Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.

Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   546.88   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер