28 мамыр 2014 16:59

Депутаттар қазақстандық спортқа сын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото Рrofvesti.org фото Рrofvesti.org

Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы жаңа редакциядағы заң жобасын талқылау барысында Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев депутаттар тарапынан сын естіді, деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.


Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы жаңа редакциядағы заң жобасын талқылау барысында Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев депутаттар тарапынан сын естіді, деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын Мәжіліске жеткізген Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы жаңа құжаттың маңыздылығын айтқанымен депутаттар оған бірқатар ескертулер жасады. Ауыл спортынан бастап, ұлттық спортқа дейінгі мәселе сөз болды.

Агенттік төрағасының айтуынша, қазір ауылда спорт кешендерінен бөлек жаттықтырушылардың жетіспеушілігі белгілі жайт.  "Соған орай,  Үкімет тапсырмасымен әр ауылда бір жаттықтырушы мамандығына жұмыс орны қарастырылады. Елімізде 7 мыңнан астам мектеп болса, оның екі мыңында спорт залдары жоқтығы тағы бар. Оған қарамастан мәселені шешуді қарастырып жатырмыз", - деді Тастанбек Есентаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Ал талқылау барысында депутат Азат Перуашев қазақстандық спорт деңгейіне қатысты агенттік басшысын сын тезіне алды. 

"Жақында Минскіде өткен әлем чемпионатына қазақ құрамасы қатысты. Бұған қисапсыз қаржы қарастылып қана қоймай, демеушілер де көңіл бөлді. Біздің құрама өте үлкен, құрамындағы спортшылардан бөлек бірнеше адам бар. Оның ішінде бірқатар легионерлер де жүр. Солай бола тұра, олар барлық кездесуде ұтылды. Әлем чемпионатында Латвия құрамасы ойнады. Олардың ойыншыларының орташа жас көрсеткіші 40 жасты құрайды. Әрбір матчта барын салды, 4 ойында ұтылса да, 3 ойында жеңіске жетті. Неге? Өйткені олар ақша үшін емес, өз елі үшін ойнады. Бұл жерде айырмашылық осында жатыр", - дейді Перуашев.

Сонымен қатар, депутат олимпиада чемпионадарын дайындауға баса мән берді. Төрт жылда бір рет өтетін сында Қазақстан Лондонда 7 алтын алғанымен, оның үшеуі сырттан келген спортшылар еншісінде екендігін алға тартты.

Ал депутат Владислав Косарев болса, сайлаушылармен жүздесу барысында Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняктағы спорт нысанын аралап көргенін айтты. Барған сапарында ол бокс залына бас сұққан. Айтуынша, 3 жыл бұрын 1 млн. 100 мың теңгеге сатып алынған ринг әлі күнге жап-жаңа күйінде тұрған көрінеді. Ал әкім болса қазір қалада спортшы балалар жоғын алға тартып, жалғыз боксшы болғанымен ол басқа жаққа кетіп қалғанын айтып ақталыпты. Мұндай келеңсіз жайттарды шешуді агенттік төрағасына ұсынды.

Сондай-ақ, коммунист депутат спортқа  әуелі депутаттардың өздері көңіл бөлу керектігін мысалға алды. "Біздің арамызда ұлттық спорт - қазақша күреспен айналысқандар бар ма? Әрі кетсе 2-3 адам ғана", - деді ол.

 

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети