Vesti.kz оқырмандары Қазақстанның ең тартымды спортшы қызын таңдады

16 Қаңтар 2017, 18:02
0
Vesti.kz оқырмандары Қазақстанның ең тартымды спортшы қызын таңдады - © Vesti.kz
© Vesti.kz

Vesti.kz оқырмандары 2016 жылдың қорытындысы бойынша боксшы Фируза Шәріпованы Қазақстанның ең тартымды спортшысы деп атады.

Фируза Шәріпова дауыс берушілердің 36 пайызын жинаған. Ал 2-орында гимнаст Сабина Әшірбаева тұрса (17 пайыз), ең тартымды қыздардың үштігін таеквондошы қыз Жансель Дениз (11 пайыз) қорытындылады.

Айта кетейік, 22 жастағы Фируза Шәріпова Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жеңіске жетіп, Азия чемпионатының жүлдегері атанды. 2016 жылы кәсіпқой бокста өнер көрсетті. 

Осылайша Қазақстанның ең тартымды спортшы қызы атануға 10 қыз үміттенген:

1. Фируза Шәріпова (кәсіпқой бокс) - 36 пайыз;
2. Сабина Әшірбаева (көркем гимнастика) - 17 пайыз;
3. Жансель Дениз (таеквондо) - 11 пайыз;
4. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) - 8 пайыз;
5. Юлия Путинцева (теннис) - 7 пайыз;
6. Мариан Ордабаева (дзюдо) - 7 пайыз;
7. Александра және Екатерина Немич (синхронды жүзу) - 4 пайыз;
8. Маргарита Елисеева (ауыр атлетика) - 4 пайыз;
9. Элина Михина (жеңіл атлетика) - 3 пайыз;
10. Екатерина Руденко (жүзу) - 3 пайыз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай