Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

ХОК Олимпиада сәтті өтуі үшін Бразилияға 1,5 млрд доллар береді

13 Шілде 2014, 17:50
0
Сурет: Vesti.kz
Сурет: Vesti.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін 1,5 млрд доллар бөледі.  Бұл туралы ХОК басшысы Томас Бах мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ХОК Олимпиада ойындарын сәтті өткізу үшін Бразилияға 1,5 млрд. доллар көлемінде ақша бөледі", - дейді Бах. Ал, Бразилия билігі болса Олимпиада ойындарының қарсаңында Рио-де Жанейро қаласының инфрақұрылымын жақсартуға 11 млрд. доллар бөлмек. Сонымен қатар көлік пен қоршаған орта саласындағы жобаларды дамытуға мемлекеттен де, жеке компаниялардан да қаржы тартылмақ. Рио-де-Жанейро мэрі Эдуарда Паэс Олимпиада кезінде қаланың тәртібі мен келетін қонақтардың қауіпсіздігі туралы мәселені де шешетінін атап өтті.

Бірақ ХОК қанша ақша бөліп жатса да бұл елдегі кейбір спорт нысандарының құрылысы әлі де басталмаған. Ол нысандардың құрылысы енді бұл елде футболдан әлем біріншілігі аяқталғаннан соң қайта жанданатын болады. "Рио-де-Жанейроның Олимпиада ойындарына деген дайындығы барлық жұмыстардың 10 пайызына да жетпейді. Бразилияда қазір футболдан әлем біріншілігі өтіп жатқандықтан, құрылыстар тамыз айынын бастап қайта жанданады. Дегенмен, ол нысандардың барлығы дер кезінде салынып бітпей қалуы мүмкін", - дейді  ХОК вице-президенті Джон Коутс

Айта кетейік, келесі жазғы Олимпиадалық ойындар 2016 жылдың 5 және 21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтуі тиіс. Рио-де-Жанейро ойындарды өткізу құқығын 2009 жылы ХОК-тің 121-ші жиынында дауыс берудің қорытындысы жеңіп алды. Тағы бір айта кетерлігі, бұл Олимпиада ойындары Оңтүстік Америка елі қабылдайтын алғашқы жазғы ойындар болмақ. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай