14 желтоқсан 2015 10:00

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы РФ Президенті Кубогында екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ria.ru © Ria.ru

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы РФ Президенті Кубогында командалық есепте екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы РФ Президенті Кубогында командалық есепте екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында бес медаль - бір алтын және төрт күміс жүлде бар. Бірінші орын турнирді ұйымдастырушы елдің спортшыларына бұйырды. Ресей құрамасының қоржынында үш алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікке АҚШ құрамасы кірді.

Еске сала кетейік, 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин екі бірдей рекорд жаңартып, алтын медаль иеленген болатын. Дәл осы салмақ дәрежесінде қазақстандық Александр Зайчиков екінші орын алды.

РФ Президенті Кубогында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Денис Ұланов, 75 келіге дейінгі категорияда Светлана Подобедова және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Александра Аборнева күміс медаль иеленді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети