15 маусым 2017 09:03

Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Жезқазған түбіне құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 


Жезқазған түбіне құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар тарай бастады. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалды. 

Иманқұловтың айтуынша, 14 маусымда кешкі уақытта расында да Жезқазған маңына зымыран қирандысы құлаған. 

"Далада өрт болғаны туралы дерек расталды, өрт зымыранның өңделген қалдығының құлауы кезінде шыққан. Алайда қирандыда гептил жоқ - бұл нақты мәлімет. Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша және оның елді мекенге жақындатпау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ол. 

Толығырық мәліметті ресми өкіл кейінірек тарататынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети