22 қыркүйек 2014 23:18

Азия ойындарының үшінші күні үмітіміз ақталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раков пен Найдан. Фотоны түсірген - Никита Басов. Раков пен Найдан. Фотоны түсірген - Никита Басов.

ХVІІ жазғы Азия ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына түскені жалқы күміс болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


ХVІІ жазғы Азия ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына түскені жалқы күміс болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия ойындарының үшінші күні де нысана көздеуші мергендер сайысымен басталды. Алайда 1994 – 2010 жылдар аралығында бес рет өткен жазғы Азия ойындарынан 60-тан астам жүлде алған бұл спорт түрінен қазіргі жағдайымыз мәз емес. Бүгінде жүлдеге қол жеткізу мұң болған. Солай болды да. Тапаншамен нысана көздеуден сынға түскен қыз-жігіттеріміз Инчхонда екінші рет үмітті ақтай алмады.

Бүгін негізгі сенім артқан спортшыларымыз дзюдошылар болатын. Алайда татамидегі тарланбоздарымыз да үмітімізді толықтай ақтай алмады. Ең ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев жүлдеге іліге алмай, сүрінді. Сондай-ақ Альбина Амангельдиева (78 келі), Зарина Раифова (+78 келі) және Тимур Болат (90 келі) сынды балуандарымыз да жеңілістің кермек дәмін татты.

Ал 100 келіде ел намысын қорғаған Максим Раков екі қарсыласын оңай ұтып, финалға шыққан болатын. Финалда өзімізге таныс моңғол алыбы Тувшинбаяр Найданмен белдесті. Рас, Найданмен болған "майдан" шектен тыс шиеленісті өтті. Бірақ тісқаққан моңғол балуаны, Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері тағы да алдырмады.

Тағы да дейтін себебіміз, Челябинскіде өткен әлем чемпионатында да Найдан бізді назаландырған. Тарихқа одан әрі үңілсек, көз алдымызға Бейжің Олимпиадасы түседі...

Сонымен, Тувшинбаяр бүгін де алдырмады. Максимнің қандай да бір айла-тәсіл қолдануына мүмкіндік берген жоқ. Белдесу тағдырын "шидо" шешті. Раковтың бір ескертуі артық болып, алтын уысымыздан сынаптай сусыды...

ҚР дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев татами шетінде айқайға басып, өзінің ізбасарына ақыл-кеңес берумен болды-ақ. Бірақ Максим оның бірде-бірін жүзеге асыра алмады. Қайдан жүзеге асырсын, қарсыласы Найдан болса ...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети