Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысы.

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 17 қазандағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағаларды негізделген және ашық белгілеу процесін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) баға белгілеу процесін регламенттеу мақсатында әзірленді және қорғаныстық тапсырыс өніміне баға белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларды қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын есептеу үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар (бұдан әрі – орындаушы) қолданады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) арнайы шығыстар – нысаналы мақсаттағы арнайы құралдар мен керек-жарақтарды жасауды, сатып алуды және жөндеуді, арнайы сынақтарды, сараптамаларды, қорғаныстық тапсырыс өнімінің жаңа түрін шығару, сондай-ақ игеру кезіндегі зерттеулер мен тәжірибелерді қамтитын шығыстар;

      2) баға – тауар құнының ақшалай мәні (тауар құнының негізіне ұйымдардың тиімді қызметі үшін қажетті таза кірісті ескере отырып, өнімді өндіруге және өткізуге арналған шығындар, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдер жатады);

      3) бөлу базасы – жанама шығыстарды бөлу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (статистикалық, қаржылық, сандық);

      4) құрастыру – бөлшектерді біріктіруден тұратын өндірістік процестің бір бөлігі;

      5) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді арттыру және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      6) ғылыми-техникалық өнім – келісімшарт (шарт) талаптарына сәйкес аяқталған, тапсырыс беруші қабылдаған келісімшарт (шарт) бағалары бойынша іске асырылатын ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық, технологиялық жұмыстардың нәтижесі;

      7) жалпы және әкімшілік шығыстар – әкімшілік мақсаттағы жалпы шаруашылық шығыстармен байланысты шығыстар;

      8) жанама шығыстар – ұйымдар өндіретін өнімнің (көрсететін қызметтердің, ұсынатын жұмыстардың) құнына тікелей жатқызылмайтын шығыстар (жанама шығыстарға үстеме шығыстар, сату бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, қаржылық шығыстар жатады);

      9) жоспарлы калькуляция – пайданың және қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) жол берілетін деңгейін ескере отырып, жоспарлы кезеңге қорғаныстық тапсырыс өнімі бірлігінің құнын айқындайтын ақшалай түрдегі шығыстардың экономикалық (бухгалтерлік) есеп-қисабы;

      10) көлік-дайындау шығыстары – ұйымның материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, негізгі және қосалқы материалдарды, шикізатты дайындаумен және оларды ұйымға жеткізу процесімен тікелей байланысты шығыстары;

      11) қайтарымсыз қалдықтар – техниканың осы күйінде пайдалануға болмайтын және технологиялық шығындарға жататын, оның ішінде жанған, кеуіп кеткен, азайған қалдықтар;

      12) қайтарымды қалдықтар – бастапқы материалды дайын өнімге қайта өңдеу процесінде пайда болған, белгіленген технологияға сәйкес негізгі өндірістің басқа бұйымдарын немесе бөлшектерін дайындау үшін толыққанды материал ретінде қолданылатын бастапқы материал ретінде тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан (химиялық немесе физикалық қасиеттерін, оның ішінде толыққандылығын, конфигурациясын), шикізаттың, материалдың немесе жартылай фабрикаттардың қалдықтары;

      13) қаржылық шығыстар – қорғаныс өнеркәсібі кешені өнімін дамытуға, игеруге және шығаруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті жаңғырту мақсатында тартылған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар;

      14) материалдық шығындар – ұйымның дайын өнімді шығару үшін шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар сатып алу бойынша шығыстары;

      15) өндірістік құн – тікелей және үстеме шығыстардан тұратын қорғаныстық тапсырыс өнімін өндірумен байланысты шығындар жиынтығы;

      16) өткізу жөніндегі шығыстар – тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өткізу, тасымалдау, буып-түю және жеткізу процесімен байланысты шығыстар;

      17) пайданың жол берілетін деңгейі – орындаушы өндірісті дамыту, тиімді жұмыс істеу және өткізілетін қорғаныстық тапсырыс өнімінің сапасын арттыру үшін алатын қорғаныстық тапсырыс өнімі бағасының құрамына кіретін пайда;

      18) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді жасау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені;

      19) толық құн – өндірістік құнды, жалпы және әкімшілік шығыстарды және өткізу бойынша шығыстарды, қаржылық шығыстарды қамтитын жалпы сома;

      20) тікелей шығыстар – қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге тікелей байланысты, оның өзіндік құнына тікелей жататын шығыстар;

      21) үстеме шығыстар – өндірілетін өнімнің құнына тікелей жатқызылмайтын, бірақ қорларды дайын өнімге қайта өңдеу кезінде орын алатын не өнімнің бірнеше түрін өндірумен байланысты және құнға жанама әдіспен жатқызылатын шығыстар (үстеме шығыстарға қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен персоналдың, негізгі өндірістердің басқарушы персоналының шығыстары, қызмет көрсету бойынша шығыстар, негізгі құралдар объектілерін жұмыс күйінде күтіп ұстауға жататын шығыстар жатады);

      22) шығын әдісі (калькуляциялау әдісі) – қорғаныстық тапсырыстың дайын өнiмiн өндіру және өткізу бойынша барлық шығындарды айқындау және оларды шығыстар баптары бойынша топтастыру.

2-тарау. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын қалыптастыру тәртібі

      4. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасы шығын әдісі (калькуляция әдісі) қолданыла отырып айқындалады, ол мыналарға:

      1) жеткізуді қоса алғанда, әзірлеуге, өндіруге (құрастыруға), беруге, жаңғыртуға, монтаждауға, реттеуге, орнатуға, жөндеуге, техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, техникалық сүйемелдеуге, техникалық куәландыруға және диагностикалауға жұмсалатын шығындарға сүйене отырып, осы шығындар мен пайданың жол берілетін деңгейінің жиыны түрінде қорғаныстық тапсырыс өніміне,

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗЖ/ТКЖ) орындауды қамтамасыз ететін шығындар құрамына, пайданың рұқсат етілген деңгейінің шамасына сүйене отырып, ғылыми-техникалық өнімге жататын қорғаныстық тапсырыс өніміне (ғылыми, талдамалық және әлеуметтік зерттеулер ҒЗЖ/ТКЖ) баға белгілеу болып табылады.

      5. Қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляцияны орындаушы осы Қағидаларға сәйкес қалыптастырады.

      6. Орындаушы уәкілетті органға немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты алушының бюджетінде көзделгенде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыға (бұдан әрі – алушы) қорғаныстық тапсырыс өнімі құнының жоспарлы калькуляциясын түсіндірме жазбамен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді. Жоспарлы калькуляция Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында көзделген мерзімдерде қағаз жеткізгіштерде ұсынылады.

      7. Өндірістік циклі бір жылдан асатын қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляция жыл сайынғы қаржыландыру сомасын айқындау мақсатында бүкіл кезеңге және әрбір жылға есептеледі.

      8. Жоспарлы калькуляцияға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өткен жылғы қаржылық немесе аудиторлық есептілік;

      2) растайтын құжаттармен бірге түсіндірме жазбада көрсетілген тікелей шығыстардың толық жазылуы;

      3) өндірушілерден, берушілерден сатып алынатын шикізатқа, материалдарға, жиынтықтауыштарға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстары және/немесе өткен кезеңде жеткізушілермен жасалған шарттарға ерекшеліктер.

      9. Орындаушының қызмет ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшадағы жоспарлы калькуляцияның шығыстар баптарының құрамы осы Қағидаларда көзделген шығыстар шегінде шығыстар баптарымен толықтырылады.

      10. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында орындаушы қорғаныстық тапсырыс өнімінің атаулары (номенклатурасы) бойынша тікелей шығыстардың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.

      11. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде әкелінетін қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын қалыптастыру кезінде коммерциялық ұсыныстар, прайс-парақтар және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өндірушісінің немесе өнім берушісінің өзге де растайтын құжаттары, оларды жеткізу бойынша көліктік шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлемдері, сондай-ақ пайданың жол берілетін деңгейі ескеріледі.

      12. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкелінетін қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын қалыптастыру кезінде коммерциялық ұсыныстар, прайс-парақтар және/немесе шетелдік өндірушілердің және жеткізушілердің өзге де растайтын құжаттары, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстары, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар, сақтандыру сомалары, уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) көрсетілетін қызметтері, кеден өкілдерінің көрсетілетін қызметтері және пайданың жол берілетін деңгейі ескеріледі.

      13. 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттерден сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімі Әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері арасындағы шарттың талаптарында көзделген бағалар бойынша қалыптастырылады.

      14. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкелінетін қорғаныстық тапсырыс өніміне жеңілдік шарттардағы бағаны қалыптастыру кезінде уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты алушының бюджетінде көзделгенде алушы, қажет болған кезде Шартқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарына Шарттың ережелеріне сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізуге және оларға бағаларды қалыптастыруға келісімшарт (шарт) жобасының талаптарына сәйкес растау туралы жазбаша сұрау салу жібереді.

      15. Қорғаныстық тапсырыстың әкелінетін өніміне баға ұсыныстары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалар негіздемесін ұсына отырып, уәкілетті органға немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты алушының бюджетінде көзделгенде алушыға жіберіледі.

      16. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің құнын қалыптастыру кезінде қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге қатысы жоқ шығыстар, оның ішінде мынадай шығындар ескерілмейді:

      1) айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сондай-ақ келісімшарт (шарт) талаптарын бұзғаны үшін сот шығындары;

      2) ақаудан болған шығындар;

      3) білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеу;

      4) демеушілік көмек көрсету;

      5) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, кәсіптік-техникалық училищелерді күтіп-ұстау;

      6) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;

      7) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру және ынталандыру;

      8) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

      9) қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өтемақы төлемдері;

      10) кәсіби ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, мемлекет қаражаты есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларға ақы төлеу;

      11) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналар;

      12) қорғаныстық тапсырысты орындау үшін өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, лекцияларды, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізу және ұйымдастыру;

      13) қызметкерлерге, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеу, қызметкердің отбасы мүшелерінің демалысты пайдаланатын орнына бару және кері қайту жолына ақы төлеу;

      14) ластаушы заттардың шамадан тыс шығарындыларына (төгінділеріне) төлемдер;

      15) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізу;

      16) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерьлеріндегі балалардың тамақтану құнын өтеу;

      17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаумен байланысты емес консалтингтік компаниялар көрсететін қызметтер;

      18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаумен байланысты іссапар шығыстарын қоспағанда, орындаушының персоналы үшін пәтерлерді жалға алуға және күтіп ұстауға, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарын, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды, сондай-ақ басқа да тұрғын үйлерді сатып алу;

      19) мереке күндеріне немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар сатып алу;

      20) шамадан тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне, қоймалардағы қорларға және өндірістік емес шығыстар;

      21) орындаушылардың бау-бақша учаскелерін абаттандыру (жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

      22) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын күтіп ұстау;

      23) ұжымдық шарттарда айқындалған мақсаттарға арналған кәсіптік одақтарға аударымдар;

      24) ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған процентсіз кредиттерді қоса алғанда, оларды өтеу;

      25) ұрлаудан болған залалдар.

3-тарау. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің қорытынды құнын есептеу тәртібі

      17. Қорытынды құнды есептеу жоспарлы калькуляцияны әзірлеу жолымен жүзеге асырылады. Қорытынды құнды есептеу өндірілетін өнімнің құнын қалыптастырудың толық циклын қадағалауға мүмкіндік беретін кезеңдік бөлуге негізделген.

      18. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің бір бірлігінің қорытынды бағасы (Қб) қорғаныстық тапсырыс өнімінің бір бірлігінің толық құнын, пайда деңгейі мен осы өнімге ҚҚС-ты қосу арқылы есептеледі:

      ҚБ=Тқб+П+Ққс, мұндағы:

      Тқб – қорғаныстық тапсырыс өнімінің бір бірлігінің толық құнының бағасы;

      П – пайданың рұқсат етілген деңгейі;

      ҚҚС – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен бекітілген қолданыстағы мөлшерлемеге сәйкес есептелетін ҚҚС.

      19. Бірінші кезеңде өндірістік құнды есептеу кезінде шығыстарды тікелей және үстеме шығыстарға бөлу жүргізіледі.

      Екінші кезеңде толық құнды өндірістік құнға есептеу кезінде жалпы және әкімшілік шығыстар, сондай-ақ өткізу жөніндегі және қаржылық шығыстар қосылады.

      Үшінші кезеңде қорытынды құнды толық құнға есептеу кезінде пайда сомасы мен ҚҚС қосылады.

      20. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру кезінде технологиялық процеске қарай, қызметтің ерекшелігін ескере отырып айқындалатын бір немесе бірнеше бөлу базалары бойынша өнімнің әрқилы түрлері арасында жанама шығыстарды (үстеме шығыстарды, жалпы және әкімшілік шығыстарды және өткізу жөніндегі шығыстарды, қаржылық шығыстарды) барабар бөлу қағидаларға, ережелерге, есепке алу саясатына және орындаушының регламенттейтін құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

      21. Жалпы және әкімшілік шығыстар мен өткізу жөніндегі шығыстар уәкілетті ұйым жеткізетін қорғаныстық тапсырыс өнімі құнының есебіне енгізілмейді. Бұл шығыстар уәкілетті ұйым үшін белгіленген пайда сомасынан есептен шығарылады.

4-тарау. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге арналған шығындар құрамын айқындау тәртібі

      22. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің өндірістік құнын (Өқ) айқындау үшін шығындардың мынадай жіктемесі қолданылады:

      Өқ=Тш+Үш, мұндағы:

      Тш – тікелей шығыстар;

      Үш – үстеме шығыстар.

      23. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезеңінде орындаушы ұйымының тікелей шығыстарына:

      1) дайындаудың еңбекті көп қажет етуіне, бекітілген тарифтік мөлшермелерге, еңбекақы төлеу саясатына, орындаушылардың ұйымдарында қолданыстағы еңбекақы төлеу туралы ережелерге сәйкес еңбекақы, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруде тікелей жұмыс істейтін жұмыскерлердің салықтары мен аударымдары, оның ішінде медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да төлемдер;

      2) қолданыстағы немесе есептік шығыстар нормалары негізінде анықталатын материалдық шығындар, сондай-ақ ҒЗЖ/ТКЖ орындау үшін дайындалатын және/немесе сатып алынатын арнайы жабдыққа арналған шығындар енгізіледі.

      24. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын материалдық шығындар мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) жинақтаушы бұйымдар;

      2) көлік-дайындау шығыстары;

      3) қосымша өңдеуге, монтаждауға ұшырайтын жартылай фабрикаттар;

      4) өнімді дайындау, шикізатты, материалдарды және жартылай фабрикаттарды өңдеу бойынша жекелеген операцияларды орындау бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      5) сатып алынатын бұйымдар;

      6) техникалық тапсырмада көзделген кезде қорғаныстық тапсырыс өніміне қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдары;

      7) тікелей әдіспен қорғаныстық тапсырыс өніміне жатқызылатын негізгі және қосалқы материалдар;

      8) шикізат.

      25. Көлік-дайындау шығыстары мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) тасу ақысы;

      2) дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау бөлімшелерін, қоймаларды, агенттіктерді күтіп ұстауға арналған шығыстар;

      3) көлік-дайындау шығыстарына байланысты кедендік төлемдер мен салықтар, өнімді сертификаттау;

      4) материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, негізгі және қосалқы материалдарды, шикізатты, сондай-ақ оларды монтаждау, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары бойынша шығыстарды қоса алғанда, ҒЗЖ/ТКЖ орындау үшін арнайы жабдықты тиеу/түсіру және оларды қоймалар мен пайдалану орнына жеткізу бойынша шығыстар;

      5) материалдарды тікелей дайындауға және оларды дайындау орнынан қоймаларға жеткізуге, сондай-ақ ҒЗЖ/ТКЖ орындау үшін арнайы жабдықты, қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін қорғаныстық тапсырыс өнімін дайындау жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету процесінде пайдаланылатын қосалқы материалдарды жеткізуге байланысты іссапар шығыстары.

      Көліктік-дайындау шығыстары орындаушының ұйымындағы қолданыстағы нормативтердің және/немесе жоспарлау алдындағы кезеңнің есептік деректерінің негізінде жоспарланады және көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың материалдық шығындар құнына проценттік қатынасы ретінде айқындалады, сондай-ақ жеткізуге төлем алынған бастапқы құжаттарға сәйкес жеткізілген материалдармен тікелей себеп-салдарлық байланысы болған жағдайда, материалдық шығындарға тікелей жатқызылады.

      26. Қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіргеннен кейін шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары қайтарымсыз және қайтарымды болып бөлінеді.

      Қорғаныстық тапсырыс өнімінің құнына енгізілетін материалдық шығындардан қайтарымды қалдықтардың құны алып тасталады.

      27. Еңбекақы бойынша шығыстар мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың басқа да түрлеріне арналған шығыстар;

      2) салықтық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары мен жарналарын қоса алғанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндірумен айналысатын жұмыскерлердің еңбекақысы;

      3) салықтық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын қоса алғанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге тікелей жұмылдырылған ғылыми-техникалық персоналдың еңбекақысы;

      4) өндірісте тікелей жұмылдырылған жұмыскерлерге кәсіптерді, еңбек жағдайлары зиянды, ауыр және (немесе) қауіпті жұмыстарды қоса атқарғаны үшін төлем;

      5) өндіріске тікелей жұмылдырылған, кәсіпорынның қуаттарында бір ауысымдық жұмыс кестесі кезінде оларсыз мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мүмкін болмайтын жұмыскерлерге түнгі уақыттағы, мереке күндердегі, демалыс күндердегі жұмыстар, шамадан тыс жұмыстар үшін төлемдер;

      6) тартылатын мамандардың ғылыми біліктілігін, тәжірибесін және ғылымның дамуына үлесін ескеретін, келісімшарттық (шарттық) негізде айқындалатын, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіруге тікелей жұмылдырылған, тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар.

      28. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезеңінде өндіруші ұйымдардың үстеме шығыстарына қорғаныстық тапсырыс өнімін шығарумен байланысты мынадай шығыстар енгізіледі:

      1) арнайы ғылыми-техникалық ақпаратты және есептеу жабдықтарын сатып алуға, патенттік зерттеулер, ғылыми-техникалық сараптамалар жүргізуге, лицензиялар, лицензиялық бағдарламалық қамтылымды сатып алуға арналған материалдық шығындар;

      2) арнайы шығыстар;

      3) бөгде ұйымдар орындайтын көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың, жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясының, құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозуының сомасы;

      5) еңбекті қорғау бойынша шығындар;

      6) жылыту;

      7) көлік шығыстары;

      8) медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың басқа да түрлеріне арналған шығыстар;

      9) басшылар, инженерлік-техникалық құрам, негізгі және қосалқы өндіріс персоналы үшін іссапар шығыстары;

      10) өндірістік (негізгі) ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды ұстауға және ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге және оларды жөндеуге арналған құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығындар;

      11) өндірістің ерекшеліктеріне байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қалыпты еңбек жағдайларын және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

      12) салықтық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары мен жарналарды қоса алғанда, цехтар мен бөлімдер басшыларының, инженерлік-техникалық, қосалқы, шаруашылық персоналының жалақысы;

      13) салалық келісім мен ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауға арналған шығындар;

      14) спутниктік байланысты қоспағанда, байланыс қызметтері;

      15) сумен жабдықтау, су бұру;

      16) электр энергиясы;

      17) цехтар мен бөлімдер басшыларының, инженерлік-техникалық персоналының, қосалқы және шаруашылық персоналының аударымдары мен төлемдері бар, оның ішінде түнгі уақыттағы жұмысы, мереке күндері, демалыс күндері, шамадан тыс жұмыстар, кәсіпті қоса атқарғаны, еңбек жағдайлары зиянды, ауыр және/немесе қауіпті жұмыстар үшін қосымша еңбекақысы;

      18) технологиялық және эксперименттік жабдықтарды жөндеуге, пысықтауға, дайындауға арналған шығындар;

      19) машиналардың қоршауларын және олардың қозғалатын бөліктерін, жұмыс орындарының жабдықтарын арнайы құрылғылармен (күрделі емес сипатта) күтіп-ұстау;

      20) қорғаныстық тапсырыс өнімін, сондай-ақ жинақтауыштарды, материалдарды, қызметтерді сертификаттауға, тексеруге, стандарттауға арналған шығындар;

      21) мүліктен, жылжымайтын мүліктен алынатын алымдар, төлемдер және салық аударымдары, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      22) өндірістік персоналды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар;

      23) метрология, өлшеу аспаптарын, жабдықтар мен құрал-саймандарды тексеру және баптау бойынша шығындар;

      24) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗЖ/ҒЗТКЖ) орындау бойынша шығындар;

      25) тиеу және түсіру бойынша шығыстар;

      26) өрт күзетіне арналған шығыстар;

      27) тауарлық-материалдық қорлармен, баспаханалық көрсетілетін қызметтермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету бойынша шығыстар.

      29. "Арнайы шығыстар" деген бап сынақтарды, зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізу кезіндегі шығыстарды, тәжірибелік үлгілерді, арнайы жарақтарды, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды, модельдерді және басқа да эксперименттік жарақтарды дайындау, жөндеу, сатып алу құнын, қорғаныстық тапсырыс өнімінің жаңа түрінің өндірісін дайындау мен игеру шығыстарын, сондай-ақ технологиялық процестерге сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімін сынаудың әрқилы түрлерін жүргізуде бөгде ұйымдарға арнайы техникалық көмек көрсету жөніндегі шығыстарды, сондай-ақ осы сынақтарды қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды қамтиды.

      Қорғаныстық тапсырыс өнімінің жаңа түрін дайындауға және игеруге арналған шығыстар қорғаныстық тапсырыс өнімін дайындаудың технологиялық процесін әзірлеуге, арнайы жарақты, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды жобалауға, өндірісті ұйымдастыруға, техникалық құжаттаманы дайындауға және ресімдеуге байланысты шығыстарды қамтиды.

      30. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің толық құнын (Тқ) анықтау үшін өндірістік құнға қорғаныстық тапсырыс өнімін өткізу жөніндегі шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, сондай-ақ қаржылық шығыстар қосылады:

      Тқ=ӨҚ+Өбш+Әш+Қш, мұндағы:

      ӨҚ – қорғаныстық тапсырыс өнімі бірлігінің өндірістік құны;

      Өбш – өткізу бойынша шығыстар;

      Әш – жалпы және әкімшілік шығыстар;

      Қш – қаржылық шығыстар.

      31. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезеңінде дайындаушы ұйымдардың өткізу бойынша шығыстарын қорғаныстық тапсырыс өнімін өткізумен байланысты мынадай шығыстар енгізіледі:

      1) негізгі құралдарды күтіп ұстау бойынша амортизациялық аударымдар мен шығыстар;

      2) қорғаныстық тапсырыстың дайын өнімін қаптау;

      3) жүктерді межелі пунктке дейін тасымалдау;

      4) жылыту;

      5) медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың басқа да түрлеріне арналған шығыстар;

      6) жұмыскерлердің жалақысы, салық, әлеуметтік, зейнетақы аударымдары және жалақысынан жарналар;

      7) жұмыскерлердің іссапар шығыстары;

      8) спутниктік байланысты қоспағанда, байланыс қызметтері;

      9) сумен жабдықтау, су бұру;

      10) тиеу-түсіру жұмыстары;

      11) электр энергиясы;

      12) үй-жайды жалға алу шығыстары;

      13) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдар;

      14) ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге, өнімді өткізу процесінде пайдаланылатын жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған шығындар;

      15) тауарлық-материалдық қорлармен, баспаханалық қызметтермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету бойынша шығыстар;

      16) өрт күзетіне арналған шығыстар;

      17) өндірістің ерекшеліктеріне байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қалыпты еңбек жағдайларын және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша шығындар.

      32. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде дайындаушы ұйымдардың жалпы және әкімшілік шығыстарына мынадай шығыстар енгізіледі:

      1) қаржылық аудит қызметтері;

      2) әкімшілік ғимараттар мен үй-жайлардың, жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;

      3) әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлердің жалақысы, салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары мен жалақысынан жарналар;

      4) банк қызметтеріне ақы төлеу, кассалық қызмет көрсету;

      5) жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалға алу бойынша шығыстар;

      6) жылыту;

      7) медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың басқа да түрлеріне арналған шығыстар;

      8) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары;

      9) нотариаттық қызметтер;

      10) мүліктен, жылжымайтын мүліктен алынатын алымдар мен салықтық аударымдар, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдар;

      11) сумен жабдықтау, су бұру;

      12) спутниктік байланысты қоспағанда, байланыс қызметтері;

      13) тауарлық-материалдық қорлармен, баспаханалық қызметтермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету бойынша шығыстар;

      14) электр энергиясы;

      15) өндіріске жатпайтын бағдарламалық қамтылымды, техникалық басқару құралдарын, байланыс тораптарын, сигнал беру құралдарын, есептеу орталықтарын, көлік құралдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      16) объектіні күзетуге арналған шығыстар;

      17) қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) әкету, кәдеге жарату;

      18) ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес төлемдер;

      19) сақтандыру төлемдері (мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде шарттар бойынша орындаушылар төлейтін жарналар);

      20) өрт күзетіне арналған шығыстар;

      21) ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге, жалпы шаруашылық мақсаттағы жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған шығындар.

5-тарау. Пайданың жол берілетін деңгейін айқындау тәртібі

      33. Пайданың жол берілетін деңгейі қорғаныстық тапсырыс өнімінің бір бірлігінің толық құнынан мынадай мөлшерлерде есептеледі:

      1) ауыр өнеркәсіп, машина жасау ұйымдарының өніміне (тауарларына) – 20 %-ке дейін, бұл ретте қайта өңдеуге, пысықтауға, сынауға, сертификаттауға жатпайтын жинақтаушы бұйымдарға, сондай-ақ қосалқы мердігер ұйымдардан немесе жеткізушілерден сатып алынатын қызметтерге пайданың жол берілетін деңгейі олардың құнының 5 %-іне дейін белгіленеді;

      2) жеңіл өнеркәсіп өніміне (тауарларына) – 20 %-ке дейін, бұл ретте қорғаныстық тапсырыс өнімінің құны қазақстандық (отандық) тауар нарығында қалыптасқан ұқсас өнімнің құнынан аспауы тиіс;

      3) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге – орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің 20 %-іне дейін, бұл ретте басқа ұйымдар орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге пайданың рұқсат етілген деңгейі олардың құнының 5 %-іне дейін белгіленеді;

      4) инвестициялық бағдарламалар және/немесе инвестициялық жобалар шеңберінде шығарылатын және (немесе) өткізілетін, оның ішінде өндірісті жаңғыртуға байланысты қорғаныстық тапсырыс өніміне – 25 %-ке дейін;

      5) мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты ғылыми зерттеулерге және өзге де қызметке – 20 %-ке дейін;

      6) алғашқы 3 жыл ішінде қорғаныстық тапсырыстың жаңа өніміне немесе қорғаныстық тапсырыс өнімін сериямен шығарылмағанда – 25 %-ке дейін.

      34. Әкелінетін қорғаныстық тапсырыс өніміне, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге уәкілетті ұйым пайдасының жол берілетін деңгейі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі.

6-тарау. Қорғаныстық тапсырыс өніміне іс жүзіндегі шығыстарды тексеру және келісу тәртібі

      35. Қорғаныстық тапсырыс өніміне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін тексеру мен келісуді жүзеге асыру мақсатында әскери өкілдік ай сайын осы Қағидаларға сәйкес тікелей орындаушының қорғаныстық тапсырыс өніміне жатқызылған, сондай-ақ кооперация тәртібімен жүргізілген нақты шығыстарды тексеруді және келісуді орындайды.

      Егер, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде жасалған келісімшартта (шартта) қорғаныстық тапсырыс өнімінің сапасын бақылау және қабылдау бойынша функция әскери өкілдіктерге жүктелген жағдайда, қорғаныстық тапсырыс өніміне нақты шығыстарды тексеруді және келісуді әскери өкілдіктер жүзеге асырады.

      36. Нақты шығыстарды тексеру мен келісуді жүзеге асыру үшін орындаушы әскери өкілдікке қорғаныстық тапсырыс өніміне нақты шығыстарын растайтын құжаттарды есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ұсынады.

      37. Қорғаныстық тапсырыс өніміне жиынтық нақты шығыстарды тексеруді жүзеге асыру үшін орындаушы келісімшартта (шартта) көзделген базиске қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей әскери өкілдікке қорғаныстық тапсырыс өніміне жұмсалатын нақты шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынады.

      Жанама шығыстар (үстеме, жалпы және әкімшілік шығыстар және өткізу шығыстары, сондай-ақ қаржылық шығыстар) бойынша ұйымда қолданылатын есепке алу жүйесіне сәйкес тиісті шығындарды көрсете отырып, орындаушы толық жазылуы ретінде шығыстардың баптары тізбесін ұсынады.

      Құжаттық дәлелдері жоқ шығыстардың баптары және/немесе олардың құрамдас бөліктері негізсіз болып саналады және әскери өкілдік ескермейді.

      38. Нақты шығыстарды тексеру нәтижелері бойынша әскери өкілдік қорғаныстық тапсырыс өніміне нақты шығыстарды растайтын құжаттарды орындаушы тапсырғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне нақты шығыстар бойынша әскери өкілдіктің қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада шығарады.

      Бірінші данасы уәкілетті органға және/немесе алушыға жіберіледі, екінші данасы орындаушыға жіберіледі, үшінші данасы әскери өкілдікте қалады.

      Қорытынды уәкілетті органға немесе алушыға, орындаушыға қорытынды шыққан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      39. Уәкілетті орган және/немесе алушы әскери өкілдіктің қорғаныстық тапсырыс өнімінің қорытындысын қарайды және оны іске асыру бойынша шешім қабылдайды.

  Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына
  1-қосымша

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының атауы ____________ ___________________________________________________________________

      "____________________________" 20___жылға арналған құнның жоспарлы калькуляциясы

Р/с

Калькуляция баптарының атауы

Бірлік бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

1.

Тікелей шығыстар

1.1

Материалдық шығындар

1.1.1

Шикізат және материалдар

1.1.2

Жартылай фабрикаттар мен жинақтаулы бұйымдар

1.1.3

Көлік шығыстары (материалдарды жеткізу бойынша)

1.2

Өндірістік персоналдың жалақысы

1.3

Әлеуметтік салық, аударымдар, төлемдер

2.

Үстеме шығыстар

3.

Өндірістік құнның жиыны

4.

Өткізу шығыстары

5.

Жалпы және әкімшілік шығыстар

6

Қаржылық шығыстар

7.

Толық құнның жиыны

8.

Пайда

9.

ҚҚС

10.

ҚҚС-ны есепке алғандағы құнның жиыны

      Бірінші басшы _____________________________ "____" _____________ _____

      Т.А.Ә.

      М.О.

      Басшының қаржы жөніндегі орынбасары ______________

      ___________________________ Т.А.Ә. (бар болса) "____" _____________ _____

      "____________________________________________" 20__жылға өнім құнының жоспарлы калькуляциясына түсіндірме жазба

      1. Тікелей шығыстар

      Бағалары көрсетілген негізгі материалдардың, жиынтықтауыштар және сатып алынатын бұйымдардың, қосалқы бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың, шикізат пен материалдардың және негізгі өндірушілердің немесе жеткізушілердің тізбесі:

Р/с №

Материалдардың, жинақтаушылардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бағасы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуетті өндіруші немесе жеткізуші

1

Жиыны

      Көлік-дайындау шығыстары (материалдар мен жиынтықтауыштарды жеткізу бойынша шығыстар) ____________ (теміржол/авто/әуе және т.б.) көлігімен жүзеге асырылады. Құны ________ , өнімнің бірлігіне ____________ теңгені құрайды (толық жазу, есеп-қисапты ұсыну).

      Кедендік және салықтық төлемдер: _________________теңге.

      Материалдардың жалпы құны: _________________ теңге.

      Өнім өндірумен айналысатын қызметкерлердің жалақысы бойынша шығыстар_____________ 20__жылға: барлығы _________________бірлік, оның ішінде:

      Негізгі жұмысшылар – ________ адам; қосалқы персонал - ________ адам.

      Өндірісте _____________________(кесімді, уақытпен) еңбекақы төлеу жүйесі қолданылады. Негізгі жұмысшылардың қорғаныстық тапсырыс өнімінің бір бірлігіне жалақысы _______________ теңгені құрайды;

      Айлық орташа жалақы ______________ теңге.

      Ескертпе: кесімді еңбекақы төлеу кезінде бұйымның бір бірлігіне норма-сағаттарды негізге ала отырып есеп-қисапты келтіру.

      Әлеуметтік салық, аударымдар мен төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеледі, ___________ теңгені немесе еңбекақының - %-ін құрайды, оның ішінде: әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар ______%, зейнетақы төлемдері ___%, міндетті медициналық сақтандыру ___%.

      2. Үстеме шығыстар.

      Үстеме шығыстар __________________ теңгені құрайды.

Шығыстар баптарының атауы

Бірлік сомасы (теңге)

1

2

арнайы ғылыми-техникалық ақпаратты және есептеу жабдықтарын сатып алуға, патенттік зерттеулер, ғылыми-техникалық сараптамалар жүргізуге, лицензиялар, лицензиялық бағдарламалық қамтылымды сатып алуға арналған материалдық шығындар

арнайы шығыстар

бөгде ұйымдар орындайтын көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар

ғимараттар мен құрылыстардың, жабдықтар мен көлік құралдары амортизациясының, құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозу сомасы

еңбекті қорғау бойынша шығындар

жылыту

көліктік шығыстар

медициналық сақтандыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың басқа да түрлеріне арналған шығыстар

басшылар, инженерлік-техникалық құрам, негізгі және қосалқы өндіріс персоналы үшін іссапар шығыстары

өндірістік (негізгі) ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды ұстауға және ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге және оларды жөндеуге арналған құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығындар

өндірістің ерекшеліктеріне байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қалыпты еңбек жағдайларын және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша шығындар

салықтық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары мен жарналарды қоса алғанда, цехтар мен бөлім басшыларының, инженерлік-техникалық, қосалқы, шаруашылық персоналының жалақысы

салалық келісім мен ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауға арналған шығындар

спутниктік байланысты қоспағанда, байланыс қызметтері

сумен жабдықтау, су бұру

электр энергиясы

аударымдармен және төлемдермен бірге цехтар мен бөлім басшыларының, инженерлік-техникалық персоналдың, қосалқы және шаруашылық персоналының, оның ішінде түнгі уақыттағы жұмысы, мереке күндері, демалыс күндері, шамадан тыс жұмыстар, кәсіпті қоса атқарғаны, еңбек жағдайлары зиянды, ауыр және/немесе қауіпті жұмыстар үшін қосымша жалақысы

технологиялық және эксперименттік жабдықтарды жөндеуге, пысықтауға, дайындауға арналған шығындар

машиналардың қоршауларын және олардың қозғалатын бөліктерін, жұмыс орындарының жабдықтарын арнайы құрылғылармен (күрделі емес сипаттағы) күтіп-ұстау

қорғаныстық тапсырыс өнімдерін, сондай-ақ жинақтауыштарды, материалдарды, қызметтерді сертификаттауға, тексеруге, стандарттауға арналған шығындар

мүліктен, жылжымайтын мүліктен алынатын алымдар, төлемдер және салық аударымдары, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

өндірістік персоналды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар

метрология, өлшеу аспаптарын, жабдықтар мен құрал-саймандарды тексеру және баптау бойынша шығындар

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗЖ/ҒЗТКЖ) орындау бойынша шығындар

тиеу және түсіру бойынша шығыстар

өрт күзетіне арналған шығыстар

тауарлық-материалдық қорлармен, баспаханалық қызметтермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету бойынша шығыстар

Жиыны

      3. Өндірістік құны

      Өндірістік құн тікелей және үстеме шығыстарды қамтиды, ________ теңгені құрайды.

      4. Өткізу бойынша шығыстар

      Өткізу бойынша шығыстар _______________теңгені құрайды.

Шығыстар баптарының атауы

Бірлік сомасы (теңге)

негізгі құралдарды күтіп ұстау бойынша амортизациялық аударымдар мен шығыстар

қорғаныстық тапсырыстың дайын өнімдерін қаптау

жүктерді межелі пунктке дейін тасымалдау

жұмыскерлердің еңбекақысы, салық, әлеуметтік, зейнетақы аударымдары және жалақысынан жарналар

жұмыскерлердің іссапар шығыстары

тиеу-түсіру жұмыстары

электр энергиясы

үй-жайды жалға алу шығыстары

салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдар

ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге, өнімді өткізу процесінде пайдаланылатын жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған шығындар

      5. Жалпы және әкімшілік шығыстар

      Жалпы және әкімшілік шығыстар _______________теңгені құрайды.

Шығыстар баптарының атауы

Бірлік сомасы (теңге)

қаржылық аудит қызметтері

әкімшілік ғимараттар мен үй-жайлардың, жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы

әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлердің жалақысы, салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары мен жалақысынан жарналар

банк қызметтеріне ақы төлеу, кассалық қызмет көрсету

жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалға алу бойынша шығыстар

әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары

нотариаттық қызметтер

мүліктен, жылжымайтын мүліктен алынатын алымдар мен салықтық аударымдар, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдар

өндіріске жатпайтын бағдарламалық қамтылымды, техникалық басқару құралдарын, байланыс тораптарын, сигнал беру құралдарын, есептеу орталықтарын, көлік құралдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар

объектіні күзетуге арналған шығыстар

қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) әкету, кәдеге жарату

ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес төлемдер

сақтандыру төлемдері (мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде шарттар бойынша орындаушылар төлейтін жарналар)

өрт күзетіне арналған шығыстар

ғимараттарды, инженерлік желілерді, құрылыстарды, мүкәммалды күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге, жалпы шаруашылық мақсаттағы жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалануға, оларға сервистік қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған шығындар

Жиыны

      6. Өнім бірлігіне қаржылық шығыстар ___________ теңгені құрайды.

      7. Өнімнің бірлігі үшін жиынтық толық құны ____________ теңге.

      8. Пайда _____% , _____________ теңге

      9. Пайданы қоса алғанда, құннан ҚҚС ____ % ____ теңге.

      10. Қорытынды құны (өнімнің атауы) ______ 20____ жылы _____ бірлік үшін теңге.

      Бірінші басшы ___________________________________ Т.А.Ә. 20____ жылғы

      "___"_______________ М.О.

      Басшының қаржы жөніндегі орынбасары

      _____________________________ Т.А.Ә. (бар болса) 20____ жылғы "___"________

  2-қосымша

"____________________________________________" 20__жылға қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляция

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Тасымалдау *

Жүкті сақтандыру

Жүкті күзету

Валюта

Инфляцияны ескере отырып %

Теңге

      кестенің жалғасы

Кедендік алым **

Кедендік баж (%) ***

ҚҚС, теңгемен ****

Барлық шығыстар мен ҚҚС есебімен бірлік үшін баға

Бірлік үшін комиссиялық сыйақы

Комиссиялық сыйақыны ескере отырып бірлік үшін баға

Жалпы сомасы, теңгемен

%

теңге

      1 (валюта) үшін (күні) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы - ______ теңге,

      **** Төлем жүргізу кезінде валютаның жоспарлы бағамы екінші деңгейдегі банктерде валютаны сатып алу бағасының айырмасын ескере отырып ______ теңге

      Бірінші басшы ___________________________________________ Т.А.Ә. М.О.

      Ескертпе:

      * Жеткізу шарттарына сәйкес

      ** Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес

      *** Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес

      **** Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес

      ***** Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес

  Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
  3-қосымша
  ____________________________
  (уәкілетті органның немесе
  алушының атауы)
  ____________________________
  (орындаушының атауы)

______________ қаласы

20__ж. "____"_________

№ ________ әскери өкілдіктің ____________________________ өніміне __________ калькуляцияға ұсынған қорытындысы (________ шығыс № _______)

      _______________________________________________________________________________ (қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы, келісімшарттың немесе шарттың күні мен нөмірі)

      Зерделенген құжаттар:

      _________________________________________________________________

      Жүргізілген тексеру нәтижелері:

Р/с

Анықталған кемшіліктердің, сәйкессіздіктердің мазмұны

Негіздеме

      Ұсынылған калькуляция бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар:

      Әскери өкілдік бастығының қорытындысы:

      № _______ әскери өкілдіктің бастығы

      ____________________________________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы)

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264422
    Қазақ тілінде 131979
    Орыс тілінде 131523
    Ағылшын тілінде 920
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы