тексеру    жылына бір рет   жауапты тұлға

Эхолоттар       Жазу қондырғысын, АПР контак-   жыл сайын    жауапты тұлға

                 торын және түйісу топтарын

                 тексеру

                 Өзінқазғышты қағазбен қамтудың   күнделікті       -;-

                 дұрыстығын тексеру

                 Әртүрлі диапазонда көрсеткішпен  күнделікті       -;-

                 эхолоттың жұмысын тексеру

                 Қабылдағыш вибраторлы магниттеу  айына бір рет    -;-

                 Күшейіткіш монтаж деталын тексеру    -;-          -;-

                 Қосу релесінің түйісулерін тексеру,  -;-          -;-

                 тазалау және реттеу

                 Вибратор кабелдерінің                -;-          -;-

                 изоляциясын тексеру

                 Кинематикалық сызбаны                -;-          -;-

                 тексеру және майлау

Лагтар          Жылдамдық репитері көрсеткішінің  күнделікті  жауапты

                 орталық құрал көрсеткішімен                    тұлға

                 келісуін тексеру

                 Жүйені бақылайтын контактор,     айына бір рет    -;-

                 электр элемент қыздырғышының

                 жұмысын тексеру

                 Бәсеңдеткіш күйін тексеру            -;-         -;-

                 Блок ішін детал және монтаж        -;-           -;-

                 шаңынан тазалау

                 Сағат механизмнің дұрыс            -;-  

                 жүруін тексеру

                 Құрал іші монтаж деталдарын   айына бір рет  жауапты тұлға

                 тексеру

                 Мотор мен сельсин подшипниктерін   -;-           -;-

                 тексеру, майлау

                 Борт сырты оймалары мен құбырларын           жауапты тұлға

                 үрлеу немесе жуу

                 ҚҚМ деталдарының бар екендігі  жарты жылда       -;-

                 мен күйін тексеру              бір рет

                 Мембрана аппараты мен кран         -;-           -;-

                 таратқышын тазалау, майлау

                 Құралдардағы тозған деталдарды     -;-           -;-

                 ауыстыру

                 Құралдардағы подшипниктер мен  жылына бір рет    -;-

                 кинематикалық түйіндерді майлау

Гиро-           Репитердің негізгі құралмен     күнделікті     жауапты

компастар       келісуін тексеру                                тұлға

                 Өлшеу құралдарының көрсеткішін     -;-           -;-

                 тексеру

                 Жәрдем сұйығының деңгейі мен       -;-           -;-

                 биіктік бойынша сезгіш элементтің

                 жағдайы   

                 Сияның болуын, бағыттық және       -;-           -;-

                 бағытбағанындағы төрттік

                 ұштардың келісуі

                 Бағытбағанының лента тартуын    күнделікті        -;-

                 тексеру

                 Бәсеңдеткіш күйін тексеру      айына бір рет

                 Блок ішін детал және монтаж    айына бір рет    жауапты

                 шаңынан тазарту                                  тұлға

                 Шаң мен ыстан тазалау              -;-           -;-

                 Сельсин сақиналарын тазарту        -;-           -;-

                 Резина тығыздықтарын графит        -;-           -;-

                 және кастор майының араластыру

                 арқылы арнайы мазь жағу

                 Барлық құралдар мен блоктардың     -;-           -;-

                 бекітулерін тарту

                 Құрал іші монтаж деталдарын        -;-           -;-

                 қарау

                 ҚҚМ бөлшектерінің бар екендігі   жарты жылда     -;-

                 мен күйін тексеру, гирокомпас     бір рет

                 жұмысын бөлшектік тексеру      

     Оқығандар:    

          Үмбетова А.М.

          Қасымбеков Б.А.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы