01 сәуір 2014 11:20

Элизавета Тұрсынбаева Италияда топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элизавета Тұрсынбаева. Сурет:  fskate.ru. Элизавета Тұрсынбаева. Сурет: fskate.ru.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизавета Тұрсынбаева Италияда өткен "Gardena Spring Trophy" жарысында топ жарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизавета Тұрсынбаева Италияда өткен "Gardena Spring Trophy" жарысында топ жарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елизавета жасөспірімдер арасындағы сында бақ сынады. Қысқа бағдарламадан кейін екінші орынға табан тіреп, еркін бағдарламада қарсыластарын басып озып, 157,86 ұпай жинаған спортшымыз екі сайыс қорытындысы бойынша алтын медаль алды. Ал, күміс медальды 143,26 ұпай жинаған америкалық мәнерлеп сырғанаушы Эшли Шин алса, үшінші орынды 140, 56 ұпай жинаған тағы бір америкалық спортшы қыз Брэдли Таннел иеленді.

Жалпы 20 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирге биыл Италия, АҚШ, Канада, Австрия, Франция сынды елдерден 23 мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Еліміздің намысын бұл додада жалғыз Тұрсынбаева ғана қорғаған.  Жас мәнерлеп сырғанаушымыздың бұл маусымдағы алғашқы жеңісі емес. Елизавета жыл басында Словакияда өткен турнирде топ жарған. Сонымен қатар Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 11 орыннан көрінген.

Айта кетейік, 2013 жылдың ортасынан бастап Элизавета Тұрсынбаева канадалық маман Брайан Орсердің қол астында жаттығып жүр. Бұл бапкер талай мықты мәнерлеп сырғанаушыларды тәрбилеп шығарған. Мысалы, жуырдға ғана Сочиде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Ю На Ким ұзақ жылдар бойы осы маманнан тәрибе алған. Одан бөлек, әлем чемпионатының қола жүлдегері, испандық спортшы Хавьер Эрнандес та Орсердің шәкірті. Брайан Орсердің айтуынша, Элизаветаның алдағы уақытта Олимпиада ойындарында топ жаруға мүмкіндігі зор. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети