Допинг қолданды деген айыптаулармен мүлде келіспеймін - Әсет Мәмбетов

16 Қараша 2016, 14:52
0
Допинг қолданды деген айыптаулармен мүлде келіспеймін - Әсет Мәмбетов - Әсет Мәмбетов
Әсет Мәмбетов

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдесінен айырылған Әсет Мәмбетов Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) шешіміне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен, Әсет Мәмбетов, допинг қолданғаным жайлы айыптаулармен мүлде келіспеймін. Бейжің Олимпиадасына дейін, сол уақытта және ойындардан кейін де, 2008 жылы алған ауыр жарақатымнан кейін Олимпиада ойындарына қатыспасам да, мен 2011 жылға дейін үздіксіз WADA агенттігінің өкілдеріне сынамаларды тапсырып жүрдім. Бірақ олардың біреуі де онда тыйым салынған заттардың бар екенін көрсеткен емес. Алған ауыр жарақатымнан кейін Австриядағы клинмикада емделген соң да мен Швейцариядағы WADA-ның штаб пәтерінде допингке қарсы тексерістерден өттім. Ондағы тексерістердің біреуінде допинг табылған жоқ", - деді Мәмбетов.

Сондай-ақ, Әсет Мәмбетов WADA ұйымына деген сенімінің жоқтығын айтты. "Бүгін,  бірнеше жыл өткен соң,  спорттағы үлкен саясатқа байланысты, әсіресе WADA агенттігі қаржыландыратын елдерде тіпті спорттан кеткен адамдарға қарсы әрекеттер байқалады. Менің бұл ұйымға деген сенімім жоқ, себебі WADA агенттігінде осыған дейін бірнеше ережебұзушылық, жемқорлық пен сынамаларды ауыстыру деректері болды. Сондай-ақ, ол ұйымның қызметкерлері бірінші кезекте өздерінің тәуелсіздігін және спортшыларға қарсы қасақана әрекеттерінің болмайтынын дәлелдеу керек. Осыған байланысты еліміздегі спортсүйер қауымға спортшыларға негізсіз тағылып отырған айыптарға қатысты шешім қабылдауға асықпай, керісінше спортшылардың еңбекпен келген жеңістеріңе және спорт үшін денсаулықтарын жоғалтқанына құрмет көрсетулерін сұраймын", - деп мәлімдеді Мәмбетов.

Еске сала кетейік, 15 қарашада ХОК қазақстандық үш спортшыны Бейжің Олимпиадасының медальдарынан айырған болатын. Медальдардан қазақстандық екі ауыратлет пен еркін күрестен бір палуан қағылып отыр, олар күміс жүлдегер Ирина Некрасова, қола жүлдегер Мария Грабовецкая және қола жүлдегер Әсет Мәмбетов. Спортшылардың нәтижелері жойылды.

Ал кейінірек зілтемірші Мария Грабовецкая Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) оның 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында алған қола медалін тартып алуы туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай