Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және оларды қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 723 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1094 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1094 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: Қараңыз.K100296

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы және оларды қолдану ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасын және оны қолданудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 маусымдағы N 932 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 22 шілдедегi
N 723 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы кеден органдарының
айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесi

      1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы - жоғары бөлiгi көгiлдiр түстi, ал төменгi бөлiгi жасыл түстi кездеме. Көгiлдiр түс Қазақстан Республикасының ұлттық жалауын, жасыл түс мемлекеттiк шекаралардың жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық белгiсiн бiлдiредi. Көгiлдiр және жасыл түстердiң арақатынасы 50:50 теңдiгiн құрайды. Тең ортасында бiздiң планетаны бiлдiретiн 8 қырлы алтын жұлдызы бар ақ шеңбер, және онда - алтындалған жiңiшке жиектi алтын шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың iшiнде алтын реңде жоғары жақта ақ әрiптермен "Кеден" деп және төменгi жағында "Customs" деп жазылған. Жалау енiнiң оның ұзындығына қатынасы - 1-қосымшаға сәйкес 1:1,5.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы және оның бейнесi мөлшерлерiне қарамастан, 1-қосымшаға сәйкес оның түрлi-түстi және схемалық бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуi тиiс.
      Айырым жалауы кеден органдарының иелiгiндегi өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдарының мекемелерiнде қолданылады.

      2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi (эмблемасы) iшiнде көгiлдiр реңдегi алтын шаңырақ бейнеленген 8 қырлы алтын жұлдыз. 2-қосымшаға сәйкес шаңырақтың үстiнде алтын реңдегi жұлдыздың iшiнде ақ әрiптермен "Кеден" деп және шаңырақтың астында "Customs" деп жазылған.
      Айырым белгiсi (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi көлiк құралдарының барлық түрлерiнде қолданылады және екi жағынан симметриялы орналастырылады.
      Айырым белгiсiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы айқындайды.

Қазақстан Республикасы кеден 
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесiне
1-қосымша            

Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым жалауы

      қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы кеден 
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесiне
2-қосымша            

Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым белгісі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы