05 қаңтар 2021 08:35

БҚО тұрғыны отшашудан бетін күйдіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жаңажылдық мереке кезінде отшашу салдарынан бетін күйдіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жаңажылдық мереке кезінде отшашу салдарынан бетін күйдіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 1-3 қаңтар аралығында қалалық көпбейінді аурухананың травматологиялық пунктіне 58 адам жүгінген.

"13 адам көктайғақтан, 3 адам сырғанақтан құлап, 23 адам күнделікті тұрмыстық жарақат салдарынан, 1 адам жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп келді және полицейлер төбелескен 13 адамды жеткізді. (...) 1 адам отшашудан бетін күйдіріп алған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Отшашудан бетін күйдіріп алған адамға ем көрсетіліп, жарасы таңылған. Қазір амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети