29 қыркүйек 2019 10:41

Гастербайтер болған өзбек файтері UFC-ге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қыркүйекте Копенгагенде UFC Fight Night 160 турнирінде өзбекстандық Махмуд Мурадов промоушенде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"


28 қыркүйекте Копенгагенде UFC Fight Night 160 турнирінде өзбекстандық Махмуд Мурадов промоушенде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

Мурадов италиялық файтер Алессио де Кириконы төрешілер шешімімен жеңді. Барлық төрешілер жеңісті өзбек жігітіне берді: 29-28, 29-28, 29-28.

"Бұл ауыр жекпе-жек болды, өйткені менде дайындыққа небәрі 12-ақ күн болды. Мен өзімді 100 пайызға көрсете алмадым. Қолдау білдіргендеріңізге рақмет. Бұл жеңісімді президентімізге, елімізге арнаймын. Тарихи сәт жасағанымызға қуаныштымын. Болашақта да жеңістеріммен қуантамын деген сенімдедімін", - деді спортшы жекпе-жектен кейін. 

View this post on Instagram

A post shared by ♛Ředitel Zeměkoule♛ (@w.i.c.k.e.y) on

View this post on Instagram

A post shared by Makhmud “Mach” Muradov (@makhmud_muradov) on


UFC ұйымында өнер көрсеткенге дейін өзбекстандық спортшы 29 кездесу өткізіп, 23 жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Махмудтың жасы - 29-да. 17 жасында ол Томск қаласына барып, қара жұмысшы болып күн көрген. Өзінің бір сұхбатында ол тағы 11 адаммен бір бөлмеде тұрып, Ресейде заңсыз жүріп, тиын тебен тапқанын айтқан. "Доширакты" жесек жағдайымыздың жақсы болғаны, ақшамыз тек "Ролтонға" жететін. Ол жағдайларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деп еске алған еді Махмуд. 

Екі жылдан соң Мурадов Өзбекстанға оралған. Ол ММА файтері болғысы келген, алайда ол кезде Орталық Азияда аралас жекпе-жек аса дамымаған еді. Нәтижесінде Махмуд Чехияға студенттік виза алып, 2011 жылы кеткен. Онда құрылысшы болып, ыдыс-аяқ жуған. Кейін рок-клубта күзетші болып істеген. 


Мурадовтың қызы - Чехияда танымал әншілердің бірі Моника Багарова © instagram/bagarovamonika

Ол 2012 жылы ММА-да алғаш рет өнер көрсетті. Ол 2016 жылдан бері жеңілмеген. 2019 жылы тамызда Флойд Мейвезер Twitter желісіндегі парақшасында өзбек жігітінің нокауттар сериясының видеосын жариялап, оны әлемдегі ең үздік файтер деп атады.


Мурадов Мейвезердің промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған бірінші файтер. 


© instagram/makhmud_muradov

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети