"Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 272 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 19855 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру тәртібінің шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттік есепті берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген қаулымен бекітілген кредиттік есепті беру қағидаларында және талаптарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылатын кредиттік есепті кредиттік бюро Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болғанда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 272 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
2-қосымша

Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) және кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімдерін ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

      3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімдерін ақпаратты берушілер және алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.

2-тарау. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу тәртібі

      4. Ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат беруші кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.

      5. Ақпарат беруге келісім еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) ақпарат беруге келісімді ресімдеу күні;

      2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;

      3) ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға өзі туралы ақпаратты беруге келіскені туралы белгі;

      4) ақпаратты беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі ақпаратты беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) ақпаратты беру қағаз тасымалдағышта ресімделген жағдайда –ақпаратты беруге келісім алған ақпарат берушінің атауы, ақпаратты беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

      Ақпаратты беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.

      6. Ақпаратты беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:

      1) кредиттік тарих субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      2) ақпарат беруші жасайтын және жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісіне ақпарат берушінің ішкі құжаттарында белгіленген, мыналарды қамтитын:

      біржолғы кодты берудің пайдаланылатын арнасы үшінші тұлғалардың ақпаратты ұстап қалуынан қорғауды қамтамасыз ететін;

      кодтарды генерациялау алгоритмі үшінші тұлғаларға арналған әрбір жаңа кодтың болжауға келмейтіндігін қамтамасыз ететін;

      код бір реттен артық пайдаланылмайтын;

      рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың кредиттік тарих субъектісінен рұқсат сұрату және алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.

      Ақпаратты жеткізушінің қауіпсіздік рәсімдеріне ақпаратты жеткізушінің ішкі қағидаларында белгіленген қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.

3-тарау. Кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі

      7. Ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасауға өтінішті қарау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат беруші кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін (бұдан әрі – кредиттік есепті беруге келісім) алады.

      8. Кредиттік есепті беруге келісім еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу күні;

      3) болашақта түсетін деректерді қоса алғанда, кредиттік есепті беруге келіскені туралы белгі;

      4) кредиттік есепті беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі кредиттік есепті беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) кредиттік есепті беруге келісім қағаз тасымалдағышта қабылданған жағдайда – кредиттік есепті беруге келісім алған ақпарат алушының атауы, кредиттік есепті беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

      Кредиттік есепті беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.

      9. Кредиттік есепті беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:

      рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың рұқсат сұрату және кредиттік тарих субъектісінен алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284351
    Қазақ тілінде 141507
    Орыс тілінде 141304
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы